Көркем шығармадағы мазмұн мен пішін мәселесі 5 страница

Өмір шындығын өзгеше бір қырынан қамтып, көркем таныту мақсатын лирикалық бейнелеу тэсілі атқарады.

7.1. Лирикалық бейнелеу тәсілі алуан түрлі өмір құбылыстары, адамның тіршілігі туралы ақынның сезім күйлерін, ой-толғаныстарын, түсінік-ұғымын танытуды бірінші кезекке қояды. Сөйтіп, лириканың предметі эпостағыдай сыртқы дүние, объективті шындық, оқиға емес, ақъінның жекелік көңіл күйі, толганыс-тебіренісі, қуаныш-мұңы, Гегелъ айтцандай “ішкі әлемнің сыры” болып табылады. Ақын қандай тақырыпты, нендей қоғамдық, адамдық мәселелерді жырласа да ол туралы ең алдымен өз түйсік-сезімін, көзқарасын айқын білдіруі шарт. Сондықтан да Гегель де, Белинский де лирикалық поэзияны ақынның алдымен өзінің ішкі әлемін баса танытатын, көбінше ақынның өзі айтатын субъективті поэзия деп атаған.

Лириканың эпикадан тағы бір принципті айырмашылығы Гегель сөзімен айтқанда, оның “ықшамдьшығы, шымырлығы. Жалпы лирика “далиған ұзақ-сонар баяндауымен немесе сыртқы жайларды кеңінен ашып беруімен емес, ішкі тереңдігімен әсер етуге тиісті”. Мұндай тұрлаулы түсінікті Белинскийдің де айтқаны белгілі.

Ахмет Байтұрсынұлы да “Толғау (лирика) қысқа болуға тиіс... Көңіл күйінен шығатын толғау көңіл табиғатына қарай ұзын болмасқа тиіс, ұзын болмайды да. Нағыз толғаулардың көбі-ақ 4-5 ауыз өлеңнен аспайды” деп лирикалық өлең табиғатына тән басты ерекшеліктердің бірін орынды атаған.

Ал лирикалық текті толғау деген терминмен атай отырып А.Байтұрсынұлы “толғағанда айтатын нәрсесін толғаушы (автор) тысқарғы ғаламнан алмай, ішкергі ғаламнан алады. Толғаушы ақын әуелі көңілінің күйін-мұңын, мүддесін, зарын, күйінішін, сүйінішін айтып, шер тарқату үшін толғайды” деп түсіндірген.

Белинскийдің де, Байтұрсынұлының да келтірілген пікірлері Гегельдің лириканы ішкі әлемнің пішіні деген нұсқалы толғамымен тығыз үндесіп жатқанын көреміз. Аристотель де кезінде “еліктеуші өз болмысын жасырмай, өзімен өзі жеке қалады” деген еді ғой. Ішкі ғалам адамның (автордың) жан дүниесі, көңіл күйі, сезімдері, толғаныстары.

Өлеңнің ішкі ғаламның пішіні екенін Абайдың белгілі өлеңіндегі:

Өлең шіркін өсекші, жұртқа жаяр,

Сырымды тоқтатайын айта бермей, - деген жолдар да дәлелдей түседі.

Оқиға - құбылыстарды байыпты, асықпай, жәй баяндайтын эпик әңгімелеушіден лириктің және бір үлкен өзгешелігі мынада: ол нені айтып, қандай сырды, қандай күйді ақтарса да сол өзі жьірлап отырған жайларды соншалықты тебіреніп-толғанып, қызу жүрекпен айтады. Шабытты сезіммен ақтарыла жыр төгеді. Мысалы, ұлы Абайдың:

Қалың елім, қазағым, қайран жүртым,

Ұстарасыз аузыңа түсті мүртың.

Жақсы менен жаманды айырмадың,

Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.

Бет бергенде шырайың сондай жақсы,

Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?

Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді .•

Аузымен орақ орған өңкей қыртың,- деген жолдарын алайықшы. Өленде ақынның халқының тағдырына жаны ашыған сезімі, оның бірліксіз, берекесіз, өнерсіз тіршілігіне күйінуі, күйіне тұрып оған бүйрегінің бұруы, бәрі-бәрі айқын танылады. Абайдың бұл жекелік сезім күйінде, қайғы - мұңыңда қаншама азаматтық сыр жатыр, қоғамдық шыңдық жатыр!

“Лирика” терминінің атауы гректің Ьуга деген сөзінен шыққан, ол “лира (музыкалық аспаптың атауы) әуеніне қосылып айтушы” деген мағынаны білдіреді. Көне Грекияда ән лира музыкалық аспабының сүйемелдеуімен айтылатын болған. Лирикалық өлеңдердің түп-төркіні, міне осы әндерде жатыр. Бұған қоса көне грек жұртының ақындары да өз өлендерін осы лира аспабында ойнап тұрып айтатын болған екен.

М.Каган айтқандай, шынында да “лирика әдебиетгегі музыка” немесе “музыканың заңдылықтарын қабьшдаған әдебиет”* аталуы да осы себепті болса керек.

8.1. Өмір шындығын бейнелеудің үшінші жолы - драмалың тэсіл деп аталады. Бұл әдебиеттің үшінші тегі - драманыц (гр. сігаша -әрекет, қимыл) негізін құрайды. Драмалық бейнелеу тәсілі адамды тікелей қимыл-әрекет үстінде көрсетуді мақсат етеді. “Драма лирикаша тамылжытып жыр төгіп жатпайды, драмадағы кейіпкерлер өздерін әрекетте білдіруі керек. Бұл түйсік жэне аңғару емес, характер .болып шықпақ”,** - деген Белинский тұжырымынан драма ерекшелігі өте айқын көрініп тұр.

Эпоста оқиға болса, драмада адам өмірі - әмірші. Сондықтан да драмада өз тұлғасымен өмір қайшылықтарының мәнін аңғартатын кейіпкердің мінезі мен негізгі сипаттарын көркем, жанды танытуға баса назар аударылады. Драма өмір шындығы мен адам тағдырын бейнелеудің ең күрделі тәсілі, эпос пен лирика ерекшеліктерін қоса қамтыған синтез жанр деп те атайды. Шынында да, драмалық туындыда авторға қатыссыз сыртқы дүние де (бүл эпостың сипаты), сондай-ақ кейіпкердің ішкі әлемі де (бұл лирикаға тән сипат) бейнеленеді. Алайда бұл аталған жақындықтар драманың әдебиеттің дербес бір тегі ретіндегі өзіндік ерекшеліктерін жоққа шығармайды, қайта драманың күрделі жанр екендігін таныта түседі. Әдебиеттің тектерін Гегель өзінің триада заңдылығына сәйкес қарастырып, эпос ең көнесі, біріншісі, әдеби даму негізі, яғни эпос-тезис, лирика оған қарама-қарсы, яғни, антитезис, драма синтез, екеуінің қосындысы деген пікір білдірген.

Енді драмалық туындылардың өзіне тән ерекшеліктері қандай, соған келейік. Біріншіден, драмалық шығармалар театрға, сахнаға қойылуға арнап жазылады да, осы себепті олар сахна зандылығымен үйлесуі керек. Пьеса көлемінің шектеулігі де осыдан келіп шығады. Пьесаның көркемдік қасиеті, әлеуметтік маңызы да, оның сахнадағы қойылымы арқылы ғана шын мәнінде көрінбек. Белинскийдің “Драмалық поэзияның сахналық өнерсіз сәні келмейді, белгілі бір тұлғаны тану үшін оның қалай сөйлегенін, қалай толғанатынын, қалай әрекет етеуінін көру және есту керек” дейтіні де сондықтан болса керек. Екіншіден, драмалық шығармада авторлық баяндау, мінездеу, табиғат көріністерін бейнелеу, тағы да басқа суреттеу тәсілдерінің болмайтындығы. Үшіншіден, пьесаның бірыңғай кейіпкерлер сөзіне (монолог, диалог) құрылатындығы. Бұдан драматургтың тілге, яғни, кейіпкерлер сөзіне өте мұқият болу керектігі келіп шығады. М. Әуезов 30-жылдардағы бір мақаласында “Реалистік пьесаның драмалық шығармадағы ең үлкен шарты, айнымас, кемімес шарты - ең алдымен, пьесаның тілі дейміз” деп жазған-ды. Өте орынды тұжырым бұл.

Эпикалық, .лирикалық туындылардағы автор атқаратын сан сала рөл (әңгімелеу, баяндау, мінездеу, өз атынан немесе кейіпкер атынан сөйлеу, сыр ашу, толғаныс т.б.) драмалық шығармада кейіпкерлер сөзіне (пьеса тілі дегеніміз кейіпкерлерді тілі, сөзі) жүктеледі. Немесе нақтырақ айтқанда өзге туындылардағы автор функциясын драмада өз сөздерімен кейіпкерлер атқарады. Сонымен кейіпкерлер тілі пьесалық туындыларда драмалық характер жасаудың басты және бірден бір шарты іспетті. Кейіпкерлер сахнада, көрермендердің көз алдында характерін өз сөзімен, іс-әрекеттерімен тұлғалауы, танытуы қажет. Кейіпкерлердің өзге қатысушылармен әңгімелесуінен (диалог) немесе жеке, оңаша толғаныс-тебіреністерінен де (монолог) оның адамдық жақсылы-жаманды бар болмысы, мақсат-мұраты, т.б. ұтымды танылуға, айқындалуға тиісті. Мысал үшін ұлы Ғ. Мүсіреповтің “Ақан сері - Ақтоқты” трагедиясындағы Қоңқайдың мына бір монологына - сырына көңіл бөліп көрейікші.

Оқиға тойға әзірленіп жатқан ауыл қасында өтеді. Үй қасында жалғыз Қонқай.

Қоңқай: “Солай болдың, Қоццайым!” Төре тұқымына құда болдың, Қоңқай атың құранга да түсті... Тәңірі деген, далага шыгып, желпініп бір алмасам, тіпті үйге сыя алар емеспін. Күні кеше екі кісі бас қосса, әркімнің аузына бір қарап, түгіне түсінбей, қайтып келіп қатынынан сұрайтын Қоңқай! Міне кім болдың бүгін! Кім болдың деймін мен саган! Байқашы өзіңді өзің! Кімнің қолы батар екен қабыргаңа! Уа, қайда жүр әлгі Сердәлі?! Көкшетау дуанының көзі сүрінетін той жасагалы отырганымда жаман неме қатын-қалаштың ортасынан шыга алмайын деп жүр ме өзі? (Қаранып) Туу-туу!”.

Ақтоқтының әкесі Қоңқайдың бұл монологынан оның бар болмыс-мінезі: аңғалдығы да, жаны таза момындығы да, аздап мақтаншақтығы да, бір сөзбен түйгенде, алданғанын білмей алақайлаған аңқау жанның қасиеті мен қасіреті түп-түгел “мен-мұндалап” тұр ғой. Шеберлік дегеніміз, драмалық характер дегеніміз осы. Кейіпкер тіліне қатысты А.Толстойдың драматургтерге: “Сөзге мейлінше сараң болыңцар, эрбір сөз өткір жебедей көрермендер жүрегіне дәл тиетін болсын” деп ескертуі де аса мәнді. Төртіншіден, пьесада суреттелетін шындықтың, адамдар арасындағы тартыс- қақтығыстардың осы шақга, дәл қазір болып жатқандай бейнеленуі. Мұндай уақыт категориясының әсіресе пьесаны сахнада көріп отырған кезде ерекше сезілуі және оның көрермендердің сезім- түйсігіне айрықша әсер етуі ерекше. Заманына амалы болмай жынданған Қаракөз (М.Әуезовтің “Қаракөз” трагедиясы), бақытсыз ғашықтар - қос мұңлық Қозы мен Баян (Ғ. Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш - Баян сұлу”) трагедиясы спектакль үстінде бізге әлдеқашан өмір сүрген әлдебір белгісіз жандар болып емес, бейне дәл қазір өмірде бар, өзіміздей қуана да білетін, күрсіне де алатын, толғана да алатын тірі Қаракөз, тірі ару Баян, сүйкімді Қозы болып көрініп, қуаныш-қайғысымен, адамдық болмысымен бізді баурап, алуан күйге түсіреді. Бұл, әрине, театр өнерінің құдіреті, драма ерекшеліғі. Кезінде Гегель: “Драмада да эпостағыдай өз күрес-тартысымен, өзіндік аяқталуымен көрінетін іс-әрекет бар. Бірақ, бұл іс-эрекеттер бізге эпостағыдай әңгімелеу - баяндау арқылы болып өткен оқиға ретінде танылмайды. Біз ол әрекеттерді өз көзімізбен көреміз. Олар біздің көз алдымызда өткеріледі” деп драмалық туындының театрга қатыстылығын да, іс- әрекет, оқиғаны уақыт жағынан көрсету айырмашылығын да дөп басып айтқан болатын-ды.

Драмалық туындының уақыт категориясына қатысты осы ерекшелігіне кезінде А. Байтұрсынұлы да өз еңбегінде айрықша көңіл аударып былай деп жазган: “Уақиға көз алдымызда болып, адамдардың тіршілік жүзінде айтысып - тартысып өмір шеккенін көреміз. Тіршілік майданыңда адамдардың ақылы жеткенінше амалдап, қайратына қарай қару қылып, алысқаны, арбағаны, қуанғаны, жылағаны, ойнағаны, күлгені, сүйінгені, күйінгені, жауласқаны, дауласқаны, бітіскені, жарасқаны өмір жүзінде көрініп. көз алдыңнан өтеді”.

Эпикалық кеңдікпен бейнелеу мүмкіндігі болмағандықтан (бұл әрине, драманың тектік-жанрлық ерекшелігі) драматург өмірдің өте-мөте маңызды деген құбылыстарын ғана іріктеп алып, пьесасына арқау етеді. Бесіншіден, Гегель айтқандай, М.Әуезов те ерекше мән бергендей, тегінде пьеса пішінге өте қатаң қарайтын туынды. Эпикада оқиғалар, адамдар арасындағы қарым-қатынас кеңінен суреттеліп, баяу, байыпты дамытылса, драмада әрекет, адамдар арасындағы қарым-қатынас, тартыс керісінше қызу, жедел өрбуімен ерекшеленеді. Бұл драма неғізіне жататын тартысқа байланысты.

Драмалық . туынды ерекшеліктері жайлы ойымызды неміс ақыны әрі белгілі эстетигі Ф.Шиллердің: “Барлық баяндаушы түрлер (жанрлар) қазіргіні өткенге ауыстырса, драмалық барлық түрлер өткенді қазіргіге айналдырады” деген тұжырымды пікірімен түйіндейміз.

Сонымен әдебиеттің үш тегінің арасында өмір шындығын бейнелеу тәсілдерінің ерекшеліктёріне байланысты өзіндік айыр-машылықтары бар екенін көрдік. Алайда бұл айырмашылықтар олардың арасындағы байланыс - жақындықты да жоққа шығара алмайды. Тегінде таза бір түрлік, яғни, өзге әдеби тектің белгі - сипаттарынан ада көркем шығарма болмайды, болуы да мүмкін емес, бір көркем туындыда әдебиеттің үш тегінің де кейбір сипаттары көрінуі - зандылық, өнер заңдылығы. Мәселен, кез-келген эпикалық туындыда авторлық лиризм де, драмаға тән белгілер де (диалог, т.б.) кездесуі осыдан. Сондай-ақ, драмада авторлар эпикалық және лирикалық тәсілдерді жиі қолданады. Айталық, пьесада драматург монолог тәсілін екі түрлі мақсатта қолдануы мүмкін. Біріншіден, монолог арқылы кейіпкердің ішкі сезім күйі, толғаныс-тебіренісін (бұл тегінде лирикалық бейнелеу тәсіліне тән ерекшелік қой) ашуга болады, екіншіден, монолог арқылы кейіпкердің өзінің немесе басқа қатысушьшардың өткен өмірі туралы кеңірек айтуға-танытуға (бұл енді анық эпосқа тән тәсіл емес пе!) да болады.

Демек, әдебиеттің үш тегі немесе өмір-болмысты бейнелеудің үш тәсілі бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл бірлік-байланыс кез-келген көркем шығармаца өмір келбеті мен адамдар тағдырын алуан қырынан қамтып кеңінен әрі шынайы суреттеп танытудың кепілі секілді.

Эпикалық және драмалық туындылардың басым бөлігі қара сөзбен, лирикалық шығармалардын өлеңмен жазылатындығы есте болуы керек. Эпиканың (эпостың) поэма, батырлар жыры, баллада т.б. түрлері (жанрлары) өлеңмен, кейбір драмалық туындылар ақ өлеңмен жазылатыны жэне шындық.

Аталған үш түрлі бейнелеу тәсілдері эдебиеттің үш тегінің алуан жанрлық формалары (түрлері) арқылы іске асады. Мәселен, драмалық бейнелеу тәсілі пьесалық шығармалардың жанрлық түрлері болып табылатын комедия, трагедия, драмада қолданылса, эпикалық тәсіл эпостық тектің жанрлары аңыз, ертегі, мысал, әңгіме, новелла, повесть, поэма, батырлар жыры, роман, роман-эпопеяда, ал лирикалық тэсіл болса, ода, элегия, сонет, идиллия, сатиралық лирика, эн өлеңдері, арнау, т.б. жанрларда қолданылады.

Жоғарыда айтылғандарды түйіндей келгенде әдебиет теориясының үш негізгі ұғымдары келіп шығады, олар: тек, түр, жанр.

Әдебиеттің тегі дегенде біз бейнелеу тәсілдерін (олар үшеу: эпикалық, лирикалық және драмалық суреттеу тәсілдері) және соған сай бөлінуді ұйғарамыз. Өйткені, күллі көркем әдебиет туындылары өмір шындығын бейнелеу, суреттеп таныту тәсілдерінің ерекшеліктеріне қарай үш текке бөлінеді.

Т ү р дегенде біз эпикалық, драмалық немесе лирикалық шығармалардың белгілі бір формасын, үлгісін ұғамыз. Мәселен, повесть, трагедия, элегия, әңгіме деген сияқты. Повесть (хикаят деп те аталып жүр) - эпикалық тектің бір түрі немесе формасы деп айтуға болады. Ал франңуз тілінен ауысқан “жанр” термині “тек” деғен мағынада да, “түр” деген мәнде де қолданыла береді. Мэселен, “эпос жанры” десек, мұнда “жанр” термині “тек” мағынасында қолданылып тұр. Әдетте “эпостық тек” деп те, “эпос жанры” деп те айтыла береді. Ал, “әңгіме - эпос жанрына жатады” дегенде терминнің мағынасы тұр деген үғымды білдіріп түр. Мұны “әңгіме - эпостық тектің бір түрі” деп те айтуға болады. Сонымен, әдебиеттің тектері үшеу де, жанрлық түрлері сан алуан.

9-лекция. Әдеби процесс және әдеби бағыт-ағымдар, әдеби мектеп

Қаралатын мәселелер:

9.1Өнер дамуының қоғамдық өмірмен байланыстылығы

9.2Әдеби даму зандылықгары

9.3Әдеби даму және дәстүр жалғастығы

Әдебиеттер:

1. Атымов М. Көркем шығарма композициясы туралы. Алматы, 1969

2. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Кіт: Шығармалары. Алматы, 1989

3. Белинский В.Г. Шығармалары. Сьш мақалалары. Алматы, 1987

4. Горький М. Әдебиет туралы. Алматы,1984

5. Қабдолов 3. Көзқарас. Талдаулар мен толғаныстар. Алматы,1996

6. Нұрғали Р.Әдебиет теориясы. Астана,2003.

Әдеби даму, әдеби процесс деген ұғымдар өзара мәндес, мағыналас. Екеуі де белгілі бір ұлт, халықтың, кеңірек алсақ, әлем әдебиетінің күнделікті немесе белгілі бір кезең, дәуірлердегі өсу, жетілу, даму сипатына қатысты ұғымдар. Әдеби даму десек, күнделікті әдеби процесс, күнделікті әдебиеттің көркемдік даму мәселесі ұғынылады.

“Әдеби процесс - бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи-занды қозғалысы”*.

Әдеби процесс әдеби даму сипатын көрсетеді. Бұл әр кезеңнің өзіне тән әдеби дамуы, өзіндік ерекшеліктері болады деген сөз. Әдеби процестің ерекшеліктері қоғамдық жағдайларға, әдебиеттің жалпы қалыптасу, даму деңгейіне, ақын-жазушылардың шығармашылық-көркемдік ізденістеріне де байланысты. Бүгінгі әдеби процесс немесе даму өзінің жетістік-кемшіліктерімен күні ертең ұлт әдебиеті тарихының жарқын бір тарауына айналады.

Әдеби дамудың тарихи сипаты бар. Бұл эдебиеттің, жалпы өнердің дамуы, өсіп-өркендеуі қоғамдық тарихи жағдайларға байланысты деген сөз. Өйткені өнер - қоғамдық құбылыс.

Әдеби процесс - үздіксіз жалғасатын процесс. Ұлт, халық барда, қоғамдық даму бар жерде, өнерге деген қоғамдық қажеттілік, көркемдік-эстетикалық сұраныс барда өнер дамуы да жалғаса бермекші.

Әдеби даму, әдеби процесс қыры мен сыры мол күрделі ұғым. Әдеби процестің нақтьлы көріністері, формалары бар. Олар - “әдеби бағыт”, “әдеби ағым”, “әдеби мектеп” ұғымдары. Қандай бір әдебиеттің болмасын даму тарихында оны тірі, жанды организм, өсу, жетілу, қалыптасу үстіндегі әдебиет, өнер ретінде танытатын түрлі әдеби бағыттардың, ағымдардың, мектептердің болуы, қатар өмір сүруі - заңдылық, өнер зандылығы.

Бір кезеңдегі әдеби процесс аясында түрліше әдеби бағыттардың, ағымдардың, мектептердің қатар өмір сүруі, дамуы, әрқайсысының өз басымдылығы үшін күресуі әдеби дамудың толыққандылығын, әдебиеттің қоғамдық өмір мәселелеріне белсене араласуын, сөйтіп ұлт әдебиетінің жан-жақты көркемдік ізденіс, өсу, өрлеу үстінде екенін көрсететін ұнамды факторлар. Демек, әдеби дамудың заңдылығы.

Мәселен, XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде, яғни, осы кезеңдегі әдеби процесте әлденеше әдеби бағыттар, ағымдар болды десек, олардың қай-қайсысы да түрліше көзқарас ұстанып, өмір, қоғам шындығын өзінше бейнелегенімен, түптеп келгенде бәрі де бір қазақ қоғамының жай-күйін, шындығын, тағдырын, өзекті мәселелерін жырлады, айтты ғой. Сондықтан да әдеби процестің, жалпы әдеби дамудың деңгейін анықтау үшін сол белгілі бір кезеңдегі барлық әдеби бағыттар мен ағымдардың, мектептердің ерекшеліктерін, қоғамдық өмір құбылыстарын шынайы, көркем таныту мүмкіндіктерін, ізденістерін қатар алып саралау қажет.

Әдеби бағыт, ағым, мектеп, бұлардың мақсаты ортақ (қоғамдық өмір шындығын таныту) десек те, олар бір ұғымдар емес, бір-бірінен соншалықты алшақ құбылыстар да саналмайды, керісінше бірімен-бірі тығыз байланысты қатар өмір сүретін құбылыстар.

Алдымен, әдеби бағыт пен әдеби ағым мәселесіне тоқталайық. Әдеби бағыт дегеніміз не? Әдеби ағым деп өнердегі қандай құбылысты танимыз? Бұл ретте В.А.Богданортың мына бір пікірі назар аударарлықтай: “Біздің әдебиеттану ғылымымыз әдебиеттің тарихи даму заңдылықтарын зерттей келе бұл дамудың екі жетекші “координаттарын” анықтады: ол әдеби бағыттар (белгілі бір эстетикалық бағдарлама ұстанған жазушылардың шығармашылық бірлігі) және әдеби ағымдар (өмір- болмысты идеологиялық тұрғыдан ұғып-түсінуде ортақ көзқарастағы қаламгерлер бірлігі)*.

Бұл пікірден әдеби бағыт пен ағымның әдеби дамудың жетекші тенденциялары екендігі, олардың айырмашылықтары мен өзара жақыңдығы да айқын аңғарылады.

Әдебиет туралы ғылымда бағыт, ағым жайлы пікірталастары да бар. Соның бірі - әдеби бағыт бірінші ме, әдеби ағым бірінші ме деген мәселе. Орыстың бірсыпыра жетекші әдебиетші, теоретик ғалымдары (Г.Н.Поспелов, Н.А.Гуляев, А.И.Ревякин, В.И.Кулешов т.б.) мәселені орыс, еуропа әдебиеттері тарихымен байланыстыра қарастыра келе, бұл ұғымдардың өзара сабақтастығын, әдеби бағыттың біріншілігін анықтап дәлелдеді. Бір әдеби процесс аясында қоғамдық, көркемдік- эстетикалық сұраныс-қажеттіліктерге орай әуелі әдеби бағыттың туып қалыптасатындығы, оның дами, өркендей келе өз ішінен бірнеше әдеби ағымдарға бөлінетіндігі - өнер заңдылығы.

Әдеби бағыт та, әдеби ағым да - тарихи категориялар, оларды белгілі бір кезеңнің қоғамдық шындығы туғызады, белгілі бір уақытта әдеби бағыт та, ағым да өнер сахнасынан кетеді. Тағы бір ескеретін нәрсе әдебиет зерттеушілері, әдебиет теоретиктері классицизм, сентиментализм, тіпті романтизм сынды мәшһүр әдеби құбылыстарды кейде бағыт, енді бірде ағым деп те атайды.

Белгілі теоретик ғалым Н.А.Гуляев әдеби бағыттың бірінші екенін тұжырымдай отырып XIX ғ. I жартысындағы орыс әдебиетіндегі романтизм бағытының өз ішінде төмендегідей екі ағым болғанын атап көрсетеді:

1) Кертартпа көзқарастағы ақын-романтиктер ұстанған әдеби ағым (Жуковский, Батюшков т.б.);

Наши рекомендации