I Тарау. Саналы, ерiктi түрде аштық ұстап – емделу

Сет Ризаұлы Мұқашбеков

Ауру – қылмыс, қылмыскер болмайық!

(Ақысыз-пұлсыз, дәрi-дәрмексiз өзiңдi-өзiң қалай емдеп алуға болады?)

Алматы 2011

Адамның iшкi жан дүниесiнiң тылсымы:

10 – Юныс сүресi, 100 аят.

Алладан бұйырықсыз ешкiмнiң иман келтiруi мүмкiн емес. Алла азапты ақылдарын жұмсамайтындарға бередi.

ҚҰРАН КӘРИМ, қазақша мағына және түсiнiгi. 220 бет.

Жалпы редакциясын басқарған:Қазақстан Республикасы Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесi, ақын, жазушы: Шымкент қаласындағы «Аштықпен емдеу орталығының (АЕО)» директоры Қыстаубайтегi Шалқар Әбiшұлы.

Ә. Мұқашбеков. Ауру – қылмыс, қылмыскер болмайық!. (Ақысыз-пұлсыз, дәрi-дәрмексiз өзiңдi-өзiң қалай емдеп алуға болады?) Алматы, ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. – ...... б.

ISBN .........

Бұл кiтап пенде баласына ашығудың көмегімен өмiрдiң өзi силаған ғажайыптардың қақпасын айқара ашуды үйрену үшiн жазылған. Бiздiң iшкi жан-дүниемiзде өзiмiз көз алдымызға елестете алмайтын, көңiлiмiзге келтiре алмайтын неше түрлi қуат көздерi бар. Дәрігер адамның ішінде. Кiмде-кiм ерiктi, саналы түрде ашығып, iшкi жан-дүниесiн, тәнi мен нәзік денелерін (аура), рухын тазалап жүрегiнiң кiрiн аршыса онда сыңғырлаған денсаулықпен, ерекше рухани жетiлумен, жақсы тұрмыспен марапатталады.

УДК ...

ББК ... ЖШС

ISBN …….. @ Мұқашбеков. Ә., 2011

Алғы сөз

Алла жолында өз нәпсiсiне қарсы келетiн адам әулие.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

Адам баласына ғажайыпты армандау тән қасиет! Өз еркіңмен ашығудың, тамақтың, дене шынықтырудың, дұрыс тамақ мәзiрiнiң, дұрыс тыныс алудың, нақтылы мүмкiншiлiктерiн бiлмей, олар ғажайыпты өздерi түсiнбейтiн айдаладан iздейдi.

Саналы түрде өз еркіңмен аштық ұстау – әдемiлiкке, ғажайыпқа, имандылыққа толы. Сондай-ақ, жеке қуатыңызды арттыруға, мамыражай қалыпқа түсуiңiзге, iшкi жан-дүниеңiздi тыныштыққа, бақытқа, рахатқа, алаңсыздыққа, шаттыққа сүңгiтiп, жоқшылықтан, еңсеңдi езiп тұрған кедейшiлiктен құтылуға мүмкiншiлiк бередi.

Енді 2005 жылғы «Денсаулық» журалының № 5 санында жарияланған, қазіргі қазақстандағы жасөспірімдер арасындағы ауру-сырқаудың бір дәйегін айтайын. Бұл көрсеткіш өсе түспесе, кеміген жоқ.

«Ғылыми – зерттеу инстуттарының зерттеулері көрсетіп отырғандай, елімізде жасөспірімдер арасында ауру-сырқау жыл санап көбейіп барады. Соңғы деректерге жүгінсек жасөспірімдер аурушаңдығының көрсеткіштері тексерілген әр 1000 балаға шаққанда мынадай екен:

Ақмола облысы 177,6

Ақтөбе облысы 424,8

Алматы облысы 90,4

Атырау облысы 183,2

Батыс Қазақстан

облысы 465,3

Жамбыл облысы 305,1

Қарағанды облысы 565,0

Қостанай облысы 469,9

Қызылорда облысы 933,6

Маңғыстау облысы 327,5

Оңтүстік Қазақстан

облысы 212,6

Павлодар облысы 542,4

Солтүстік Қазақстан 423,7

Шығыс Қазақстан

облысы 650,2

Астана қаласы 311,5

Алматы қаласы 664,2

Қазақ ұлттық медицина университеті ректорының ғылыми жұмыстар жөніндегі кеңесшісі, профессор З. Мажитованың мәліметі бойынша соңғы кездерде елімізде мүгедек балалар мен тіпті бір емес бірнеше созылмалы ауруы бар сәбилер саны арта түсуде. Ұл балалардың денсаулықтары нашарлап барады, ал болашақ ана – қыз балалардікі одан да қауіпті.

Енді үлкен адамдардың жағдайларын байқайық. Егер жастарымыздың жартысы әлсіз, ауру екеніне көзіңіз жетсе, үлкен адамдардың жағдайлары бұдан да сорақы. Біздің 18 бен 20 жас аралығындағы жастарымыздың 65-70 пайызы әскерде қызмет етуге жарамайды. Егер біз 25 пен 75 жас аралығындағы адамдарымызға қарасақ, жағдайлары тіптен мүшкіл.

25 адамнан топ жиып, оларды тексеріп денсаулығы мен ауруы жайы сөйлессек, онда олардың 99 пайызының бір немесе бірнеше өмірлік маңызы бар мүшесінің созылмалы аурумен ауратынына сенімді бола беріңіз. Қайтсе де, әрбір адамның бір жері ауырады. Олар сізге өзіне жасаған операцияларын, ішкен дәрілерін, шеккен зардаптарын айтады. Адамдардың көпшілігі, өздерін рухани және тәндік дамытпайтын өмір сүру бағдарламасын ұстанады. Осының дәлелі, көбейіп келе жатқан қарттар үйлері және мүгедек балаларға арналған мектеп интернаттар, тастанды балаларға арналған жетімдер үйі, қала-қалаларда өріп жүрген қаңғыбас бомждар. Осы үйлер қарттарға, ауруларға, қаңғыбастарға және мүгедек пен тастанды балаларға лықа толы. Менің сізден сұрайын дегенім, табиғат шынында да біздің өміріміздің соңын осылай қайғылы қылып қойды ма?!

Өзім ашығу ілімін игергеннен бастап көңiл күйiм өте жақсы, шаршауды бiлмеймiн. Ашығудан кейiн күннен-күнге тәнiме де, жаныма да керемет буырқанған қуат құйылып жатқанын сеземiн. Өзiмнiң жасарып, жас кезiмдегiдей қайратты, сымбатты және 10...15 жылға бiрден жасарып кеткенiме жақсы араласып жүрген адамдар таңырқап қарайды.

Тәнiм ғана тазаланып қана қоймай, жаным мен рухым, нәзік денелерімнің (аура) тазаланғаны соншалық, бұрынғы өмiрдiң күрделi шешiлмейтiндей көрiнетiн шырғалаңдары өзiнен-өзi қарапайым шешiлiп, тұрмысым да түзелiп, нақ бақытты болудың не екенiн тәндiк, жандық, рухани тұрғыдан толықтай түсiндім.

Менде өзiмдi-өзiм ашығумен емдеудiн 11 жылғы тәжiрибем бар. Өзiм саналы, ерiктi түрде ашығу арқылы, бұрынғы қор болып жаншылған жан иесiнен, бақытты, уайымсыз адамға айналдым. Былапыт тамақтануға, темекiге, араққа, сыраға, кока, пепси – колаға, шәй, кофе iшуге үйiр болған әдеттерiм жойылды, түп-тамырымен жұлынып тасталды. Құрметті оқырман! Ашығудың көмегiмен қазiргi заманда табылмайтын ұлы да, өте сирек ұшырасатын даналыққа, сыңғырлаған денсаулыққа, шалқыған молшылыққа, бақытқа, шаттыққа ие боласыз!

Әсет Ризаұлы Мұқашбеков

I Тарау. Саналы, ерiктi түрде аштық ұстап – емделу

Наши рекомендации