Утопистер философиясы Т. Морд, Т. Компонелла
Қайта Өркендеу Дәуіріндегі әлеуметтік-саяси философия Ағылшын гуманисі Томас Мор (1478-1535) — Эразм Роттердамскийдің Досы, әйгілі «Утопия» еңбегінің авторьі. Латын тілін жақсы меңгерген, заң мектептерінде білім алып, мүғалімдік және адвокаттық қызметтер атқарған. Еңбегін бағалаған қоғамдастары оны парламент палатасына сайлады. Батыл саяси көзқарастары үшін 1535-жылдың 6-шілдесінде жазаға тартыл-Ды (басы кесілді).
Мордың «Утопия» еңбегі мемлекеттің ең жақсы құрылымы туралы пайымдауға арналған. Утопия деген термин грек тілінен алынған, «жер бетінде жоқ жер» дегенді білдіреді. «Утопияның» бірінші бөлімінде Мор Англиядағы капитал қорының қалыптасуының алғашқы кезеңдерін су реттейді: қоғам мүшелерінің барлық мүшелері баюды ғана көздейді жәні мемлекет атын жамылып, өз құлқынының қамын ойлайтын байлар мем- лекеттің сорына айналады.
Кітаптың екінші бөлімінде осындай мемлекетке қарама-қарсы мемлекет туралы баяндалады, Бұл бөлімнің мазмұнынан Інжілдің, Платонның «Мемлекет» еңбегінің, Эразм Роттердамскийдің христиандық гуманизмінің әсері сезіледі.
Қоғамдық өмір — Мор индивидуализмге қарсы, жеке меншік болмауы тиіс, қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың бәрі тең.
Мемлекет басшысы — терең ойлы философ, кіршіксіз таза адам болуы қажет, «Жақсы нәрсе де, жаман нәрсе де басшыдан тарайды». Осындай адам — қиялдағы аралды жаулап алып, өз Утопиясын құрған Утоп. Қоғамда ақша жоқ, алтын тек қажетсіз нәрселерді жасауға ғана басқа елдермен қарым-қатынаста және соғыста қолданылады.
Ой еңбегі мен дене еңбегі. Мор дене еңбегін» жоғары бағалайды, ол адамдардың бәрі үшін міндетті, ауыл шаруашылығы еңбегіне қоғамның әрбір мүшесі кемінде екі жылын арнауы тиіс, себебі еңбек өмірлік қажеттілік қана емес, моральдық қажеттілік. Ол алты сағатқа созылатын еркін еңбек. Ой еңбегі Платондағыдай дәріптелмейді, бірақ онымен айналысатын ең дарынды адамдар. Утопиялықтар еңбектен шаршап, зорықпайды, қолдары босағанда өздерін рухани дамытады.
Дін. Утоп дінді Христос дүниеге келерден 144 жыл бұрын тағайындады. Мор жалғыз Жаратушы Құдай бар, жан мәңгілік деп тұжырымдайды.’ Сонымен қатар, әр түрлі наным- сенім болуы мүмкін, адамдар бір-бірінінің сенімін, атеистерді де сыйлауы керек деп есептейді. Дінді сақтаушы — сай-ланатын дінбасылар, олар өте таза, адамгершілікті интеллектуалдылықтан да жоғары қояды.
Томмазо Кампанелла (1568-1639) — философия, жаратылыстану мәсе-лелерін әлеуметтік мәселелермен байланыстыра білген, Испания монар-хиясына қарсы күрескен, сол үшін 30 жылдай түрмеде отырған монах. Басты еңбегі — «Күн қаласы».
Кампанелла гипозоизм (барлық нәрсенің жаны бар) идеясын универ- сумға қолданады: «Әлем — үлкен тірі мақұлық, біз оның ішінде құрттар секілді өмір сүреміз, теңіз — жердің тері».
«Күн қаласы» еңбегінде қоғамды қалай өзгерту туралы ойларын ба- яндайды. Тапробану аралындағы (шамамен Цейлон, қазіргі Шри Ланка) бакытты қоғам туралы Генуя теңізшісі әңгімелейді. Бүл аралда адамдар қоғамдастыққа бірігіп, Құдайға емес, адамның ақыл-ойына бағынатын мемлекет құрады. Мұнда жеке меншік жоқ, еңбек жақсы ұйымдастырылған, адамдар төрт сағат қана жұмыс жасайды, бай, кедей болып бөлінбейді.
Мемлекетті басқарушы — Платонның мемлекетіндегідей аристократия, бірақ философтар емес, маман аристократтар, қабілетті болып жаратылған. туғаннан жолы болғыш адамдар. Олардың ең ақылдысы — Метафикик. немесе, Күн деп аталады. Ол мемлекет басшысы, барлық ғылымдардан жан-жақты хабардар. Оның үш көмекшісі бар: Күш-Куат — әскери істерді, Даналық — ғылымдарды басқарады, Махаббат — тамақ, бала тәрбиелеумен айналысады. Олардың да көмекшілері бар (Грамматика, Логика, физика, Саясат, Этика, Экономика, Астролог, Астроном, т.б.) Елді басқару ісімен қырық адам айналысады, бірақ айына екі рет халық жиналысында басшылар ауыстырылып отырады, олардың өздері де талантты адамдарға өз орындарын босатуы тиіс. Басшылық әділ жүзеге асырылуы тиіс, ағайыншылық деген болмау керек. Балалар жеті жасынан бастап ғылымдарды зерттей бастайды және ой еңбегін дене еңбегімен ұштастырады. Дін философияға, білімге тәуелді, ең басты дінбасы — Метафизик.
Никколо Макиавелли (1469-1527) — Флорентия республикасындағы кедей заңгердің отбасында дүниеге келгендіктен университеттік білім алуға мүмкіндігі болмаса да, латын тілін игеріп, ежелгі классиктердің еңбектерін жақсы игерді, жас кезінен бастап саясат және мемлекет мәселелеріне ден қоя бастады. Республика Үкіметінде қызмет атқарып, сая-сатқа белсене араласқан Макиавелли 1512 жылы республика құлаған соң қуғындалды, оның өз елі Италияны көркейтпек болған жоспарлары жүзеге аспады. Саяси қызметтен аластатылған жылдары жазған еңбектері оның есімін адамзат тарихында қалдырды, олардың арасындағы ең белгілісі -«Билеуші» («Государь»). Бұл еңбек сол кездегі реалды әлеуметтік қажеттіліктен туындады, мемлекет проблемасы Макиавелли үшін академиялық, жәй ғана қызықты мәселе емес, ұлттық феномен, антикалық философтар қарастырған мінсіз мемлекет теориясын жалғастыруға талпыныс еді. Оның ойынша, адамдар табиғатынан қатігез. алдауға бейім, мансапқор, мемлекет олардың осы жаман қасиеттерін шектеп, тәртіп орнату үшін қажет. Мемлекет басшысы меншік иелерінің өкілі болуы керек. Мемлекетте өмір сүруші адамдар қабылданған ережелерге саналы түрде бағынғанда ғана қоғамда заңдылық болмақ. Көп нәрсе басшы-билеушіге байланысты деп түсінген Макиавелли мемлекет қайраткері ұстауға принциптерді талдайды. Ең бастысы, билеуші реалды саяси өмір талаптарын ескере отырып басқаруы тиіс, бар күші мен құралдарын басты мақсатқа -біртұтас, қуатты мемлекет құруға жұмсауы қажет. Осы мақсат дана билеушінің өмірінің мәні
болуға лайық, себебі, мемлекет адам рухының жоғарғы жетістіктерінің бірі. Бұл мақсатқа жету үшін құралдың кез-келп түрін пайдалануға болады, әйтпесе ол биліктен айырылады, қарсыластырынан жеңіледі. Макиавеллидің әйгілі «Мақсат құралдарды ақтайды («Цель оправдывает средства») қағидасы осылайша пайда болды.
Қайта Өркендеу Дәуірі философиясы туралы қорыта айтсақ бұл кезең — адам еркіндігін, жасампаздығын, шығармашылық қуатын. табиғатпен бірлігін жырлаған, дүниенің құрылымы, қоғам мен адамның мәні туралы жаңа ғылыми түсінік-идеялар, болжам-үлгілер ұсынылғаг адамзат ойының табысты кезеңі.
Жайнизм философиясы
Джайнизм - көне үнді философиясының Веда әдебиетіне сүйенбей дамыған ағымы. Джайнизм философиясының негізінде - татва яғни мән туралы ілім жатыр. Татва - дүние құрылатын бастапқы құрылыс материалы сонымен бірге білімнің негізі құрылатын ақиқат.
Джайнизм (джина - жеңіс) негізін қалаған – Махавира. Жеңіс – ол адамның өзін-өзі жеңуі. Негізгі ұғымдары: тірі (джива), өлі (аджива), ізгі, күнә, жанның бұзылуы (ашрава), самвара – жанның тазалануы, тәуелдік, карманы бұзу – нирджара, босау. Джайнизмдегі «үш асыл»: - дұрыс сенім, дұрыс білім, дұрыс жүріс-тұрыс.
Джайнизмде адам өзін-өзі жеңу үшін бірнеше қағидаларды ұстану керек:
Апариграха – дүние заттарына қызықпау, байланбау, самарқаулық;
Сатья – ешбір қиындыққа қарамастан шындықты айту;
Астья – ұрлық жасамау;
Ахимса – қиындықтарп жөніндегі ілім, еш нәрсеге зәбірлік көрсетпеу.