ЫҚтыҚ нормалардыҢ элементтері

♠♠♠ Кейбір нормативтік актілерде норманың элементтері толық болмайды.

  • Конституцияның баптарында тек диспозиция мен гипотеза ғана бар.
  • Қылмыстық кодексте тек диспозиция мен санкция ғана болады.

І.Гипотеза –диспозиция қашан басталады, қашан аяқталады, нормативтік акт қалай орындалатыны көрсетіледі. Яғни, гипотеза – нақты жағдайларда норманың күшіне енуіне негіз болатын шарттардан (оқиғалар, адамдардың әрекеттерінен) тұратын құқықтық норманың бөлігі.

Конституция 5-бап 1. Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр-алуандылық танылады. Мемлекеттік органдарда партия ұйымдарын құруға жол берілмейді. 2. Қоғамдық бірлестіктер заң алдында бірдей. Қоғамдық бірлестіктер ісіне мемлекеттің және мемлекет ісіне қоғамдық бірлестіктердің заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардың қызметін жүктеуге жол берілмейді.
Конституция 6-бап 1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.

Гипотезаның 3 түрі бар:

А) жалпылама гипотеза – егер де норманың іс-әрекеті бір жағдайдың болуын немесе болмауымен байланысты болуын көрсетеді.

Б) күрделі гипотеза – егер де норманың іс-әрекеті бірнеше жағдайдың болуын немесе болмауымен байланысты болуын көрсетеді.

В) альтернативтік гипотеза - егер де норманың іс-әрекеті бірнеше жағдайдың біреуін таңдауды қажет ететінін көрсеткен норманы айтады.

ІІ.Диспозиция – қоғамдық қатынастың мазмұны мен субьектілердің құқықтары мен міндеттерін көрсетеді. Яғни жүріс-тұрысты құқыққа сай немесе құқыққа қайшы деп бағалауға негіз болатын құқықтық норманың негізгі-орталық бөлігі. Диспозицияда құқықтық тәртіптің үлгісі – моделі көрсетіледі.

Диспозицияда –Мысалы қылмыстың атауы, анықтамасы, түсінігі және оның белгілері көрсетіледі.

Диспозицияның 4 түрі бар:

А) жалпылама немесе жай түрі – 1)нормада субьектілердің құқығы мен міндеттері айқын көрсетілмейді немесе 2) іс-әрекеттің атын ғана атап қояды, нақты белгілерін ашық көрсетпейді.

ҚК-136-бап. Баланы ауыстыру 1. Баланы қасақана ауыстыру – екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚК-125-бап. Адамды ұрлау 1. Адамды ұрлау – төрт жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Б) толық айқын түрі немесе сипаттамалы диспозиция – 1)диспозицияның мазмұны анық көрсетіледі, 2) баптарда іс-әрекеттердің барлық белгілері толық көрсетіледі.

ҚК-176-бап. Тыңшылық Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi шет мемлекетке, халықаралық немесе шетелдiк ұйымға не олардың өкiлдерiне беру, сол сияқты оларға беру мақсатында жинау, жымқыру немесе сақтау, сондай-ақ шетелдiк барлаудың тапсырмасы бойынша өзге де мәлiметтердi ҚР-ның ұлттық мүдделеріне қарсы пайдалану үшiн беру немесе жинау, егер бұл іс-әрекеттердi шетелдiк азамат немесе азаматтығы жоқ адам жасаса, – он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
АК-147-бап. Мәмiле ұғымы Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерi мәмiлелер деп танылады.

В) Бланкеттік – норманың жетіспейтін элементі туралы басқа заңдарға (әкімшілік, азаматтық), немесе нормативтік актілерге, үкімет қаулысына, жарлықтарға, бұйрықтар мен ережелерге, нұсқаулықтарға жүгінуін, сілтеме жасауын айтады.

351-бап. Көлiктiң қауiпсiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн қағидаларды бұзу 1. Жолаушының, жаяу жүргіншінің немесе жол жүрісінің басқа да қатысушысының (көлік құралын басқаратын адамнан басқа) жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзуы, егер бұл іс-әрекет абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соқса, – үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
324-бап. Шаруашылық немесе өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзу 1. Табиғи ресурстарды пайдалану, кәсiпорындарды, құрылыстарды немесе өзге де объектiлердi жобалау, орналастыру, салу немесе реконструкциялау, пайдалануға беру немесе пайдалану, өнеркәсiп, энергетика, көлiк немесе байланыс объектiлерiн, ауыл шаруашылық мақсатындағы және мелиорация объектiлерiн пайдалану, қалаларды не басқа да елдi мекендердi салу кезiнде әскери немесе қорғаныс объектiлерiне, әскери немесе ғарыш қызметiне қойылатын экологиялық талаптарды бұзу, егер бұл іс-әрекет қоршаған ортаға ірі залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулығына зиян келтірсе, –

Г) сілтеме түрі– 1)диспозиция мазмұны - белгілерін қайталап жатпас үшін басқа бөлімге, тарауға, бапқа сілтеме жасайды,

106-бап. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру 1. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру – 2. Мынадай: 1) екi немесе одан да көп адамға қатысты; 2) адамның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына немесе кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты осы адамға немесе оның жақындарына қатысты; 3) кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамға қатысты, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепiлге алумен ұштасқан; 4) аса қатыгездікпен; 5) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған; 6) пайдакүнемдік ниетпен, сол сияқты жалдау бойынша; 7) бұзақылық ниетпен; 8) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпенділік немесе араздық уәжі бойынша; 9) жәбірленушінің ағзаларын немесе тіндерін пайдалану мақсатында; 10) бірнеше рет; 11) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты; 12) төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздік барысында жасалған дәл сол іс-әрекет – 3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан не қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер –

ІІІ.Санкция – құқықтық норманың диспозициясында көзделген ереже бұзылған жағдайда орын алуы мүмкін салдардан тұратын бөлікті айтады. Яғни, жауапкершіліктің басталуы мен қолданылуы.М: қылмысқа берілетін жазаның түрі мен ауқымын көрсетеді

Санкцияның 3 түрі бар:

А) абсолютті-айқын санкция – жазаның нақты бір түрін көрсетеді. М: жұмыстан шығару, қызметін төмендету, айыппұл төлеу, бас бостандығынан айыру.

М: Адамды ұрлау –4 жылдан 7 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Б) салыстырмалы айқын санкция – минимум мен максимумның арасындағы жауапкершілік (әкімшілік, қылмыстық кодекстер), яғни жазаның төменгі және жоғары шегі көрсетіледі. М: 4 жылдан 7 жылға дейiнгi мерзiмге

В) альтернативтік санкция (балама)– көрсетілген бірнеше санкция түрлерінің бірін қолдануын көрсетілген. Бірнеше санкция түрлері қолданған кезде құқық бұзушылықтың ауырлығы мен кауіптілігіне қарай таңдауға мүмкіндік береді.

М: екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады

НОРМАТИВТІК АКТІЛЕРДІ ЖҮЙЕЛЕУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ:

1. Инкорпорация– қолданып келген құқықтық нормаларды мазмұны жағынан өзгертпей, сыртқы белгілері мен көріністері (реквизиттері) бойынша ғана бір жүйеге келтіру, яғеи актінің мазмұнын өзгертпей сала-салаға бөліп, алфавит бойынша, норманың шыққан уақытына сәйкес жүйеге келтіру. Сол арқылы нормативтік актілердің жинақтарын шығару, актілердің пайдалануын жеңілдету. Олардың ішкі мазмұнына инкорпорация тиіспейді, кемшіліктерін жоя алмайды. 2 түрі бар:

А) ресми инкорпорация – мем-тік органның жасаған жинағы. Бұл жинаққа сілтеме жаасауға болады.

Б) бейресми инкорпорация – жеке және заңды тұлғалардың жасағн жинақтары. Оған сілтеме жасауға болмайды.

В) хронологиялық инкорпорация – норманың қабылдаған уақыттарына сәйкес бір жүйеге келтіру.

Г) жүйелік инкорпорация – құқықтық жүйесіне немесе құқықтық қатынастардың жүйесіне сәйкес нормаларды жинақтау. Бұл маңызды жинақ болып саналады. М: заңдардың жинағы (свод законов) – ең күрделі жинақ.

2. Консолидация –нормативтік актілердің ішкі құрылысындағы кемшіліктерді жою арқылы оларды біріктіріп, бір күрделі норм.актіге айналдыру. Оның өзінің жаңа ресми рекзизиттері болады (актінің аты, шығарған мекеменің аты, уақыты, нөмірі, орны). Мұнда мазмұнына тиіспейді, текғ нормаларды қайталауды, олқылықтарды, кемшіліктерді түзетіп жүйеге келтіру.

3. Кодификация – құқықтық нормалардың ұқсастығына қарай жіктеу, ғылыми тұрғыдан салаларға қарай, тарауға, тақырыпқа, баптарға бөліп талдап жинау, қайта қарау арқылы жаңа жағдайларға сай етіп жаңа заң шығару, яғни заңды мейлінше жетілдіру болып табылады. Мұнда, мазмұны өзгеріп, ескірген нормалар алынып, қайталануы жойылып, олқылықтар толықтырылып, жаңа мүдде-мақсаттарға сай жаңарып тіртұтас кодекс болып шығады.

ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ТҮРЛЕРІ: РОМАНО – ГЕРМАНИЯЛЫҚ ЖӘНЕ АНГЛО – САКСОНДЫҚ

Әлемдегі барлық елдерде әлеуметтік нормалардың түрлері (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни, корпоративтік, құқықтық нормалар) қалыптасып, әр елде әртүрлі қолданылады. Әр ел осы нормаларды өздерінің саяси, ұлттық, әлеуметтік ерекшеліктеріне сәйкес қолданады. Бір елде – құқық, 2-елде – әдет-ғұрып, 3-елде – сот шешімі басым болады. Сол арқылы әр елде өздерінің ұлттық құқық жүйесі қалыптасады. Көптеген елдердің құқық жүйесінің негіздері және мазмұны бір-біріне ұқсас болады. Өйткені олар бір мемлекеттің әлеуметтік-нормативтік жүйесінен бөлініп шығады. Франция ғалымы Давид Рененің пікірі бойынша құқық жүйесін бірнеше түрге бөлуге болады:

1. Англо-саксондық құқық жүйесі (АС жүйе)– бұл жүйе феодализм кезінен ХІІ ғасырдан басталады. Бұл жүйе – ежелгі әдет-ғұрып, сот шешімдерінен тұрады. Англия королі Генрих ІІ (1154-1187) бірнеше реформалар, соның ішінде сот реформасын жүргізген. Ол көшпелі королдық сотты енгізді. Бұл сот жылдың аяғында құқық тәжірибесін жан-жақты талдап, қорытынды жасап, ең маңызды шешімдерді баспа арқылы жариялап отырған. Осы қорытынды шешім – ережелер ретінде негізгі заң болып, барлық соттар оны міндетті түрде қолданады. Бұл жүйенең негізгі мазмұны (ерекшелігі) – сот тәжірибесінен қалыптасады, мемлекеттік органның қабылдаған нормалары – қосымша рөл атқарады. Қазіргі заманда бұл өте күрделі, демократиялық құқықтық жүйе. Оны статус құқығы дейді, статусты - парламент қабылдаған заң дейді. Оның саны 500-2000ға жеткен. Англияда азаматтық кодекс жоқ, сот азаматтық істерді шешіп, жаңа норма жариялайды. Бұл нормалар әрбір жеке статусты шешетін норма болып шығарылады. Бұл құқықтық жүйеде материалдық нормалардан процессуалдық нормалар жоғары тұрады. Қазіргі кезде АС жүйе бірте-бірте нормативтік актілердің маңызын көтеруде. Англияның отарлық-тәуелді елдері (Малайзия, Сингапур, Гонког, Бруней, Гана, Кения, Нигерия, Египет т.б.) өз ұлттық құқығын сақтай отырып, ағыолыш құқығының нормаларын пайдалана бастады. АҚШ – ағылшын құқығын пайдаланса да, оның құқық жүйесінің көп ерекшелігі бар. 1) американың құқығы – федеративтік құқық, 2) мұнда соттың шешімімен қатар Конституциялық құқық нормаларды жоғары ұстайды. АҚШ-та кодификациялау, жүйелеу белсенді жүргізіледі.

2. Романо-германдық құқықтық жүйе (РГ жүйе) – контитенттік жүйе деп те атайды. Еуропаның көптеген елдерінде осы жүйе дамыған. Рим құқығының ықпалымен құрылған жүйе. Басында феодалдық кезеңде жақсы дамымаған. Кейін буржуазиялық революциялар «Жеке меншік құқығы қасиетті, оған ешкім қол сұғуға құқығы жоқ» деген қағидат бекітті. Осыдан бастап Рим құқығы ХІІІ ғасырда белсенді дамып, Германия, Франция, Италия, көптеген елдерге тарады. Кодификациялау жұмысы жақсы жүргізілді, азаматтық кодекстер шығарылды. Бұл құқық жүйесінің ерекшелігі – нормативтік актілерді 1-орынға қойды, сот шешімдері қосымша рөл атқарды. Бұл жүйе дүние жүзінің елдеріне үлгі болды.

Бұл 2 құқықтық жүйелер (АС және РГ) буржуазиялық жүйені қорғап, дамытты. Қазіргі заманның заң ғылымына зор үлес қосты.

СӨЖ тапсырмалары:

1. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялары (теологиялық, патиархальдық, органикалық, қоғамдық келісім, күштеу теориясы, диалектикалық-материалиистік теория т.б.)

2. Құқықтың пайда болуы туралы ілімдері (теологиялық, тарихи, құқықтық психологиялық, материалистік теориялары)

3. Мемлекет пайда болуының 2 түрлі тарихи жолы (Шығыс елдерінде және Еуропа елдеріндегі).

ыҚтыҚ нормалардыҢ элементтері - student2.ru

ыҚтыҚ нормалардыҢ элементтері - student2.ru

Наши рекомендации