РҚК 215-шы бап. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу.

Негізгі ұғымдар:экономикалық контрабанда

1. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан кеден бақылауын жанай немесе одан жасырын, не құжаттарды немесе кедендiк теңдестiру құралдарын алдап пайдалану арқылы тауарларды немесе өзге де заттарды, осы Кодекстiң 250-бабында көрсетiлгендерiн қоспағанда, не декларацияланбаумен немесе күмәндi декларациялаумен ұштасқан кедендiк шекарадан өткiзуге тыйым салынған немесе өткiзу шектелген, кедендiк шекара арқылы өткiзудiң арнайы ережелерi белгiленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды iрi мөлшерде өткiзу - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның мүлкi тәркiленiп не онсыз, екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Нақ сол әрекет:

а) бiрнеше рет;

б) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып;

в) кеден бақылауын жүзеге асырушы адамға күш қолдана отырып;

г) аса iрi мөлшерде жасалса, - мүлкi тәркiленiп бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi:
а) мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам, егер оларды өзiнiң қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса;

б) ұйымдасқан топ жасаса, - үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айрылып, үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге, ал а) тармағында көзделген жағдайда мүлкi тәркiленiп, жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Осы бапта көзделген әрекеттер, егер өткiзiлген тауарлардың құны бiр мың айлық есептiк көрсеткiштен асса, iрi мөлшерде және егер өткiзiлген тауарлардың құны бес мың айлық есептiк көрсеткiштен асса, аса iрi мөлшерде жасалған әрекеттер деп танылады.

213-бап. Ұлттық және шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау .

Ұйым басшысының немесе жеке кәсiпкердiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының уәкiлеттi банкiндегi шоттарға мiндеттi түрде аударылуға жататын ұлттық және шетел валютасындағы қаражатты шетелден iрi мөлшерде қайтармауы - он мыңнан жиырма мыңға дейiн айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не үш жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Осы бапта көзделген әрекет, егер қайтарылмаған ұлттық және шетел валютасындағы қаражат сомасы он мың айлық есептiк көрсеткiштен асса, iрi мөлшерде жасалған деп танылады.

214-бап. Кеден төлемдерi мен алымдарын төлеуден жалтару. 1. Кеден бажын, салықтарды, кеден алымдарын, лицензия бергенi үшiн алынатын алымдарды немесе басқа кедендiк төлемдерiн төлеуден жалтару әрекетi iрi мөлшерде жасалған болса, - бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Дәл сол әрекет:

а) бiрнеше рет;

б) лауазымды адам өз қызмет бабын пайдаланып;

в) ұйымдасқан топпен немесе қылмыстық сыбайластықпен (қылмыстық ұйыммен) жасалса - жетi жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның жетi айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Егер төленбеген кеден төлемдерiнiң құны бiр мың айлық есептiк көрсеткiштен асса, кеден төлемдерiн төлеуден жалтару iрi мөлшерде жасалған деп танылады.

Ші дәріс.

Наши рекомендации