Бақылаудың белгілі бір бөлімге жұмылдырылуы.

Аудиторлық тексеруде көп жағдайда кәсіпорын қызметінің барлық жағын, оған әсер ететін факторлар мен байланыстарын түгелдей зерттеу ақылға қонымсыз, әрі өте қиын. Сондықтан да бақылауды кәсіпорын қызметінің белгілі бір учаскесіне жұмылдыру қағидасының маңызды методологиялық мәні бар.

4.Объективтілік. Объективтілік- бұл берілген іске ғана қатысты фактілерді назарға алатын ойлау түрі. Аудитор өз жүмысында шыншыл, адал әрі тура, ойын ашық айтатын болуы тиіс.

Кәсіпорынның қаржылық қорытынды есеп беруінің дұрыстығы жайлы өз пікірін көрсететін қорытындысында аудитор оның қаржы жағдайын дәл көрсетуі тиіс. Шаруашылық субъектінің әрекетінің нәтижесін дәл, объективті бағалау-информацияны пайдаланушылардың дұрыс шаруашылық щешімдерін қабылдау үшін қажетті алғы шарт. Объективтілік-интеллектуалдық шыншылдықты көрсетеді, жай ғана жалпы мағынадағы шыншылдық емес, іске бүтіндей адал, әрі объектквті қарау. Өйткені сыртқы аудиторлар ешкімте тәуелсіз емес.

5.Адалдық. Аудитор өзі шындығына сенбейтін нәрсені растауға тиіс емес және ешқандай азғыруларғы ермеуі тиіс, көрсе қызарлыққа, пайда табуға, өз мүддесін ойлауға тиісті емес.

6. Тәуелсіздік. Аудиторлар қаржылық есептер мен өзге информацияларды ешқандай алдын-ала пайымдаусыз зерттеп, қаржылық информацияларды ұсынушылар мен оны қолданушыларға әділ болуы тиіс. Аудитор статусын қоғамдық мойыңдау - оның тәуелсіздігін мойындауға нетізделген. Әрбір аудитор өзінің пайымдауын өз бетінше қалыптастыруы тиіс және оның әділдігіне ешнәрсе ықпалын тигізуге тиіс емес. Аудитор, ол сырт жақтан әлдекімнің бақылауынан немесе әсерінен бос болғанда ғана тәуелсіз болады.

7.Профессионалдық, шеберлілік, білушілік және ұқыптылық.Аудит тиісті дайындық тәжірибесі бар және жіті білікті адамдармен, профессионалдықпен жүргізілуі тиіс. Профессионал аудитор тексеретін кәсіпорындарды, онда қабылдаған ішкі бақылау тәсілдерін зерттеуін, кәсіпорынның бухталтерлік проблемалары жайлы кез-келген информацияны алуын күтпеген жағдайларда тез әрекет етуін, зерттеуді бұзушылық бар екеніне (немесе жоқ екеніне) толық көзі жеткенше жүргізуін талап етеді. Ал бұл үшін ол жетік білікті маман болуы тиіс. Жетік білікті аудитордың аудит теориясы мен практакасын білетіндігімен, дайындық тәжірибе мен мамандық дәрежесінің белгілі деңгейде екендігімен, бухталтерлік және аудит сұрақтары бойынша халықаралық және үлттық стандарттар мен нормативтердің даму бағытын, сондай-ақ заң органдарымен белгіленген белгілі реттеуші талаптарды түсінетінімен шамаланады.

Шеберлілік - қандай да бір нәрсені жақсы істей алу қабілеті Аудитор болғысы келген талапкер шеберліліктің жоспарлау, аудиторлық тесттерді өңдеу және компыотермен зерттеу жүргізу секілді элементтерін оқиды.

Ұқыптылық – абайлылық сақтық секілді түсініледі: аудитор жұмысында сақ болуы тиіс, яғни ол өзі сенімділігіне көзі жетпейінше түсініктемелерді дұрыс деп санауына болмайды, ұқыпылық деп сондай-ақ орындалатын жұмысқа мұқият, әділ ниетпен қарауы түсініледі. Аудитор өзінің жұмысын дұрыс жоспарлап, содан кейін оның орындалуының дұрыстығын қамтамасыз етеді, яғни тесттерді толық көлемде орындалып және олардың нәтижелері бойынша адекватты қорытынды шығуын қамтамасыз етеді.

8. Құпиялылық немесе конфиденциялдық. Аудитор өзінің жұмыс барысында алған информацияны үшінші бір жаққа ерекше рұқсатсыз немесе мұндай заңды немесе мамандық міндеті болмаса беруіне болмайды.

9. Оперативтілік. Бұл қағида тапсырманы тез, анық әрі тиімді орындауын білдіреді. Аудиттің оперативтілігі аудиторлық процедуралардың өз уақытысында жүргізіліп және тапсырыс берушіге дер кезінде зерттеу нәтижелерін беруінде қорытындыланады. Осы нәтижелердің негізінде тиісті қаржылық, басқарушылық, өндірістік және өзге де шаруашылық шешімдер қабылданады.

10. Есеп берушілік. Аудитор көп жағдайларда акционерлердің мүддесін, сонымен бір уақытта шаруашылық процесінің өзге де қатынасушыларының мүдделерін ескере отырып қимыл жасауы тиіс.

11. Дайындау, пікір. Аудитор оның профессионалдық пікірлерін қолдануы тиіс.

12. Коммуникация. Аудитор өз пікірін білдіру үшін мәселені толық түсінуге қажеттілердің барлығын ашуы тиіс. Көпшіліктің мүддесі үшін аудиторлар, егер оларға кәсіпорын сақтауға тиіс болған ережені, заңды бұзғаны немесе алдау фактісі белгілі болса тиісті деңгейдегі басшыларға мәлімдеме жасауы мүмкін.

Наши рекомендации