Оқиға орнында көмек көрсету

Бірінші тәртіп – күйген жерді мүмкіндігінше таза жаимамен жабу.

Терінің күйген бөлігін байлап тастауға немесе қатты түйуге болмайды.

Екінші тәртіп – целлофан пәкеттерін, пластикалық шөлмектерді қармен, мұзбен немесе суық сумен толтыру және оларды құрғақ жайма төселген күйген жердің үстіне қояды.

Үшінші тәртіп – күйік алған адамға 1-2 таблетка анальгин беру(оның есі болған жағдайда).

Төртінші тәртіп – зардап шегушіге жылы сусынды көп ішкізу және толық тыныштықта қалдыру.

Тері жамылғыларының тұтастығы бұзылмай 1-2 дәрежелі күйік болғандағы көмектер

1.күйген жерді жылдамырақ суық судың астында 10-15 минут ұстау

2.таза құрғақ матамен жабу

3.көпіршік үстіне суық зат қою (мұздық қаптама, мұзды су құйылған немесе қар салынған пәкет).

АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ / ЕГЕР АДАМ КҮЙІК АЛСА (получил ожог).

Күйік оттан, будан, қайнаптұрған судан, химиялық заттардан, күн сәуледен болу мүмкін.

4 дәрежелі күйік болады:

Бірінші және екінші дәрежелі күйікте сұйықпен толтырылған көпіріктер (пузырьки) пайда болады. Үшінші және төртінші дәрежелі күйікте тек қана адам терісі ғана емес, сонымен бірге одан да терең тканьдар жарақатталады (обугливаются или свариваются).

Емделу:

1. Күйік жерін киімнен ажыратыңыз. (Огалите пораженный участок кожи)

2. Күйік жерін суық суға немесе ағып тұрған суық суға салыныз және ауыр басылғанша солай үстап тұрыныз (10 минуттан 30 минутке дейін).

3. Содан кейін күиік жерін матамен немесе басқа таза шүбірекпен орап қойыныз.

4. Маймен, креммен немесе мазьбен жағуғу тиім салынады.

5. Қөпіріктерді (волдыри) жармаңыз, әйтпесе оған микроп түсу мүмкін.

6. Егер күйік қатты немесе терең болса, онда оны дәрігерге көрсетініз.

Төтенше жағдай кезіндегі инженерлік шаралар.

Инженерлік қамтамасыз ету

Инженерлік қамтамасыз ету (Инженерное обеспечение) — зақымдану ошағында жеке құрамды, халықты қорғау және эвакуациялау шараларын жүргізу. Бұл міндеттерді АҚ бастығының шешімі бойынша арнайы құрылған инженерлік-техникалық жасақтар орындайды. Инженерлік қамтамасыз етуге мыналар қамтылады:

· жолдар мен көпірлердің және жол құрылыстарының күтіп ұсталуы мен жөнделуін қамтамасыз ету;

· жөнелту және қабылдау пункттерін, жаяу адамдар жүретін бағыттарда лектік жолдарды, халықты қатыстыра отырып, паналау орындарын, жасақтар мен техниканы орналастыратын бастапқы аудандарды, су алатын және оны тазартатын пункттерді жабдықтау; суға өткелдер салу;

· инженерлік барлауды ұйымдастырып, жүргізу және күштердің (құралдардың) зақым ошағына кіруін қамтамасыз ету, оған жолдар салу, үйінді басып қалған паналау ғимараттары мен тасалану орындарын ашу; коммуналдықэнергетикалық жүйелердегі аппаттардын зардаптарын оқшаулап, жою;

· бүркемелеудің инженерлік шараларын жасау, жаппай зақымдану ошағындағы зардаптарын жою;

· жарылмай қалған снаряд, бомбаларды тауып, жою.

Инженерлік қарулану құралдары

Инженерлік қарулану құралдары (Средства инженерного вооружения) — әр түрлі инженерлік техниканың, арнаулы құралдардың, мүліктер мен материалдардың, сондай-ақәскерлер мен инженерлік бөлімшелердің (бөлімдердің) инженерлік жұмыстарды жеделдету мен әскерлердің ұрыс қимылдарын орындауын қамтамасыз етуге арналған инженерлік оқдәрілерінің жиынтығы. [1]

Алалар мен шаруашылық жүргізу объектілерін санаттау дәрежесіне байланысты Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұны жөніндегі нұсқаулық 1-тарау. Жалпы ережелер

1. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары - бұл халықты қорғау, соғыс уақытында экономика объектілері жұмысының тұрақтылығын арттыру, болуы мүмкін қираулардың алдын алу және қарсыластың қазіргі заманғы зақымдау құралдарына қарсы қолдану нәтижесінде халықтың шығынын азайту, зақымдау ошақтарында, авариялар, апаттар және дүлей зілзалалар аудандарында авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін жағдай жасау.

2. Осы Қалалар мен шаруашылық объектілерін санаттау дәрежесіне байланысты Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық шараларының көлемі мен мазмұны жөніндегі нұсқаулығы (бұдан әрі - ИТШ нұсқаулығы) халық пен аумақтарды қорғауды қамтамасыз етуге, техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайларда материалдық шығынды азайтуға, сондай-ақ әскери іс-қимылдарды жүргізу кезінде немесе осы іс-қимылдардың салдарларынан туындайтын қауіп-қатерлерден қорғауға бағытталған құрылыс салу және қайта жаңарту кезінде іске асырылатын барлық жобалық шешімдерді көздейтін нормаларды анықтайды.
Жалпы талаптарға: қазіргі заманғы зақымдау құралдарынан, сондай-ақ авариялардың, апаттардың және дүлей зілзалалардың салдарларынан халықты қорғауды қамтамасыз ету, объектілерде өрт қауіпсіздігін арттыру; электр энергиясымен, газбен, сумен резервтік жабдықтауды ұйымдастыру; зақымдау құралдарынан сумен жабдықтау объектілерін қорғау; объектілерді жарықтан қорғауды жүргізуге дайындық жатады.
АҚ ИТЖ нұсқаулығының талаптары Қазақстан Республикасының барлық аумағында Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларын жүргізгенде орындалуға міндетті.
Қалалар мен шаруашылық объектілерін санаттау дәрежесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қыркүйектегі N 942 қаулысымен бекітілген Қалаларды топтарға, ұйымдарды Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызу ережелері мен критерийлеріне сәйкес анықталады.

3. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұны қазіргі заманғы зақымдау құралдары мен олардың қосалқы факторларының ықтимал әсер етуі бойынша аумақтарды аймақтарға бөлуді ескере отырып, қалалардың топтары мен Азаматтық қорғаныс бойынша ұйымдардың санаттарына, сондай-ақ болуы мүмкін авариялардың, апаттардың және дүлей зілзалалардың сипаты мен көлемдеріне байланысты анықталады.

4. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары алдын ала әзірленеді және жүргізіледі.
Өзінің сипаты бойынша алдын ала жүзеге асыру мүмкін емес іс-шаралар соғыс уақытында жедел түрде жүргізіледі.

5. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың немесе 10 килоға және одан да көп Паскальға тең (бұдан әрі - кПа) (0,1 килограмм күш төртбұрыш сантиметрге (бұдан әрі - кгс/см 2 ) ауа соққы толқыны фронтында артық қысым туындауы мүмкін Азаматтық қорғаныс бойынша аса маңызды санаттағы ұйымдардың аумағы қирауы мүмкін аймақты құрайды.
Қирауы мүмкін аймақтағы аумақтың бөлігі ауа соққысы толқынының фронтында 30 кПа-ға тең және одан да көп қысым шегінде қатты қирауы мүмкін аймақты құрайды.
Қатты қирауы мүмкін аймақ пен қирауы мүмкін аймақ шекараларының арасында орналасқан аумақ аз қирауы мүмкін аймақты құрайды.
Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың жобалық құрылысының шекараларынан қатты және аз қирауы мүмкін аймақтардың, сондай-ақ Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың сыртына орналасқан Азаматтық қорғаныс бойынша аса маңызды санаттағы ұйымдардың шекараларын бөлу осы ИТШ нұсқаулығының 1-қосымшасына сәйкес анықталады.
Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қаланың (Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған ұйымдардың) жобалық құрылысының шекарасы жобалау нормаларының талаптарына сәйкес есеп беру мерзіміне әзірленіп бекітілген бас жоспармен анықталады.

6. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың және Азаматтық қорғаныс бойынша аса маңызды санаттағы ұйымдардың қирауы мүмкін аймағы мен осы аймаққа ені 20 километр (бұдан әрі - км) болатын аумақ жолағымен іргелес жатқан аумақ алаңы қауіпті радиоактивті зақымдануы (ластануы) мүмкін аймақты құрайды. Атом станциясы үшін (атом жылу электр орталықтары, жылумен жабдықтаушы атом станциясы) қауіпті радиоактивті зақымдану (ластану) аймағын қирауы мүмкін аймақ пен осы аймаққа іргелес жатқан қуаты 4 миллион кило Ваттқа (бұдан әрі - млн. кВт) дейін белгіленген атом станциясы үшін ені 20 км аумақ жолағы және қуаты 4 млн. кВт артық белгіленген атом станциясы үшін ені 40 км аумақ жолағы құрайды.
Қауіпті радиоактивті зақымдануы (ластануы) мүмкін аймақтың шекарасына іргелес жататын ені 100 км аумақ жолағы радиоактивті зақымдануы (ластануы) мүмкін аймақты құрайды.

7. Химиялық қауіпті объектілердің шегіне іргелес жатқан аумақтағы қатты әсер ететін улы заттары бар ыдыстар қираған жағдайда ерітінділері таралып, қорғалмаған адамдарды зақымдауы мүмкін аумақ қауіпті химиялық зақымдануы (ластануы) мүмкін аймақты құрайды. Көрсетілген аймақтың шекарасына әсер ететін улы заттар құйылған ыдыстан бөлу осы ИТШ нұсқаулығының 2-қосымшасына сәйкес анықталады.

8. Болуы мүмкін су тасқыны нәтижесінде жаппай адам шығыны, үйлер мен ғимараттардың қирауы, басқа да материалдық құндылықтардың бүлінуі немесе қирауы апаттық су астында қалуы мүмкін аймақты құрайды.

Апаттық су астында қалуы мүмкін аймақтардың көлемі қалалық және ауылдық елді мекендердің, объектілердің, тұрғын үйлер мен ғимараттардың құрылыстарын салу үшін алаңды (трассаны) таңдау кезінде негізделетін материалдарды әзірлеу кезінде анықталады.

9. Қирауы мүмкін аумақтан тыс, қауіпті химиялық зақымдануы мүмкін, апаттық су астында қалуы мүмкін, сондай-ақ қауіпті радиоактивті зақымдануы (ластануы) мүмкін аймақтан тыс жергілікті және көшірілген халықтың іс-әрекет жасауы үшін жарамды облыстардың әкімшілік шекараларының шегінде орналасқан аумақтар қауіпсіз аймақты құрайды.

10. Екі немесе одан да артық аймақтарды салу кезінде олардың ішкі контурлары бойынша бұл аймақтардың жалпы шекарасы белгіленеді.

11. Азаматтық қорғаныстың инженердік-техникалық іс-шаралары:
- Қазақстан Республикасының аумағындағы ұйымдардың бас сызбасын, аумақтық дамудың өңіраралық сызбасын, аумаққа қала құрылысын салуды жоспарлаудың кешенді сызбаларын жасау кезінде;
- елді мекенді пукттердің бас жоспарларын жасау кезінде;
- аудандық жоспарлау сызбалары мен жобаларын жасау және аумақтарды, елді мекендерді, өнеркәсіптік аймақтарды салу кезінде;
- кәсіпорындардың, ғимараттардың және құрылыстардың жобалық сметалық құжаттамаларын әзірлеу, келісу және бекіту кезінде.
Жұмыс істеп тұрған (салынып біткен) кәсіпорындарда Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық шараларын жоспарлау осы Бұйрықтың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары әзірленеді және оған тиісті жобалау, жобалау алдындағы және жобалау материалдарының түрлері енгізіледі және қажетті негіздемелерімен жүйелі түрде жеке бөлімге (томға, кітапқа) жинақталады.
Әзірленген іс-шаралардың көлемі мен оларды жүргізу мерзімі республиканың экономикалық және әлеуметтік дамуының мемлекеттік жоспарымен анықталады.

12. Қайта жоспарланған, кеңейтілген, қайта жаңартылған қалалық және ауылдық елді мекендер, кәсіпорындар және құрылыстар, сондай-ақ техникалық қайта жарақталған кәсіпорындар мен құрылыстар үшін Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларын жүзеге асырумен байланысты шығындар жобалық сметалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес анықталады және ерекше кезеңде орындалған іс-шараларға (жұмыстарға) кеткен шығындардан басқа оларды жекелеген ғимараттар мен құрылыстардың сметаларына, өнеркәсіптік және азаматтық тұрғын үйлер құрылысын салуға арналған жиынтық сметалардың тиісті тараулары бойынша шығындардың жалпы сомасына қосады.
Қалалық және ауылдық елді мекендерде жұмыс істеп тұрған, құрылысы салынып біткен және қайта жаңартуға (кеңейтуге) жатпайтын ұйымдарда Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары жоспарлау және көрсетілген қалалық және ауылдық елді мекендердің жобаларына, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген кәсіпорындардың, ғимараттардың және құрылыстардың жобаларына жеке әзірленген бөлімдердің негізінде орындалады.
Бекітілген жобалық сметалық құжаттары бар, Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары көзделмеген, құрылысы салынып жатқан кәсіпорындар үшін олардың жобаларына (жұмыс жобаларына) Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының жеке бөлімдері әзірленеді.

13. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларын әзірлеуге арналған тапсырма 11-тармақта көрсетілген құжаттарды әзірлеуге арналған тапсырмалардың құрамдас бөлігі болып табылады.
Өңірлерді дамытуға, аумақтарды салуға елді мекендер мен шаруашылық объектілерін салу мен қайта жаңартуға, Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге арналған тапсырмалар төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшелерімен келісіледі.

   

       
       
       

Наши рекомендации