Жақсыз сөйлем деп аталады. Мысалы, Менің Тортайдың қасынан кеткім келмеді.

Жақсыз сөйлемнің баяндауышының жасалу жолдары:

1) -қы, -ғы, кі, -гі жұрнақты қалау райлы етістіктен жасалады. Мысалы,

Баланың білген үстіне біле түскісі келді.

2) барыс септікті тұйық етістікке бол, жара, тура, кел көмекші етістіктердің тіркесуіарқылы жасалады. Мысалы, Бұл жұмысты оған тапсыруға болады. Бізге шындықты айтуға тура келді.

3) есімше, көсемше тұлғалы етістікке керек, жөн, мүмкін, қажет деген бейтарап сөздердің тіркесуі арқылы және болетістігі көмекші болу арқылы жасалады. Мысалы, Әр жұмысты өз уақытында бітірген жөн. Тапсырмаға тиянақты дайындалу керек. Болған жайды жасырмай айтып беруі мүмкін.

4) -ып, -іп, -п көсемше тұлғалы етістікке бол көмекші етістігінің тіркесуінен жасалады. Мысалы, Оның мінезін түсініп болмайды.

5) баяндауыштың құрамында тұрақты тіркес – идиома – болады. Мысалы, Жарасбайдың өзін оққа байлап отырғанына көзі жетті.

Тұрлаусызмүшелердің қатысу-қатыспауына қарай жай сөйлем

жалаңжәне жайылма болып бөлінеді.

Тұрлаусыз мүше қатыспайтын, тек тұрлаулы мүшеден – бастауыш

пен баяндауыштан– ғана құралған сөйлем жалаң сөйлем деп аталады. Мысалы, Есіл тасып жатыр. Жағасы – бал-құрақ. Аты жүйрік екен.

Тұрлаулы мүшемен бірге тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем жайылмасөйлем деп аталады. Мысалы, Жақпар тастың арасында сарымсақ өседі. Түні бойы ақ жауын сіркіреп тұрды.

Ойға қатысты айтылатын сөйлем мүшелерінің қатысу-қатыспауына қарай жай сөйлемтолымды және толымсызболып бөлінеді.

Ойға қатысты айтылуға тиісті сөйлем мүшелері толық қатысқан сөйлем толымды сөйлем деп аталады. Мысалы, Жайлаудың жадыраған ашық күндерінің бірінде Тортай екеуміз бұзау бағуға шықтық. Бұл сөйлемде ойға қатысты айтылуға тиіс сөйлем мүшелері толық қатысып тұр.

Айтылатын ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп қалған сөйлем толымсыз сөйлем деп аталады. Толымсыз сөйлемдер диалогжағдайында көп кездеседі. Мысалы:

Атыңды сатамысың?

Сатамын.

Түсіп қалған немесе қажет сөзді орнына қойғанда толымсыз сөйлем толымды сөйлемге айналады.

Бастауыш пен баяндауыштан құралмай, заттың, құбылыстың, мезгілдің, мекеннің атауынбілдіретін сөзден, сөз тіркесінен жасалған сөйлем атаулы сөйлем деп аталады. Мысалы,Қоңыр күз. Жол лайсаң. 16 желтоқсан. 1986 жыл. Автобекет. Сапырылысқан халық.

Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін, әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.

Мысалы:құс, тас, су, шыны, адам, қол деген сөздермен қатар, жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, капитализм, эволюция, ұғым, ақыл, сана деген сөздер де зат есімге жатады.[1]

Адамзат және ғаламзат есімдері

Кім? деген грамматикалық сұрауға жауап беретін зат есімдерге жалпы адам атаулары жатады. Адам атаулары деп жалпы адамға тән атауларды (кісі, бала, қыз, бөпе, шал, кемпір, келіншек, еркек, әйел т. б.) туыс атауларын (әке, шеше, әже, ата, аға, іні, апа, сіңлі, немере т. б.), іс-әрекет пен кәсіп-мамандық иелерінің атауларын (әнші, атшы, арбашы, ғалым, мұғалім, сатушы т. б.), әр алуан қызмет баптары мен лауазым атауларын (директор, лейтенант, бастық, мырза, ханым т. б.), кісі аттарын (Асан, Әсет, Иса, Алма, Рабиға, Жәмила, Гүлсім, Жанна т. б.) және басқа да осылар сияқты адамға тән атауларды айтамыз.

Не? деген грамматикалық сұрау, әдетте, адамнан өзге барлық жан-жануарлардың және күллі заттар мен нәрселердің атауларына қойылады.

Жалпы және жалқы есімдер

Жалпы есімдер деп тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдер аталады.

Мысалы: ағаш, ат, ас, арал, арба, бас, бала, ақыл, сана, түсінік, ер, ес, ет, дала, су, отін, көмір, кеңсе сияқты зат есімдердің бәрі де жалпы есім болады.

Жалқы есімдер деп белгілі бір ғана затты арнай, даралай атайтын зат есімдерді атаймыз.

Мысалы:

· кісі аттары (Асқар, Арлан, Ағыбай т. б.)

· үй хайуандарына берілген арнаулы аттар (Тайбуырыл, Теңбілкөк, Ақтабан, Таймас т. б.)

· өндіріс, мекеме, ұйым аттары ("Еңбек", "Қайрат", "Түрксіб" т. б.)

· газет, журнал, фильм, кітап аттары мен жеке шығармалардың аттары ("Егемен Қазақстан", "Өркен", "Менің атым Қожа", "Қан мен тер" т. б.)

· географиялық атаулар (Алатау, Қаратау, Іле, Ертіс т. б.)

· қала, көше, алаң аттары (Теміртау, Абай даңғылы, Республика алаңы т. б.)

тағы басқа жалқы атаулар жатады.

Жалқы есімдер мағына жағынан белгілі бір ұғымды білдірмейді, тек бір жеке-дара затты басқа заттардан ажырату үшін қойылған белгі - ат ретінде ғана жұмсалады.

Ішіндегі әр қилы ұсақ топтарды сөз етпегенде, жалқы есімдер ең әуелі үлкен-үлкен екі салаға бөлінеді: оның біріншісі - кісі аттары (ономастика), екіншісі -географиялық атаулар (топонимика).

Көптік мәнді есімдер

Көптік мәнді есімдер деп затты жеке-даралап атамай, оның жиынын тобымен атайтын зат есімдерді атайды.

Мысалы: сүт, ұн, жүн, алма, ақыл, өмір, шындық, алтын, жел, құйын деген сияқты зат есімдерді алсақ, бұлардың әрқайсысы белгілі бір жекедара затты ғана атамайды, оны тобымен атайды.

Көптік мәнді есімдердің ерекшеліктері тек семантикаларында ғана, демек, затты жекелеп атамай, топтап атауларында ғана емес, грамматикалық сипаттарында да бар. Мысалы, сол аталған ұн, алтын, жел, ақыл тәрізді көптік мәнді есімдерді алсақ, осылардың бәрі де практикалық тілде көптік жалғауы жалғанбай жұмсалады.

Ескерту: Көптік мәнді есімдер кейде көптік жалғаулы формаларда да қолданылады. Бірақ бұл сөздер көптік формада көбінесе я басқа мағынада жұмсалады, я өздеріне қосымша мағыналық реңдер жамап алады.

Көптік мәнді есімдерге мынадай зат есімдер жатады:

1. Сұйық заттардың атаулары: айран, арақ, боза, шай, тұздық т. б.

2. Газ тектес заттардың аттары: азон, бу, түтін, тұман т. б.

3. Уақ, ұнтақ заттардың, ұйысқан майда заттар мен бытыранды, таранды, үгітінді заттардың атаулары: ұн, шаң, тозаң, бетеге, жусан, жүн, түбіт, шаш, кірпік, жиде, алша т. б.

4. Дерексіз ұғымдарды білдіретін заттардың атаулары: айла, алғыс, ақыл, дау, қайғы, қасірет, сүйеніш, шындық т. б.

5. Өздігінен табиғи бөлшектенбейтін кесек заттардың атаулары: алтын, қола, құрыш, шойын т. б.

6. Жаратылыс құбылыстарының атаулары: боран, жаңбыр, қар, жел, құйын т. б.

Бұлардан басқа да өздері түпкі табиғаты жағынан көптік мәнді білдіретін зат есімдер бар. Мысалы, табиғи жұп болып келетін зат есімдер де (аяқ, көз, құлақ, етік, байпақ, кебіс, бәтеңке, шаңғы т. б.), сондай-ақ, нәрсенің я заттың бөлінбейтін табиғи бөлімі я бөлшегі ретінде түсінілетін субстантивтік ұғымдардың атаулары да (көбінесе, көмекші есімдер, мысалы:асты, үсті, жаны т. б.) негізінде осы топқа жатады.

Көмекші есімдер

Көмекші есімдер деп лексикалық мағыналары бірде бүтіндей сақталып, бірде солғындап, өзге сөздермен тіркесу ерекшеліктеріне қарай, синтаксистік жағынан кейде жеке-дара мүше есебінде, кейде күрделі мүшенің құрамындағы дәнекер элемент есебінде қолданылып, морфологиялық жағынан зат есімдерше түрленіп отыратын жәрдемші сөздерді айтамыз.

Көмекші есімдер сан жағынан соншалықты көп емес, оларға алды, арты, асты, үсті, жаны, қасы, арасы, ортасы, іші, сырты, басы, беті, шеті, түбі, төбесі, тұсы, маңы сияқты сөздер жатады.

Зат есімнің морфологиялық сипаттары

Наши рекомендации