Азақстан Республикасы Президентінің Еуразия доктринасының жаңа кезеңі.

Негізгі түсініктер: Еуразиялық ықпалдасу, жаһандану, интеграция, Еуразия кеңістігі

Әдебиеттер тізімі:

1. Сыздықов С. Еуразия идеясы мен практикасы жаңа белесте // Егеменді Қазақстан, 2010 жылғы 18 мамыр.

2. Нысанбаев А. Н., Абенов С. М., Бакаев Л. К. и др. Евразийская интеграционная политика Республики Казахстан: проблемы и перспективы. Алматы: Ақыл кітабы, 1998.

3. Іңкәрбаев Е. Еуразия идеясының бастаулары // Саясат.- 1998, қараша-89-94 бб.

4. Тулегенов Е. М. Еуразиялық одақ идеясының Қазақстанда жүзеге асырылуы. Тарих ғылымдарының кандид. атағын алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты, Алматы, 2010.

1.ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығы еуразиялықтың теориялық және практикалық дамуының жаңа кезеңі болды. Бірақ та 2000-шы жылдардың алдында бағыт бірмәнді болмады. 1999 жылдың қазан айында («Тәуелсіз газеттің» бас редакторы В.Т. Третьяковқа берген сұхбатында) Н.Ә. Назарбаев бұрынғыша «көптеген посткеңестік мемлекеттер үшін жергілікті міндеттерінің жалпы немесе жақын геосаяси және экономикалық кеңістік контексінде өздерінің тарихи болашақтарын жүйелі көруден басым екендігін көрсетеді. Шындығында көбі Ресейдің бағытына тәуелді, сондықтан Қазақстан оны «бос, әлсіз және тұрақсыз емес, аяғына нық тұрған түрінде көргісі келеді. Бұл үшін ең жақсы жол – халықты ұйымдастыра алатын елдің зиялы күштерін, парасатты және табанды лидерлерін біріктіру. Еліміздің басшысы мен Ресей халқының көрегендігіне, оның сондай лидерлерді ұсына алатын қабілетіне сенемін» деді.

Ресейді Б.Н. Ельциннің басқару кезеңі аяқталды, 2000-шы жылы президенттік сайлау алда тұрды және сөз жоқ Н.Ә. Назарбаев оң бетбұрыс болатынына сенді. Сондықтан сұхбаттың соңында Қазақстан Президенті «Халықтың игілігіне жұмыс істейтін, сенімділік негізінде елдерді шынында да біріктіретін бірлестік ретінде, болашақта мемлекеттердің Еуразия одағы идеясына біздің қайта оралатынымызға сенемін. Және бұл одақ бүгінгі Еуропалық одақ сияқты Еуразия халықтары сүйсінетін одақ болады» деді.

2000 жылы ақпан айында, енді Ресей Президенті міндетін В.В. Путин атқаратын жаңа жағдайда, Н.Ә. Назарбаев «Независимая газета» да еуразиялықты өзінің қалай түсінетінін бұрынғыдан да тереңдетіп, мәнін қайтадан ашты: «Реализмнің негізінде қала отырып...тарихтың өн бойы біздің ортақ территориямызда руханиятының қабылдауының, болмысының, тәжірибесінің ұқсастығы анықталған ерекше өркениетті типтің қалыптасқанын лақтырып тастауға болмайды. Біздің еуразиялықты оқып шығумыз конъюнктурлық геосаяси шайқалуды болғызбайды және тарихтың тұңғиық логикасын есепке алады. Біз біздің халықтарымыздың мәдени-тарихи жақындығын негізге аламыз». Мұндай тарихи-мәдени (Л.Н. Гумилев рухында) еуразиялық- негіздірек, іргелірек, екінші жағынан, ағымды саяси шайқалудан тәуелсіз. Осындай бағытты айта отырып, Н.Ә. Назарбаев қазіргі еуразиялықты пайымдау, негіздеу жолында, тек қана ықпалдасу конъюнктурасынан шықпайтын тағы бір маңызды қадам жасады.

Еуразиялықтың аймақтық аспектісі шындығында сақталады, себебі «қазіргі кезең – Президент айтқандай, - жалғыздың уақыты емес». Жаңа шақырулар мен қауіп-қатерлер шешілмеген мәселелерге сеніп, «бізге біздің басымыздың бірікпейтінін қаншалықты өнімсіз және жақыннан көретінін қайтадан көрсетеді. Соныменен, 2000 жылы Қазақстан Президенті өзінің ықпалдасқан еуразиялық жолды ұстайтынын нақтылайды, оның түсінігін тарихи-мәдени тұрғыда тереңдетеді, еуразиялық өзара әрекеттің жаңа кезеңіне кірісу қажет деп есептейді.

Дегенменен, ықпалдастық біржақты болмайды, сондықтан мұндай бетбұрыс үшін аймақтық мәселеге, «еуразиялық» ұғымның өзіне Ресейдің жаңа көзқарасы қажет болды. Ресей Федерациясының жаңа Президенті В.В. Путин ішкі саяси жағдайдың күрделілігіне қарамастан, Қазақстан Республикасының Президентімен кездесуге сындарлы түрде барды. 2000 жылы Кедендік одақты құруға талпыныс толыққанды халықаралық ұйымды құрмай тиімді емес екендігі түсінікті болғанда, жаңа ұйымды сапалы тұжырымды белгілеуде, терең мағынасы бар географиялық термин-«Еуразиялық экономикалық қауымдастық» деген атау қабылданды. 2000 жылы 10 қазанда «Еуразиялық» ұғым қазіргі саяси тілдегі негізгі ұғымдардың қатарынан жоғары деңгейде өзінің заңдылығына ие болды.

2.Халықаралық-құқықтық жағынан «Еуразиялық экономикалық қауымдастық», бұл «Мемлекеттердің Еуразиялық одағы» емес, бірақ мұндағы ұғымдардың, тұрғылардың және мақсаттардың сабастастығы даусыз. Маңыздылығы сол, «еуразиялық» ықпалдастықтың бұл заңдастырылуы Қазақстанның жаңа астанасы – Астанада өтті. Осының бәрі Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық жобасының әуелі бастан негізділігін және дұрыстығын куәлайды.

2001-2002 жылдар Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық доктринасының дамуының жаңа кезеңі болды, онда мәдениет пен өркениеттің диалогының «ғаламдық» тақырыбы өзінің орнын алды. Қазақстан Президенті 1-ші Еуразиялық медиа-форумды аша отырып «Біз Батыс пенен Шығыстың бір-бірімен кездесуге деген қозғалысында ғана емес, сондай ақ, осы уақытта және осы құрлықта ашықтықтың жаңа философиялық негізін және өркениеттің ынтымағында қалыптастыруда бізге байланыстының бәрін жасауымыз тиіс» екендігін айтты. Саяси жағынан 2001-2002 жылдары Қазақстан мен Ресейдің арқасында тек қана «азияттық» емес, шын мәнінде «еуразиялық» бірлестік болған ШЫҰ және СВМДА сияқты жаңа халықаралық құрылымдардың іс-әрекеттерінің басталуының маңызды мәні болды.

2004 жылы, Еуразиялық бастаманың 10-жылдығында Н.Ә. Назарбаев өз қорытындысын жасады және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде екі мәрте өткен халықаралық ғылыми форумда сөз сөйледі (2 сәуірде –«Еуразиялық: идеядан практикаға» атты ғылыми конференцияда және 19 маусымда – «Еуразиялық ықпалдастық: қазіргі даму бағыттары және ғаламданудың шақыруы» атты форумда). «Он жыл бұрынғы Еуразиялық одақтың жобасын ұқыпты оқып шығу үлгіге салынған өзара тиімді экономикалық мүдденің қағидалары, ықпалдасудың әр түрлі деңгейлері және әртүрлі қарқыны, аймақтық қауіпсіздік және еріктілік ұлттық егемендікке ешқандай қауіп-қатер төндірмейтініне және жаңа жүзжылдықтың міндеттеріне барынша сай келетініне иландырады» – деді Н.Ә. Назарбаев 2 сәуірде.

Әсіресе 2004 жылы 19 маусымдағы халықаралық форум есте қаларлықтай болды, онда алты елдің – Қазақстан, Ресей, Белорусссия, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения президенттері сөз сөйледі. 2006 жылы 26 мамырда Қазақстан Президенті Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттер алдында тағы да сөз сөйлеп және « Еуразиялық – бұл ХХІ ғасыр идеясы. Бұл болашақтың идеясы. Бұл бүгінде ғаламдану талап етіп отырған ықпалдастық үдеріс тәжінің жақұты. Бұл идеяның сыншылары бар, бірақ мен ол жүзеге асып жатыр деп ойлаймын. Үш тәжірибелік зат – ЕуразЭҚ, СВМДА және ШЫҰ – бұл болашақ еуразиялықтың үш құраушысы. Мен бұл мекемелер болашақта бірігеді және ақыр соңында үлкен Еуразиялық идея, Еуразиялық құрлықтың бірлігі жеңіске жетеді ойлаймын. Бірақ бұл идеяға рухани, ғылыми негіз қажет. Және оның рухани астанасы, Еуразияның жүрегі Астана қаласы болуы мүмкін. Ал, бұл жүректің нағыз қадірлі қазына орталығы – біздің Еуразиялық университет». Сол 2006 жылы «Central Asia Monitor» газетіне берген сұхбатында Президент Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның болашағы – Азияда да, Еуропада да, Батыста да, Шығыста да, ғаламдық Солтүстікте де, Оңтүстікте де. Мұндай бағыт орасан зор мүмкіншілік береді» деп атап өтті.

Соңғы жылдар - 2008-2009 – Н.Ә. Назарбаевтың еуразиялық тұжырымының дамуының келесі кезеңдері болды. Қазақстан Президентінің бастамасы бойынша «Еуропаға жол» бағдарламасы қабылданды. 2008 жылы 27 мамырда Қазақстан Республикасының Парламентінің Мәжілісінде өткен «Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық доктринасы: Шығыс пен Батыс диалогы» атты үлкен халықаралық ғылыми конференцияның ғылыми қауымдастықта аса зор жаңғырыққа ие болды. Өзінің ықпалдастық бастамасында Қазақстан Президенті тек қана ТМД елдеріне көңіл аудармайды. 2008 жылы маусымда, Астанада өткен ОБСЕ-нің Парламенттік ассамблеясында (Азия аймағында бірінші рет өткен) Н.Ә. Назарбаев «ерте ме кеш пе» құрлықта «Еуропалық одақ қағидасы бойынша» қалыптасатын Еуразиялық одақ идеясын тағы да дамытты. Және мұндай одақтың орталығы Еуразиялық құрлықтың ортасында орналасқан қала Астана бола алады. Шындығында сөз ЕвразЭО Кедендік одағының негізінде «Еуразиялық экономикалық одақты» құру жөнінде жүрді.

Бүгінгі күні ғаламдық әлемде қаржылық-экономикалық дағдарыс басталды. Еуразиялық жобаның тағдыры жаңа жағдайда қандай болуы мүмкін? 2009 жылы 11 наурызда Еуразиялық университеттердің ассоцациясында сөйлеген сөзінде Н.Ә. Назарбаев «Бүгін ТМД-ның барлық елдері әлемдік дағдарысқа қарсы іс-әрекет жолдарын іздеу кезінде, нағыз дамыған ірі мемлекеттер өздерінің экономикалық мәселелерін жеке шешуге дәрменсіз жағдайда, тағдыр еуразиялық ықпалдастық тұжырымның маңыздылығын тағы да растайтынын» көрсетті. Президент «Ұзақ мерзімді болашақта еуразиялық ықпалдастыққа балама жоқ екеніне мен қазір бұрынғыдан да қатты сенімдемін» деді.

Қазақстан Президентінің ғаламдық мәселені шешуде өз ұсынысы бар. Ол «Дағдарыстың кілті» мақаласында және 2009 жылы наурыз айында өткен ІІ Астаналық экономикалық форумда сөйлеген сөзінде баяндалды. Ескеретін жәйт, Н.Ә. Назарбаевтың жолы еуразиялық ұлттықтың үстіндегі есеп айыратын бірлікті құруды қарастырады. Ол аймақтық ықпалдастыққа түбегейлі басқа жаңа сапа беруі мүмкін.

Н.Ә. Назарбаев шындығында 15 жыл ішінде (1994 жылы жобаны ұсынғаннан кейін) еуразиялық теория «тәжірибелік іске аса бастады, және бүгін еуразиялық кеңістіктегі ықпалдастықтың үш өлшемі – экономикалық, әскери-саяси және мәдени-гуманитарлық – жөнінде айтуға болады» деді. Қазақстанның аймақтық және ғаламдық стратегиясында 2010 жылдың алатын ерекше мәні бар. Бұл жыл ЕҚЫҰ - на төрағалық ету жылы, Қазақстан, Ресей және Беларуссияның Кедендік одағының өз қызметін бастайтын жылы. Осының барлығы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық доктринасының тұжырымды дамуын және өмір шындығында жүзеге асуын көрсетеді.

Дәріс 11.

Наши рекомендации