Мемлекеттің циклға қарсы шаралары.
Гүлдену кезеңіндегі маңызды дағдарысқа қарсы саясаттар:
Аржы-несие саясаты: есеп ставкасын көтеру, ашық рынокта мемлекеттік бағалы қағаздарды сату.
Фискальды саясат мемлекеттік бюджет есебін қысқарту, салық ставкасын көтеру.
Еңбекақы және тариф саясаты, еңбекақыны төмендету.
Мемлекеттік инвестиция саясаты: мемлекеттік құрылысты тежеу.
Тоқырау кезіндегі дағдарысқа қарсы аса маңызды саясат:
Аржы-несие саясаты: есеп ставкасы төмендеуі, ашық рынокта мемлекеттік бағалы қағаз сатып алу.
Фискальды саясат: мемлекеттік бюджеттің қосымша шығыны, салық ставкасы төмендету.
Еңбек ақы және тариф саясаты: еңбекақыны көтеру.
Мемлекеттік инвестиция саясаты: инвестициялық бағдарламаның тезірек жүзеге асуы.
Қорытынды:
Рлеу кезеңінде мемлекеттің мақсаты экономикалық қызудан сақтап қалу, іскерлік белсенділікті ұстамды жүргізу.
Күйзеліс кезеңінде мемлекеттің барлық шарасы құрылымдық іскерлік белсенділікке бағытталады.
Таңдалып алынған реттеу өлшеміне қарай, жалпы қазіргі рыноктық шаруашылық дәстүрлі схемаға сәйкес келмейді.Барлық фазаларда ашық сипаттама жоқ, фазаның бірінен екіншісіне бірқалыпты өтіп отырады.
Жұмыссыздық, оның себептері мен түрлері.
Жұмыссыздық – бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми-техникалық прогрестің салдары болуы мүмкін. Нарықтық экономикада жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарық жоқ жағдайда жұмыссыздықтың көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналастырудағы бұрыс құрылымдық саясаты болуы мүмкін.Жұмыссыздықтың мынандай түрлері бар:
Жасырын жұмыссыздық - өндірісте және мемлекеттік аппаратта артық жұмысшылардың қолданылуы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмыс күшімен атқаруға болады.
Фрикциондық жұмыссыздық –адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтамыз.
Маусымдық жұмыссыздық – жұмыс күшінің тек маусымдық кезеңде жұмыс жасауы, бұл кейбір ауыл шарашылығы өндірісі саласында кездеседі, әсіресе қайта өңдеу өнеркәсібінде т.б.
Рылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде болады: жеке саланың дамуының кері пропорционалды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қараймыз.
Технологиялық жұмыссыздық – адамдарды машинамен ауыстырудың нәтижесі, біліктілікті өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді талап етеді.
Циклдық жұмыссыздық - өндірістің құлдырауынан туындайды, яғни экономикалық циклдың осы фазасымен байланысты.
Жұмыссыздық қоғамға көптеген зиян келтіреді; инфляцияның өсуіне ықпал жасайды, сондықтан еңбекке қабілетті адамдардың бір бөлігі өнім өндіруге қатыса алмайды. Сөйтіп олар жұмыспен қамтылмағандықтан ақшалай жұмыссыздыққа ақы алады, осыдан барып мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі өсе түседі. Кез-келген жұмыссыздың деңгейімен байланыста болатын экономикалық зиянды анықтау үшін әлемдік практикада Оукен заңы қолданылады. Бұл заң американ экономисі Артур Оукеннің есімімен аталған. Осы заң математикалық тұрғыдан жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді. Егер жұмыссыздықтың сандық деңгейі табиғи деңгейден 1%-ға асса, онда ЖҰӨ көлемінің төмендеуі 2,5% құрайды. Осы 2,5 санымыз – Оукен коэффициенті болып табылады. Мына 1:2.5 қатынасы, бұл жұмыссыздықтың ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне қатынасы болып табылады және жұмыссыздықпен байланысты өнімнің абсолюттік зиянын анықтауға көмектеседі.
Мемлекеттің жұмыспен қамту шаралары және оның Қазақстандағы кейбір ерекшеліктері.
Лемдік тәжірибеде жұмыс бастылықтың деңгейіне әсер етудің 3 негізгі бағыты қарастырылады: 1) жұмыссыздарды жұмысқа тұрғызу және кадрларды даярлау мен қайта даярлауда қолдау көрсетеді; 2) икемді еңбек нарығы мен еңбек қатынастарын құқықтық қамсыздандыруды құруды ынталандыру; 3) жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау.ҚР-да осы уақытқа дейін еңбек нарығы болған жоқ. Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс сәйкестігінің жалпыға ортақ формасы. Жұмыссыздық мәселесін шешуде ерекше орынды еңбек биржалары алады. Еңбек биржасы – бұл тұрақты негізде қызмет жасайтын мекеме. Мұндай еңбекті жалдау кезінде, жұмыскер мен кәсіпкер арасындағы делдалдық іс-әрекет жүзеге асады.ҚР-да 1991 жылдан бастап жұмыс атқарады. Еңбек биржасының мақсаты – жұмыссыздарға көмек көрсету. Негізгі қызметі – еңбек нарығындағы сұраным мен ұсынымды зерттей білу, жұмыссыздар санын есепке алу, бос жұмыс орнын тіркеу, жұмысты ауыстыратын және жұмысқа тұрғысы келетін адамдарға ақпарат беру, жұмыс іздеген мамандарды оқытуды ұйымдастыру және жаңа дайындықтан өткізу, жастар арасында кәсіби бағдар жұмысын жүргізу, адамдарды жұмысқа орналастыру, кезінде делдалдық іс атқару ж/е жұмыссыздарға жәрдемақы төлеу.ҚР-да тұрғындарды жұмыспен қамтудың арнайы бағдарламасы жасалған. Еңбек рыногындағы жағдайды ескере отырып, жұмыссыздарды қайтадан оқыту шаралары қарастырылған. Жастар, әйелдер, мүгедектерді жұмыспен қамтуға, қамқорлықтар жасауға көзделген. Кәсіпорындарда оларды жұмысқа алудың квотасы белгіленген.