Бап. Ашық сауда-саттық өткiзу тәртiбi

1. Сауда-саттық өткiзу туралы сатушы кем дегенде он бес күн бұрын, ал мемлекетке тиесiлi акциялар және мемлекеттің жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы үлестерi сатылған кезде кемiнде отыз күн бұрын хабарлауға тиiс. Хабар ресми басылымдарда мемлекеттiк тілде және орыс тілінде жариялануға тиiс. Хабарда сауда-саттықтың уақыты, орны мен түрi, сату объектiсi және өткiзiлу тәртiбi, соның iшiнде сауда-саттыққа қатысуды ресiмдеу, онда жеңiп шыққан тұлғаны анықтаудың шарттары туралы мәлiметтер, сондай-ақ бастапқы баға мен кепiлдi жарнаның мөлшерi туралы мәлiметтер болуға тиiс.

2. Сатушы тендердiң шарттарын өзгерткен жағдайда ол барлық өзгертулер жайында осы баптың 1-тармағында белгiленген тәртiппен және мерзiмде хабарлама жасауға тиiс.
Тендердiң шарттарын өзгерту туралы хабарлама жарияланғанға дейiн оған қатысуға өтiнiм берген және осымен байланысты оған қатысудан бас тартқан тұлғалар кепiлдiк жарнасын және шыққан шығыстарының өтелуiн талап етуге хақылы.

3. Сатушы сауда-саттық өткiзiлуден кемiнде үш күн бұрын еңсерiлмейтiн күш жағдаяттарына қатысты реттердi немесе сатушыға байланысты емес өзге себептердi қоспағанда, сауда-саттыққа қатысуға өтiнiм берген тұлғалар шеккен нақты залалды өтей отырып, одан бас тартуға хақылы.

4. Сауда-саттыққа қатысушылар сауда-саттық өткiзу туралы хабарламада көрсетiлген мөлшерде, мерзiмде және тәртiппен кепiлдiк жарнасын төлейдi. Егер сауда-саттық болмай қалса, кепiлдiк жарна қайтарылуға тиiс. Кепiлдiк жарна сауда-саттыққа қатысқан, бiрақ оны жеңбеген адамдарға да қайтарылып берiледi. Сауда-саттық өткiзiлерден кемiнде үш күн бұрын оған қатысудан жазбаша түрде бас тартқан тұлғаларға кепiлдiк жарна қайтарылады.
Сауда-саттықта жеңiп шыққан тұлғамен сатып алу-сату шартын жасасқан кезде ол енгiзген кепiлдiк жарнаның сомасы жасалған шарт жөнiндегi мiндеттемелердi орындау есебiне жатқызылады.

5. Сауда-саттықта жеңiп шыққан тұлға мен сатушы аукцион немесе тендер өткiзiлген күнi сауданың нәтижелерi туралы хаттамаға қол қояды.

6. Сатып алу-сату шартына тараптар сауда-саттық аяқталғаннан кейiн 10 күннен кешiктiрмей қол қоюға тиiс.
Сауда-саттықта жеңiп шыққан тұлға сауда-саттықтың нәтижелерi туралы хаттамаға немесе сатып алу-сату шартына қол қоюдан жалтарған жағдайда өзi төлеген кепiлдiк жарнасынан айырылады және кепiлдiк жарнамен өтелмеген бөлiгiнде сатушының нақты зиянын өтеуге мiндеттi.
Сауда-саттықта жеңiп шыққан тұлға осы Заңның 2-бабының талаптарына жауап бермейтiн жағдайларда болмаса, сатушының сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға және сауда-саттықта жеңiп шыққан тұлғамен сатып алу-сату шартына қол қоюдан жалтаруға хақы жоқ.
Сатып алу-сату шартының талаптары сауда-саттық талаптарына қайшы келмеуге тиiс.

6-1. Сатып алу-сату шарты Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпиясы бар мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, мүдделі адамдарға танысу үшін берілуге тиіс.

7. Заңда белгiленген ережелер бұзылып өткiзiлген сауда-саттықты сот мүдделi тұлғаның қуынымы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн.
Саудаға түскен объект бойынша сауда-саттықтың жарамсыз болып танылуы сатып алу-сату шартының жарамсыз болуына әкелiп соғады.
8. <*>

9. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, сауда-саттық өткiзу кезiнде осы бапта белгiленген ережелер қолданылады.
Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы 2002.05.21. N 323 Заңымен.

14-1-бап. Қор биржасындағы сауда-саттық

1. Мемлекетке тиесiлi бағалы қағаздарды қор биржасында сату Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралызаңдарына және биржалық сауда ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды шет мемлекеттердің қор биржаларында сатуға жол беріледі.

2. Сату туралы хабарлама қор биржасында сауда-саттық өткізу басталғанға дейін кем дегенде он бес күн бұрын ресми басылымдарда мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялануға және онда сауда-саттық басталатын күн, сауда-саттық өткізілетін орын, сату объектісі мен оның мөлшері туралы мәліметтер болуға тиіс.
Сатушы хабарламада мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сатуға қатысты өзге де мәліметтерді көрсетуге құқылы.

3. Сатушының бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысымен жасалатын шартында мемлекетке тиесiлi бағалы қағаздарды сатушы белгiлеген ең төменгі бағадан төмен болмайтын бағамен сатуға мiндеттеме болуға тиiс.
Ескерту. 14-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасы 2002.05.21. N 323 Заңымен.

Наши рекомендации