Елбасы еңбектерінің тәуелсіз қазақстан тарихындағы тарихнамалық және деректемелік маңызы

Тәуелсіз даму жылдары Қазақстан Республикасында туындап жатқан жаңа үрдістерге өз ұстанымы, оларды көре білу ең алдымен Н.Ә.Назарбаевтың 20-дан астам кітаптарында бейнеленді. Олардың қатарында: «Әділеттің ақ жолы», «Тәуелсіздік белестері», «Еуразия жүрегінде», «Бейбітшілік кіндігі», «Ғасырлар тоғысында», «Сындарлы он жыл», «Қазақстан жолы», «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» т.б. кітаптар бар.

Халықаралық қатынастар жүйесінде лайықты орын алу егеменді жарияланған сәттен бастап Қазақстан Республикасының басты міндетіне айналды. Қазақстан тарихының қазіргі сатысы ерекше маңызды, өйткені ол ic жүзінде республиканың болашағын, оның жаңа ғасырдағы беделін айқындайды. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан өзінің сыртқы саяси стратегиясында сыртқы дүниемен тепе-теңдікте даму мәселесін бірінші орынға қоюды талап еткен нақты геосаяси шындыққа тап келді.

Біз егемендікті неғұрлым толық камтамасыз етуді және халықаралық аренада Қазақстанның мүдделерін қорғауды көздейтін сыртқы саясаттың қазіргі көп факторлы бағытын дәйектілікпен нығайтудың куәсі болып табыламыз. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев былай деп атап көрсетті: «Еліміздің халықаралық саясатының көп салалы сипаты өз уакытында дұрыс айқындалды. Бұл Қазақстанның, геосаяси жағдайына, оның ұлттык-мемлекеттік мүдделеріне толық сай келеді. Олардың Қазақстанның таяу төңірегіндегі елдерге ғана емес, сонымен бipre өзара тиімді ынтымақтастық белсенді түрде дамып отырған алыс шетелдерге де қолданылу өpici бар».

Н.Ә. Назарбаев қазақстандық сыртқы саясаттың ұзақ мерзімді мақсаты есебінде «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясының» ойдағыдай жүзеге асырылуы үшін қолайлы сыртқы жағдайларды қалыптастыру және қолдауды айқындады.

Бұл орайда Қазақстанның сыртқы саясаты ұзак мерзімді ұлттық мүдделерді басшылыққа ала отырып, жеткілікті дәрежеде әртараптандырылған және көп салалы саясат болып табылады. Осыған байланысты Президент Н.Ә. Назарбаев КР Сыртқы істер министрлігі Алқасының, 1998 жылғы қыркүйектен кеңейтілген отырысында былай деп атап көрсетті: «Өткен жылдар бізді Қазақстан үшін көп салалы дипломатияны жүзеге асырудан басқа негұрлым парасатты да оңтайлы сыртқы саясат жоқ деген пікірге орнықтырды. Бұл әлемдік істерде елеулі рөл атқаратын және еліміз үшін практикалық мүдде болып табылатын барлық мемлекеттермен достық және болжалды өзара қатынастарды дамыту. Қазақстанның болашағы - Азияда да, Еуропада да, Шығыста да, Батыста да».

Н.Ә. Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі» атты зерттеуі заманауи дүниенің аса күрделi проблемаларына арналған. Сөз жоқ, сыртқы және ішкі факторлардың тұтас бір кешенше талдау жасамай және оны ескермей, бейбіт болашақты орнату мүмкін емес, олар, қалай дегенмен, ұлттық қауіпсіздікке және жас мемлекетіміздің аумақтық тұтастығына барынша салқынын тигізеді. «Бірақ шешім қабылдаудың бір парадоксы мынада екені даусыз: шешімінің көбіне-көп қате болып шығатыны, онда тым көп факторлар­дың ескерілетіндігінен ғана. Былай қарасақ , әлдебір шешімді сыншыл талдау тезінен көбірек өткізіп, ықтимал нұсқалардың бәрін ескерсек, ол шешім проблеманы жеткілікті дәл бейнелейтін секілді болып көрінеді. Бipaқ ic жүзінде олай емес, ic жүзінде дұрыс шешім бip ғана алғы- шартқа негізделеді және ол шешім қабылдау процесінде ескерілетін факторлардың көпшілігіне жиі-жиі кереғар болып шығады.

Н.Ә. Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» атты кітабында қазіргі заманғы лаңкесті, жаһандык және өңірлік қауіпсіздікті камтамасыз ету проблемалары және оларға қарсы күрес шаралары қарастырылған. Қазақстанда лаңкестік, жікшілдік пен экстремизм проблемалары мен олар тарапынан келетін қауіп-қатер әсте болжалды сипатта емес, әбден нақты және айқын сипатта болып отыр, бұған әсіресе, өңірлер мен жалпы халықаралық қоғамдастықтың саяси, әлеуметтік, экономикалық проблемаларының өзара байланыстылығынан туындаған халықаралық лаңкестіктің белілі бір жаһандануын ескергенде толығырак көз жеткізуге болады. Өзінің еңбегінде Пре­зидент былай деп атап көрсетті «Қазақстанда діни экстремизм — үлкен аяда көрініс таба қоймаған кұбылыс, алайда түптің түбінде, конфессиялық тұрақсыздық процeci бізде де төбе көрсетуі мүмкін деген кауіп белгілі дәрежеде бар. Әрине мұндай қуатты кауіп-қатер, оны дер кезінде сезінбеген немесе алдын алмаған жағдайда төбе көрсетпек»

Президент Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіздіктің 15 жылдығы қарсаңында жазылған «Қазақстан жолы» деген енбегі егемен Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының шежіресіне айналды. Онда мемлекет пен оның көп ұлтты халкының өмірін түбірімен өзгерткен іргелі саяси және әлеуметтік- экономикалық түрленуінің егжей-тегжейлі сипаттамасы берілді. Кітапта этносаралық және конфессияаралық татулық пен келісімге негізделетін әлеуметтік-саяси тұрақтылық мәселесі басты орындардың бірін алады. Тәуелсіздіктің алғашкы жылдарынан бастап бұл мәселе мемлекеттік идео­логия денгейіне кетерілді. Түрлі ұлттық-діни мәдениеттің тайталасы салдарынан әлемде болып жатқан елеулі жанжалдар мұндай көзқарастың дұрыстығын қуаттайды.

Елің үшін атқарған игілікті істер жемісі өткенді ой елегінен өткергенде айшықтала түспек. Тәуелсіздік туы желбіреген елдің қол жеткен бакытын баянды ету жолындағы он бес жыл, оның шүкірлік етер бел-белестері керуендей тізбектеліп көз алдына келеді. Кітап авторы тақырып аясының кеңдігіне қарамастан, онда жалаң фактілер мен ресми қорытындыларға жол беруден гөрі, өзінің жан-жүрегімен сезінген ой толғаныстарын, әрбір атқартан icтен алған қуаныш-ләззатын, ертеңгі ұрпаққа ес болар естеліктерін қарапайым да шұрайлы тілмен баяндайды.

КСРО-да 80-жылдардың екінші жартысында экономикалық және саяси реформалардың күйреуі тәуелсіздік алардың алдында болды.

Н.Ә. Назарбаев атап өткеніндей: «Қазақстан мемлекеттілігін құру пpoцeci — күрделі, көп енбекті қажет ететін, сан қырлы міндет. Бұл тұста ойланбаған асығыстық пен орынсыз жайбасарлық, болмауға тиіс. Биліктің барлық тармақтарының өзара түсіністігін, өзара ic-қимылын қамтамасыз ету маңызды... Негізi жалпыұлттық басымдықтардың қатарына түбегейлі әлеуметтік - экономикалық реформаларды жүзеге асыруды қосқан жөн. Бұл - қазіргi Қазақстанның тәуелсіздік алуындағы өзекті мәселе. Реформалар тағдыры саяси саланы мемлекеттік басқарудың тұтқаларымен тікелей байланысты. Өйткені Қазақстанның, соңғы онжылдықтардағы дамуы өте күрделі де ауқымды процестермен сипатталып отыр. Нақ осы кезде республика аумағында бірқатар аса зор бағдарламалар жүзеге асырылды».

«Қазақстан жолы» — мемлекет орнату, жаңа қоғамды жасақтау тәжірибeci болашақ үшін айрықша құндылық болып табылатын тарихи окиғалар туралы кең ауқымды ақпараттан тұратын кітап. Бұл еңбек заманауи отандық және дүниежүзілік тарихнаманы елеулі түрде толықтырды, кітап жарыққа шыққан сәттен бастап әлемдік сарапшылардың назарына ілігіп, әлемнің түрлі тілдеріне аударылды.

Мемлекет басшысының «Ғаламдық қоғамдастықтың, түбегейлі жаңару стратегиясы және өркениеттердің әріптестігі» атты жаңа еңбегінің дүниеге келуімен байланысты Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының тарихнамалық мүмкіндігі айтарлыктай байыды. Басылып шыққан алғашқы күннен бастап, еңбек қазақстандық және шетелдік саясатшылар, экономистер, саясаттанушылар, тарихшылар және ең бастысы — Қазақстан халкы тарапынан кемелді ой бөлістер кітабына айналды. Бұл еңбек

Н.Ә. Назарбаевтың қазіргі заманғы әлем жағдайында Қазақстан мен оның халқының игілікті болашағы туралы алдыңғы еңбектерінде басталған қоғамның постиндустриялық дамуы проблемаларына жүргізген іргелі және терең ғылыми зерт- теулерінің жалғасы болып табылады. Автордың бұдан бұрынырақ талдау жасаған, өркениеттердің әріптестік стратегиясының негіздерін, энергетикалық-экологиялық қауіпсіздік, технологиялық дамудың әркелкілігі, экономикалық қатынастардың жетілдірілмегендігі сияқты постиндустриялық қоғам мен қазіргі заманғы жаһанданудың көкейтесті мәселелерін шешу барысында қолдануға болады.

Н.Ә. Назарбаев еңбектерінің тарихнамалық маңызы мынада: Қазақстанның Тұңғыш Президентінің шығармалары ой-пікірлерінің жалпы ғибраттық желісін сақтай отырып, ылғи да түсіндірушілік-түсіндірмелік сипатта болып келеді. Адамзат пен қоғамды толғандыратын көкейтесті мәселелер жайында, олардың өткенін, бүгін мен келешегін көрегендікпен пайымдайтын мемлекет басшылары санаулы ғанa болған. Тәуелсіздік тәжірибесінің тағылымдарына негізделген болашаққа шынайы ғибратты өнеге ахуалын жасаған тәуелсіздік сәулеткерінің ой-арманы жас жеткіншек пен тәуелсіздік құрылысшысының — Қазақстан азаматтарының жүрегіне етене жақын сезіледі.

88. ҚР.Назарбаевтың Әл-Фараби ат.ҚҰУ «Қаз.дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс» деген дәрісінің мазмұны мен бағыттарыҚазақтың Әл-Фараби атындағы ұлттық университеті 75 жыл ішінде талай асу­лар­дан, күрделі кезеңдер мен қилы жолдар­дан өтті. Осы жылдар ішінде мың-мың­даған қазақстандық жастар білім алды, ар­мандарын асқақтатып, қияға қанат қақты.Ел аузындағы кеше мен бүгінгі айтулы ғалымдарымыз өздерінің ұлттық тарих, экономика мен мәдениетке қатысты іргелі зерттеу еңбектерін осы университет қа­быр­ғасында жазып, ел игілігіне айналдырды.Математика, физика, басқа да жараты­лыс­тану салалары бойынша ауқымды ғы­лы­ми жұмыстар осы жерде іске асырылды.Мен өзімнің сөзімде кейбір ғалымдар­ды, осы істі бастаған азаматтарды атап өт­кім ке­ліп еді, бірақ, олар өте көп. Сон­дық­тан бар­лығын бүгінгі мерейтоймен құттықтаймын.Ел тағдырына қатысты күрделі кезең­дерде университет ұжымы аса маңызды тарихи оқиғаларды да бастан кешірді.1986 жылғы 16 желтоқсанда елдің еркіндігі үшін, ұлттың теңдігі үшін жан­дарын шүберекке түйіп, кеңестік жүйеге қарсы шыққандар да осы оқу орнының оқытушылары мен студенттері болатын.Бүгінгі таңда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - тәуелсіз Қазақстанның кадрлар дайындайтын негізгі орталығының бірі деуге әбден болады.Дәл қазірдің өзінде республикамыздың басқару жүйесінде отырған білікті ма­ман­дар мен талантты ғалымдардың, дарынды педагогтардың үлкен тобы осы киелі шаңырақтан шыңдалып шыққандар.Университет түлектері байтақ Отаны­мыз­дың барлық түкпірінде жеңісті де же­місті қызмет етіп жатыр. Осы жиында бас қосып отырған бә­рі­ңізді, университеттің оқытушылары мен сту­денттерін, сондай-ақ әр жылдарда осы оқу орнында қызмет істеген ұстаздар мен білім алған түлектердің баршасын бүгінгі ме­рейтоймен шын жүректен құттық­таймын!Еліміздің мүддесі үшін атқарып жат­қан еңбектеріңізге зор табыстар тілеймін.

Наши рекомендации