Тапсырма. Асты сызылған сөздердің синонимін тауып, алмасытырып жазыңыздар.
Біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. Жас ұрпақтың өз денсаулығына деген жауапкершілігін қалыптастыру – баршаның борышы. Денсаулық – адам жаны мен тәнінің амандығы. Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек. Сол берілген аз ғұмырды дұрыс пайдалана білмесең, ғұмырың текке өтті дей бер. Денсаулық сақтау біздің өміріміздегі келелі мәселелердің, өзекті міндеттердің бірі. Осыдан біз ненің бірінші байлық екенін аңғарамыз.Елбасы Н.Назарбаевтың бастауымен «2002 жыл – Денсаулық жылы» болып жарияланғаны баршамызға аян. Дені сау халық – бай халық, халқының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз.
Грамматика: Есімдік, оның мағыналық түрлері Есімдік – зат есім, сын есім және сан есімдердің орнына жүретін сөз табы. Есімдік мағынасына қарай жеті түрге бөлінеді. Жіктеу есімдігі: мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, олар Сілтеу есімдігі: сол, мынау, анау, міне т.б. Сұрау есімдігі: кім, не, неше, қайда, неге т.б. Өздік есімдігі: өз, өзім, өзіміздің, өз өзіне т.б. Жалпылау есімдігі: барлық, бәрі, күллі, барша, тегіс т.б. Белгісіздік есімдігі: кейбіреу, қайсыбір, әлдеқайда, әлдеқандай т.б. Болымсыздық есімдігі: ешкім, ешқайда, ешқашан, ешбір, ештеңе т.б. |
Тапсырма. Мәтіннен есімдіктерді тауып, түрлеріне қарай ажыратыңыздар.
Тапсырма. Берілген есімдіктерді тәуелдеңіздер. Сөйлем құраңыздар.
Ол, өз, бұл, мынау, кім.
Шартты мәнді құрылым |
Бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемдегі істің шарты болып келетін сабақтасты шартты бағыныңқы сабақтас дейміз. Шартты бағыныңқының сұрауы – қайтсе? не етсе? қайткенде? не еткенде? қайтпей? не етпей? қайтпейінше? не етпейінше? |
10 -тапсырма. Мәтіннен шартты мәнді құрылымды сөйлемдерді тауып, олардың жазылу ерекшеліктерін түсіндіріңіздер.
Тапсырма. Сөйлемнің екінші сыңарын жазыңдар.
1. Денсаулыққа деген жауапкершілікті сезінбейінше, ............................... .
2. Берілген аз ғұмырды дұрыс пайдалана білмесең, ................................... .
3. Деніңіз сау болмаса, ................................................................................... .
4. Егер ауру меңдеп, қалжыратса, ............................................................... .
5. Денсаулығымыздың қамын ерте бастан ойласақ, онда ........................ .
6. Республикамызда салауатты өмір салтын сақтасақ, онда .................... .
7. Егер халқының дені сау болып тұрса, ...................................................... .
Екінші сабақ
Тапсырма. «Салауатты өмір салтымен өмір сүру» дегенді қалай түсінесіздер? Төменде берілген мәліметтерді пайдалана отырып, сұхбат құрыңыздар.
Салауатты өмір салтымен өмір сүру үшін төмендегі талапты орындау керек. Адам денсаулығын сақтауда төмендегідей факторлардың маңызы зор.
Айқын жасалған күн тәртібінің болуы.
Дұрыс тамақтану.
Дұрыс тынығу.
Дене еңбегімен шұғылдануы.
Таза ауада болып, күн көзінде серуендеу.
Табиғат аясында болуы.
Зиянды әдеттерден сақтану.
Дұрыс қозғалыста болуы.
Тапсырма. Сызба бойынша адамның денсаулығына зиян келтіретін әдеттерді жазыңыздар.