Ші аралық бақылау өткізуге арналған сұрақтар

1. Жаңа адамдардың қалыптасуына, ортаның қарсыластығын жеңуге және қойылған мақсатқа жетуге мүмкіншіліктері бар, шаруашылық экономикалық жұмыстарды өздері атқара алатын адамдарды ерекше-лендіретін, кәсіпкерліктің қай функциясы?

2. Кәсіпкерлік ұйымның экономикалық және моралды шығын әкелетін ақпараттың таралуы және ол істің репутациясына әсер ететін кешенді түсінік:

3. Фирманың шығындары мен кірістерін байланыстыратын қаржылық мақсаттарға жету тәсілдерін сипаттайтын құжат:

4. Негізгі қорларды қаржыландыру, материалды емес активтерді қаржыландыру, ұзақ мерзімді қаржыландыру саясаты – бұл:

5. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезіндегі белгісіздік нысаны тәуекелділіктің атқаратын қызметі қандай?

6. «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» ҚР-ның Заңы бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілері болып төмендегілердің қайсысы табылады:

7. «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» ҚР-ның Заңы бойынша: егер бiр немесе бiрнеше заңды тұлға шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң өлшемiне сай келетiн шаруашылық серiктестiгiн құрған жағдайда құрылатын субъектiнiң жарғылық қорындағы олардың үлесi қанша болуы тиiс?

8. Қызмет түрінен кәсіпкерліктің үлгісін анықтаңыз:

9. Кәсіпкерлік қызметтің қандай ұйымдастырушылық нысаны жеке тұлға үшін капиталдың ең төмен қатерін туғызады?

10. Кәсіпкердің міндетіне жатпайды:

11. Акционерлік қоғамның жоғарғы басқару органы:

12. Азаматтардың бірігіп кәсіппен айналысуы үшін және мүшелері өз еңбек үлестерімен және мүліктік үлестерін біріктіру арқылы құрылған ерікті ұйым:

13. Екі немесе одан да көп тең құқықты адамдардың өз мүліктерімен қоғам алдында жауапты және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін біріккен шаруашылық қоға-мының бірлестігінің түрі:

14. Шағын кәсiпкерлiк субъектi-лерiн мемлекеттiк тiркеудiң, олардың қызметiн лицензия-лаудың, олардың өнiмдерiн сертификаттаудың оңайла-тылған тәртiбiн белгiлеу, шағын кәсiпкерлiк субъектi-лерi үшiн салық салудың, кеден бажын төлеудiң жеңiлдiктi режимiн қамти-тын қолайлы жағдай жасау-дың құқықтық режимiн белгiлеу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау мен дамыту үшiн инвестиция-ларды, оның iшiнде шетел инвестиция-ларын тарту мен пайда-лану жүйесiн жасау – бұл:

15. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн екiншi деңгейдегi банктерде шоттар ашу ақы алынбай жүргiзiлуi мүмкiн – бұл:

16. Адам саны 10-нан аспайтын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi, салық органда- рын қоспағанда, сондай-ақ қылмыстық iстер қозғалған-нан басқа жағдайларда, мемлекеттiк бақылаушы органдар тарапынан:

17. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің жалпы тәртібі бойынша:

18. Жеңілдетілген декларация негізінде арнаулы салық түрі шағын бизнестің төмендегі шарттарға сай болғанда қолданылады:

19. Ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі, жанұялық кәсіпкерлік, қарапайым серіктестік – бұл:

20. Бизнес-жоспардың қай бөлімінде нарықтық конъюктураны талдау, нарықтық стратегия мен тактика, бәсекелестердің сипаттамасы көрсетіледі:

21. Кәсіпкерлік ұйым тұтыну-шалар үшін жұмыс істейтін, сондықтан сатып алушы-ларды анықтап, нарықты талдауы, өндірілген тауары мен қызметтері нарықтан “шығып қалмауы” жағдайын бизнес-жоспардың қай бөлімінде қарастыру керек:

22. Әрбір тауар түріне арнайы жоспар болуы керек, сонымен бірге тауарларға байланысты нарықтық өзгерістер, жаңа тауар өндірісін дамыту мәселелері қарастырылатын бизнес-жоспар бөлімі:

23. Бизнес-жоспарда ұйымды басқару деңгейі, кәсіпкер мен ұйым мүшелерінің білімі, тәжірибесі, кәсіби мамандану деңгейлері көрсетілетін бөлім:

24. Трансферттер дегеніміз –

25. Пайда қаржылық нәтиже болғандықтан ұйымның негізгі қаржылық элементі болып саналады. Пайда неғұрлым көп болса, стратегиялық мақсаттарды орындауда сыртқы қаржыландыру қажеттігі азайып, өзінің ішкі қаржысын пайдалану мүмкіндігі туады – бұл:

26. Қаржылық агенттің тауарды жеткізу бойынша талапқа сай келісім негізінде сатып алуды жүзеге асыруы:

27. Сыртқы ұзақ мерзімді қаржыландыру есебінен өндіріс құралдарын сатып алуға мүмкіндік беретін бірегей инвестициялық құрал:

28. Коммерциялық вексельдерді, сыртқы сауда мәмілелері бойынша басқа да қарыз талаптарын сатушыға арналған тауар айналымынсыз экспортты несиелендіру:

29. Акцияларды, облигацияларды және басқа қарыз міндеттемелерін айналысқа шығару, оны сауда-өнеркәсіп компаниялары, несие мекемелері мен мемлекет жүзеге асырады:

30. Жұмыс беруші өз еркіне байланысты жұмыс уақытын белгілегенмен, аптадағы жұмыс уақыты:

«Кәсіпкерлік қызметін басқару және ұйымдастыру»

Наши рекомендации