Дәріс №1.1 Экономикалық әлеуметтану. Отбасы әлеуметтануы.

Бақылау сұрақтары

1. Әлеуметтану ұғымына анықтама беріңіз?

2. Әлеуметтану ұғымын ғылымға кім енгізді?

3. Әлеуметтану пәні қалай жүзеге асырылуы?

4. Құрылым дегеніміз не?

5. Әлеуметтік білім қалай қалыптасады?

6. Әлеуметтік білімнің негізгі құрылымы, бағыттары қандай?

7. Саяси әлеуметтануға кіретін негізгі түсініктер.

8. Әлеуметтік білімнің негізгі деңгейлері.

9. Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері қандай?

10. Әлеуметтануды басқа ғылымдармен байланыстыратын негізгі нәрсе не?

Дәріс №1.1 Экономикалық әлеуметтану. Отбасы әлеуметтануы.

Дәріс жоспары:

1.Экономика ұғымының түсінігі.

2.Экономикалық әлеуметтанудың мәртебесі мен ерекшеліктері.

3.Экономикалық білімнің құрылымы.

4.Экономикалық жүйенің әлеуметтанулық талдауы.

Экономикалық әлеуметтану жалпы әлеуметтану ғылымының қоғамның экономикалық өмірін зерттейтін арнаулы әлеуметтанудың қарқынды дамуымен және оның экономикалық процестерімен тығыз байланысының негізінде пайда болды.Осыған орай экономикалық әлеуметтанудың объектісіне зерттеушінің қалауына қарай алынған қандай да болмасын экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан бір-бірімен тығыз байланысқан құбылыстар мен процестер жатады.

Ал, экономикалық әлеуметтану пәніне қоғамның экономикалық дамуының әлеуметтік аспектілері жатады.Бұған экономикалық алуан түрлі адамдар бірлестігі, мысалы, өндіріс еңбек ұжымдары, өндіріс саласындағы әлеуметтік қатынастар, (үстемдік ету – бағыну,басқару – орындау)еңбеккерлердің өндірісті басқаруға қатынасуы, жұмыс күшінің тұрақсыздығы, ауысуы,миграция, мамандықты іріктеп алу,еңбек ұжымдарының әлеуметтік қорлары мен ресурстық мүмкіншіліктері, адам және алуан түрлі топтардың экономикалық іс-әрекеттің себеп-дәлелдері, экономикалық сана, экономикалық ойлау жағдайы,көңіл-күй, тәртіп, мұқтаждық, талап-тілек, әлеуметтік құндылықтардың еңбектің өнімділігіне, тауардың сапасының артуына әсері, тағы басқалар жатады.

Экономикалық әлеуметтану экономикалық процестерді адамдардың іс-әрекеті, қызметінің жемісі ретінде қарайды.Қоғамдағы адамдардың материалдық тұрмыс жағдайы әр түрлі болғандықтан, олардың мұқтаждықты талап-тілектері де, тұтыну дәрежелері де әр түрлі. Сондықтан олар қоғамда әр түрлі рольдер, яғни қызмет атқарды,осыған сәйкес олар қоғамда әр түрлі орында, жағдайда,беделде болады.Экономикалық әлеуметтану экономиканы зерттеудің басты мәселесі ретінде экономиканы өз алдына жүйе деп қаралды.Ал,экономикалық жүйеде – өндіріс - бөлу – айырбастау - тұтыну жүзеге асырылады.Ал, бұл процестің нарықтық түрі «Сұраныс және ұсыныс». Нарық дегеніміз – тар мағынада – азық – түлік және басқа өндіріс бұйымдарын, тауарларды сататын сауда орны.

Ғылыми тілмен айтқанда ол тауар айналымының өрісі, сатып алу мен сату ісінің жиынтығы. Тауарларды ұсыну және оған деген талу қабілеті бар сұраныс.Нарық теориясы ұдайы өндіріс теориясының құрамды бір бөлігі. Нарық тауар өндірісі туып өсуімен қатар пайда болып дами бастайды әсіресе ол қала мен ауылда натуралдық шаруашылық ыдырап қоғамдық еңбек бөлінісі тереңдей түскен кезде етек алып кеңейеді.

Әлеуметтік зерттеу бұл екі процесс яғни сұраныс пен ұсыныс қатар қолданылады өйткені зерттеуші әлеуметтанушының басты назары ең алдымен мұндағы алуан түрлі адамдардың олардың топтарының мінез-құлқына аударылады.Адам және оның топтары - жұмысшы,қызметкер,тұтынушы,айырбастаушы,сатушы,сатып алушы,т.б ретінде қарастырылады.Экономикалық дамудың әлеуметтік аспектілерін жан-жақты ескеріп,талдап отыру керек.

Мысалы: Әлеуметтік, рухани құндылықтары бойынша адамның ең жоғары қасиеттері – инабаттылығы, ұқыптылығы, оның қайырымдылығы, әділеттілігі жауапкершілігі, белсенділігі шаруашылығы т.б қоғамдық өндірісті дамытып,оның өнімін көбейтуге сапалы тауарларды көп өндіруге тікелей әсерін тигізіп отырады.

Осыларға орай, экономикалық әлеуметтану еңбектің мазмұны мен түрлерін, яғни жұмысшылар мен қызметкерлердің білім деңгейі мен мамандығы, саналылығы, әділеттілігі, белсенділігі, жауапкершілігі т.б. қасиеттері еңбек процесіне қалай әсер етуін зерттейді.

Экономикалық әлеуметтану бір ерекшелігі сол, ол экономикалық құбылыстар мен процестерді жеке адамның, топтың,оның ішінде жіктің ойлау және мінез-құлқымен тығыз байланыстырады. Сөйтіп ол экономиканы реттеудің, басқарудың әлеуметтік механизмін ашады да, экономикалық сананы, экономикалық ойлауды,экономикалық ынта, ықылас, мәдениет т.б. мәселелерді зерттейді.

Экономика – әлеуметтанудың зерттеу объектісі

Қазіргі уақытта біздің еліміз нарықтық экономикаға өтуде.Ал,нарықтық экономика деп нарықтық қатынастарға негізделген шаруашылық өмірін ұйымдастыру, оның белгілі бір деңгейдегі құрылымы мен шартты жағдайды айтамыз.

Нарықтық қатынастар – бұл экономикалық қатынастар.Нарықтық қатынастарға өтуге байланысты жаңа экономикалық құбылыстар мен процестер (жекешелендіру, акцияландыру, аренда, фирма, корпорация, аукцион, биржа, т.б) өмірге келіп,жаңа ұғымдар түсініктерді, туғызды. Бұл құбылыстарды оларды бейнелейтін ұғымдарды экономикалық теория тікелей зерттейді. Ал,әлеуметтану осындай экономикалық мәселелерді қарастырғанда, ең алдымен адамның,әлеуметтік топтың ,жіктің экономикалық мінез-құлқын зерттейді. Сондықтан экономикалық әлеуметтану қандай да бір экономикалық құбылыс, процесс болмасын, оларды талдау, анықтауда әр уақытта нақтылы жеке адамнан, оның топ-жіктерінен, олардың өмір тіршілік ерекшеліктерінен, жағдайынан бастайды.

Сонымен,экономикалық жүйедегі адам, оның нысана бағыттары,тәртібі – міне экономикалық әлеуметтанудың экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің басты бағыттары мен мәселелері.Дәлірегі, адамның өмір сүріп отырған ортасы - қазіргі экономикалық жүйеге қатынасы, ондағы алуан түрлі жүріп жатқан өзгерістерге (ой-пікірлері,көзқарастары) нарықтық қатынастарға,ондағы экономикалық реформаларға қатынасын зерттейді.Алғашқы кезде көпшілік халық нарықтық қатынастарға ондағы экономикаға көшкісі келмей оған бөгет жасады. Елде мұндай жағдайдың болуы ескі стереотипті ойлаудың,болып жатқан іс-әрекеттің сол уақыттағы нертоотпалылығымен түсіндіруге болады.Тек қана кейінгі 2-3 жылға ғана халық нарықтық экономиканың қай жағынан болсын, пайдалы тиімді екенін түсініп,мойындайды.Сөйтіп, қазіргі халықтың басым көпшілігі нарықтық экономикалық қатынастарды жақтап, оның ілгері дамуына күш салуда.Экономикалық әлеуметтану экономикалық құбылыстар мен процесстерді зерттегенде белгілі бір әдістемелік қағидаларға сүйенеді.

Бақылау сұрақтары:

Экономикалық әлеуметтанудың пайда болуы.

Экономикалық әлеуметтанудың ерекшеліктері.

Экономика ұғымының мәні.

Экономикалық жүйенің типтері.

Экономикалық мәдениет түсінігі.

Наши рекомендации