ВОПРОС: ҚР-ның еуразиялық ықпалдасудағы үлесі

Қазіргі кездегі әлемдік даму үрдісі жаһанданумен тікелей байланысты. Жаһандану кез келген мемлекеттің саясатына, экономикасына, мәдениетіне, әлеуметтік-рухани жағдайына да әсер етіп отыр. Әсіресе, бұл үрдіс ТМД елдерінің даму жағдайына ықпал етіп отырғаны айқын. Осы орай-да бұрынғы одақтас республикалар арасында қалыптасқан ықпалдастық үрдісіне ерекше тоқталу қажет. КСРО ыдырағаннан кейін посткеңестік мемлекеттер арасындағы жан-жақты қарым-қатынас үрдісі еуразиялық ықпалдасу бағытында қалыптасып, дамыды.

Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың: «Қазақстан «әлемдік оқиғалардың көш соңында қалып қоймайды», керісінше, Қазақстан «Еуразияның бел ортасында тұрып, тез дами келе үш аймақтың – Қытай, Ресей және Мұсылман әлемдерінің арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарға дәнекершілік рөлді атқарады». «Біз – еуразиялық елміз, өзіміздің тарихымыз, өзіміздің болашағымыз бар. Сондықтан да, біздің моделіміз басқалардың ешқайсысына ұқсамайды. Ол әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін бойына сіңіреді», – деп айтқаны, қазіргі кезде Қазақстанның Шығыс пен Батыс арасындағы диалогты және өзара түсiнiстiктi жаһандық деңгейде нығайтуда зор үлес қосуының мәнін нақты айқындап көрсетеді. Бүгінде халықаралық қоғамдастық біздің елімізді жаһандық үрдістерге беделді де ықпалды қатысушы ретінде танып білді.

Девочки!!! Можно еще добавить сюда про Еуро Одақ, про ШЫҰ итд. Ұйымдар которые мы знаем. Я не стала сюда писать это. Потому что это был бы другой ответ. Здесь я написала жалпы. А про ұйымдар как пример можно сказать.

ВОПРОС: Н.Ә.Назарбаевтың еуразияшылдық идеясының маңызы

Еуразиялық идея теориядан шынайы практикалық кезеңге өту үдерісінде. Негізі, идея ұсынғаннан бері, Президенттің белсенді қатысуымен болған идеяның жүзеге аса бастауында бес қадамды ерекшелеуге болады: Бірінші қадам, 1994 жылы Мәскеуде ТМД қатысушыларына Еуразиялық одақ құру туралы бастама көтеруі; екінші қадам, 1995 жылы Қазақстан, Ресей, Беларусь президенттері Кедендік одақ құру туралы келісімге қол қоюы, кейінірек Қырғызстан мен Тәжікстанның қосылуы; үшінші қадам, 2000 жылы Бішкекте Кедендік одаққа кіретін Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Қырғызстан, Тәжікстанның мемлекетаралық кеңесінде жаңа халықаралық ұйым – Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың құрылуы; төртінші қадам, 2002 жылы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері Орталық азиялық ынтымақтастық ұйымын құру туралы келісімге қол қоюы; бесінші қадам, 2003 жылы Мәскеуде Қазақстан, Беларусь, Ресей, Украина президенттері бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қол қоюы.Қазақстан тарапы Еуразиялық одақ жо­басын ұсынғанда ТМД елдерінің мүд­­десіне сай тең құқылы және еркін түрде кооперативтік дамудың үлгісін нақтылап беруге тырысты. Еуразиялық одақ - егеменді мемлекеттердің тұрақтылық пен қауіпсіздік, әлеуметтік-эконо­ми­­калық жаңғыруға бағытталған ин­тег­­рациясының тәуір бір үлгісі. Еуразия­лық одақтың тәжірибе жүзінде іске асырылуы қоғамның сан-са­лалы бағытында өзара байланыс орнатуға жол ашқанын, оның ішінде интеграциялық үдеріс­тер­дің жоғары мектептің дамуына да өз ықпал-әсерін тигізіп отырға­нын жеткізді. Жоғары білім қо­ғам­дағы барлық өзгерістер мен үдерістердің қажеттілігін өтей алатын маңызды әлеуметтік институт болып есептеледі. Елдер­дің білім саласындағы ықпалдас­тығы БҰҰ мен ЮНЕСКО қызме­тінің де ең басымдыққа ие ба­ғыттарының бірі саналатыны бел­гілі. Соңғы уақытта жоғары бі­лімнің интер­на­циялануы жаңа­ша қарқын алып келе жатқанын айтуға болады. Ал бұл өз кезегінде Еуразиялық ықпал­дастық идеясының жүзеге асуына серпін болатыны анық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Еуразиялық одақ құрудың төрт принципті мәселесі бар. Біріншіден, интеграция, ең алдымен, экономикалық қажеттілікке негізделген прагматикалық сипатта ғана бола алады. Екіншіден, көпқабатты және түрлі жеделдіктегі ин­тег­рация идеясы. Үшіншіден, қауіп­сіз­дікті бір ғана елдің күш-жігерімен қам­тамасыз ету мүмкін емес, аймақтық қа­уіпсіздік тетіктерін іздестіру қажеттілігі. Төртіншіден, интеграцияның еріктілігі.

Наши рекомендации