Ылар арасындағы қашықтықтар

Мұнай өнеркәсібін ационализациялауға дейін ұңғыларды, мысалы Бакин мұна йды ауданында бір-бірінен 25м және одан да көп қашықтықта орналастырған. Өндіріс басында бұрын айтқандай «ұңғылар орманы» бақыланған.

Мұнай өнеркәсібін национализациялаудан кейін Кеңес Одағының аудандарында тәжірибелік бақылаудың негізінде ұңғылар арасындағы үлкен қашықтықтарын қолдана бастады – 100м және 200-300м дейін. Кейін СССР-же су арынды тәртіптегі қабаттардағы ұңғыларды сирек батарейлі орналасуымен бірдей емес торларға көшуі жүргізіледі.

СССР-де ұңғылардың батарейлі орналасуында Урал-Волгалы мұнайлы провинцияның кен орындарында әртүрлі қашықтықтар қолданылады, мысалға батарей қатарлар арасында 500-600м, батарейде ұңғылар саны 400-500м болады.

Кейбір зерттеушілердің айтуы бойынша, қабатқа әсер етулері және мұнай алудың дұрыс қадағалануы, қабаттың толық мұнай беруі ұңғылар санына байланысты емес және шоғыр шеттерінен мұнай толығыменен сумен сығылып шоғырдың орталық бөлігінде орналасқан ұңғыларға барады.

Осындай көзқарасты дұрыс деп есептеуге болады, өйткені мұнайлы кен орындарының өңдеу тәжірибесі өнімді қабаттардың геологиялық құрылымдардың өзгерілуі мен күрделілігі көрсетеді.

Ұңғыларды орналастырған кезде осыны ескеру керек, өйткені қабатқа технологиялық әсер етудегі қабылданған барлық шараларға қарамастан мұнай берудің жоғарғы коэффициентін алмауы мүмкін.

Газды кен орындары үшін ұңғылар араларын мұнайлы кен орындарына қарағанда айтарлықтай көбірек қабылданады. КСРО-да газды кеніштер үшін кейбір кенорындарында қабылданатын ұңғымалардың ара қашықтығы әр түрлі. Мысалы Елшанка кенорында бұл ара қашықтықтар 700-1000 м құрайды. Калиповско-Новостепановскоеда шамамен 1000м, Ухтада 700-1000м. Ең ірі Газли (Орталық Азия) газды кенорыны үшін белгіленген ұңғымалар арасы 1500м, Щебелинское (Украина) газды кенорын үшін 1000м.

Ұңғымалар арасындағы ара қашықтықты таңдаған кезде тек қағаз түрінде қарастырылған жобаланған ұңғымалардың ең тиімді санына негізделген гидродинамикалық және экономикалық мәліметтерге сүйенбей, негізінен өнімді қабат құрылымының геологиялық мәліметтері мен оның коллекторлық қасиеттерімен, фациалдық өзгерісімен, қабат тәртібінің пайда болуымен жетекшелену керек.

Негізгі әдебиет: 1[422-427]

Бақылау сұрақтары:

1. Геолого-құрылымдық карталау

2. Геолого-геоморфологиялық зерттеу.

3. Аэробақылау.

13-дәріс: Мұнай-газ конденсатты шығарылу коэффициенттерінің геологиялық негізі. Ығыстыру процесімен эксплуатациялық объектіні қамтуды бақылау.

Қабат қысымын ұстауды қолданатын мұнайлы қабатты игеру жүйелері.

Қабатқа әсер ету шараларына сәйкес мына игеру жүйелерін қолданады:

1. Контурдан тыс суланумен игеру. Бұл әдісті кеңінен қолданады. Бұл әдіс өте тиімді, әсіресе егер қабаттың коллекторлық қасиеттері жақсы және оның шеткі бөліктерінде толық қалыңдығы болса;

2. Контурға дейін суланумен игеру. Бұл әдісті контурдан тыс бөлігінде өткізгіштілігі қатты төмендетілген қабаттар үшін қолданады.

3. Контур ішінде суланумен игеру. Бұл әдісте мұнайлы контур ішінде орналасқан айдау ұңғымаларына суды айдайды. Мұндай жүйені тек контурдан тыс және контурға дейін қабат аймақтарында өткізгіштілігі нашарланған қабаттар үшін ғана емес, сонымен қаьар бір контурдан тыс сулану аз болатын, өте үлкен мұнайлы алаңы бар қабаттар үшін де қолданылады.

Қазіргі кезде контур ішінде суланумен мынандай игеру жүйелерінің түрлері бар.

1. Суды осьті айдау. Қатпардың ось сызығымен орналасқан айдау ұңғымаларына суды айдайды.

2. Суды мұнайлы шоғырдың жоғары жатқан часкілеріне айдайды.

3. Контур ішіне суды айдау және мұнай шоғырын бірнеше участкіге бөліп, өз бетінше игеріліп жатқан учаскінің шекарасында орналасқан ұңғымаға суды айдау. Бұл әдіс ірі және жазық орналасқан платформалы типті шоғырлар үшін А.П. Крызовпен ұсынылған болатын және қазір Ромашкино кенорында жүзеге асырылып жатыр. Шоғырды учаскілерге бөліп, контур ішіне айдау нұсқасы контрдан тыс айдаумен байланысқан жүйесі 78-суретте көрсетілген.

4. Контур ішіне орталық сулану, шоғырдың ортасында бірнеше кіші радиусты айдау ұңғымалары сақинасының орналасуымен (барлық ауданның 5 пайыздан көп алмайтын). Бұл әдіс ірі шоғырлар үшін В.Н. Шелкачевпен ұсынылған болатын. Ол шоғырды міндетті түрде учаскілерге бөлуді талап етпейді. Мұндай игеру жүйесі контурдан тыс және контурға дейін өткізгіштілігі нашар қабаттар үшін өте тиімді. Бұл жағдайда контур ішінде орталық сулану өз бетінше қолданылады. Сонымен бірге ол игеру уақытын қысқарту мақсатымен және мұнай қорларын тиімді игеруді қамтамасыз ететін шарттарды жасау үшін, өте ірі шоғырлар үшін пайдаланылады. Бұл жағдайда контурдан тыс бөлігінде өткізгіштілік жақсы болған кезде контур ішіндегі орталық сулануды, контурдан тыс суланумен қолданған жөн.

Жеке мұнайлы горизонтын игеруін жобалау үшін шыққан геологиялық игеру мәліметтерін зерттеу.

Тиімді зерттеу жүйесін жобалау мүмкіншілігі, мұнайды қабаттың геологиялық зерттеуінің толығымен анықталады. Қабатты толық зерттеу, оның болашақтағы қолдану процесіндегі тәртібін және қабат сұйықтарының қасиеттерін білуге мүмкіншілік береді.

Игерудің бастапқы кезеңінде нақты мәліметтерді алуды мүмкін еместігін есепке алу керек, және мұнай қабатының толық сипаттамасы тек қана оны ұзақ уақыт бойы бұрғылау нәтижесінде алуға болады.

Осыған байланысты тәжірибе жүзінде ірі мұнай кеніштерін игеруді жобалау 2 кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде өнімді қабаттың геологиялық құрылысының және оның өнімділігінің тек сынамалы пайдлануының мәліметтері болған кезде, оны алдын-ала игеру жобасын (технологиялық сұлбасын) жасайды. Бұл жобада алдыңғы қатарлы пайдалану ұңғымаларының және айдау ұңғымаларының орналасу жүйесін келтіреді. Екінші кезеңде көрсетілген ұңғымаларды бұрғылап болған соң алдын ала игеру жобасына және коллектордың литофизикалық қасиеттері оны қанықтырып тұрған мұнай, газ, су туралы алынған қосымша мәліметтерге сәйкес, кенішті игеру мен пайдаланудың бас жобасын жасайды.

Кішігірім кеніштер үшін игеру жобалауын екі кезеңге бөлу қажет емес. Бірақ жобалау шетінде әрбір жағдайда жүзеге асырылып жатқан игеру жүйесін өзгерту мүмкіншілігін қарастыру қажет.

Кеніш, зерттеу процесі кезінде қаншалықты жақсы зерттелген болса, игеру кезіндегі өзгертулер соншалықты аз болады.

Мұнайлы қабатты иеруді жобалау кезінде мына мәліметтерді есепке алу қажет:

1. Қабаттың геологиялық игеру сипатьамасын, қабаттың геологиялық ерекшеліктеріне байланысты оның мұнай бергіштігін, игеру үшін қолданылатын сәйкес шараларды;

2. Қабатты игеру үшін белгіленген шарттарды және игеру мерзімін;

3. Қабатты әр түрлі жүйедегі игеруге кететін шығындарды.

Мұнай қабатында геологиялық-игеру зерттеу жұмыстары кезінде қабаттың құрылымдық сипаттамасы, оның литофизикалық және коллекторлық қасиеттері тралы, суарынды жүйесі, қабаттың мұнайа қаныққандығы және байланысқан сулардың құрамы туралы мұнай, газ және судың физика-химиялық қасиеттері, үһұңғымаларды сынау туралы, барлық контурдан тыс ұңғымалар, бастапқы баланстық (жалпы) және шығарылатын (өндірістік) мұнай-газ қорлары туралы мәліметтер алынуы қажет.

Жоғарыда аталған мәліметтерді терең зерттеу, нақты игеру жүйесін және ұңғымаларды орналастыруға мүмкіншілік береді, сонымен қатар қабатқа әсер ету шараларын белгілеуге және ұңғымалардың әр түрлі орналасу жағдайларында және әр түрлі игеру жүйелеріндегі қабаттың мұнай беру мүмкіншілігін бағалауға болады.

Наши рекомендации