Азақстан­дағы Жібек жо­лы.

Б. з. б. II ғасыр­да Ұлы Жібек жо­лының са­уда дип­ло­мати­ялық бас­ты жо­лы ретінде аты шығады. Ұлы Жібек жо­лы Ал­тай, Па­мир, Тянь-Шань, Сыр­да­рия, Әму­дария жерімен өткен. Жібек жо­лының тар­мақта­ры V-VII ғасыр­ларда Жетісу, Оңтүстік Қазақстан жер­лерін қам­тыған. Жібек жо­лының бойын­да Та­раз, Ба­ласағұн, Бұха­ра, Са­марқан, Сай­рам, Са­уран, Оты­рар, Сығанақ, Мерв, Тал­хиз, Үргеніш, Ис­пиджаб, Шаш. Ве­сидж, Шауғар т. б. ірі ор­тағасыр­лық қала­лар ор­на­ласқан. Кейіннен XI­II-XIV ғасыр­ларда Жібек жо­лының са­яси-эко­номи­калық маңызы артқан.

Жібек жо­лы бағыты: Ху­ан­хэ өзені – Ұлы Қытай қорғаны­ның ба­тысы – Іле өзені – Ыс­тықкөл. Бірне­ше са­уда жол­да­ры қалып­та­сып, да­мыды.

Ла­зурит жо­лы: Ба­дах­шан та­уы – Иран – Ме­сопа­тамия – Мы­сыр – Си­рия-Қытай.

Неф­рит жо­лы: Жар­кент­да­рия – Шығыс Түркістан – Қытай.

Да­ла жо­лы (б. з. б. 1 мыңжыл­дықтың ор­та­сы).

Жібек жо­лын­дағы та­уар­лар.

Жібек жо­лының алғашқы негізгі та­уары Қытай жібегі болған. Қытай жібегі осы жол­мен Ба­тысқа жеткізіліп тұрған. Кейіннен Ба­тыс пен Шығыс­тың басқа та­уар­ла­ры та­сылған (күміс, ал­тын, тұлпар, түйе, бүркіт, қар­шыға, піл сүйегі, жеміс-жи­дек­тер, эк­зо­тика­лық аңдар т. б.). Жібек ал­тынмен теңеліп, ха­лықара­лық ва­лютаға ай­налған. Жа­лақы мен қарыз­ды жібек­пен төле­ген.

Жібек жо­лының маңызы.

Жібек жо­лы Қазақстан мен Ор­та Ази­яда мәде­ни-эко­номи­калық жағдай­дың өрлеуіне ықпал етті. Жал­пы, Жібек жо­лымен 2000 жыл­дан ас­там уақыт бойы са­уда ке­ру­ен­дері жүрген. Жібек жо­лымен шығыс­тан буд­да, ба­тыс­тан хрис­ти­ан діні та­ралған. Жібек жо­лы – са­уда жо­лы ғана емес, көшпелі оты­рықшы ха­лықтар мәде­ни­етінің да­му, та­ралу жо­лы.

Монғолдардың қазақ жерін басып алуы және ұлыстардың құрылуы.

Шыңғыс­хан Шығыс Еуро­па мен Ал­дыңғы Азияға жол аша­тын Ор­та Азия мен Қазақстан­ды жа­улап алу жо­рығына жан-жақты әзірленді. Бұл үшін ол мұсыл­ман көпес­терінен, моңғол­дардың қол ас­тында болған босқын­дардан мәлімет­тер алып, Қарақытай­лар мем­ле­кетінің, со­дан кейін Хо­резм ша­хын­дағы ішкі жағдай мен әске­ри күштер ту­ралы де­рек­терге қанықты, со­ның негізінде ой­лас­ты­рылған іс-қимыл­дың бағдар­ла­масын жа­сады.

Шыңғыс­хан Қазақстан мен Ор­та Азияға жо­рықты Жетісу арқылы жүргізбекші бол­ды. Өз ба­сының же­ке жа­уы най­ман­ның ха­ны Күшлік хан­ды талқан­дап, бай қала­лары бар Жетісу­ды өзіне қара­ту үшін оған 1218 жы­лы Же­бе но­ян бас­таған әскер то­бын жіберді.

Жетісу­ды Шыңғыс­хан әскері қар­сы­лықсыз оңай ба­сып ал­ды. Жетісу­ды бағын­дырған­нан кейін Шыңғыс­ханның Мәуере­нахрға, сол кез­де бүкіл Ор­та Ази­яны би­леп отырған Хо­резм мем­ле­кетіне қар­сы жо­рыққа жо­лы ашыл­ды. 1218 жы­лы көктем­де Шыңғыс­хан Ор­та Азияға са­уда ке­ру­енін жіберді. 500 түйеден тұра­тын ке­ру­енінде моңғол жан­сызда­рын қосып есеп­те­ген­де бар­лаығы Көп ада­мы бар ке­ру­ен 1218 жыл­дың жа­зын­да Оты­рарға келіп жетті. Оты­рар­дың би­ле­ушісі Қайыр­хан Инал­шық көпес­терді тыңшы­лық жа­сады деп күдіктеніп, олар­ды өлтіру­ге бұйыр­ды. Шыңғыс­хан Хо­резм ша­хынан Қайыр­ханды ұстап бе­руді та­лап етті. Бірақ Хо­резм ша­хы бұл та­лап­ты орын­да­мады, Шыңғыс­хан жібер­ген елшілерді өлтіру­ге әмір берді. «Оты­рар апа­ты» деп ата­латын бұл та­рихи оқиға Шыңғыс­ханның Хо­резм­ге қар­сы соғысын тез­детті.

Ор­та Ази­яны бағын­ды­ру үшін Шыңғыс­хан өзіне тәуелді ел­дерден алған жа­сақтар­мен қоса жал­пы са­ны 150 мыңға дейін ада­мы бар қалың қол­ды бас­тап шықты. Хо­резмнің ша­хы Мұхам­мед моңғол­дарға қар­сы тұруға дайын емес еді.

1219 жы­лы қыркүйек­те Шыңғыс хан­ның 111 мың әскері Оты­рар қала­сын қор­шай­ды. Бұл қалың қол­ды Шыңғыс хан­ның ұлда­ры Шағатай, Үге­дей басқара­ды. Бір ай­дың ішінде Шыңғыс хан әскері Оты­рар­ды ала­ды. Әйгілі кітап­ха­на өртеніп, ха­лық көптеп қыры­лады. Қайыр хан­ның де­несіне ерітілген күміс құйып, азап­тап өлтіреді. 1219–1220 жыл­да­ры Шыңғыс­ханның ұлда­ры Бұха­ра, Са­марқан, Сығанақ, Са­уран, Бар­шынкент, Жент, Үзгент қала­ларын бағын­ды­рады.

1221 жы­лы Шыңғыс хан әскері Хо­резмді, Ор­та Ази­яны жа­улап ала­ды. Осы­дан кейін Шыңғыс хан әскер­лері пар­сы, Ауғанс­тан, орыс, Дешті-Қып­шақ жер­лерін жа­улап ала­ды. 1224 жы­лы Ертістегі Шыңғыс хан ор­да­сына қай­та ора­лады. 1219–1224 жыл­дар ара­лығын­да Шыңғыс хан Қазақстан мен Ор­та Ази­яны жа­улап алып, өз им­пе­ри­ясы­ның құра­мына қоса­ды.

1238 жы­лы Бұха­рада Махмұд та­раби бас­таған көтеріліс Шыңғыс хан қол ас­тындағы ха­лықтар көтерілісінің ең ірісі бо­лады.

Наши рекомендации