Аграрлық саясаттың іс-шаралары.

Агроөнеркәсіптік өндірісті мемлекеттік реттеу келесі бағытта жүргізілуі тиісті:

- мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін ынталандыру;

- қаржыландыру, кредиттеу, сақтандыру және салық салу;

- ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп арасындағы ғылыми не-
гізделген баламалы қатынастарды орнату;

- ғылыми-техникалық бағдарламалардың жетістігін кеңінен
ендіру үшін жағдай жасау, ауылда ауыл шаруашылығы
ғылымы мен әлеуметтік аяны дамыту;

- сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру кезінде,
отандық тауар өндірушілердің мүддесін қорғау.

Республикада мемлекеттік қолдау шаралары жалпы сипаттағы шараларға және арнаулы шараларға бөлінеді.

Жалпы сипаттагы шаралар — бұлар диагностиканың, мониторингтің және өсімдіктер мен жануарлардың ерекше қауіпті ауруларына қарсы күрес; зертханалық және карантиндік өнімдерді фитосанитарлық талдау; ауыл шаруашылығы дақылдарын сұрыптық сынақтан өткізу; суландыратын жердің мелиоративтік жағдайын бағалауды; астықтың мемлекеттік резервін сақтау; элиталық тұқым шаруашылығы мен асыл тұқым ісін сақтау мен дамыту; минералдық тыңайтқыштарды алу; агроөнеркәсіптік кешеннің ақпараттық жүйесін дамытуға; қолданбалы ғылыми зерттеулерді өткізуді мемлекеттің қаржыландыруы.

Жалпы шараларға сол сияқты ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге жеңілдетілген ( заңды тұлға үшін патент және шаруа қожалығы үшін бірыңғай жер салығы) салық салуды жатқызуға болады.

Арнаулы шараларнақты салалар мен өндірісті қолдауға бағытталған. Олар ережедегідей, құндық (жаза) сипатта болады және ры ноктың тұрақты шаруашылық жүргізуші субъектісіне арналған.

Арнаулы шараларға жататындары: мемлекеттік ресурстарға астық сатып алу; ауыл шаруашылығы техникасы лизингісін кредиттеу; көктемгі-далалық жұмыстар мен жинау жұмыстарын өткізу үшін жергілікті бюджетті кредиттеу; ауылдық кредиттік серіктестіктер жүйесін кредиттеу; экспорттық-импорттық тәртіпті реттеу кезіндегі тарифтік саясат.

19.Агробизнесті қалыптастыру

Ауыл шаруашылығында негізгі бағыт – еңбек өнімділігін арттыру, шаруашылықта пайдаланып отырған жерінің әр гектарына шыққандағы өнім мөлшерін көбейту. Қазіргі аграрлық өнеркәсіп кешенінде тым нашарлап кеткен ескі материалдық – техникалық базаны жаңартуды, қалыпты жүргізіліп келе жатқан экономикалық реформаның шаруашылықты карқынды жүргізуге тиісті мөлшерде қаржы жұмсауды қажет етеді. Агробизнестің дамуы құрылымдағы жаңа меншік формаларының қатарына шаруа қожалықтарын, ауыл шаруашылық кооперативтерін, серіктестіктерін, шағын кәсіпорындар, жеке шаруа –қожалықтар немесе осы аталағандардың бірлескен ассоцациясы, әр түрлі ұжымдық кәсіпорындарды, акционерлік қоғам, басқа да қоғамдасқан шаруашылықтарды жатқызуға болады.

20.ҚР аграрлық өндірісті ынталандыратын мемлекеттік бағдарламалары

«Агроөнекәсіп-2020» мемлекеттік бағдарламасының қаржылық сауықтыру бағытына 2013-2020 жылдар аралығында 376 млрд. теңге жұмсалмақ.«Агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің төлем қабілеттілігін жақсарту, несиелік жүктемесін азайту және банкроттық тәуекелдігін кеміту мақсатында бірмезеттік шаралар қабылданады. Ол қайта құрылымдау, қайта қаржыландыру және қарызы бар агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің қарызын жабу үшін қаржылық сауықтыру жолымен жүзеге асырылады. Бұлармен бірге агроөнеркәсіп кешенін қолдаудың аталмыш бағыты аясында несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі субсидияланады», - деді М.Өмірияев. Мүсілім Тайырұлының айтуынша, облигациялық заем арқылы 2013-2014 жылдары агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қаржылық сауықтыру шараларын жүзеге асыруға 300 млрд. теңге қарастырылып отыр. Ал 75 млрд. 600 млн. теңге қаржылық агент қызметі төлемін қосқандағы несие мен лизингтік міндеттеменің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауды жүзеге асыруға жұмсалмақ.

21.Аграрлық кластерлер

Кластер (экономика) — бір үлгідегі нысандардың шоғырлануы, бәсеке қабілетін арттыру мақсатында кәсіпорындардың өз еріктерімен бірігуін білдіреді, олар ғылыми мекемелермен, қаржы орталықтарымен, және жергілікті басқару органдарымен бірлесе жұмыс істеген топ

Қазақстанның жаңа аграрлық саясаты әр адамның тағам түрлерін жылына орта есеппен келі мөлшерінде пайдалану көрсеткішіне байланысты жасақталады және оның негізінде ауыл, аудан, қала, облыс көлемінде тағам ассортименттерін өздерінің өндірулері мен сырттан әкелінуі балансы анық­талады. Соның негізінде әр аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметі орын­далады. «Шикізат-тауар» өндірістік формуласы. Ол үшін ауыл және аудан көлемінде шағын кластерлер жасақталады. Олар жергілікті жерлерде өндіруге тиімді ауыл шаруашылығы шикізатынан, оны өңдей­тін цех немесе зауыттан (тағам өндіру), техника және көлік т.б. сервистік қызмет­терден тұрады. Заңдық ұйымдастыру түрлері – Азаматтық кодекске сәйкес, ассоциация, өндірістік кооператив, ЖШС т.б. болуы мүмкін. Көр­сеткіш егілген егіс пен мал саны емес, өндірілген тағам көлемі мен сапасы болып табылады, яғни шығарыл­ған тауармен бағаланады. Келешекте өндірістік-эконо­микалық қатынастардың дамуы негізінде агросиндикаттар, агрокартельдер құрылуы мүмкін.

22 Бәсекелестік ортаны қалыптастыру постиндустриялды экономикаға өтудің маңызды шарты ретінде:

аграрлық саясаттың іс-шаралары. - student2.ru

23 Монополияға қарсы саясат мазмұны,түрлері, әсер ету әдістері.....

аграрлық саясаттың іс-шаралары. - student2.ru

24ҚР монополияға қарсы реттеу органдарының құрылымы:

аграрлық саясаттың іс-шаралары. - student2.ru

Наши рекомендации