Мемлекеттік басқару.

Қазіргі мемлекеттік басқарудың концепциясының әдістемелік негіздерін қалыптастыру Қазқстан Республикасындағы мемлекеттік құрылыс пен басқарудың тәжірибесі мен теориясын дамытуда өте маңызды орын алады. Мұнда әңгіме мемлекеттік аппараттың республикадағы әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылыстарды жылдамдатуға арналған жаңа бағыттар туралы болып отыр. Еліміздің Президентінің Қазақстанның халқына арналған «Қазақстан 2030» жолдауында олар республиканың дамуының басымды бағыттары ретінде көрсетілген. Басқару әр түрлі нысандарда адамзат қоғамы пайда болғаннан бастап орын алған. Қоғамның неғұрлым дамуына байланысты басқарудың да, оған деген қажеттіліктің де мәні артып отырған. Басқарудың ажырамас қасиеті ретінде билік болып табылады. Бұл жерде екі жағдайды қарастыру қажет. Біріншіден, кім басқарады соған биліктік өкілеттіктер беріледі. Мұндай өкілеттіктер көлемі ұжымның алдына қойылған сұрақтарды тиімді және ұтымды шешу үшін жеткілікті болуы тиіс. Екіншіден, басқаруда бірлескен қызметтің қатысушылары басқарушы субъектінің (жетекшінің) еркіне бағынуы тиіс.

2. Мемлекеттік басқару мақсатты сипатқа ие және арнайы сұрақтарды шешуді қамтамасыз етеді. Дәл мемлекеттің өзіне 2030 жылға дейінгі бекітілген Қазақстанның даму стратегиясында көзделген міндеттері мен бостандықтарын жүзеге асыруда маңызды орын берілген. Мемлекеттік басқарудың сапалы ерекшеліктерін өзінің нормативті бекітілген мақсаты нақтылап береді. Олар Қазақстан Республикасының Конституциясында, жоғарғы өкілді және атқарушы органдардың заңдық және басқа да нормативтік актілерінде қалыптасады және өзінің көрінісін табады. Мемлекеттік басқарудың мақсаты Конституциялық заңдардың, Президент жарлықтарын және басқа да нормативтік актілердің күнделікті орындалуы мен жүзеге асыруы болып табылады. Мемлекеттік басқару барлық қоғамның мүддесін білдіреді, басқарудың барлық саласының дамуын үйлестіреді. Басқарушылық қызметтерді күнделікті орындау үшін мемлекеттің атынан қоғамдағы басқаруды жүзеге асыратын арнайы аппарат құрылады. Мелекеттік басқару – ерекше субъектілер тобының (органдардың, лауазымды адамдардың) экономика, әкімшілік-саяси және әлеуметтік – мәдениет аяларына басшылық жасау процесінде міндеттер мен функцияларды іс жүзінде орындаудан тұратын заңға тәуелді, заңдық биліктік, ұйымдастыру қызметі. Мемлекеттік басқару мыналармен сипатталады: қоғамдық пайдалы қызметтің нақтылы түрімен; бұл қызметтің атқару-өкім ету сипатымен; арнайы уәкілетті субъектілердің жүзеге асыруымен; күнделіктігімен және үзіліссіздігімен; заңға тәуелді сипатымен; қызметінің әр түрлі нысандарымен (құқық шығару; құқық қолдану, шарт жасасу)

3. «Мемлекеттік басқару жүйесі» мен «мемлекеттік басқару механизмі» ұғымдары өзара байланысқан және бір-бірінен бөлектелмейді. Механизм мемлекеттік басқарудың үш тарапының – ұйымдастырушылық-құрылымдық (жүйе), функционалдық (мазмұнды) және қоғамдық жүйеге басқарушылық әсер етудің өзара байланысын көрсетеді. Кез-келген мемлекеттік органның ұйымдастырушылық құрылымы оның қызметінің мазмұнымен, тікелей қызметімен анықталатыны белгілі. Бұлай мемлекеттік аппаратқа да қатысты айтуға болады: мемлекеттің ұйымдастырушылық құрылымы оның қызметімен анықталады. Осылармен қатар әңгімені мемлекеттік басқарудың әдістері мен нысандары, мәні мен мазмұны жөнінде өткен дұрыс. Басқарудың ең мәнді белгісі ретінде оның мақсатты сипаты болып табылады(Қазақстан Республикасының стратегиялық дамуын қамтамасыз ету, қоғамдық өмірді жоғары ұйымдастыру т.б.) Аталғандарды ескере келе мемлекеттік басқарудың механизмін былай анықтауға болады: мемлекеттік аппараттың жүйесінің әрекет етуі, қоғамдық жүйеге мақсатты әсер ету.

4. Басқару тәжірибесінде екі негізгі бағыттың қалыптасуы, олар арқылы басқару функциялары жүзеге асырылады:1)мемлекеттік басқару; 2) қоғамдық басқару. Олар бір-бірін толықтырып тығыз қатынаста болады, бұл арқылы тұтастай әлеуметтік жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік және қоғамдық басқару органдардың жүйесі конституциалық қағидалардың негізінде қызметін атқарады. Қазақстан Республикасы қызметінің негіз салушы конституциалық қағидаларына мыналар жатады: қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, халықтың игілігі үшін экономиканың дамуы, қазақстандық патриотизм, демократиялық әдістермен мемлекет өмірінің маңызды сұрақтарын шешу т.б. Бұл Қазақстан Республикасының мемлекеттік және қоғамдық басқарудың фундаментін анықтайды. Бірақ бұл екі басқаруда бір-бірінен айырмашылықтары да бар қоғамдық органдардың басқарушылық функциаларының көлемі мемлекеттік аппараттың функциаларына қарағанда бір деңгейде тұрмайды. Мемлекет үлкен және кең көлемдегі қоғамдағы басқару функцияларын атқарады. Ал қоғамдық басқару мемлекеттік емес азаматтардың бірлестігінің ішкі ұйымдастырушылық қызметін реттеуге бағытталған.

Мемлекеттiк басқару қағидалары ҚР аумағында ҚР Президентiнiң “Қазақстан-2030” деген жолдамасында мына мән-жайлар айтылған:

- бiз мемлекетiмiздiң егемендiгi мен тәуелсiздiгiмiздiң негiзiн жасадық;

- басқарудың негiзгi генерациясын даярлау болды;

- мемлекеттiк басқару жұмысы бiлектi түрiп жұмыс iстеудi қажет етедi;

- көздеген мақсатқа жету;

- болашаққа деген жаңа мамандарды даярлау;

- мемлекеттiк басқару- ол, ҚР Конституция негiздерiн басшылыққа ала отырып, оны бұлжытпай орындау болып табылады.

Мемлекеттiк басқару қағидалары:

- заңдылық;

- Қазақстандық патриотизм;

- жүктелген мiндеттi бұлжытпай орындау;

- өз iсiне деген жауапкершiлiк;

- атқараған еңбегi үшiн есеп беру;

- адам мүддесiнiң мемлекет мүддесiнен артықшылығы;

- Мемлекет органдарының өзiнiң қабылдаған шешiмдерi үшiн адам алдындағы жауапкершiлiгi;

- адамның өз iсi үшiн жауаптылығы.

Теориялық маңызы:

-мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк қызметшiнiң барша халыққа деген маңыздылығы;

- мемлекеттiк басқарудың адам қоғамына қажеттiлiгiн таныту;

- мемлекеттiк басқарудың нарықтық экономиканы реттеу жөнiндегi маңызы;

- мемлекеттiң әрбiр азамат үшiн құқығын және бостандығын қорғау жөнiндегi кепiлдiгi;

- адам мен азаматтың субъективтiк құқығын жүзеге асыруға жағдай жасауы.

Тәжiрибелiк маңызы:

- мемлекеттiк басқарудың iс жүзiнде жүзеге асыру нәтижесiнiң маңызды болуы;

- пайдаланған тәжiрибе жолдарын үнемi жаңарту iс-шараларын жүргiзу;

- iс-шаралардың нәтижесi конституцияға және заңнамаларға сәйкес болуы;

- теория жолын қолдану кезiнде жаңа әдiс-тәсiлдерiнiң пайда болуы;

- жаңа пайда болған әдiс-тәсiлдерiн пайдаланған жағдайда нәтижесiне тиiстi баға беру.

Салалық басқару.

Мемлекеттік басқару жүйесі өз қызметінің түрі бойынша экономикалық, әлеуметтік немесе әкімшілік-саяси қоғамдық өмірдің салаларына кіретін мамандырылған мекемелердің, ұйымдардың, өндіріс орталықтарының мемлекеттік органдардың байланыстарынан ғана тұрмайды. Осыған, сонымен қатар, басқарудың субъектілері мен объектілер арасындағы белгілі ұйымдық байланыстары кіреді. Мемлекеттік басқару біржағынан, басқарушы жүйе ұйымының әрбір объект сыныптарымен, басқа жағынан, басқарудың субъектісі мен объектісі арасындағы қатынастарды орнатумен сипатталады. Соңғылардың өзара қатынастары тікелей және кері байланыс деп аталатын жолдарымен жүзеге асады. Сонымен, мемлекеттік басқару жүйесіндегі ең маңыздысы болып, субъектілердің (мемлекеттік орган) және объектілердің (қоғамдық жүйе) тура және кері байланысы болып табылады. Қоғамдық үрдістерді басқару мазмұны мен мәні тек осылармен анықталады. Ал мемлекеттік аппараттың ішкі өзара байланысына тоқталсақ, олар өздерінің функционалдық қызметіне байланысты басқару субъектісінің ішкі ұйымдасуына оның нақты үйлестірілген жұмысына бағытталған.

7. Мемлекеттік басқару жүйесі өзінің барлық қатынасты жекебастылығымен, тұрақтылығымен, автономиясымен «сыртқы ортамен» өзара іс-әрекет жасайды. Бұл жерде сыртқы ортамен байланыстың айрықша түрі қарастырылады. Бұл адаммен табиғат арасындағы өзара іс-әрекетпен, халыққа жұмыс және көмек көрсетумен, қоғамдық құрылымдармен және т.б. байланысты қатынастар. Кең мағынада алғанда сыртқы орта – бұл басқарудың жеке салалары, жалпы мемлекеттік басқару жүйесі қызмет атқаратын саяси, экономикалық және өзге жағдайлар. Мемлекеттік басқару жүйесінің сыртқы объективті жағдайлардың алғашқы қатарында табиғи-географиялық түрі тұрады. Мемлекеттік басқаруды қалыптастыратын объективті жағдайлардың екінші қатарына құрылымдық-функционалдық байланыс «табиғат-қоғам» жатады. Бұл фактор адаммен табиғат байланысын көрсетеді.

Салалық басқару дегенiмiз- ол, мемлекеттiк деңгейдегi қоғамдық қатынастарда әрбiр жұмыстың түрiне, сипатына байланысты басқарушылық пен ұйымдастырушылық әдiс-тәсiлдерiн пайдаланатын iс-әрекеттерiн айтады. Өйткенi, мемлекеттiк басқаруда, қоғамдық қатынастарда көптеген шаруашылық түрлерi кездеседi. Мысалы: қаржы немесе экономика саласы, бiлiм және ғылым саласы, өнеркәсiп саласы, ауыл шаруашылық саласы, әскери және құқыққорғау, соттық iстер саласы т.б. Осы аталған салалардың бәрi мемлекеттiк басқару және реттеушiлiк әрекеттерiн қажет етедi.

Салалық қағиданың конституциялық қағидадан айырмашылығы:

- конституция негiзгi жалпыға бiрдей мақсатты көздейдi;

- салалық қағида арнайы мәселенi шешу немесе реттеу үшiн тек заңнамаларға байланысты жүзеге асырылады;

- кейбiр ерекшелiгiне байланысты болады.

Салалық қағиданың түрлерi:

- экономикалық салалар;

- әлеуметтiк салалар;

- әкiмшiлiк-саяси құрылыс саласы;

- әдiлеттi басқару саласы;

- бiлiм және ғылым саласы;

- денсаулықты сақтау және қадағалау саласы.

Салалық басқаруда өзiнiң материалық-техникалық базасы болады (баспана, ғимарат, көлiктер, құрал-жабдықтар т.б.) қоғамға қажеттi қызметтi атқару. Мысалы, медициналық көмек көрсету. Әрине медицина жеке меншiктер де бар. Оның айырмашылығы мемлекетте ол бюджет қорынан қаржы бөлiнедi, ал жеке өз қалтасынан қаржыны жұмсайды.

Салалық басқаруда әрбiр сала бойынша өздерiнiң мамандалған мамандары мен кадрлары болады. Мысалы, бiлiм беру саласын алсақ, онда оқытушылар, доцент, профессорлар және докторлар, академиктер жұмыс iстейдi.

Мемлекеттiк басқаруда әртүрлi қызмет салалары бар, атап айтқанда:

-салық қызметi;

-кеден қызметi;

-әдiлет қызметi;

-әкiмшiлiк қызметi;

-денсаулық сақтау қызметi;

-ветеринарлық қызметi;

-қаржы қызметi;

-әскери қызмет;

-құқыққорғау қызметi.

Осы атаған қызмет түрлерiнiң әр саласына сай нақты және тиiстi заңдармен, ережелерiмен және жарғыларымен, нұсқауларымен бекiтiлген. Яғни тиiстi нормативтiк – құқық актiлерiмен бекiтiлген. Осы аталған актiлер бойынша мемлекеттiк органдар өз қызметтерiн атқарады.

Бақылау сұрақтары:

1 Мемлекеттiң саясатын кiм немесе қандай лауазымды тұлға анықтайды?

2 Басқарудағы мамандардың атқаратын ролi қандай?

3 Мемлекетте басқарудың қандай нысандары болады?

4 Мемлекет билiгiнде қандай нысандар бар?

Наши рекомендации