Алтын орданың коғамдық құрылысы

Алтын Орданың коғамдық құрылысы. Алтын Орда мемлекетінің кұрылысы толығымен Шыңғыс хан енгізген мемлекет үлгісін қайталады. Мемлекет Жошы хан әулетінің меншігі болып саналды. Манызды мемлекеттік істі шешу үшін билік басындағы әулет мүшелері бастаған ақсүйектер жиналысы — құрылтай шақырылды. Армияны және өзге мемлекеттермен дипломатиялық катынастарды бешербек басқарды. Қаржы, алым-салык мәселесін, мемлекеттің ішкі істерін жүргізетін орталык аткарушы орган — диванның басында уәзір тұрды. Қалалар мен бағынышты үлыстардан алым-салык., сыбаға жинау міндетін атқаратын даругтер, басқақтар тағайындалды. Хан отбасының мүшелері маңызды қызметтер атқарды. Ірі нояндар, бектер, әмірлер, баһадурлер түмендерді, мындық, жүздіктерді басқаратын әскербасылары болып сайланды.

Алтын Ордада жаулап алынған жер мен халықтарды басқару үшін үлыс жүйесі енгізілді. Батый хан тұсында Жошы ұлысында екіге — оң және сол қанатка, негізінен екі мемлекетке бөліну процесі жүргізілді. Оң қанат (үлыстың) басында Батый ханның өзі мен ізбасарлары тұрды. Ал сол қанатты Жошының үлкен ұлы Орда Ежен биледі. Қазакстан жерінің көп бөлігі сол канат құрамына кірді.

Батый мен Орда Еженнің үлыстары өз ішінде тағы да кіші ұлыстарға бөлініп, олардың басында Жошының өзге ұлдары отырды.

Үлысты (үлесті жер) билеуге өкімет басындағы әулет мүшелерінің барлығы күкықты болды. Ал өзге монғол аксүйектеріне үлесті жер ханға еткен еңбегіне карай бөлініп берілді. Біртіндеп аксүйектер құкығы арта түсіп, олар карамағындағы жерді ұрпзғына мұра етіп калдыра алатын дәрежеге жетті. Екінші жағынан Алтын Ордада көшпелілердің ру-тайпалық ұйымдары да сақталды.

1235 жылы Бату (тұңғыштық жолымен) қолбасшы Сүбедей баһадурдың көмегімен батысқа қарай жаңа жорық бастап, алдымен башқұрттарды, сосын 1236 жылы Еділ Бұлғариясын жаулап алады. 1237 жылы ол Украинаның оңтүстік даласын жаулап, ондағы құмандарды батысқа қарай ығыстырды. Содан ол солтүстікке қарай бұрылып, Русьқа басып кірді де үш жыл бойы орыс княздықтарын жаулаумен болды, сол кезде Күйік пен Қадан оңтүстікке қарай жылжыды.

1239 ж. басында Бату хан Еділ өзенінің ту сыртынан орыс жеріне екінші жорыққа аттанды. 1240 ж. күзде Киев алынды. Монғолдар Польша, Венгрия, Чехияны талады. Енді көшпенді империяның жері батыста -Днестрге, шығыста Ертіске, оңтүстікте Солтүстік Кавказға дейін жетті. Батый иеліктері құрамына оңтүстік-шығыста Солтүстік хорезм мен Сырдың төмен жағындағы жерлер енді. Орыс кінәздықтары да Батыйға тәуелді бодан болды. Осындай аса зор мемлекет орыс жылнамаларында Алтын Орда деп атанды. Алғашында Алтын Орда Шыңғысхан империясына оның бір ұлысы ретінде енген еді, ал XVIII ғ. 60-жылдарынан кейін ол дербес ел болып бөлінді. Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ.

Отырықшы аймақтарда Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, ежелгі хазарлар, хорезмдіктер тұрды.

Ал далалық аймағында қыпшақ, найман, қоңырат, арғын, алшын, керей, дулат, үйсін тайпалары т.б. мекендеді. Дешті Қыпшақ пен Еділ бойына қоныс аударған кейбір монғол тайпалары жергілікті халықпен сіңісіп кетті. Алтын Орданың орталық аймағы - Еділ бойы (қазіргі Саратовтан Астраханьға дейін ) астанасы Берке сарайы немесе Сарай-әл-Жадид), негізгі әскери күші - қыпшақтар. Астана Сарай Батудан Сарай Беркеге көшірілді де, кейін Сарайшық қаласы Кіші Астана болды.

Алтын Орда өзін билеген хандары - Батый 1241-1256; Берке -1257-1266; Мөңке-Темір-1266-1280; Мөде-Мөңке-1280-1287; Төле-Бұқа -1287-1291 жж, Тоқа-1291-1312 жж; Өзбек-1312-1342; Жәнібек-1343-1357жж. күшейе түсті. Егер Жошы мен Батый Монғолиядағы ұлы ханға бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді. Батыс Еуропамен, Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда жүргізді. Ислам діні Өзбек хан тұсында үстем дінге айналды. Мемлекет құрылысы әскери негізде болды, шет аймақтарда әскери әкімшілік биледі. Қарулы күштер оң қол, сол қолға бөлініп, оларды ханзада - оғландар, түмен басы, мың басы, жүз басы, он басы басқарды. Қала мен бағынышты аймақты ұстау үшін даруғабектер, басқақтар тағайындалды.

Алтын Орда ішінде азаттық күрестер де, феодалдардың өзара күресі де күшейді. 1238 ж. Бұқарада қолөнерші Махмұд Тараби бастапан көтеріліс болды. 10 мың монғол жауынгері өлтірілді. Бірақ осы ұрыста Махмұд Тараби де қаза тапты. Алтын Орда көтерілісті басып тастады. 1240-1241 жж, 1270 жылы Кама булғарлары көтерілді.

Бұл кезеңде Жошы ұлысы бір-біріне тәуелсіз өзара жауласқан төрт аймаққа бөлініп кетті: Алтын Орда (Мамай ұлысы) – Еуропа мен Ресей, Украина мен Қырым жерінде, Ноғай Ордасы (Ноғай ұлысы) – Батыс Қазастан мен Башқұртстан, Татарстан жерінде, Еділ бойынша, Көк Орда (Шайбани ұлысы) – Орал бойынша және Сібір жерінде, Ақ Орда (Орысхан ұлысы) Ертіс пен Сарыарқа даласында. Осылардың ішінде Қазақ халқының тарихына тікелей қатысы бар мемлекет Ақ Орда, сосын Ноғай ордасы. Ал Шайбани ұрпақтары кейін Өзбекстан жеріне кетті.

Құмандардың батысқа қашып, Мажарстан королінің жерін паналап отырғанын желеу етіп, Бату Шайбан, Орда Ежен, Байдар және Мөңке сияқты Шыңғыс әулеті мен өз бауырларымен бірге батысқа жорық жасады. Легница және Мухи маңында неміс-поляк рыцарьларынан жиналған әскермен шайқасып, оларды талқандады. Бірақ сол 1241 жылы Үгедей хан қайтыс болып, Бату енді ғана қоршап-қамай бастаған Венаны тастап, елге қайтып кетті. Моңғол әскерінің ең батыстағы жаулап алуы осы болды.

1242 жылы Мажарстан арқылы қайтып (жолшыбай Пешт қаласын жаулап), Бұлғарстанды бағындырды. Бату астанасын ежелгі Хазар қағанатының астанасының орнында орналасқан, Еділдің төменгі ағысындағы Сарайшық қаласында орнатты. Содан сәл бұрын Бату мен Орданың бауыры Шайбан Орал тауларының шығысында Обь пен Ертістің бойында өз еншісіне ұлыс алып, сонда кетіп қалған болатын.

Наши рекомендации