Лестіріп берілетін материал ӨЖ №2

Ескерту: Тақырып бойынша ӨЖ-дің күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес қосымша құжаттардың үлгісін өздеріңіз толтыруларыңыз қажет, себебі тапсырмалардағы орындай отырып сіз жаңадан бухгалтерлік құжаттардың реквизиттерімен танысып, үйренесіз.

Тапсырма № 1

Шаруашылық операциялар бойынша шоттардың корреспонденциясын және типтерін анықтау

Шаруашылық операциялар Дт Кр типтер
Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары      
Жеке табыс салығы есептелінді      
Әлеуметтік салық есептелінді      
Кассадан жұмысшыларға еңбек ақысы төленді      

Шаруашылық операциялар бойынша шоттардың корреспонденциясын және типтерін анықтау

Шаруашылық операциялар Дт Кт типтер
Ағымдағы банк шоттарына несие түсті      
Акциялар айналымнан алынды      
Күдікті қарыз бойынша резервтер құрылды      
Әлеуметтік салық бюджетке аударылды      

Шаруашылық операциялар бойынша шоттардың корреспонденциясын және типтерін анықтау

Шаруашылық операциялар Дт Кт типтер
Әкімшілік басқару қызметкерлеріне демалыс күндері үшін қаржылар есептелінді      
Сатып алушылар мен тапсырысшылардан банктік ағым шотқа ақша түсті      
Алименттер есептелінді      
Банктің қысқа мерзімді несиесі төленді      

Тапсырма №2Өткен тақырыптар бойынша реферат дайындау.

1. Ақша қаражаттары есебін ұйымдастыру.

2. Ұлттық және шетелдік валютадағы кассадағы қолма-қол ақша.

3. Кассадағы ақша қаражаттарын сақтау.

4. Кассалық операцияларды жүргізу ережелері.

5. Есеп айырысу, ағымдағы, арнайы және басқадай банктік шоттардағы ақша қаражаттарының есебі.

6. Тауарлы-материалды құндылықтар, олардың есебінің міндеттері және жіктелімі.

7. Қорлардың (босалқылардың) пайдаланылуын және жағдайын бақылау.

8. Материалдардың қоймадағы, бухгалтериядағы есебі. №2 «Қорлар» ХҚЕС.

9. Қорларды бағалау әдістері: орташа есептік құн бойынша, ФИФО, арнайы ұқсастық.

10. Дебиторлық борыштардың есебі.

11. Күмәнді дебиторлық борыштардың есебі және оларды бағалау әдістері. 12. Басқадай дебиторлық борыштар есебі.

13. Алдағы кезең шығындарының және еншілес ұйымдармен есеп айырысу есебі.

14.Негізгі құралдардың есебі.

15. Негізгі құралдардың түсуі мен шегерілуі есебі.

16. Негізгі құралдарды бағалау: бастапқы құн, ағымдағы құн, қалдық құны, жөнелту құны, жойылу құны.

17. Негізгі құралдардың амортизациясы есебі.

18. Материалдық емес активтердің есебі және олардың амортизациясы.

19. Өндіріске қатысты материалдық емес активтер.

20. Коммерциялық қызметке қатысты материалдық емес активтер.

Тапсырма №31030 қалдығы бойынша есеп айырысу шотының айналымын есептеп, соңғы қалдықты анықтау және шоттар корреспонденциясын құру.

І. Ай басындағы қалдық 52000 теңге

ІІ. Шаруашылық операциялар:

1. Жарғылық капиталдың жарнасы есеп айырысу шотына түсті - 10000 теңге

2. Сатып алушылардан ақша қаражаты есеп айырысу шотына түсті - 20000 теңге

3. Сатып алушылардан алдын ала төлем сомасы түсті - 25000 теңге

4. есеп айырысу шотына банктен несие алынды - 15000 теңге

5. Жалдаушылардан жалақсы алынды - 8000 теңге

6. Жабдықтаушылар шоты есеп айырысу шотынан төленді - 6000 теңге

7. Корпоративтік табыс салығы есеп айырысу шотынан төленді - 9000 теңге

8. Есеп айырысу шотынан аккредетив қойылды - 13000 теңге

9. Қосылған құн салығы есеп айырысу шотынан төленді - 11000 теңге

10. Зейнетақы қорына аударымдар есеп айырысу шотынан төленді - 6000 теңге

Лестіріп берілетін материал СӨЖ №3

Жұмыстың мақсаты: Ұзақ мерзімді активтер жайлы түсінік, олардың жіктелуі мен бағалануын, амортизациясын есептеу тәртібін және міндеттемелердің есептелуін үйрену.

Ескерту: Тақырып бойынша ӨЖ-дің күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес қосымша құжаттардың үлгісін өздеріңіз толтыруларыңыз қажет, себебі тапсырмалардағы орындай отырып сіз жаңадан бухгалтерлік құжаттардың реквизиттерімен танысып, үйренесіз.

Тапсырма №1

Амортизация сомасын есептеп, шоттар корреспонденциясын құрыңыз.

Жабдықтың алғашқы құны 300000 теңге, жабдықтың жойылу құны – 9000 теңге. Қолданыста болу мерзімі – 12 жыл.

Тапсырма №2

1010 шотының қалдығы – 5800 теңге. Бір ай ішінде келесідей шаруашылық операциялар жүргізілді:

1. Есеп айрысу шотынан кассаға ақша сомалары түсті – 120500 тг.

2. Кассадан іс сапар шығындары берілді– 10000 тг.

3. Қызметкерлерге кассадан жалақы төленді – 100000 тг.

4. Кассаға тауарды өткізуден түскен қаражат алынды – 30000 тг.

5. Тауар үшін жеткізушіге қолма-қол ақша төленді – 18200 тг.

Кассалық есеп пен корреспонденциялық шот құрыңыз

Тапсырма №3

Осы операцияларды растайтын бухгалтерлік проводкаларды көрсету.

Мекеме балансында баланстық құны 670 000 теңге болатын құрал-жабдық бар. Құрал-жабдықты 4 жыл қолдану болжамданып отыр. Оның жойылу құны 20 000 теңге бағаланады. Осы құрал-жабдықпен байланысты белгілі бір кезең ішінде келесі шаруашылық операциялары жүргізілді:

1. Құрал-жабдықты қолданудың 2-ші жылында жабдықтаушыға құрал-жабдықтың өнімділігін 10% арттыратын жаңа толықтырушы жабдық үшін 40 000 теңге аударылды.

2. 3-жыл ішінде мердігерге құрал-жабдықтың жұмыс жағдайын қамтамасыз ететін жөндеу үшін 67 000 теңге төленді.

3. 4-жыл ішінде мердігерге құрал-жабдықтың пайдалы қызметін 4 жылдан 6 жылға арттыратын жөндеу үшін 140 000 теңге төленді.

Наши рекомендации