Есеп саясаты, оны құрастыру мен бекіту тәртібі.
ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңға сәйкес есеп саясаты – ҚР бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті құрастыру жөніндегі заңнамалық талаптарға, бухгалтерлік есеп стандарттарына, бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспарына сәйкес ұйымның қажеттілігі мен қызметінің ерекшеліктерінен ескере отырып бухгалтерлік есепті жүргізуі мен қаржылық есептілікті құрастыруының қабылданған қағидалары, негіздері, шарттары, ережелері мен тәжірбиесі болып табылады.
Шаруашылық операцияларын, активтерді, капиталды, міндеттемелерді, табыстар мен шығыстарды көрсетудің альтернативті әдістерін ұсынатын халықаралық қаржылық есептілік стандарттары есеп саясатын құрастырудың базасы болады.
Есеп саясатының мазмұны ұйымдардың шаруашылық жүргізу қызметі талабы мен қаржы нәтижесін сипаттауға арналған есеп әдістерін жақсы және тиімді қолданудың жолдарын көрсетеді.
Есеп саясатының мақсаты: бухгалтерлік есеп операцияларын орындау барысында қателер жібермеу, фактілерді бұрмаламау, ұйымдардың қаржы жағдайын бағалау, шаруашылық қызметінің үзіксіздігін қамтамасыз ету, материалды активтерді бағалау мен есептен шығару, таза пайда резервін құру бағытындағы мейлінше жоғары дәрежедегі икемді есеп ақпараттарын қалыптастыру болып табылады.
Есеп саясатының міндеттері:
- қаржылық есептіліктің сенімділігін арттыру үшін қолданылатын маңызды есеп әдістерін белгілеу;
- ұйымдардың есеп варианттарын таңдап алу процесінде ұзақ және қысқа активтерді бағалаудағы, материалды және материалды емес активтерге амортизация есептеудегі әдістерді таңдап алу жөніндегі ұйымның құқығын қамтамасыз ету;
- синтетикалық және аналитикалық счеттар тізімін жасау,
- тауарлы материалды құндылықтарды бағалау және бұларды сату, өндірістік шығындарды реттеу т.б. әдістерді кеңінен қолдану т.б.
Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі есеп саясатының көп варианттығы әр түрлі жағдайда іске асырылады. Есеп саясатын қалыптастырудың типтік оптималды варианты болмайды.
Есеп саясаты – бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті құрастыру үшін ұйым қабылданған әдістер жиынтығы.
Есеп саясаты бухгалтерлік есептің қағидаларына (есептеу және үздіксіздік), сонымен қатар сапалық сипаттамалырына (түсініктілік, орындылық, сенімділік, пен салыстырмалылық) сәйкес бір жылдан артық мерзімге құрастырылады.
Ұйымда қабылданған есеп саясаты келесі жағдайларда өзгертілуі мүмкін:
- мемлекеттік өкілетті ұйым талабы бойынша;
- егер өзгерту қаржылық есептіліктегі ақпараттың шынайы ұсынылуына жағдай туғызатын болса.
- Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңының өзгеруіне сәйкес;
- бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілердің өзгеруі салдарынан.
Есеп саясатына енгізілген өзгертулер осы ұйымның басқару құжаттарымен, яғни бұйрық, өкім немесе қаулылармен рәсімделуі қажет. Ұйымның қабылдап бекіткен есеп саясаты сол ұйымның қызмет атқаруы барысында қолданылады.
Ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу жолдары есеп саясатының дайындалған кезінде таңдалып алынады. Бұл есеп саясаты ұйымның барлық құрылымдық бөлімшелерінде олардың орналасқан орындарына қарамастан қолданылады. Ұйымның филиалдарының, еншілес және тәуелді серіктестерінің және тағы басқа бөлімшелерінің өзіндік бухгалтерлік есеп жолдарын жүргізуіне, яғни басқа есеп саясатын таңдауына құқығы жоқ.
Бас ұйым қаржылық қызметінің бөлімшелерін есеп саясатындағы болған өзгерістер туралы алдын ала қамтамасыз етуі қажет.
Егер есеп саясатындағы өзгерістер өткен және есепті кезеңдерге, алдағы кезеңдерге елеулі әсер ететін болса, онда ұйым табыстар мен шығыстар жөніндегі есептілікке сәйкес түзетулер жасай отырып, өзгерістер нәтижесінде орын алуы мүмкін жағдайларды бағалуы қажет. Есеп саясатын өзгерту нәтижесінде пайда болған түзетулер сомасы есептілікте бөлінбеген табыстың бастапқы қалдық сомасын өзгерту арқылы немесе есепті кезеңнің таза табысын (зиянын) есепке алу арқылы қөрсетіледі.
Есеп саясатын құрастыру жаупкершілігі ұйым басшылығына берілгендіктен, есеп саясаты мен оның барлық өзгерістері ҚР заңнамасы мен ұйымның жарғысында (ереже) көрсетілген тәртіпке сәйкес бекітілуі қажет. Бекітілуі тиіс тараулары:
- Жұмысшы шоттар жоспары;
- Ұйым қызметінің ерекшелігін ескере отырып дайындалған арғашқы есеп құжаттарының нысандары, ішкі бухгалтерлік есептілік қжаттарының нысандар;
- Активтер мен міндеттемелерді түгендеу тәртібі;
- Активтер мен міндеттемелерді бағалау әдістері;
- Құжат айналысы ережесі жіне мәліметтердіқңдеу технологиясы;
- Бухгалтерлік операцияларды бақылау тәртібі
- Есепті ұйымдастыруға қажетті басқа да шешімдер.