Сызба. Мемлекеттік кредиттегі себеп-салдарлық өзара байланыстар

Сызба. Мемлекеттік кредиттегі себеп-салдарлық өзара байланыстар - student2.ru

Мемлекеттік борыштың пайда болуы мен өсуінің себебі мемлекеттік бюджеттің тұрақты тапшылығы болып табылады. Ол бюджеттің шығыс бөлігіне қатысты 2007 ж – 8,0%-ды, 2008 ж – 9,8%-ды құрады. 2009 жылы республикалық бюджет осы жылға жоспарланған ІЖӨ-ге қатысты 3,1% тапшылықпен атқарылды.

Алайда борыштың бұл түрінің түзілу себептеріндегі, әдістеріндегі және жұмыс істеу ерекшеліктеріндегі айырмашылық елеулі болады. Дамыған елдерде мемлекеттік борыш және оны тудырған бюджет тапшылықтары экономикалық циклге экономиканы тұрақтандыру мен оны дамытудың кiріктірілген фактор- лары болып табылады. Халықтан, корпорациялардан, банктерден, басқа қаржы және кредит мекемелерінен қарызға алынған ақшалары өнімді пайдаланылады және аталған қарыз алушылардың активтері ретінде қаралады. Мемлекеттік борыш «ұлттың өзіне өзінің қарызы» ретінде қаралады және ұлттың жиынтық байлығының жалпы мөлшеріне әсер етпейді. Ішкі борышты басқару жөніндегі пайызарды төлеу қажеттігі түріндегі оның белгілі бір теріс зардаптары инвестицияларға немесе елдің экономикасын дамытуға қосымша қаржылық ресурстарды жұмылдырудан болатын оңтайлы нәтижелермен жабылады. Ішкі борыштың өсуі кезінде ұлттық табыс пен байлық кемімейді, мұның өзі, әрине, табыстардың қайта бөлінісімен байланысты болатын бірқатар келеңсіз салдарларды жоққа шығармайды, олар мынаған саяды:

1 Берешекті өтеу мен пайыздарды төлеу бюджет қаражаттары есебінен, яғни салық төлеушілер есебінен жүргізіледі, сөйтіп, табыстар мемлекеттік бағалы қағаздар иелеріне, әдеттегідей, қоғамның дәулетті жіктеріне ағылады.

2 Салықтарды көбейту жолымен мемлекеттік борышты азайту жөніндегі мемлекеттің іс-қимылы кезінде макроэкономикалық тәуекелдер қосылады, жиынтық сұранымның қысқаруы тепе-теңді таза ұлттық өнімнің азаюына ұрындырады, кәсіпкерлер тарапынан қаражаттардың жұмсалымына деген ынталандырмалары төмендейді, экономикаға қаражаттарды инвестициялау қысқарады.

3 Жекеше кәсіпкерлердің «ин­вес­ти­цияла­рын­ ығыс­ты­ру» нәтижесі іс-әрекет етеді. Бұл құбылыс мынадан туып отыр. Мемлекет бюджет тапшылығын немесе борышты жабу мақсатымен несие рыногына шыға отырып, ақша рыногында бәсекені күшейтеді, мұның нәтижесінде ақшалай капиталдың пайыздық мөлшерлемелері артады. Бұл жекеменшік секторды инвестициялардың бір бөлігінен айырады, ал инвестициялық шығыстардың төмендеуі тепе-теңді таза ұлттық өнімді азайтады.

Егер мемлекет ақша рыногының оқшауландырылған қаражаттарын тұтыну мақсаттарына емес инвестициялық тауарларға бағыттаса, егер экономика жұмыспен толық емес қамтылған жағдайда жұмыс істесе мұндай іс-әрекеттің келеңсіз нәтижесі шектелуі мүмкін.

Қазақстан практикасында бюджет тапшылықтары мен мемлекеттік борыш қаржыландыру нысандары және туындайтын зардаптары бойынша айтарлықтай ажыратылады. Мемлекеттік борыштың едәуір бөлігі мем­ле­кет­тік­ қа­зы­на­шы­лық­ мін­дет­те­ме­лер­ бой­ын­ша­ бе­ре­шек­ нысанында көрсетіледі. Мемлекеттің қолданыстағы жоғары дисконтқа қарыз алған сомасы екінші деңгей банктері мен басқа коммерциялық құрылымдардың табысына айналады.

Ішкі мемлекеттік борыштың басқа нысандары мыналар болды: бюджет тапшылығын жабу үшін бұрын алынған кредиттер бойынша Ұлт­тық­ банк­ке­ бе­ре­шек; облигациялар және басқа бағалы қағаздар шығарумен ресімделген ха­лық­тан,­ ша­ру­ашы­лық­ жүр­гі­зу­ші­ суб­ъек­ті­лер­ден­ алын­ған­ қа­рыз­дар­ бой­ын­ша­ бо­рыш.

Қазақстанда оның дербес дамуының басынан ішкі мемлекеттік борыштың айрықша нысандары болды:

ауыл шаруашылығы өніміне, жеңіл өнеркәсіп үшін шикізатқа бағалардағы айырманың орнын толтыру және ауыл шаруашылығы өніміне сатып алу бағала- рына сараланған үстемақы төлеу бойынша бюд­жет­тің­ шы­ға­рыл­ған­ бе­ре­ше­гі, бұл бөлудің әкімшілік әдістері жағдайларындағы баға сәйкессіздіктерінің нәтижесі болып табылады;

банк­тер­дің­ не­сиеле­рі ­бой­ын­ша ­су­ ша­ру­ашы­лы­ғы­ның ­ауыл­ ша­ру­ашы­лы­ғы ­кә­сі­по­рын­да­ры­ мен ­ұйым­да­ры­ның ­шығарылған берешегі – қырсыздықтың, кредиттеу қағидаттарының және шаруашылық жүргізудің шаруашылық есебінің бұзылуының салдары;

«директивалық кредиторлар» деп аталатындар нысанындағы, сондай-ақ іш-кіреспубликалық есепке алу міндеттемелеріне қызмет көрсету және өтеу бойынша қордаланған берешек. Директивалық кредиттерді дағдарыс жағдайларында кәсіпорындар мен салаларға олардың шаруашылық қызметін қолдап отыру үшін Қаржы министрлігінің кепілдігімен Ұлттық банк беріп отырды. Ішкі Республикалық есепке алу дебиторлық және кредиторлық берешектер бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың өзара борыштарын өтеу үшін жүргізілді. Дерективалық кредиттер мен өзара есепке алуларды пайдаланудың нәтижелері бойынша жағымсыз салдарларына байланысты ішкі кредиттеудің бұл нысандары мұнан былай қолданылмайды.

Мем­ле­кет­тік­ бо­рыш­қа ­қыз­мет­ көр­се­ту деп уақыттың белгілі бір кезеңінде қарыз алу шарттарынан туындайтын сыйақы, комиссиялық, айыппұлдар және өзге төлемдердің жиынтық төлемақыларын айтады.

Қа­рыз­ға­ қыз­мет­ көр­се­ту – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті ор- ганның немесе қарыз алушының шоттарындағы қарыздық қаражаттарды пайдаланудың есебі бойынша банктің және қарыз шарттарына сәйкес қарыз алушының сыйақы, комиссиялық және өзге төлемдерін жүзеге асыру қызметі.

Бо­рыш­ты­ өтеу – қарыз алушының қарыздың алынған сомасын кредиторлармен келісімшарттармен белгіленген тәртіппен қайтаруы, борыштың басқа құрамды бөлігінің белгіленген тәртібі мен міндеттемелердің орындауы.

Наши рекомендации