Гемодинамикаға əсері.

Жүрек гликозидтері жүрек жетімсіздігімен ауыратын науқастардың гемодинамикасына қолайлы əсер етеді:

• Жүректің жиырылуын күшейту нəтижесінде қанның минуттық көлемін арттырады;

• Артериялық қысымды қалпына келтіреді;

• Үлкен қан айналымын шеңберінде веналық бөліктің жұмысын жеңілдетеді;

• Қанның қалдық көлемін жəне қарыншалардағы диастола қысымын төмендетеді, субэндокардты қан ағысын жақсартады;

• Кіші қан айналым шеңберіндегі тамырлардағы қысымды төмендетді. бұл өкпе ісігінің болу қаупін азайтады, газ алмасу жəне қанның оттегімен қанығуын жақсартады (көгеру, апқыну, ұлпалар гипоксиясы, метаболизмдік ацидоз жоқ болады). Қан ағысының жылдамдығын күшейтеді, қанның реологиялық қасиеттерін жақсартады.

Зəр айдаушы əсері.

Жүрек гликозидтері айналушы қан көлемін азайтады жəне жүрек жетімсіздігімен ауыратын науқастардағы ісікті жоғалтады, бүйректегі қан ағысты жəне біріншілік зəрдің фильтрациясын күшейтеді. Жүрек гликозидтері альдостерон жəне вазопрессин секрециясын тежейді, оның нəтижесінде натрий иондарының жəне судың реобсорбциясын төмендетеді, ағзада калий иондарының сақталуын қамтамасыз етеді.Жүрек гликозидтерінің зəр айдаушы əсері жүрек жетімсіздігімен байланыссыз ісіктерде болмайды.

Фармакокинетика.

Жүрек гликозидтерінің фармакокинетикасы олардың физико-химиялық қасиеттеріне тəуелді. Померлы емес жүрек гликозидтері майларда жақсы ериді жəне жасуша жарғақтарынан жеңіл өтеді, померлы заттар суда ериді жəне мембрана арқылы нашар өтеді, жүрек гликозидтері қаңқа бұлшықеттерінде жиналады, миокарда енгізген дозаның 1%-і енеді. Азған бұлшық еттері нашар дамыған ауруларда жəне балаларда жүрек гликозидтерінің қандағы мөлшері жоғарылайды. Қанда жүрек гликозидтері ақуыздармен байланысып қорланған. Тиреотоксикозда жүрек гликозидтерінің байланысы жоғарылайды, керісінше гипотиреозда төмендейді. Сəйкесінше қалқанша безі патологиясынан зардап шегетін науқастарда қандағы бос фракция жоғары немесе төмен болады. Дигоксин қағанақ арқылы енеді. Жүрек гликозидтерінің элиминациясы биотрансформация жəне өзгермеген заттар немесе олардың метаболиттері зəр арқылы немесе өт арқылы бөлінеді. Фармакокинетикалық параметры бойынша жүрек гликозидтері 3-топқа бөлінеді. ==Полярлы емес липофилды жүрек гликозидтері.===- Дигитоксин тек қана стероидты ядросында 1 гидроксилды тобы болады. Ішке қабылдағанда дигитоксинның 95-97%-і сіңіріледі. Ақуыздармен 95-97% молекулалар берік байланысқан, сондықтан дəрінің миокардқа енуі баяу жүреді. Дигитоксин түгелдей бүйрек өзекшелерінде реобсорбцияға ұшырайды жəне энтерогепатикалық циркуляцияға ұшырайды, кумуляциялану қабілетіне ие. Элиминация коэффициенті бар болғаны 7%-ті құрайды. Ағзадан бөліну үшін дигитоксин бауырда полярлы дигоксинге тотығады. Дигитоксинды (кардигин, кристодигин) ішке тағайындайды. Оның кардиотоникалық əсері 1,5-2 сағаттан кейін болады, бір рет енгізілген дəрінің дозасы ағзадан 14-21 күннен соң бөлінеді.

Аралық полярлы жəне липофилды қасиеттері бар жүрек гликозидтері.

Дигоксин стероидты ядросында 2 гидроксилы болады. Дигоксинның биожеткіліктілігі 70-80%-ті құрады, сары су ақуыздарымен оның молекуласының 20-40% байланысқан, дигитоксинге қарағанда миокарда жылдамдау енеді. 10% адамдардың ішегінде Eubacterium lentum бактериясы болады, бұл бактерия дигоксинды белсенділігін жоғалтқан қосындыға айналдырады. Бұл толерантолықтық себебі болуы мүмкін. Дигоксин зəрмен өзгермеген күйде шығарады, орташа дəрежеде ағзада жиналады, оның элиминация коэффициенті 20%-ке тең. Дигоксин (ланикор, новодигал) дəрілік препараты жəне целанид (изоланид) ішке қабылдайды (əсер ету басы 40-60мин) венаға енгізеді (əсер ету басы 10-20 мин кейін). Бүтін терапевтік доза 5-7 күн аралығында шығарылады. Дигоксин кең түрде қолданылатын препарат болып табылады (яғни қолайлы фармакокинетикасы мен оның қандағы мөлшерін анықтаудың қолайлылығы). Целонидтың биожеткіліктігі аз (40-60%) жəне оның кардиотоникалық əсері əлсіз ол медицина тəжірибесінде сирек қолданылады. Полярлы суда ерігіш жүрек гликозидтері. Строфантин жəне конваллятоксин агликон бөлігінде 4-5 гидроксилы болады. Ішке қабылдағанда олар сіңірілмейді (биожеткіліктілігі 3-8%). Қанда аз мөлшерде ақуыздармен байланысады. Миокардқа тез енеді, өзгермеген түрде зəр жəне өт арқылы шығарылады, төмен кумуляцияға ұшырайды. Строфантин жəне конваллятоксинның элиминация коэффициенті - 40%. Строфантин жəне коргликон венаға енгізіледі.

Қорытынды

Жүрек-қан тамырлар жүйесі аурулары, соның ішінде жүректің ишемиялық аурулары мен гипертония ауруы және олардың асқынулары адамдар өлімінің, мүгедек болуының негізгі себептері болып саналады. Бұл аурулар өлім, мүгедектілік санының артуы салдарынан барлық елдер экономикасына үлкен шығын келтіреді. Ұзақ уақыт әсер еткен химиялық препараттар организм мүшелері мен функциясы негативті әсер көрсетеді (әсіресе бауырға), яғни белгілі бір дәрежеде өмірге қауіпті болады. Ал дәл таңдалған табиғи дәрілік өсімдіктер қосындысы (фитотерапия) әсері тез болмағанымен, организмге еш зиян келтірмей, жұмсақ және ұзақ әсер көрсетеді. Сондықтан жүрек-қан тамырлар жүйесі патологиясында фитопрепараттарды қолдану өте тиімді болып табылады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Наши рекомендации