Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны

Азақстан тарихы» пәнінен оқу бағдарламасы

Түсінік хат

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

2. Пәнді оқытудың мақсаты – оқушылардың білімі мен дайындық деңгейін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі нақты тарихы бойынша білім беру.

3. Қойылған мақсаттарға сай пәнді оқытудың келесі міндеттері орындалуы тиіс:

1) оқушыларға Қазақстан тарихы бойынша толыққанды, жүйелі білім беру;

2) Қазақстан тарихы бойынша тарихи терминологияларды меңгерту;

3) оқушылардың тарихи фактілер мен құбылыстарды талдап-қорыту, тарихи оқиғалардың мақсаты мен мәнін анықтай білу, оның маңызын бағалай білу дағдыларын қалыптастыру;

4) оқушыларды оқытылатын кезеңдегі ғылым мен мәдениеттің көрнекті өкілдері мен саяси жетекшілердің қызметіне, тарихи оқиғаларға салыстырмалы талдау жасауға дағдыландыру;

5) оқушылардың қазақ және басқа да халықтардың мәдени мұраларына қызығушылығын қалыптастыру;

6) оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, түрлі дерек көздерінен қажетті ақпаратты іздестіру арқылы өзіндік жұмыспен айналысуына мүмкіндік беру.

4. Келесі пәндермен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады:

1) «Дүние жүзі тарихымен»:

Қазақстан тарихы дүние жүзі тарихының құрамдас бөлігі;

Қазақстан тарихын оқытқанда көршілес мемлекеттердің тарихымен байланысты қарастырылатын ортақ мәселелерді қарастыру;

2) «Географиямен»:

Қазақстан территориясының және шекарасының анықталу кезеңі;

Қазақстан территориясында әкімшілік-территориялық реформалардың жүргізілуі;

Қазақстан территориясының ландшафты, климаты, жануарлар мен өсімдіктер әлемін, пайдалы қазбаларын зерттеген түрлі экспедициялар қызметі;

3) «Қазақ әдебиетімен»:

Қазақстанның көрнекті ақын-жазушыларының көркем шығармаларды жазуда тарихи оқиғалармен байланыстыруы;

ХХ ғасырдағы қазақ зиялыларының шығармашылықтарын білу;

4) «Орыс әдебиетімен»:

орыс ақын-жазушыларының шығармаларында қазақ қоғамының көрініс табуы;

орыс ақын-жазушыларының шығармаларындағы қазақ халқының өміріне байланысты зерттеу материалдарын білу;

5) «Бейнелеу өнерімен»:

бейнелеу өнерінің дамуы;

қазақтардың қолданбалы қолөнер туындыларының тарихы;

ХVІІІ – ХІХ ғғ. суретшілер еңбегіндегі Қазақстан тақырыбы;

6) «Музыкамен»:

музыкалық шығармалардың тарихи оқиғалармен байланыстылығы;

Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғаларды баяндауда музыкалық шығармалардың дерек көзі ретінде қызметі;

музыка өнерінің тарихы, әнші-сазгерлердің өмірі мен шығармашылығы.

5. Оқу жүктемесінің көлемі:

1) 5-сыныпта аптасына – 1сағат, оқу жылында 34 сағат;

2) 6-сыныпта аптасына – 2сағат, оқу жылында 68 сағат;

3) 7-сыныпта аптасына – 2сағат, оқу жылында 68 сағат;

4) 8-сыныпта аптасына – 2сағат, оқу жылында 68 сағат;

5) 9-сыныпта аптасына – 2сағат, оқу жылында 68 сағат.

Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны

6. «Тарих әлемі» (2 сағат):

тарих туралы түсінік, тарихты зерделеу не үшін қажет, Қазақстан тарихы–дүние жүзі тарихының құрамдас бөлігі, Қазақстан тарихының кезеңдері (ежелгі, орта ғасырлардағы, жаңа және қазіргі заманғы тарих);

тарихи жәдігерлер, тарихи жәдігерлердің түрлері (ауызша, жазбаша, археологиялық), заттай, жазбаша жәдігерлер.

7. «Тарихқа саяхат» (14 сағат):

адамның шығу тегі әлемнің пайда болуы туралы қазақ аңыздары, адамның шығу тегі туралы ғылыми көзқарастар, Қазақстан территориясындағы ежелгі адамдар;

Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі, палеолит – ерте тас дәуірі, ежелгі еңбек құралдары, адамдарды топтасып өмір сүруі, табиғат, ауа райы, мұз басу, мезолит – орта тас дәуірі, күннің жылынуы, мұздықтардың еруі, кішігірім, жүйрік аңдарды аулауға арналған садақ пен жебені және бумарангты ойлап табу, жеке аң аулау, жаңа еңбек құралдарының пайда болуы, неолит – жаңа тас дәуірі, микролиттік мәдениет, мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуы;

Қазақстан территориясындағы қола дәуірі (алғашқы металдар, қоланы пайдалануды үйрену), андронов мәдениеті, қола дәуіріндегі тайпалардың шаруашылығы, қола дәуіріндегі тайпалардың мәдениеті;

сақ тайпалары, сақтар – ежелгі Қазақстанды мекендеушілер, сақтар туралы парсы және грек жазбалары, сақтардың тұрмысы, шаруашылығы, олардың әдет-ғұрыптары, сақ билеушілері, сақтардың басқару жүйесі, Томирис пен Зарина – сақтардың атақты патшалары (ханшайымдары), сақтардың тәуелсіздік үшін күрестері, парсылармен соғысы, Шырақтың ерлігі, сақ мәдениеті, «Алтын адам» – қазақ халқының баға жетпес мәдени мұрасы;

Қазақстан территориясындағы ғұн тайпалары мөде – ғұн мемлекетінің негізін қалаушы, ғұндардың тарихы, ғұндардың шаруашылығы, тұрмысы, халықтардың ұлы көші, Аттила (Еділ) – ұлы жаһангер;

Қазақстан территориясындағы көне түркілер («түркі» түсінігі), Түркі қағанатының құрылуы, Бумын қаған – Түркі қағанатының негізін қалаушы, көне түркілердің тұрмысы және қызметі, көне түркілердің мәдениеті, діни түсініктері, көне түркі жазбалары;

Шығыс даналары (әл-Фараби – шығыстың көрнекті ойшылы» Аристотельден кейінгі екінші ұстаз, Ж. Баласағұн);

Ұлы Жібек жолы – маңызды сауда жолы орта ғасырлардағы Қазақстан қалалары, қалалардың құрылысы, ірі қалалар (Түркістан, Сығанақ, Сайрам, Тараз);

монғол шапқыншылығы, монғолдар қазақ даласында, Отырар – қаһарман – қала, (Отырар қорғанысы. Отырардың күйреуі);

қазақ халқының және Қазақ хандығының құрылуы, «қазақ» терминінің пайда болуы және маңызы, Алтын Орданың ыдырауы, Ақ Орданың құрылуы, Әбілхайыр хан мемлекеті, Керей мен Жәнібек сұлтандардың бөлінуі және өздерінің руларымен Моғолстан территориясына қоныстануы, қазақ хандығының құрылуы, жүздердің қалыптасуы, Қасым хан тұсындағы қазақ хандығының күшеюі;

қазақ хандары, билері және батырларының тарихы, хан – ел билеушісі, аңызға айналған қазақ хандары (Алаша хан, Уыз (Оғыз хан), қазақ хандары – Керей, Жәнібек, Бұрындық, Қасым, Хақназар, Тәуке), қазақ қоғамындағы билердің рөлі, билер – дана, шешен, қазылар, қазақ қоғамындағы батырлардың алатын орны, ХVІІІ ғасырдың ұлы батырлары;

Қазақстан және Ресей қазақ-жоңғар соғысы, Қазақстанның Ресейге қосылуы, Әбілхайыр ханның Ресей құрамына кіруге ұмтылысы, Кіші жүз қазақтарының Ресей империясының құрамына қабылдануы, А.Тевкелевтің елшілігі;

Абылай хан, өмірі мен саяси қызметі;

қазақ ағартушылары, қазақтың ұлы ғалымы Ш.Уәлиханов, (Ш.Уәлихановтың өмірбаяны, Омбыдағы кадет корпусында білім алуы, Ф.М.Достоевскиймен достығы, Қашғарға сапары), Абай Құнанбаев – қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы (Абайдың балалық шағы. Абай – сазгер, Абай өлеңдері, қара сөздері), Ыбырай Алтынсарин – ғалым-ағартушы, (Ы.Алтынсарин педагог, Қазақстанда қыздарға білім беретін мектептің негізін салушы);

8. Қорытындылау (1 сағат).

9. «Әсемдік әлемінде» (6 сағат):

қазақ халқының материалдық мәдениет, қазақтардың тұрғын үйлері (киіз үй, киіз үйдің жиһаздары), қазақ халқының ұлттық киімдері, қазақтардың қолөнер бұйымдары;

архитектуралық ескерткіштер, Қазақстан территориясындағы ежелгі құрылыстар, орта ғасырлардағы архитектуралық ескерткіштер (Қозы Көрпеш- Баян Сұлу, Бабаджа – қатын, Айша бибі, Алаша хан, Сырлытам. Қожа Ахмет Йассауи кесенелері);

қазақ халқының рухани мәдениеті, қазақ халқының мейрамдары;

наурыз мейрамы (наурыз – жаңа жыл), халық ауыз әдебиеті және қазақ халқының шешендік өнері (дастан, аңыз-әңгімелер, шежірелер), қазақ халқының айтыс өнері, шешендердің өнері (Жиренше шешен, Аяз би, Алдар Көсе);

қазақ халқының музыка өнері, күй өнері (Құрманғазы, Тәттімбет, Ықылас, Қорқыт);

діннің пайда болуы, ежелгі адамдардың діни түсініктері, қазақ халқының діни наным-сенімі.

10. «Қазақстан ХХ ғасырда» (6 cағат):

Қазақстан Ресей құрамында, 1917 жылы патшаны тақтан тайдыру, 1917 жылы қазанда большевиктердің билікті алуы, Қазақстанда Кеңес билігінің орнауы, азамат соғысы, КСРО-ның құрылуы;

қазақ ұлттық зиялылары (Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов);

Қазақстан 1941 – 1945 жылдары, Ұлы Отан соғысы жылдарында, КСРО-ға қарсы Германияның фашистік әскери жоспары, Ұлы Отан соғысының басталуы, Ұлы Жеңіске қазақстандықтардың қосқан үлесі, Қазақстан майдан арсеналы, Қазақстандықтардың соғыс жылдарындағы еңбектегі ерлігі;

тың игеру (тың және тыңайған жерлерді игерудің себептері, тың және тыңайған жерлерді игеру, тың игеру қорытындылары);

Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің дамуы (Қ.И. Сәтпаев – қазақтың тұңғыш академигі, Қазақ Ғылым академиясының бірінші президенті), «Мәдени мұра» бағдарламасы;

ғарышты игеру, Қазақстан – ғарыш айлағы (Байқоңыр, Қазақстандық ғарышкерлер – Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев).

11. «Тәуелсіз Қазақстан» (3 cағат):

Қазақстан – егеменді мемлекет, КСРО-ның құлауы, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы, Н.Ә. Назарбаев – тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері (мемлекеттік рәміздер туралы түсінік, қазақ халқының мемлекеттік рәміздері тарихынан, Қазақстан Республикасының рәміздері, Қазақстан Республикасының азаматтарының конституциялық міндеттері –мемлекеттік рәміздерді құрметтеу);

Астана – Қазақстанның жаңа астанасы (біздің еліміздің бас қаласы), Қазақстан астаналары (Орынбор, Қызылорда, Алматы), 1997 жыл – Астана қаласының еліміздің елордасы болып жариялануы;

12. Қорытынды қайталау (2 сағат).

Наши рекомендации