Азақстандық ипотекалық компания қайталамалы нарық операторы ретінде

«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» Акционерлік Қоғамы 2000 жылдың желтоқсан айынан бастап қаржы нарығында қызмет атқарып келеді. Компания қызметінің негізгі мақсаты ипотекалық несиелендіру көлемін ұлғайту, пайыздық мөлшерлемені төмендету арқылы тұрғын үйді сатып алу үшін қолайлы жағдайлар туғызу болып табылады. Қазақстан Ипотекалық Компаниясының рөлі коммерциялық банктер сияқты ипотекалық тұрғын үй қарызын беру болып табылмайды, негізгі рөлі - ипотекалық нарықты құру мен реттеу.

«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ бағдарламалары бойынша несиелер банк-серіктестер арқылы беріледі. Осындай банктерге екінші деңгейдегі банктер және банк қызметінің жекеленген түрлерін іске асыратын ұйымдар жатады. Сондықтан Қазақстан Ипотекалық Компаниясы қызметтерінің негізгі бағыттары банктермен берілген ұзақ мерзімді ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талап құқықтарын сатып алу, сондай-ақ ипотекалық несиелендіру үшін ұзақ мерзімді қорларды тарту болып табылады, оның ішінде меншікті ипотекалық бағалы қағаздарды шығару арқылы да.

Қазақстан Ипотекалық Компаниясы дүниежүзіндегі ең үздік тәжірибені үлгі етіп алды және американдық Fannie Мае және малазиялық Cagamas Berhad сияқты белгілі дүниежүзілік компаниялар нұсқасы бойынша құрылған болатын.

2001 жыл – Қазақстан Республикасында бірінші ипотекалық несие берілген жыл. Дәл осы кезеңнен бастап біздің мемлекетімізде ипотекалық несие беру тарихы өз есебін бастады. Осы несие Қазақстан Ипотекалық Компаниясының бағдарламасы бойынша берілгендігін ескере кеткен жөн.

Қазақстан Ипотекалық Компаниясы 2002 жылы ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші болып ипотекалық облигация шығарды. 2002 жылдың қараша айында «Қазақстан Қор Биржасы» ЖАҚ Биржалық Кеңесінің шешімімен «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ-ның облигациялары «А» санаты бойынша ресми тізімге енгізілген болатын.

«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ-ның қаржы агенттігі мәртебесін алуы 2003 жылдың маңызды оқиғасы болып табылады.

2004 жылы Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясында қол жетімді тұрғын үйге ипотекалық несие берудің Арнайы бағдарламасы әзірленді және қабылданды. Бұл бағдарлама бойынша Қазақстан Ипотекалық Компаниясы қаржы операторы рөлін атқарады және ипотекалық облигациялар шығарады, сонымен қатар еліміздің тұрғындарын 146,1 млрд. теңге көлемінде ипотекалық несиемен қаржыландыруы тиіс.

2010 жылы "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" еншілес ұйымы "ҚазИпотека" ИҰ» АҚ-ымен қосылу арқылы қайта ұйымдастырылды. "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ипотекалық ұйымы мәртебесін және тұрғындарға ипотекалық несие беруді тікелей жүргізу құқығын алды.

"Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" Ипотекалық Ұйымы» АҚ 2012 жылы «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы аясындағы ең басты бағыттардың бірі «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйлер» бағытын іске асыру бойынша оператор болып отыр.

"ҚИК" ИҰ" АҚ-ымен Бағдарламаны сәтті жүзеге асыру мақсатында екі еншілес ұйым - "Бірлескен Төлем Жүйесі" ЖШС және "Қазақстан Тұрғын үй - Құрылыс Корпорациясы" АҚ құрылды, олар жалға берілетін тұрғын үй құрылысынсалушылармен, қызметтерді жеткізушілермен және жалға алушылармен қажетті жұмыстарды жүргізетін болады.

2013 жылғы 24 қазаннан бастап Компания акционері-"Байтерек" ұлттық басқарушы холдингі"АҚ".

Компанияның міндеті –мемлекеттік және өзінің меншікті бағдарламалары аясында ипотекалық несие беру және «сатып алу құқығымен жалға беру» құралдары арқылы Қазақстан Республикасының халықтары үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру.

Мақсаттары:

· Мемлекеттік бағдарламаларды және өз бастамашылығын іске асыру аясында өнімдер мен қызметтерді ұсыну жолымен халықтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуді арттыру;

· Ипотекалық несие беру саласында ұзақ мерзімді қорларды тарту, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер мен ипотека ұйымдарының өтімділігін арттыру;

· «Сатып алу құқығымен жалға беру» бағыты бойынша «Қолжетімді тұрғын үй-2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру;

· Ипотекалық несие беру және тұрғын үйді жалға беру нарығын жетілдіру және дамыту.

· «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы

· Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21.06.2012 ж. №821 Қаулысымен «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» Бағдарламасы бекітілді.

· Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі іске асырады (ҚТКШІА). Бағдарламаның негізгі бағыттарының біреуі «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй»болып отыр, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ (ҚИК) оның операторы болып табылады.

· Бағдарламаның басты мақсаты тұрғындар үшін тұрғын үйдің қол жетімділігін одан әрі арттыруды қамтамасыз ететін,тұрғын үй құрылысын дамыту мәселелерін кешенді шешу болып отыр.

· Бағдарламаны 2020 жылға дейін іске асыру нәтижесінде ҚИК Қазақстанның барлық аймақтарында жалға берілетін тұрғын үйдің 3 125 000 шаршы м пайдалануға береді.

· I Бағдарламаларға қатысушылар

· ҚИК желісі бойынша І және ІІ топ қатысады:

· I топ: Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңы) 67 бабының 1 тармағының 1-1), 2),3) тармақшаларымен қарастырылған тұлғалар санаты

II топ: барлық санаттағы тұлғалар, атап айтқанда, «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үй желісі» бағыты бойынша басымдылық берілетін тұлғалар

Наши рекомендации