ЖаҺандану жағдайындағы еуразиялық интеграциялық үдерістер.
Негізгі түсініктер: еуразиялық интеграция экономикалық кеңістікБіртұтас экономикалық кеңістік
Әдебиеттер тізімі:
Мансуров Т.А. Бизнес в ЕврАзЭС в условиях Таможенного союза и Единого экономического пространства. «Литер», Казахстан, 26 сентября 2011 г.
Путин В.В. Новый интеграционный проект для Евразии — будущее, которое рождается сегодня // «Известия», 3 октября 2011 г.
Лукашенко А.Г. О судьбах нашей интеграции // «Известия», 18 октября 2011 г.
Назарбаев Н.А. Евразийский Союз: от идеи к истории будущего // «Известия», 26 октября 2011 г.
1.Еуразиялық экономикалық қоғамдастық -2000 жылғы 10 қазанда Астана қаласында халықаралық экономикалық ұйым ретінде Кедендік Одаққа қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған ЕурАзЭҚ құру туралы шартқа сәйкес құрылды. ЕурАзЭҚ бастауы 1994 жылы Чолпан ата қаласында (Қырғызстан) Орталық Азия Одағы шеңберінде өткен Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан мемлекет басшыларының кездесуінде Біртұтас Экономикалық кеңістікті құру туралы қабылданған шешіммен байланысты.
ТМД шеңберінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қалыптасуы Достастық елдерінің ықпалдастықтың жаңа деңгейіне ұмтылатындығын көрсетті. Сонымен қатар ТМД-ның ішкі мәселелері де ықпалдастықтың жаңа деңгейін қажет етті.
Бұл ұйымға Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан, Армения, Молдова республикалары мүше, ал Украина бақылаушы мемлекет болып табылады. ЕурАзЭҚ құру негізіне «Кедендік Одақты және Біртұтас Экономикалық кеңістікті тиімді қалыптастыру» мақсатында қалыптастырылған сауда-экономикалық ынтымақтастық тұжырымы алынды. Мемлекетаралық Кеңес, Интеграциялық Комитет, Парламентаралық Ассамблея және Қоғамдастықтың Соты ЕурАзЭҚ-тың басқару органдары болып белгіленді.
2003 жылы мамыр айында БҰҰ ЕурАзЭҚ-ты халықаралық ұйым ретінде мойындады. ЕурАзЭҚ-тың 2003 жылдың 27 сәуірде Душанбе қаласында өткен Мемлекетаралық Кеңесінде Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтағы іс ахуалы және интеграциялық ынтымақтастықты жеделдету жөніндегі ұсыныстар туралы» баяндамасы тыңдалды. Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы келесі қадам – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ). Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт 1992 жылы ТМД шеңберінде Достастық елдерінің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әскери-саяси ынтымақтастықты нығайту мақсатында құрылғандығы белгілі. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа ресми түрде 1992 жылы 15 мамырда Ташкент қаласында қол қойылды. Келісімге ТМД-ның алты мемлекеті: Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан қол қойды. Кейіннен Беларусь қосылды. Ұйымның жоғарғы органы – Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі. Сонымен бірге, өкілетті өкілдерден тұратын Тұрақты Кеңес, Сыртқы істер министрлері кеңесі, Қорғаныс министрлері кеңесі, Қауіпсіздік кеңестер хатшылық комитеті, ұйымның бас хатшысы, ұйым хатшылығықызмет жасайды.
Тәуелсіз Қазақстан кеңестік жүйеден кейінгі кеңістікте орналасқан елдермен ТМД, ЕурАзЭҚ ұйымдары шеңберінде экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды қалыптастырды. Бүгінгі күні бұл ұйымдар шеңберіндегі қарым-қатынастың басым бағыттарының бірі көші-қон мәселесін шешу болып отыр. Ал аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыруда ҰҚШҰ-ның маңызы зор.
Қазақстан тек Орталық Азия аймағында ғана емес, Еуразия аймағында да ықпалдастыққа ұмтылуда. Әсіресе, Шанхай ынтымақтастық ұйымының алатын орны ерекше. Ол бүгінгі күні қол жеткізген нәтижелерімен ерекшеленеді. Олар: аумақтық мәселені шешу; лаңкестікке қарсы күрестегі жетістіктер; әскери саладағы тығыз ынтымақтастық; басқа халықаралық ұйымдармен байланыс орнату; экономикалық ынтымақтастықты тереңдету жолындағы нақты жобалар. 1996 жылы 26 сәуірде Шанхайда бес мемлекет – Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан «Шекара аймағында әскери салада сенімді бекіту туралы келісім шартқа» қол қойып, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымыныңнегізін қалады. Сол кезде ұйым «Шанхай бестігі» деп аталғанымен, кейін 2001 жылғы саммитте «Шанхай бестігіне» Өзбекстанның қабылдануымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы деп аталды. Саммиттен кейін «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының құру туралы» Декларация жарияланды. Сонымен бірге «Лаңкестік, сепаратизм және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясы» деп аталатын тағы бір маңызды құжат қабылданды. Сөйтіп, аймақтық саясатта алғаш рет лаңкестік, сепаратизм және экстремизм ұғымдарына анықтама берілді. Бір қызығы, бұл құжат АҚШ-тағы 2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасына 3 ай қалған уақытта қабылданған еді. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы әскери одақ емес, ол аймақтық қауіпсіздік саласындағы ықпалдастықпен қатар, экономика саласындағы ықпалдастыққа ұмтылатын ұйым болып табылады.
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (Азия кеңесі, АӨСШК) АӨСШК құру туралы идеяны ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 1992 жылы 5-ші қазандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында ұсынды. Ұйымның негізгі мақсаты Азия аймағындағы бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты көп жақты қарым-қатынастарды орнату және осы мәселелерді шешу барысында ынтымақтастықты нығайту.
І Саммитте екі маңызды құжатқа: Алматы актісі мен АӨСШК Терроризмді жою және өркениеттер арасындағы диалогқа қолдау көрсету туралы Декларацияға қол қойылды. Осы құжаттар негізінде АӨСШК Азиядағы дау-жанжалдар мен қақтығыстарды реттеу мақсатындағы форумға айналды.
2004 жылы қазан айындағы АӨСШК мүше елдерінің ІІ кездесуінде Сенім шаралар каталогы қабылданды. Бұл әскери-саяси, экономикалық, гуманитарлық және басқа салалардағы шаралар жиынтығынан тұрды. АӨСШК-ке мүше мемлекеттер басшыларының шешімімен Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылы БҰҰ 47-сессиясында кеңесті құру туралы идеясын қолдау ретінде 5 қазан Азия кеңесі күні болып жарияланды. АӨСШК аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторына айналды.
ІІ Саммит 2006 жылы маусым айында өтті. 2007 жылғы желтоқсан айынан бастап Азия кеңесі БҰҰ Бас Ассамблеясы жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие болды. Қазақстан АӨСШК құру туралы идеяны ұсынушы ғана емес, осы идеяны іс-жүзіне асырушы мемлекет. Бұл еліміздің ұйым төрағалығына екі мерзімге яғни 2002-2006 жылдардағы (бірінші мерзім) және 2006-2010 жылдардағы (екінші мерзім) сайлануынан да көрінеді. Бүгінгі күні еліміз АӨСШК-тің 2010 жылы өткізілетін ІІІ Саммитіне дайындық үстінде.
ШЫҰ мен АӨСШК тұрақтылық пен қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жағынан мақсаттары мен міндеттері ұқсас құрылымдар. Бірақ бұл екі ұйым бірін-бірі қайталамайды, әрі бір-біріне қайшы келмейді. Керісінше Азиядағы қауіпсіздіктің ұжымдық жүйесін толықтырып отыр. Егер Шанхай ынтымақтастық ұйымы оған мүше мемлекеттердің нақты құқықтары мен міндеттемелеріне негізделген бірлестік болса, АӨСШК өзекті де өткір мәселелерді еркін талқылауға және оны шешу жолдарын іздеуге арналған кеңейтілген форум болып табылады. ШЫҰ мен АӨСШК Азия құрлығындағы қазіргі заманғы халықаралық қатынастардағы маңызды фактор ретінде танылып отыр.
2003 жылғы 19 қыркүйекте Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина Президенттері Біртұтас экономикалық кеңістікті ( мұнан әрі - БЭК) құру туралы келісімге қол қойды. БЭК Достастық кеңістігіндегі экономикалық ықпалдастықты жүзеге асырудың бір жолы. ТМД құрамына кіретін төрт мемлекет ықпалдастықтың жаңа деңгейіне көшу туралы шешім қабылдады. БЭК қызметіне экономикалық сипат тән. 2004 жылы 20 мамырда БЭК құру туралы заң күшіне енді. 2004 жылы 24 мамырда Ялтада БЭК-тың дамуының басым бағыттарын анықтаған мүше мемлекет басшыларының кездесуі өтті.
Қазіргі кезде ЕурАзЭҚ – бұл әлемдегі үлкен территорияға орналасқан, мол минералдық-шикізаттық қорға ие және айтарлықтай экономикалық әлеуеті бар аймақтық ірі рынок. ТМД Статистикалық комитетінің есебінше, оның әлемдік ІЖӨ-дегі үлесі 2010 жылы 4,4 пайызды құрады. Қоғамдастық елдерінде әлемдегі барланған мұнай қорының 8,5 пайызы, табиғи газдың 25 пайызы, көмірдің 22 пайызы, тұщы су мен орман алқабының 20 пайыздан астамы орналасқан.
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің кедендік аумағында еркін сауда режімін қамтамасыз етіп, олардың арасындағы тауар айналымын 2000 жылғы 29 млрд. доллардан 2008 жылы 123 млрд. долларға дейін, яғни 4,2 есеге өсірді. Бұл экономикалық интеграцияның келесі сатысы – Кеден одағын құруға сенімді негіз болып, логикалық алғышарт жасады.
2011 жылдың 1 шілдесінен Ресей, Қазақстан және Беларусьтің ішкі шекараларынан кедендік бақылау алынып, кедендік бақылау мен тіркеудің барлық түрі кедендік белдеудің сыртына шығарылды. Осылайша, Кеден одағы әлемдік өлшемдерге сай: ортақ кедендік территория, ортақ кедендік тариф және Кеден кодексімен іске кірісіп, онда посткеңестік аумақтағы тұңғыш ұлттықтан жоғары орган – Кеден одағы комиссиясы (КТС) жұмысын бастады.
2012 жылдың 1 қаңтарынан Біртұтас экономикалық кеңістік жұмыс істей бастайды
БЭК-ті құру – бұл ең алдымен, еркін бәсекелестіктің дамуына мүмкіндік және ортақ кеңістікте инновациялық белсенділіктің күшеюіне жағдай тудыру. Мұндай бәсекелестік тауарлар мен қызмет көрсетудің сапасын жақсартудың маңызды ынталандырушысы болып табылады. БЭК-ті қалыптастыруда нормалар мен ережелерді бір ізге түсіру мен үйлестіру кәсіпорындарда бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруға және оларды дамудың инновациялық жолына салуға қолайлы жағдай жасайды [2].
Елбасы Қазақстан «әлемдік оқиғалардың көш соңында қалып қоймайды», керісінше, Қазақстан «Еуразияның бел ортасында тұрып, тез дами келе үш аймақтың – Қытай, Ресей және Мұсылман әлемдерінің арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарға дәнекершілік ролді атқарады». «Біз – еуразиялық елміз, өзіміздің тарихымыз, өзіміздің болашағымыз бар. Сондықтан да, біздің моделіміз басқалардың ешқайсысына ұқсамайды. Ол әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін бойына сіңіреді» деп айтқаны, қазіргі кезде Қазақстанның Шығыс пен Батыс арасындағы диалогты және өзара түсiнiстiктегi жаһандық деңгейде нығайтуда зор үлес қосуының мәнін нақты айқындап көрсетеді. Бүгінде халықаралық қоғамдастық біздің елімізді жаһандық үдерістерге беделді де ықпалды қатысушы ретінде танып білді.
Дәріс 12.