Кылышпаева Бибигуль Хамитовна 1 страница

С И Л Л А Б У С

Маркетинг пәні бойынша

5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 5В050700 «Менеджмент»,

5В050600 «Экономика» мамандықтары үшін

Оқыту түрі: күндізгі

курс: 2

семестр: 3, 4

кредит саны: 3

барлық сағат саны: 135, соның ішінде:

дәрістер: 30

іс-тәжірибелік сабақтар: 15

СӨЖ (соның ішінде ОСӨЖ) : 90

Емтихан : 3, 4 семестр

Талдықорған 2016 ж.

Кылышпаева Бибигуль Хамитовна

Мемлекеттік басқару және менеджмент кафедрасы

Кеңес берудің орны мен уақыты: сабақ кестесі бойынша

Е-mail: [email protected], тел. 1158

Пререквизиттер: менеджмент

Постреквизиттер:маркетингті басқару, салалар және қызмет сфераларындағы маркетинг.

Курстың қысқа мазмұны

Маркетинг – рыноктағы кәсіби іскерлер, яғни коммивояжерлер, бөлшек сатушылар жарнама жұмысшы қызметкерлері, маркетингті зерттеушілер, жаңа және маркілік тауарларды өндіретін өндірісті басқарушылар үшін негізгі пән болып табылады. Олар рынокті қалай сипаттау керек екендігін және оларды сегментке бөлуді білуі қажет; мақсаты рынок деңгейінде тұтынушылардың қажеттілігін, сұранысын және талғамдарын бағалау керек екендігін; осы рынокқа қажетті тұтынушылық қасиеттермен тауарларды құрастыра білуді; баға бойынша тұтынушыларға тауар құндылығының идеясын жеткізуді; тауар кең ауқымды және жақсы ұсынылуы үшін қабілетті делдалдарды таңтауды; тұтынушылар тауар туралы білуі және сатып алуы үшін қандай жарнама және жылжыту тәсілдерін қолдану керек екендігін білуі қажет.

«Маркетинг» курсы 5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару, 5В051100-Маркетинг, 5В050700-Менеджмент мамандықтарына міндетті компоненттің негізгі пәні болып табылады. Төрт модульдан құрылған:

Ø Маркетингтің теориялық негіздері мен маркетингтік зерттеулер;

Ø Маркетинг зерттеулерінің негізгі бағыттары;

Ø Маркетинг кешенін талдау;

Ø Маркетинг түрлерінің ерекшеліктері.

Сондықтан да, «Маркетинг» курсы бойынша жасалған бағдарламалардың бөлімдері мен тақырыптары бойынша негізгі мәселелерді зерттеу енгізілген. Материалдарды ұсыну формасы бөлімдер және өткізілетін сабақтар бойынша айқын бөлу арқылы негізделген. Бұл білімдер басқа да экономикалық пәндерді (микроэкономика, макроэкономика, кәсіпорын экономикасы және тағы басқалар), пәндерді тереңдетіп оқытуға негіз болып табылады, ғылыми экономикалық ойдың және кәсіби дағдыны қалыптастыруға көмектеседі. «Кәсіпорын экономикасы», «Менеджмент» және тағы басқа секілді экономикалық пәндерді оқытуда «Маркетинг» бөлімінің студенттердің біліміне кең ауқымды және қағидаларына негізделеді. Бұндай ұғымдарға: тауар, айырбас, келісім, тұтыну, қажеттілік, мұқтаждық, сұраныс және ұсыныс, олардың икемділігі, рынок типтері, бағалардыњ қалыптасуы, кәсіпорынның маркетингтік стратегиясы жатады.

«Микроэкономика», «Макроэкономика» және тағы басқа секілді пәндерді оқуда «Маркетинг» бөлімінің ұғымдық аппаратының және қағидаларын білуі қажет. Бұл келесі базалық ұғымдар: маркетинг, бәсекелестік, маркетингтік зерттеулер, сегменттеу, жарнама, тұтынушы, пайда, тауарды жылжыту, қызмет, стратегия.

Маркетинг курсын өзіндік оқу үшін маркетингті басқару процесінің, маркетингті зерттеу жүйесінің мәнін түсінуі қажет, сондай-ақ тұтынушылар және сатушылар рыногін айыру, рынокті сегменттеу, тауарды өңдеу, тарату және бөлу әдістемесін, баға құруды жғне тағы басқаларды білуі қажет.

Курстың мақсаты мен міндеттері

Маркетинг курсының мақсаты: маркетингтің теоретикалық негіздерімен категориялық-түсініктемелік аппаратын оқу, маркетинг элементтерімен принциптерін тәжірибеде қолдануға үйренеді.

Курстың міндеттері:

Ø маркетингтің терориялық негіздерімен концепциялары; маркетингтік ортаны білу;

Ø маркетингтік зертеулер мен маркетингтік ақпарат жүйесі;

Ø товар және қызмет нарықтарындағы тұтынушылар мінез - құлқы теориясының негіздері;

Ø товарды позициялау мен нарықты сегментациялаудың әдістемелік негіздері;

Ø маркетинг жүйесіндегі товар саясаты;

Ø баға белгілеу және бағалық стратегиялар;

Ø тарату және жылжыту жүйелері;

Ø маркетингтегі басқару, жоспарлау, бақылау процессі;

Ø қызмет көрсету маркетингімен халықаралық маркетинг ерекшеліктері.

«Маркетинг» пәнінен СӨЖ орындау мақсаты - студенттерінің маркетинг туралы теориялық білімдерін, олардың фирмалар мен компаниялар қызметінде маркетинг құралдары мен әдістерін қолдану жайлы қабілеттерін қалыптастыруды жоғарлату. Тапсырмаларды орындау арқылы теориялық білімдерін бекітіп, толықтырып, фирма жағдайында кәсіпкерлік шешімдерді қабылдау, нарық жағдайын талдау, маркетинг бағдармаларын жасау қабілеттіліктерін дамытады.

Күтілетін нәтижелер:Бағдарлама көлемінде пәнді оқып бітірген студент келесі дағдыларды меңгеріп шығады:

Ø қызметтер маркетингі саласындағы ғылыми-теориялық және әдістемелік негіздерді;

Ø әр түрлі қызмет аяларындағы маркетингтік қағидалар мен ерекшеліктерді;

Ø кез келген қызмет аясы үшін маркетинг кешенін әзірлеуді;

Ø маркетингтік зерттеулер жүргізуді;

Ø қызметтер нарығын сегменттеуді;

Ø ақпараттың әр түрiн жинап, өңдеп, талдаудан өткiзудi;

Ø қызықтыратын мәселелер бойынша нақты мини-маркетингтiк зерттеулер жүргізуді.

Студент білуі қажет: өндірістің қоғамдық сұранысқа және рынок талаптарына бейімделуі үшін жағдайларды қалай тудыру керек екендігін, тауардың өндірушіден соңғы тұтынушыға жылжуын қамтамасыз ететін шаралар жүйесін құру, бәсекелестердің іс-әрекетін, максималды пайда алу үшін саланың даму бағытын зерттеуді білуі қажет.

Студент жасай алуы тиіс: кәсіпкерлік іс-әрекет түрлеріне бейімделуі, рынокты мұқият зерттеу негізінде өндірісті және өткізуді басқаруды, тауар ассортиментін жоспарлау, өңдеу әдістемелерін, тауарды тарату және бөлу, баға құру, маркетингті жоспарлауды іске асыра алуы тиіс.

Пәнді менгеру үрдісі келесі құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған:

а) арнайы құзыреттіліктер (АҚ):

Ø Кәсіби білімдері мен дағдыларын тәжірибеде қолдануға қабілетті;

Ø Кәсіби қызметінде талдау және синтез негізінде мәселелерді шешуге қабілетті;

Ø Ақпаратпен жұмыс жасауға қабілетті;

Ø Командада жұмыс жасауға қабілетті;

б) кәсіби құзыреттіліктер (КҚ):

Ø Ұйымның маркетингтік стратегиясын даярлауға, жоспарлау мен стратегияны жүзеге асыруға бағытталған іс-шараларға қатысуға қабілетті;

Ø Ұйымдардың әрекетінің экономикалық негіздерін, түрлі нарық құрылымдарын біледі және саланың бәсекелестік ортасына талдау жасауға қабілетті;

Ø Жаңа нарық мүмкіндіктерін тауып, бағалай алады.

Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі

Әріппен белгіленген баға Бағаның цифрлік эквиваленті Пайыздық мөлшері Дәстүрлі түрде бағалау
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74 Қанағаттанарлық
C 2.0 65-69
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 50-54
F 0-49 Қанағаттанарлықсыз

Курс бойынша білімді бағалау

Бағаланатын жайғасым 1-8 апта ішіндегі бағалаулар саны 9-15 апта ішіндегі бағалаулар саны Баллдардың максималды саны Электронды журналға баллдарды қою мерзімдері
ӨЖ әр ӨЖ-ге 100 балл 4,7,11,14 апталар
Аралық бақылау әр аралық бақылауға 100 баллдан 8 және 15 апталар
жіберу рейтингі 1 R 1 8 апта
R2 15 апта
Академиялық кезеңде жиналған емтиханға жіберу рейтингі
R 1 = (СР1+СР2+R)/3
R2 =(СР3+СР4+R)/3
R = (R1+R2)/2
15 апта
Емтихан E 16-19 апталар
Қорытынды баға I = R*0.6+E*0.4  

Баға қоюдын критерилері

Бақылау түрі Максимальдық баға Оқытушының журналына балл қойылатын мерзімі
Ағымдағы бақылау: Дәрістерге қатысу: 1 сағ – 10 бал Семинар сабақтарының тапсырмаларын орындау ОСӨЖ тапсырмаларын орындау Тапсырмаларды орындау барысында творчестволықты, тапқырлықты, белсенділікті танытқаны үшін (ОСӨЖ, семинар) - 1 сағат     Әр сабақта
СӨЖ 1   СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
СӨЖ 2     СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
СӨЖ 3     СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
СӨЖ 4     СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
Аралық бақылау 1: коллоквиум 8 апта
Аралық бақылау 2:коллоквиум 15 апта

Курс саясаты

Білімгердің оқу жетістерінің деңгейі қорытынды бағамен анықталады. Ол емтиханға жіберу (қорытынды бағаның 60%) рейтигі және емтихан бағасынан (40%) қалыптасады. Емтиханға жіберу рейтингі академиялық кезеңде (15 апта) ағымдағы және аралық бақылаудан турады. Оқу жетістіктері әрбір орындалған тапсырма үшін 100 бал шкаласы бойынша бағаланады (ағымдағы сабақтардағы жауап, дәрістерде белсенділік, үй тапсырмасын орындау, СӨЖ, аралық бақылау және т.б.) және қорытынды емтиханға жіберу рейтингі бақылау кезеңі ішінде алынған барлық бағалардың орташа арифметикалық сомасын есптеумен анықталады.

Ағымдағы бақылау сабаққа қатысуды қадағалау, практикалық, үй тапсырмаларын орындалуын тексеруді көздейді. Білімгерлердің дәрісте белсенділігі есептеліненді: дәріске қатысу, конспекттерді жүргізу, лектор көтеретін мәселелерді және міндеттерді талқылауға қатысу, лекторға сұрақ қою, ой-пікірлерінің өздігі, креативтілігі. Білімгерлердің практикалық сабақтарда және ОСӨЖ сабақтарында қатысудың барлық түрлері бағаланады: үй тапсырмаларын орындау, оқытушының сұрақтарына жауаптары, сабақ барысында білімгердің белсенділігі, СӨЖ тапсырмаларын орындалуының өзіндік творчестволық жұмыс және т.б.

Бағдарламада көзделмеген білімгерлердің қосымша атқарылған жұмыстары үшін (ғылыми баяндамалар, мақалаларды жариялау, олимпиадаларда, конференцияларда және т.б. қатысу,) сыйақылық балдар қосылады – бонустар, олар семестрде жиналған балдарға қосылады.

Жіберіліп қалған сабақтардың тапсырмаларын өткізу және негізгі бақылау шаралар бойынша (себеппен жіберілген) 7 және 14 апталарда аралық бақылаудың алдында жүзеге асады. Себепсіз жіберілген сабақтарды және кейіннен тапсырылған рейтингте қатыспайды және балдар қосылмайды.

Оқу жетістіктерінің және сабаққа қатысудың жиынтық рейтингтік бағалары локалды желі арқылы электрондық журналға әр аптаның соңында оқытушымен қойылады.

Күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Мазмұны Сағат саны Апта
1 модуль. Маркетингтің теориялық негіздері мен маркетингтік зерттеулер
1 дәріс. Кіріспе
1 семинар сабағы. Кіріспе  
1 ОСӨЖ. Кіріспе Презентация, глоссарий  
2 дәріс. Маркетингтің теориялық негіздері мен тұжырымдамалары
2 семинар сабағы.Маркетингтің теориялық негіздері мен тұжырымдамалары
2 ОСӨЖ.Маркетингтің теориялық негіздері мен тұжырымдамалары Презентация, глоссарий
3 дәріс. Маркетингтік зерттеулер
3 семинар сабағы.Маркетингтік зерттеулер
3 ОСӨЖ. Маркетингтік зерттеулер Презентация, глоссарий
2 модуль. Маркетинг зерттеулерінің негізгі бағыттары
  4 дәріс. Маркетингтік орта
4 семинар сабағы. Маркетингтік орта
4 ОСӨЖ.Маркетингтік орта Презентация, глоссарий  
5 дәріс. Тауар нарығындағы тұтынушылардың мінез-құлығы
5 семинар сабағы. Тауар нарығындағы тұтынушылардың мінез-құлығы
5 ОСӨЖ. Тауар нарығындағы тұтынушылардың мінез-құлығы Қазіргі жағдайға талдау, презентация дайындау
1 СӨЖ. Эссе тақырыптары кестеден кейін СӨЖ материалдарында берілген  
6 дәріс. Нарықты сегменттеу
6 семинар сабағы. Нарықты сегменттеу
6 ОСӨЖ. Нарықты сегменттеу Қазіргі жағдайға талдау жасау
3 модуль. Маркетинг кешенін талдау
7 дәріс. Маркетинг жүйесіндегі тауар
7 семинар сабағы. Маркетинг жүйесіндегі тауар
7 ОСӨЖ. Маркетинг жүйесіндегі тауар Қазіргі жағдайға талдау
  8 дәріс. Маркетинтегі тауар саясаты  
8 семинар сабағы.Маркетинтегі тауар саясаты
8 ОСӨЖ. Маркетинтегі тауар саясаты Талдау жасау
2 СӨЖ. Эссе тақырыптары кестеден кейін СӨЖ материалдарында берілген
9 дәріс. Маркетингтің баға саясаты
9 семинар сабағы. Маркетингтің баға саясаты
9 ОСӨЖ. Маркетингтің баға саясаты Қазіргі жағдайға талдау жасау
1 Аралық бақылау (коллоквиум)
10 дәріс. Маркетинг жүйесіндегі тарату саясаты
10 семинар сабағы. Маркетинг жүйесіндегі тарату саясаты
10 ОСӨЖ. Маркетинг жүйесіндегі тарату саясаты Қазіргі жағдайға талдау жасау
11 дәріс. Маркетингтегі коммуникациялық саясат
11 семинар сабағы. Маркетингтегі коммуникациялық саясат
11 ОСӨЖ. Маркетингтегі коммуникациялық саясат
12 дәріс. Маркетинг жүйесіндегі жарнама
12 семинар сабағы. Маркетинг жүйесіндегі жарнама
12 ОСӨЖ. Маркетинг жүйесіндегі жарнама Қазіргі жағдайды талдау
3 СӨЖ. Эссе тақырыптары кестеден кейін СӨЖ материалдарында берілген
13 дәріс. Маркетингті бақылау және жоспарлау
13 семинар сабағы.Маркетингті бақылау және жоспарлау
ОСӨЖ 13.Маркетингті бақылау және жоспарлау
14 дәріс.Маркетингті бақылау және жоспарлау
Семинар сабағы 14. Маркетингтегі стратегиялық жоспарлау
ОСӨЖ 14. Маркетингтегі стратегиялық жоспарлау Қазіргі жағдайды талдау
4 модуль. Маркетинг түрлерінің ерекшеліктері
15 дәріс. Халықаралық маркетинг
15 семинар сабағы.Халықаралық маркетинг
15 ОСӨЖ. Халықаралық маркетинг Презентация, глоссарий
4 СӨЖ. Эссе тақырыптары кестеден кейін СӨЖ материалдарында берілген
16 дәріс. Қызметтер және бейкоммерциялық әрекеттің маркетингі
16 семинар сабағы.Қызметтер және бейкоммерциялық әрекеттің маркетингі
16 ОСӨЖ. Қызметтер және бейкоммерциялық әрекеттің маркетингі Презентация, глоссарий
2 Аралық бақылау (коллоквиум)
  Барлығы: Дәріс Семинар сабағы СӨЖ (оның ішінде ОСӨЖ)  

«Маркетинг» пәні бойынша семинар сабағының әдістемелік нұсқаулары

Оқу үрдісінің бірінші аптасында студенттерге арналған силлабустар беріледі, силлабуста пәннің тақырыптары, дәрістер жинағы мен сұрақтары, СӨЖ тапсырмалары көрсетілген және семестр бойы максималды алынатын балдар ұсынылған.

Студенттер семинар тақырыбынан барлық сұрақтарды жазуы тиіс, содан олардың конспектісін оқытушы тексереді.

Семинар мақсаты – теориялық білімін нығайту, тәжірибелік тапсырмаларды орындау барысында теорияларды қолдана алуы және т.б. Пәнмен танысқаннан кейін студенттің өз ойын ашық жеткізе алуы, логикалық ойлауын дамытуы, нақты әрі алғыр түрде туындаған сұрақттардың жауабын ашып бере алулары керек.

Семинар сабағы өтткен тақырыптар бойынша жүргізіледі. Төменде семинар сабағын жүргізу құрылымы беріледі:

Ø топты кіші топтарға бөлу арқылы ойын жүргізу (ауысша);

Ø негізгі сұрақтарға қолма-қол-жауап: оқытушы-студент, студент-студент

(ауысша);

Ø бақылау жұмыстары (жазбаша);

Ø тест сұрақтарына жауап беру, нәтижелерді талқылау, қорытынды жасау.

Егер студент тандалған сұраққа және сонымен қатар оқытушының қосымша сұрақтарына толық жаупа берген жағдайда максималды балл алуы мүмкін. Қосымша сұрақтарға дәрістік материалдан, студенттік өздік жұмысынан, және нақты тақырыптан сұрақтар жатады.

Үлгермейтін студенттермен жеке жазбаша жұмыс жүргізіледі.

семинар сабақтарында топтын барлық студенттеріне жауап беруге мүмкіндік беріледі, студент дер кезінде жауап бермеген жағдайда, келесі сабақта, егер уақыт қалса жауап береді.

Модуль 1. Маркетингтің теориялық негіздері мен маркетингтік зерттеулер

1 тақырып. Кіріспе

Негізгі сұрақтар:

1. Маркетинг мәні

2. Маркетинг мәнінің анықтамасының әртүрлі бағыттары

3. Нарықтық ғылым ретінде маркетингтің әлеуметтік-экономикалық мазмұны, ерекшелігі және дамуы

4. Маркетингтің оъектісі, субъектісі, мақсаттары, қызметтері, үлгісі және қағидалары

5. Тауарлар мен қызметтер үшін маркетинг кешенінің негізгі элементтері

6. Маркетинг түрлері

2 тақырып. Маркетингтің теориялық негіздері мен тұжырымдамалары

Негізгі сұрақтар:

1. Маркетинг концепциясының мәнділігі

2. Маркетинг пайда болуының және дамуының экономикалық алғы шарттары

3. Маркетинг концепциясының міндеттері мен мақсаты

4. Маркетингтің негізгі концепциялары

5. ҚР-ғы маркетингті зерттеудің қажеттілігі, енгізу жағдайы және дамуы

6. Маркетингтің даму мәселесі мен болашағы

3 тақырып. Маркетингтік зерттеулер

Негізгі сұрақтар:

1. Маркетингтік ақпараттар түсінігі, олардың түрлері мен артықшылықтары

2. Маркетингтік ақпараттар жүйесінің түсінігі және оны құраушылар

3. Маркетингтік зерттеулер жүргізудің бағыттары мен түсінігі

4. Маркетингтік зерттеулер жүргізу және ұйымдастыру

5. Маркетингтік зерттеулер кезіндегі нақты мәліметтерді жинау құралдары мен әдістері

6. Маркетингтік ақпараттарды талдау әдісі

Модуль 2. Маркетинг зерттеулерінің негізгі бағыттары

4 тақырып. Маркетингтік орта

Негізгі сұрақтар:

1. Маркетинг ортасының мәні мен түсінігі

2. Микроорта және оны құраушылар

3. Жабдықтаушылар түрлері және оларға қойылатын макетинг талаптары

3. Кәсіпорынның ішкі ортасын зерттеу

4. Фирмада маркетингті ұйымдастыру

5. Медиаорта

6. Фирма іс-әрекеттерінің макроортасы және оның негізгі факторлары

5 тақырып. Тауар нарығында тұтынушылардың мінез-құлығы

Негізгі сұрақтар:

1. Қажеттілік классификациясы мен түсінігі

2. Қажеттілік түрлері

3. Тұтынушыларды жіктеу және оның өз-ара айырмашылығы

4. Соңғы тұтынушының сатып алу әрекетінің ерекшеліктері

5. Тұтынушының мінез-құлқына әсер ететін негізгі факторлар

6 тақырып. Нарықты сегменттеу

Негізгі сұрақтар:

1. Рынокты сегменттеудің мәні және белгілері, сегменттеу түрлері

2. Тауар нарығының жіктелуі

3. Рынокты қамтудың маркетингтік стратегиялары

4. Нарықты сегменттеу үрдісі мен сегменттеу түсінігі

5. Тұтыну нарығын сегменттеудің негіздері

6. Өндірістік нарықты сегменттеудің негіздері

7. Нарықтағы тауардың бағытталу үрдісі

Модуль 3. Маркетинг кешенін талдау

Наши рекомендации