Бір шөмішті экскаваторлардың технологиялық параметрлері
Карьерлерде механикалы күрек түрлі экскаваторлар ең көп таралған қазу-тиеу машиналары болып есептелiнедi. Конструкциялық жасалынуы, тау-кен техникалық жағдайы бойынша үздіксіз қимылды қазу-тиеу машиналарын пайдалану тиiмсiз кезде, оларды қолдануға мүмкіндiк туғызады. Механикалы күректер тығыз тау жыныстарын негiзiнен алдын ала қопсытпай - ақ қазуға, ал қатып қалған, жартылай тасты және тасты тау жыныстарын алдын ала қопсытып қазуға арналған. Арнайы солтүстік аймақтарға ыңғайланып жасалынған механикалы күректер ауаның температурасы төмен, климаты қатты жағдайлы жерлерде қазу-тиеу жұмыстарын қамтамасыз етедi. Механикалық күректердің жұмыс құралдары ретінде шөміш, сап және жебе болып саналады. Қазіргі кездегі карьерлік экскаваторлар шынжыр табанды, электрикалық немесе дизелдік жетекті болып бөлінеді. Кенжардан тау жынысын экскавациялау процесі шөміштің кескіш жиегімен қабатты кесіп алып, экскаватордың төгетін жеріне айналуынан, шөмішті төгуден және жұмыс құралын кенжарға қайтып әкелуден тұрады.
Қазіргі экскаваторлар саппен шөмішті жылжыту әдісі бойынша болат арқанды және гидравликалық болып бөлінеді.
Болат арқанды экскаваторлардың көсіп алуы жебедегі орналасқан қысым күшімен және де оны көтеру шығырының көтеру болат арқанның көмегімен жасалынады. Осы кезде көсіп алу траекториясы кенжардың төменгі бөлігінен басталып тұрақты түрде сақталады.
Гидравликалық экскаваторлардың елеулі жақсы жағына машинаның орындау құралының күшін басқару тетігі арқылы хабарлау жатады. Осы жағдай оның жұмысының жоғары сенімділігін қамтамасыз етеді де және жүргізушіге нәтижелі көсіп алу үшін тиімді траекторияны таңдауға мүмкіндік жасайды. Гидравликалық экскаватордың төгілуі не шөміштің төңкерілуімен, не жағының ашылуымен жүзеге асырылады. Ал болат арқанды экскаваторлардың төгілуі төгілетін жердің үстінде шөміштің ашылуымен жүзеге асырылады.
Бір шөмішті экскаваторлар түріне шөміш сыйымдылығы 4-120 м3 адымдаушы драглайндарда жатады. Олар тұрған орынан төмен және жоғары орналасқан кенжарларды қазуға арналған және тау жыныстарын қазылған кеңістікке тасымалдап төгуге қолданады. Драглайнның адымдап жүруі үймеленген тау жыныстарының үстінде жылжуын қамтамасыз етеді.
Бір шөмішті экскаваторлар конструкциялық ерекшеліктеріне байланысты бес түрге бөлінеді:
ЭС-шөмішінің сыйымдылығы 0,16 – 2,5 м3 құрылыстық шынжыр немесе пневматикалық табанды экскаваторлар жатады;
ЭКСГ-шөмішінің сыйымдылығы 1,25 – 8,0 м3 карьерлі-құрылыстық экскаваторлар жатады;
ЭКГ- шөмішінің сыйымдылығы 2,0 – 20,0 м3 карьерлі шынжыр табанды экскаваторлар жатады;
ЭВГ- шөмішінің сыйымдылығы 4,0 – 100,0 м3 аршыма шынжыр табанды экскаваторлар жатады;
ЭШ-шөміішінің сыйымдылығы 4,0 – 120,0 м3 адымдаушы экскаваторлар және драглайндар жатады;
Бір шөмішті экскаваторлардың негізгі жұмыс параметрлеріне шөміш сыйымдылығы, салмағы ,габариттері, қазып алынатын бұрышы т.б. жатады. Экскаваторлардың жұмыс параметрлері кенжар параметрлерін және оның тұру технологиялық жұмыс жасау схемасын анықтайды.Механикалық күректердің негізгі технологиялық параметрлері төмендегідей:
Көсіп алу радиусы Rч - экскаватордың айналу осінен шөміштің кескіш жиегіне дейінгі горизонталь ара қашықтық;
Көсіп алудың барынша көп радиусы Rч.max - барынша көп ілгері жылжытылған сапқа сәйкес болады;
Төгу радиусы Rр- төгу кезіндегі экскаватордың айналу осінен шөміш ортасына дейінгі горизонталь ара қашықтық;
Экскаватордың тұру горизонтындағы көсіп алу радиусы Rч.у - экскаватордың тұру деңгейіндегі көсіп алуының барынша көп радиусы;
Көсіп алудың барынша аз радиусы Rч.min – экскаватордың гаризонтта тұрғанда сапты шынжыр табанған тартып әкелген жағдайын сәйкес болады;
Көсіп алу биіктігі Нч- экскаватордың тұру гаризонтынан шөміштің кескіш жиегіне дейінгі вертикаль ара қашықтық ;
Көсіп алудың барынша көп биіктігі Нч.max- барынша көп көтерілген сапқа сәйкес болады;
Төгу биіктігі Нр- экскаватордың тұру гаризонтынан шөміштің төңкерілген түбінің төменгі жиегіне дейінгі верткаль ара қашықтық;
Төгудің барынша көп биіктігі Нр.max – шөміштің барынша көп көтерілуіне сәйкес болады;
1.2-сурет Болат арқанды экскаватордың конструкторлық сұлбалары.
1.3-сурет Гидравликалық экскаваторлар.
Адымдаушы драглайндардың жұмыс параметрлеріне көсіп алу радиусы Rч, көсіп алу тереңдігі Нч, төгу радиусы Rч.з , төгу биіктігі Нр жатады. Осы параметрлер жебенің ұзындығына және оның еңкіштік бұрышына байланысты болады. Көсіп алу радиусы шөмішті лақтырып тастағанда және лақтырмай тастағанда болып бөлінеді. Лақтырып тастау мөлшері драглайнның түріне және жүргізушінің қабілетіне байланысты болады да, ол 2,5 м-ден 15 м-ге дейін жетеді. Көсіп алу тереңдігі Нч -экскаватордың тұру гаризонтынан қазылатын кемердің төменгі табанына дейінгі вертикаль ара қашықтық болып есептелінеді. Көсіп алу тереңдігі жебенің ұзындығы мен оның еңкіштік бұрышына, драглайнның кенжарда тұруына, тау жыныстарының физика-механикалық қасиеттеріне , болат арқанның ұзындығына және жүргізушінің қабілетіне байланысты болады. Жебенің еңкіштік бұрышы 30-35 ͦ шамасына тең. Еңкіштік бұрыштың азаюы драглайнның радиусын және көсіп алу тереңдігін көбейтеді.
1.4-сурет Адымдаушы драглайндардың конструкторлық сұлбалары