Пайдаланатын әдебиеттер

1. Қазақ грамматикасы. А., 2002.

2. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1994.

3. .Исаев. С Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992.4-13-бб.

4. Исаев С. Қазақ тілі. А., 1996.

5. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А.,1998.

№ 12 практикалық сабақ тақырыбы: Үстеу. Еліктеу сөздер. Одағай.

Сабақ жоспары:

1.Үстеу, үстеуге тән ерекшеліктері, морфологиялық құрылысы мен құрамы. 2. Негізгі үстеулерге тән үш түрлі ерекшелік. Туынды үстеулер, оларды тудыратын жұрнақтар (-ша, -лай, -шалық, -лай, -шылап, -қары, -ын, т.б.). Көнеленген септік (барыс, жатыс, шығыс, көмектес) формалары арқылы туған туынды үстеулер. Күрделі туынды үстеулер, жасалу жолдары. Үстеудің мағынасына қарай бөлінуі: мезгіл үстеулер, мекен үстеулер, мөлшер үстеулер, сын, бейне үстеулері, күшейту (ұлғайту) үстеулері, мақсат үстеулері, себеп-салдар үстеулері, топтау үстеулері. Үстеулердің синтаксистік қызметі, зерттеулері.

3. Еліктеуіш сөздер. Еліктеуіш сөздердің мағыналық топтары. Еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер. Еліктеуіш сөздердің фонетикалық ерекшеліктері. Негізгі түбір және туынды түбір еліктеуіштер, оларды жасайтын жұрнақтар (-ң, -ың, -ің, -аң, -ең, -лаң, -алаң, т.б.). Еліктеуіш сөздердің синтаксистік қызметі.

4. Одағайлар, оларға тән ерекшеліктер. Негізгі және туынды одағайлар. Одағайларды мағынасына қарай көңіл-күй, ишарат, шақыру деп бөлу. Одағайлардың синтаксистік қызметі, тыныс белгілері, зерттелуі.

Бақылау сұрақтары:

1. Негізі түбір, туынды түбір үстеулер дегеніміз не және туынды үстеулердің жасалу жолдары қандай?

2. Құрамына қарай үстеулер қалай бөлінеді?

3. Үстеудің мағынасына қандай түрлерге бөлінеді және олардың мағыналық ерекшеліктері неде?

4. Шылаулар білдіретін грамматикалық мағынасы мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай қандай топтарға бөлінеді және олардың грамматикалық қызметі қандай?

5. Жалғаулықтардың түрлері.

6. Септеуліктердің екі сөзді байланыстыратындығы неде?

7. Демеуліктердің өздері тіркескен сөздерге түрлі қосымша қандай рең жүктейді?

8. Еліктеу сөздердің өзіндік ерекшелігі неде?

9. Еліктеу сөздердің қандай түрлері бар және олардың фоно-морфологиялық сипаты қандай?

10. Одағайлар білдіретін мағыналарының әр түрлілігіне қарай қандай топтарға бөлінеді?

11. Одағайдың құрамы мен қызметі қандай?

ГЛОССАРИЙ

Үстеу – қимылдың, іс-әркеттің мекенін, мезгілін, жай-күйін, мақсатын, сын-бейнесін, себебін білдіріп, граматикалық жағынан түрленбейтін сөздер.

Үстеудің сөз табы ретіндегі бір белгісі – оның лексика-грамматикалық сипаты.

Еліктеуіш сөздер -- өзіне тән лексика-семантикалық мағынасы адамның есту мүшесі құлақ арқылы дыбысқа еліктеу ұғымын білдіретін еліктеу сөздердің бір мағыналық түрі.

Бейнелеуіш сөздер – табиғаттағы құбылыстар мен заттардың және неше алуан жан-жануарлардың сыртқы сын-сипаттары мен әрекет қимылдарын көру мүшесі –көз арқылы қабылданған бейне-көріністердің атаулары.

Шылаулар– толық лексикалық мағынасы жоқ, тек сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын, белгілі бір сөздердің жетегінде қолданылып, түрлі грамматикалық мағына үстейтін көмекші сөздер.

Демеуліктер –шылаулардың құрамына енетін көмекші сөздер.

Одағай– басқа сөз таптарымен салыстырғанда, фонетикалық, грамматикалық және семантикалық жақтарымен ерекшеленіп көрінетін, сонымен бірге әуезділікке, арнайы ырғаққа, эмоциялы құбылысқа, интонацияға бай сөз табы.

Императивтік ишарат одағайлар – адам не хайуанатқа бағышталып айтылатын шақыру, жекіору, тыйым салу, бұйыру мақсатымен қолданылатын одағай сөздер.

ТАПСЫРМАЛАР:

1.Негізігі, туынды үстеулерді ажыратып, туынды үстеулердің қалай жасалғандығын талдаңыздар.

2.Үстеудің аналитикалық немесе синтетикалық тәсіл арқылы жасалғанын ажыратыңыздар.

Мәтін.

1.Ертеңгі құрықтан, бүгінгі өкпе артық.

2.Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығар, кештеу шықсаң, алдыңнан түн шығар.

3.Баяғыда атқа міну тойы баланың мейлінше әжетке жарап, тысқары еңбекке араласуы азаматтықтың басы деп ұққан.

4.Осылай балаға да үлкен ой туғызып, тіпті тез есейуіне әсер еткен. 5.Шақыру мен Оспанның жылын беруді Абайдың жалғасытар айтқанын Дәрмен өзінше түйді.

6. Жал-құрығы сүзілген бәйгелер де киікше басып, ойқастап шықты.

7.Орысша оқуға сахара елінің балаларын беруге ата-аналарының санасында өзгеріс қандай, жаңғыру қаншалық, осыны да білгісі келеді.

8.Өлімнен ұят күшті дегенді кейінірек естісем де осы арада өз басымнан бір өткіздім-ау деймін.

2.Өзіңіздің қалауыңыздағы мәтін бойынша еліктеу сөздерді тауып, мағынасына, құрамына және синтаксистік қызметіне қарай талдаңыздар.

3. Өзіңіздің қалауыңыздағы мәтін бойынша одағай сөздерді мағыналық, интонациялық және граммтикалық ерекшеліктеріне қарай талдаңыздар.

Наши рекомендации