Кәсіпкерлік қызмет түрлерін қолдау және оның дамуы

Кәсіпкерліктің белгілері:
• шаруашылық субъектілерінің дербестігі және тәуелсіздігі
• экономикалық мүдделілігі
• шаруашылық тәуекел етуі және жауапкершілігі
• белсенді ізденуі
• жаңалықтығы
Кәсіпкерліктің субъектілері: мемлекет, жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, серіктестіктер, арендалық ұжымдар, акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер.
Кәсіпкерліктің объектілері: шаруашылық қызметтің кез-келген түрлері, коммерциялық делдалдық, инновациялық, кеңес беру іс-әрекеттері, құнды қағаздармен операциялар.
Кәсіпкерліктің негізгі атқаратын қызметтері:

2. Ұйымдастыру қызметі. Әрбір кәсіпкер минималды шығын жұмсау және максималды пайда табу мақсатымен ең тиімді өндірісті таңдайды.
3. Басқару қызметі. Әрбір кәсіпкер шаруашылықты жүргізуде негізгі шешімдерді қабылдау инициативасын өз жауапкершілігіне алады

Кәсіпкерліктің түрлеріне өндірістік, коммерциялық, қаржылық, кеңес беру, сақтандыру, делдалдық кәсіпкерлік жатады.

Демек, жаңа экономиканың қозғаушы күші саналатын кәсіпкерлікті қолдап, оны дамыту жолында жасалатын жұмыстар жемісін беруі тиіс. Осы ретте өңіріміздегі кешенді ақпараттық-консалтингтік қызмет көрсету және аймақтағы кәсіпкерлік субъектілерінің, халықтың кәсіпкерлікпен айналысуға деген ниетін арттыру мақсатында құрылған кәсіпкерлікті қолдау орталығының атқарар қызметі мол болмақ. Нақты айтар болсақ, бизнесті құру және жұмыс жасап тұрған бизнесті тиімді жүргізу, қаржылық және құқықтық кеңестер, сыртқы рынокта бизнесті жүргізу секілді кеңестік қызметтер көрсете отырып, маркетингтік зерттеулер жүргізеді.

Мемлекет бәсекелік ортаны қамтамасыз етудің кепілі

соңғы жылдары Елбасы қазақстандықтарды бағалаудың жаңа терминіне – елдің бәсекеге қабілеттілігіне үйретуге аса назар аударып келеді. Ал Қазақстан халқына биылғы Жолдауында Нұрсұлтан Назарбаев даму болашағына деген жүйелік көзқарасты – Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын жұрт назарына ұсынды.

Президент Жолдауында да, іс жүзінде, экономикалық сипаттағы барлық шаралар да осынау өзекті екі арнаның төңірегіне топтастырылған.

Бірінші: Қазақстан рыногында салауатты бәсекелестік ортаны қамтамасыз ету үшін жағдай жасау.

Бәсекелестіктің жоқтығы нарықтық өрістің бұзылуына және бағалар мен тарифтерді бел­гілеуде монополистердің өктемдігіне соқтыра­тынын тәжірибе көрсетіп берді. Сонымен қатар бәсекелестік өрісін кеңейту рынокты әлдеқайда икемді әрі тұтынушының, яғни қатардағы азаматтың мүддесіне жұмыс істейтіндей етіп қалыптастырады.

Бұл тұрғыда мемлекет пен қатардағы азамат­тардың мүдделері үйлесетінін айтқан жөн. Ры­нок халықтың мұқтажы мен қажетін қанағат­тандыруға неғұрлым қабілетті болған сайын әлеуметтік инфрақұрылымға салмақ соғұрлым аз түседі. Сайып келгенде, мұның өзі эконо­микалық өсу үшін негіз қалайды.

Бұл алдағы кезде Бүкіләлемдік сауда ұйы­мына өтуімізге байланысты өте өзекті мәселе бо­лып табылады. Егер біз қазірден бастап өрке­ниетті бәсекелестіктің нормалары бойынша өмір сүруге үйренбесек, онда ертеңгі күні бәсеке­лестік өріс кеңейген жағдайда тиісінше тиімді іс-әрекет жасай алмаймыз.

Президент Қазақстан рыногында бәсекелес­тік өрісті айтарлықтай кеңейтуге тиісті тұтас шаралар кешенін белгіледі. Бұл шараларды ше­шуші үш нақтылы бағыттың төңірегіне топ­тастыруға болады.

1) Монополиясыздандыру мен шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыру. Кә­сіп­керлік бәсекелестік ортаны кеңейтудің шешуші факторы болып табылады...

2) Салықтық ынталандыру және шетелдік инвестицияларды экономиканың жаңа салаларына тарту. Бәсекелестік ортаны арттыру рынокқа қатысушыларға салынатын салық ауыртпа­лығының деңгейіне тікелей байланысты.

Мемлекет бәсекелестік ортаны ынталандыру үшін салықтық және бюджеттік құралдарды белсенді пайдалану ниетінде. Осыған байланыс­ты қосымша құн салығын төмендету, әртарап­тандыруды салықтық және бюджеттік ынта­ландыру және экономиканың жаңа салаларын дамыту, бұл салаларға шетел капиталы мен жаңа технологияларды тарту қарастырылуда.

3) Еңбек рыногында бәсекелестік ортаны нығайту. Еңбек рыногына қатысушылардың кәсіби бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін әлеуметтік көмек тетігін мақсатты негізде кадрларды оқыту мен қайта даярлауға бағыттау көзделеді. Мұнда негізгі міндет жұмыссыздар­дың жұмыс істеушілер қатарына кіруі болуы тиіс. Бұл шаралардың бәрі жиналып келгенде нарықтық ортаның бәсекелестігін күшейту арқылы Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін елеулі түрде арттыруы тиіс.

Наши рекомендации