Лексикалық тақырып
Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары: ұғымы, түрлері, мәселелері.
Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдаған жолдауларында адам құқығын сақтау, Қазақстанды одан әрі жаңарту мен демократияландыру күн тәртібіндегі мәселе екендігі айтылған. Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет, өзін әлеуметтік, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырып, қоғамның бүгінгі таңдағы әлеуметтік, саяси, экономикалық өзгерістеріне, яғни нарықтық экономикаға көшу, көп партия құру, қоғамда демократиялық және құқықтық институттарды дамыту мәселелеріне көп көңіл бөледі. Өткізілген реформалардың сәтті шығуы ең алдымен жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделетін құқықтық сана деңгейіне әсер етеді, одан адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары да шет қалмайды.
Мемлекетте демократияның басты негізі жеке тұлғаның құқықтық жағдайы болып табылады. Барлық қазіргі заманға сай конституциялар, оның ішінде Қазақстан Республикасының Конституциясы да бұл мәселеге ерекше назар аударады. Көпшілігінде адам мен азамат құқықтары мен бостандықтары алғашқы бөлімдерде келтірілген, бұл мемлекеттің жеке тұлғаның құқықтық жағдайына қаншалықты қарым-қатынаста болатындығын көрсетеді. Көпшілік мемлекеттер Конституциясымен қатар оның құрамдас бөлігі ретінде негізгі құқықтар мен бостандықтарды жеке құжаттарда көрсету орын алады. Бұған, атап айтқанда 1789 жылғы француздың Адам мен азамат құқығы Декларациясын, 1982 жылғы канадалық Құқық пен бостандық хартиясын, 1992 жылғы Негізгі құқықтар мен бостандықтар Хартиясын жатқызуға болады. Бұл қадам басқа да конституциялық жағдайлардан жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын бөліп алып қарастыруға мүмкіндік береді.
Қазақстандық заңдық ғылымдарда конституциялық әділет органдарының қызметі, олардың жеке аспектілері, сонымен бірге адам құқықтарын қорғаудың жағдайлары зерттеушілердің назарын тек кейінгі уақытта ғана өзіне бұрды.
1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Конституция жеке тұлғаның құқықтық мәртебесін реттеуде ірі қадамдардың бірі болды. Ол тек адам құқықтары облысында халықаралық құжаттардың ойларын ғана емес, сонымен қатар елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлардың конституциялық дамуының бұрынғы тәжірибесін де есепке алды. Конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қазіргі уақытта қорғау жүйесі көп деңгейлі сипатта көрінеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы ең жоғары құндылық ретінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп бекітті[1]. Бұл қағида демократиялық мемлекеттің қызметі мен оның халықаралық- құқықтық міндеті. Конституцияда бекітілген жеке тұлғаның құқығы оны жүзеге асыру мен қорғаудың тиімді механизмін құруды болжайды. Адам құқығы, оны сақтау мен кепілдік беру бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі. Адам құқықтарын сақтаудың шындық жағдайы- демократияның маңызды көрсеткіші, оның кемеліне келуі мен руханилығының белгісі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық Өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты халыққа жолдаған жолдауында Стратегиялық жоспарын іске асырудың базалық шарттары экономиканы жаһандық қалпына келтіруге дайындау және оның сыртқы сынақтарға тұрақтылығын арттыру үшін біртұтас үш міндеттінің бірі: сенімді құқықтық орта қалыптастыруды жалғастыру екендігі айтылған[2].
Жалпы, адам құқығын қорғап, бостандығын ардақтау азаматтардың лайықты өмір сүріп, бай-рақатты тұрмыс кешуіне ахуал қалыптастыру- әлемдік қауымдастыққа көшін ұластырған Қазақстанның алдына қойған асыл мұраты.
Осындай бүгінгі күні өзекті болып отырған мәселені дипломдық жұмыстың тақырыбы ретінде таңдау тақырыптың мазмұны мен мәнін одан әрі аша түседі. Жеке тұлғаның мемлекет және құқық теориясының субъектісі ретінде танылуы, оның конституциямен баянды етілген құқықтары мен бостандықтары, міндеттерінің жүйесін жұмыстың зерттеу объектісі ретінде алынуы үлкен мақсат қойып, міндеттердің шешілуін қамтамасыз ету болып саналады.
Сонымен қатар конституциялық құқықтар, бостандықтар мен міндеттерді жүзеге асыру объективтік және субъективтік факторлардың бірлігіне де байланысты. Демократиялық қоғам құру жолындағы Қазақстан үшін аталған мәселені шетелдік тәжірибені қолдана отырып шешу тиімдірек екені сөзсіз. Қазақстан Республикасының халықаралық байланыстары, мемлекет азаматтарының шетел азаматтарымен арасындағы қарым-қатынасы бұл тәжірибеге әсерін тигізіп қана қоймайды, сонымен бірге оған ылғи да жол ашуды көздеп отырады.
Адам құқығы-қазіргі замандағы өзекті мәселелердің бірі. Мемлекет те, партия да, жеке лауазымды тұлға да емес, жеке қарапайым адам өзінің құқықтары мен бостандықтары арқылы кез келген қызмет ортасында болуы керек. Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарына қол сұғылмайды және ол адамның туған сәтінен бастап өзіне тиесілі.
Кез келген адам мен азамат негізгі құқықтар мен бостандықтарды пайдалана алады. Демократиялық құқықтық мемлекеттің заңдылықтары адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығының теңдігіне, яғни оның ұлтына, нәсіліне, жынысына, тіліне, мүліктік және қызметтік жағдайына қарамастан кепілдік береді, тілдік, діндік, ұлттық, нәсілдік, әлеуметтік белгілеріне қарамастан оның құқықтарына шек қоюға тыйым салынады.
Адам қоғамы мыңдаған жылдар бойы-сонау көне дәуірден қазіргі заманға дейін әлеуметтік нормалар арқылы басқарылып келді. Сондықтан жеке адамның құқығы мен бостандығы туралы теорияның мыңдаған жылға созылған тарихы және мол тәжирибесі бар.
Адам құқығы - тарихи, табиғи, объективтік құбылыс. Сондықтан әлеуметтік норма әр уақытта даму процесінде болады. Әлеуметтік норма адам қоғамымен бірге дамып, бірге өзгеріп, бірге өмір сүріп келеді. Қоғам дамып, нығайып, жақсарған сайын әлеуметтік норма да дамып, нығайып жақсарады, оның әділеттік, бостандық, демократиялық шеңбері де, кеңістігі де молаяды, күрделенеді.
Дипломдық жұмыстың нормативтік негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, адам құқығы мен бостандығын жүзеге асыратын басқа да заңдық актілер, Қазақстан Республикасымен бекітілген халықаралық актілер мен шарттар, қазақстандық және шетел ғалымдарының еңбектері, авторефераттар мен баспасөз материалдары құрайды. Атап айтқанда, жұмыс Бюргенталь Г., Котов А.Н., Ибраева А., Лупарев Г.П., Суханов А.Е., Сулейменов М.К., Басин Ю.Г., Төлеуғалиев Ғ.,Сапарғалиев Ғ.С., Гришаев С.П., Лазарев В.В., Амандықова С.К.,Таужанова Р.Ж., Пильников А.И. секілді ғалымдардың еңбектерімен жазылды.
Жұмыстың мақсаты адам құқықтарын қамтамасыз етуді жүйелі түрде зерттеу болып табылады. Зерттеу барысында келесідей мақсаттар қойылды:
- жеке тұлға түсінігін, адам құқықтары мен бостандықтарының жалпы сипаттамасын және оларға тән белгілерді мазмұнды анықтау;
- адам құқықтарын қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар мен ұйымдар жүйесіндегі басшы органдардың орнын анықтау мен қарастыру;
- жеке тұлғаның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауда мемлекеттік органдардың функциональды қызметін зерттеу.
Жалпы, адам құқығын қорғап, бостандығын ардақтау азаматтардың лайықты өмір сүріп, бай-рақатты тұрмыс кешуіне ахуал қалыптастыру- әлемдік қауымдастыққа көшін ұластырған Қазақстанның алдына қойған асыл мұраты. Қазақстан Республикасы адам құқықтарын қорғау саласында оң қадамдар жасауда. Біздің республикамыз келешекте де адам құқығы жөніндегі айтулы халықаралық, экономикалық, әлеуметтік және саяси пактілерге қосуға бет бұрып, үнемі басты назарда ұстауға кепілдік береді.
Тапсырмалар
1. Мәтін бойынша жоспар құрыңыз.
2. Мәтіннен қиын сөздер бойынша сөздік құрастырыңыз.
3. Мәтінді мазмұндап беріңіз.
4. Бір сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.
5. Сөйлем ішінен анықтауыштық қанынасты дабыңыз.
6. Сөйлем ішінен сөйлемнің байланысу түрлерін табыңыз.
7. Адам құқықтары мен бостандықтары туралы өз ойыңыз.
8. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары жайлы өз ойыңыз.
1. Жоспар:
1 ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
2 Жеке тұлға мәртебесі: түсінігі, құрылымы, түрлері
3 Адам құқығы – азаматтың басты игілігі
4 АДАМ МЕН АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
5 Азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының жүйесі
6 Адам мен азамат құқығы мен бостандығының кепілдігі мен оны қорғау институттары
7 Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың міндеттері