Азіргі ортадағы әлеуметтік саясаттың ерекшеліктері

Саясат жалпы алғанда қазіргі адамның қажеттілігі, талап – тілегі болады. Өйткені, саясат қоғам өмірінің барлық, оның алуан түрлі іс-қимылының көрсеткіші шектеушісі. Саясат қоғам өмірінің кез-келген саласындағы барлық құбылыстармен процесінде көрсетледі деуге болады. Сондықтан, ол өзінің пайда болуы кезенінен бастап, әртүрлі деңгейде, күрделі түрде түрліше дәрежеде өтіп жатады. Ол адамның тұрған жерінен, жұмысшылардың алғашқы ұжымнан басталып, мемлекетте, мемлекеттер арасындағы саяси қатынастарға саяси тұрғыдан басшылық етумен аяқталады.

Қазіргі саяси ғылымда саясаттың табиғаттың түсіну өте күдрделі ұғым болып отыр. Саясаттың сонау ертеде пайда болғаннан бастап, қазіргі күнге дейінгі түсініктеріне бірнеше көзқарастар мен аңықтамалар кездеседі.

Мәселен: зерттеушілердің бір тобы саясатты – адамдардың өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған, саяси билікті басып алуға, қолында ұстап тұруға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекттің, ұлттың, үлкен әлеуметтік топтың, не жеке адамның қызметі деп түсіндіреді.

Ал, екіншіден, саясат- ол мемлекеттің істеріне қатынасу оның қызметінің мақсаты мен мазмұның аңықтау. ( Мұнда міндеттері арқылы аңықтап тұр.)

Үшіншіден, саясат – шебер жасалынған басшымен оның сыбайластарының ниеттерін, амал - әрекетін білдіреді.

Саясат - ол қызмет болса, екіншіден өнер, басқару өнері болып табылады. /Аристотель/.

Саясаттың негізгі екі түрін ажыратуға болады; ішкі және сыртқы. Ал біздің қарастырайық деп отырғанымыз, ол әлеуметтік саясат. Әлеуметтік саясат – мемлекеттің ішкі саясатының құрамдас бөлігі.

Әлеуметтік саясат дегеніміз – ішкі саясаттың құрамдар бөлігі және мемлекеттің, адамның, қоғамның, топтың мүдделерін үйлестіру және экономикалық-әлеуметтік, саяси-идеологиялық жағынан қамтамасыз ету жөніндегі саяси қызмет болып табылады. Қоғам шеңберінде болып жатқан реформалар қоғамның басқару механизімінде ғана емес, жеке адам мен еңбек ұжымдарының топтар және әлеуметтік немесе кәсіптік топтар өмірінде жан жақты терең әсерін тигізеді. Міне, осындай жағдайда жеке адам мен қоғам арасындағы жарасымдылық мүддесін, оның құқығы мен бостандығын қорғауға, кепілдік беретін факторлар негізінде мемлекеттің әлеуметтік саласы мен халықтың түрлі топтарымен жүргізетін құрылымының орны деп атауға болады.

Әлеуметтік саясат мәні көптеген кешенді мәселелерді қамтиды өзінің мазмұнында мына төмендегі өзекті проблемаларды шешуге бағтталған қызметтерді анықтайды. Олар, нарықтық қатынастарға өту кезеңінде халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарын әлеуметтік қорғау, азаматтардың өмір тіршілігіне байланысты кепілдіктер, қызмет көрсету саласы халықтың денсаулығын қорғау, білімін, рухани мәдениетін дамыту. Сонымен қоса, әлеуметтік саясаттың мәні-қоғамдағы бейбітшілік пен татулық үшін жағдай жасау, әлеуметтІк серіктестік институттарын дамыту, еңбекшілерге әділетті де лайықты еңбекақы төлеу құқығына және қорғауға кепілдеме беру. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты - бұл мемлекеттің және оның институттарының жергілікті өзін-өзі басқару органдарының меншіктің барлық түрлеріндегі кәсіпорындар мен мекемелердің, азаматтардың қоғамның дамуы мен әлеуметтік саласын басқару әрекеті. Қазіргі жағдайда әлеуметтік саясаттың дамуы-мәдениеттің, денсаулық сақтаудың, білім берудің және экономиканың дамуы деңгейімен байланысты.

Әлеуметтік мемлекеттің басты тұжырымдамасының негізі - өте ертеде пайда болған әлеуметтік саясатқа келіп тіреледі. Ертеде көптеген билеушілер, жағдайы өте төмен адамдарға нан тарату мен ойын-сауықтар ұйымдастыру арқылы қамқорлық жасаған.

Әлеуметтік саясаттың басты идеясы - гуманизм принциптері негізінде қоғам өмірін саяси және құқықтық жағынан жетілдіру, кешенді қызметін жүзеге асыру, азаматтық қоғам дамуына жағдай жасау.

Әлеуметтік саясатты терең түсіну үшін оның белгілерін ажырата білу керек. Біріншіден, әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы құқықтық табиғаты, мемлекеттің әлеуметтік процестерді бақылау және бағыттау міндеті жатады. Екіншіден, әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жасақталуын айтуға болады. Үшіншіден, бюджеттік-әлеуметтік төлемдер, төртіншіден, әлеуметтік қамсыздандыруды, жұмыспен және мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйе және қоғамның әрбір мүшесіне мемлекеттің әлеуметтік қолдау көрсетуі жатады.

Әлеуметтік саясат мемлекеттің экономикалық саясатына шешуші әсер ете алады. Өйткені, онда әлеуметтік және экономикалық қатынастар арасындағы шиеленістеи және олардың шешімі объективті орын алған.

Қоғамдық өмірдің күрделілігі және қарама-қайшылығы қоғамның нақты дамуының кезеңдерде маңызды бағыттарына мемлекеттің көңіл бөлуін талап етеді. Сондықтан қазіргі қоғамдағы экономиканың нарыққа көшуі мемлекеттің әлеуметтік саясат мәселелеріне және көптеген категорияларды әлеуметтік қорғауға ерекше көңіл бөлуін қажет етеді.

Біріншіден, әлеуметтік салада экономикалық іскерлік қорытындылары жүзеге асырылса, екіншіден, әлеуметтік процестер неғұрлым жоғары дәрежеде қоғамдық прогрестің адам барлық құндылықтарының шегі болатын және осы процестің өзіндік мақсаты болып табылатын гуманистік мәнін атқарады. Үшіншіден, белсенді әлеуметтік саясаттың қоғамның басты өндірістік күштерін құрайтын адами фактордың активтендірушілігі, мемлекеттің материалдық және рухани мәдениетінің дамуындағы шығармашылық бастаудың болуы мүмкін емес.

Сондықтан әлеуметтік саясат - бұл қоғамдағы әлеуметтік қатынастарды, оның көптеген мүшелерінің мүдделері арқылы реттейтін демократиялық мемлекеттің жалпы саяси бөлігінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік саясат - бұл жалпы халықтың, оның таптарының, әлеуметтік, әлеуметтік- демографиялық, әлеуметтік-кәсиби, әлеуметтік қоғамдастықтардың (отбасы, ауыл, қала халқы және т.б.) әлеуметтік жағдайларын сақтауға және өзгертуге байланысты қарым-қатынастар жүйесі. Яғни, әлеуметтік саясасаттың негізгі тақырыбы жалпы халықтың және оның кейбір бөліктерінің әлеуметтік жағдайы.

Әлеуметтік саясат құрылымдық қоғамдық қарым-қатынас болып табылады.

Әлеуметтік саясаттың келесі түрлерін бөліп қарастыруға болады:

· әлеуметтік тұрақты қоғамдағы әлеуметтік саясат

( қоғамдық формацияларда);

· жүйелі кризистердегі қоғамдардың әлеуметтік саясаты (революциялық жағдайдағы);

· деформация жағдайындағы қоғамдардағы әлеуметтік саясат (қоғамдық жүйенің перманенті кризистерінде);

· күрделі реформалар арқылы жүйелі кризистерден шығу жағдайындағы қоғамдағы әлеуметтік саясат, яғни өтпелі кезеңнің әлеуметтік саясаты.

Әлеуметтік тұрақты қоғамдағы әлеуметтік саясаттың ерекшіліктері:

· әлеуметтік топтар және класстардың қарым-қатынасындағы тұрақты тәртіптің болуы;

· өз жағдайымен қанағаттанбаған кейбір топтарға білім беру;

· басқарған класстардың және оның бөлігінің қызығушылығының баланста болуы. Бұндай басқарудың түрі құқықтың қоғам формасында белгіленеді;

Әлеуметтік саясаттың басты мақсаты - ұйымдардың, экономиканың, электро-техниканың, адами-құқықтың жағдайлар жасап отырып, қоғамдық қатынастағы жарасымдық тату, оларды реттеп отыру болып табылады.

Әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары:

Қоғамның дамуының қазіргі кездегі мемлекеттің әлеуметтік саясатының бірнеше бағыттырын атап көрсетуге болады. Олардың жиынтығы әлеуметтік саясаттың мазмұнын ашып береді. Жоспарлы экономиканың өзін-өзі басқарудың нарықтық механизіміне тлық бетбұрған жағдайда мемлекеттің әлеуметтік саясаттың негізгі бағыты ретінде адамдардың күнкөрісі, әлеуметтік бар жағдай жасау, яғни, нарықтық қатынастардың экономикаға жасайтын қолайсыз ықпалынан халықты қорғау ол ең алдымен халықты ақшалай қарызы тек тауар қорларын арттыруға байланысты сақтап тұру болса, екіншіден, адамдарға тұрғын үй жағдайын жақсарту. Үшіншіден, халыққа қызмет көрсету саласын жетілдіру, ал төртіншіден, халықтың денсаулығын нығайту мақсатында материалдық базаларын кеңейтіп, білім мен мәлениетін көтеру.

Әлеуметтік саясат негізгі мынадай міндеттерді атқарады:

· әлеуметтік әсер ету және бақылау механизмдері арқылы әлеуметтік процесстерді реттеу;

· әлеуметтік әділеттілік принциптері негізінде материалдық қорларды бөлу;

· тұрғындардың анықталған өмір сүру деңгейін ұстап тұруға қажетті жағдайларды қалыптастыру;

· тұрғындарға әлеуметтік кепілдемелер беру;

· кедейшілікпен күрес;

· тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз ету;

· медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қолдану мүмкіндігін арттыру;

· білім беру саласын дамыту және реформалау;

· зейнетақы реформасын одан әрі жетілдіру және төлемшілердің зейнетақы қорының сақталуына кепілдеме беру;

· тұрғындардың жұмысбастылығы мәселесін шешу;

· ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығын қолдау;

· азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қолдау;

· баға мен инфляцияның өсуін бақылау;

· тұрғындардың кәсіпкерлік қызметін қолдау және ынталандыру;

· мәдениет саласын реформалау, бұқаралық сипаттағы шаралар жүргізу;

· демографиялық жағдайды жақсарту;

· спортты дамыту.

Жоғарыда аталып кеткендей әлеуметтік саясат мемлекеттің ішкі саясатын жүргізуде елеулі орын алады. Бұл әлеуметтік саясаттың негізгі және өзекті бағыттарының бірі болып отыр. Себебі, мемлекеттегі халықтардың бірлігі, тыныштығы, олардың денсаулығы мен рухани дүниесінің дұрыс дамуы аталмыш әлеуметтік саясатқа байланысты.

Тақырыпты пысықтау сұрақтары:

1. Әлеуметтік саясаттың мәні неде ?

2. Әлеуметтік саясаттың негізгі категорияларын атаңыз атаңыз

3. Әлеуметтік саясаттың негізгі фуңкциялары

Ұсынылатын дебиет

1. Аженов М. Социальная стратификация в Республике Казахстан. Алматы 1997ж.

2. АгафоновА.Н.,Менлибаев К.Н. идр.Основы теории социальной работы.Караганда2002.

3. Әлеуметтік қорғау. Алтын Орда. 16 мамыр, 2002 ж.

4. Бабакумов Е.Ж. Социальная политика государства. Алматы, 1996

5. Зейнышев И.Г Взаимосвязь социальной политики и социальной работы-
М, 1996

5- ші дәріс.

Тақырып.Әлеуметтік саясат және әлеуметтік қауіпсіздік

Негізгі мақсаты: Әлеуметтік саясат және әлеуметтік қауіпсіздіктің байланысын көрсету

Негізгі түсініктер:қауіпсіздік, әлеуметтік қауіпсіздік, гуманизм, бейбітшілік,

Жоспары

1. «Әлеуметтік қауіпсіздік “ ұғымы және негізгі мақсаттарының бірі.

2. Әлеуметтік саясаттың негізгі белгілері

Әлеуметтік мемлекеттің басты түжырымдамасының негізі-өте ертеде пайда болған элеуметтік саясатқа келіп тіреледі. Ертеде көптеген билеушілер, жағдайы өте төмен адамдарға нан тарату мен ойын-сауықтар ұйымдастыру арқылы қамқорлық жасаған.

Әлеуметтік саясаттың басты идеясы-гуманизм принциптері негізінде қоғам өмірін саяси жэне қүқықтық жағынан жетілдіру, кешенді қызметін жүзеге асыру, азаматтық қоғам дамуына жағдай жасау.

Әлеуметтік саясатты терең түсіну үшін оның белгілерін ажырата білу керек. Біріншіден, элеуметтік саясатты жүзеге асырудағы қүқықтық табиғаты, мемлекеттің әлеуметтік процестерді бақылау және бағыттау міндеті жатады. Екіншіден, элеуметтік сақтандыру жүйесінің жасақталуын айтуға болады. Үшіншіден, бюджеттік-әлеуметтік төлемдер, төртіншіден, элеуметтік қамсыздандыруды, жүмыспен және мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйе және қоғамның әрбір мүшесіне мемлекеттің әлеуметтік қолдау көрсетуі жатады.

Әлеуметтік саясаттың мэні-қоғамдағы бейбітшілік пен татулық үшін жағдай жасау, әлеуметтІк серіктестік институттарын дамыту, еңбекшілерге әділетті де лайықты еңбекақы төлеу қүқығына жэне қорғауға кепілдеме беру. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты-бүл мемлекеттің және оның институттарының жергілікті өзін-өзі басқару органдарының меншіктің барлық түрлеріндегі кәсіпорындар мен мекемелердің, азаматтардың қоғамның дамуы мен әлеуметтік саласын басқару әрекеті. Қазіргі жағдайда элеуметтік саясаттың дамуы-мәдениеттің, денсаулық сақтаудың, білім берудің жэне экономиканың дамуы деңгейімен байланысты.

Әлеуметтік саясат мемлекеттің экономикалық саясатына шешуші әсер ете алады. Өйткені, онда әлеуметтік және экономикалық қатынастар арасындағы шиеленістеи және олардың шешімі объективті орын алған.

Қоғамдық өмірдің күрделілігі жэне қарама-қайшылығы қоғамның нақты дамуының кезеңдерде маңызды бағыттарына мемлекеттің көңіл бөлуін талап етеді. Сондықтан қазіргі қоғамдағы экономиканың нарыққа көшуі мемлекеттің элеуметтік саясат мәселелеріне және көптеген категорияларды әлеуметтік қорғауға ерекше көңіл бөлуін қажет етеді.

Біріншіден, әлеуметтік салада экономикалық іскерлік қорытындылары жүзеге асырылса, екіншіден, элеуметтік процестер неғүрлым жоғары дэрежеде қоғамдық прогрестің адам барлық құндылықтарының шегі болатын жэне осы процестің өзіндік мақсаты болып табылатын гуманистік мэнін атқарады. Үшіншіден, белсенді элеуметтік саясаттың қоғамның басты өндірістік күштерін қүрайтын адами фактордың активтендірушілігі, мемлекеттің материалдық жэне рухани мэдениетінің дамуындағы шығармашылық бастаудың болуы мүмкін емес.

Сондықтан әлеуметтік саясат-бүл қоғамдағы әлеуметтік қатынастарды, оның көптеген мүшелерінің мүдделері арқылы реттейтін демократиялық мемлекеттің жалпы саяси бөлігінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Қоғамдық қатынастарды қазіргі кезеңде реформалау әрбір жеке адамның, еңбек ұжымдарының, әлеуметтік топтардың мүдделеріне ықпалын тигізуде.

Мемлекеттің әлеуметтік саясатын жасап, оны іс жүзіне асыру қоғам дамуының объективті заңдылығы және оның басты шарттарының бірі болып табылады. Әлеуметтік саясат-ішкі саясаттың құрамдас бөлігі ретінде аса маңызды рөл атқарады.

Экономиканың мүмкіндіктеріне байланысты, әлеуметтік саясат халықтың әртүрлі топтарын өтпелі кезеңнің күрделі қүбылыстарының элеуметтік қорғау қызметін, адамдарды еңбекпен қамту, денсаулығын қорғау, білім, мэдениетін өркендету, демалысын үйымдастыру сияқты өзекті мэселелерді шешуге бағытталған саясат болып табылады.

Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік саясат- бұл жалпы халықтың, оның таптарының, әлеуметтік, әлеуметтік- демографиялық, әлеуметтік-кәсиби, әлеуметтік қоғамдастықтардың (отбасы, ауыл, қала халқы және т.б.) әлеуметтік жағдайларын сақтауға және өзгертуге байланысты қарым-қатынастар жүйесі. Яғни, әлеуметтік саясасаттың негізгі тақырыбы жалпы халоықтың және оның кейбір бөліктерінің әлеуметтік жағдайы.

Әлеуметтік жағдай – жалпы халықтың және оның құрамдас бөліктерінің өмір сүруінің негізгі комплексті сипаттамасы. Ол белгілі көмақты факторлар (себептер) нәтижесінен қалыптасады, олар қоғамның құрамдас бөліктерінің дамуын қалыптастырады.

Тақырыпты пысықтау сұрақтары:

1. Әлеуметтік саясат және әлеуметтік қауіпсіздік мәні неде ?

2. Әлеуметтік қауіпсіздік кепілін атаңыз

3. Әлеуметтік саясаттың негізгі фуңкциялары

Ұсынылатын дебиет

1. Аженов М. Социальная стратификация в Республике Казахстан. Алматы 1997ж.

2. АгафоновА.Н.,Менлибаев К.Н. идр.Основы теории социальной работы.Караганда2002.

3. Әлеуметтік қорғау. Алтын Орда. 16 мамыр, 2002 ж.

4. Бабакумов Е.Ж. Социальная политика государства. Алматы, 1996

5. Зейнышев И.Г Взаимосвязь социальной политики и социальной работы-
М, 1996

6- ші дәріс.

Тақырып.Қазақстандағы және шетелдегі әлеуметтік саясаттың негізгі парадигмалары мен приоритеттері.

Негізгі мақсаты: Қазақстандағы және шетелдегі әлеуметтік саясаттың негізгі парадигмалары мен приоритеттерібайланысын көрсету

Негізгі түсініктер: Әлеуметтік парадигма,әлеуметтік қауіпсіздік, гуманизм, қарттар,жастар

Жоспары

1. «Әлеуметтік парадигма“ ұғымы және мағынасы .

2. Әлеуметтік саясаттың негізгі парадигмалары

Леуметтік парадигма - саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді. Қоғамдық өмірдің тұтастай түсінігінен шыға отырып, әлеуметтік парадигма қоғамдық дамуды ішкі қарама қайшылыққа толы үдеріс ретінде қарастырады. Әлеуметтік парадигма топтар мен тап күресі идеологиясының концептуалды тұғыры болып табылады.

  Егде және кәрілік жастағы кезеңге тән ерекшеліктердің бірі әлеуметтік-психологиялық бейімделмеушілік болып табылады. Егде адамның әлеуметтік мәртебесінің өзгеруі – зейнетке шығу, жақын туысқандарын жоғалту, өзіне-өзі қызмет көрсетуге байланысты қиындықтар, экономикалық жағдайының нашарлауы – дағдылы өмірлік таптаурындарды бұзады, осы жаста едәуір төмендеген өзінің жеке және психикалық резервтерін жаңалауды талап етеді. Мұның барлығы кәрі адамның психикасына әсер етеді. Денсаулығы нашарлаған адамдар үлкен физикалық энергияны немесе анық қозғалысты талап ететін рольдерді орындай алмайды. Бірақ мұның барлығы бәріне бірдей қатысты еместігін ескеру керек: өйткені барлығы бірдей жүк тиеуге немее сағат жөндеуге міндетті емес қой. Бұдан басқа, биологиялық факторлардың қандай да бір шамада әлеуметтікке байланыстығын еске түсірген жөн. Егер егде адамдарды әлсіз әрі тәуелді деп санар болса, онда олар осыған сенуге және кейбір күші келмейтін, мысалы дене еңбегінен жалтаруға дайын. Кәрі адамдар көбінесе кедей, ауру және жалғыз, оларға қимылдау қиынға түседі. Сонымен бірге олар оларды өте жас адамдар орындайтын көптеген рольдерден шығаруға бейімделуі тиіс; бұдан басқа олаоға қоғамда орын алатын кәрілікке деген теріс көзқараспен күресуге тура келеді. Ең бастысы, ол жастық шақтың өтіп кеткенімен ымырыласуға мәжбүр. Күнделікті тұрмыспен дербес айналыса алмау басқа адамдарға тәуелді болуға әкеледі. Бұл көптеген кәрі адамдарда әлсіздік, одан әрі өмір сүргісі келмеу сезімін тудырады. Аурулардың түрі көбейген сайын бұл тәуелділік тереңдей түсіп, кейбір жағдайларда кәрі адамдар толықтай дерлік тәуелді болып қалады. Олардың отбасының басқа да мүшелерімен өзара қарым-қатынасы экономикалық, адамгершілік, психологиялық тұрғыдан күрделене түседі. Мұндай жағдай қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді көрсететін отбасылық қатынастардың эволюциясынан туындайды. Жоғарыда атап өткендей, қазіргі кезде қарттар құрметті орын алатын ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасы ролін жоғалту белең алып келеді.бір отбасының ішіндегі әр түрлі өзара көмек,өзара пайда,өзара байыту негізінде өзара қарым-қатынас жасады. Қарттар балаларынан бөлек тұра бастады, ал отбасы мүшелерімен және туысқандарымен бірге тұратындар бөлек тұратындарға қарағанда жалғызты сезінетіндіктеріне жиі шағымданады. Осыған байланысты егде адамдардың тұлға ретінде өзін сақтауға және өз тәуелсіздігін көбірек сезінуіне мүмкіндік беретін жеке тұруға ұмтылуы түсінікті. мұңдай қарттар үшін жалғыз тұратындар мәртебесі отбасында жалғыздықты сезінгеннен гөрі, психологиялық жағынан қолайлы болып табылады. Өмірлік циклдің болмай қоймайтын циклі ретінде кәрілікке ойдағыдай бейімделу адамды өмірінің соңында бақытты қылатындай шешуші фактор болып табылады. Жастар мен орта жастағы адамдар өз өміріне иелік ете алатындығын әдетте сезінеді. Бірақ қартайған кезде адамдар басқалардан жиі тәуелді бола бастайды. Бұдан басқа, егде адамдар бұрын орындаған көптеген роллтдердің өзгерісімен кездеседі. Заңгерлер, автобус жүргізушілері, мұғалімдер, әйелдері, күйеулері, ата-анасы болған адамдар зейнеткер, жесір еркек, жесір әйел, әже мен ата болады. Егде адамдар ролінің өзгеруіне байланысты белгілі бір шамада оларды бір кезде қуантқан тіл табысудан айыру мүмкін. Егде адамдар орындауы тиіс жаңа рольдерге көшу проблемалармен байланысты. Егде жастағы әлеуметтендіру өмірдің бұрынғы кезеңдеріне қарағанда мүлдем бөлек. Адамдар қарттықтың туындауына жеткілікті шамада дайындалмауы мүмкін. өмір оларға ешқандай игілігін ұсынбайды; олар өз өмірінің осы кезеңіне қиындықпен бейімделеді. Қазақстанда бірде-бір білікті геронтологиялық қызмет жоқ, сондықтан егде адамдардың тәуелділік жағдайы туралы деректерді талдауға мүмкіндік жоқ.Осыған байланысты мысал ретінде АҚШ-тағы тұжырымдық түрде қазақстандық егде адамдардың жағдайынан ерекшеленбейтін халықтың дас құрылымының өзгеруіне байланысты тәуелділік проблемасын келтіруге болады. Соңғы 150 жылда драмалы беталыстардың бірі әйелдер бала туатын орташа жас кезеңінің төмендеуі болды. ХІХ ғасыр басталғалы әйелдер өзінің жемісті кезеңінің барлығында бала туды және өмірінің үлкен бөлігін балаларды тәрбиелеуге арнады. Қазіргі кезде балалардың көпшілігін 20 жастан астқан әйелдер туады. Соңғы кезде 3, және одан жоғары жаста бала туатын әйелдердің саны өсті. Әдетте ең кенже бала мамасы қырыққа жетпей тұрып-ақ дербес өмір сүре бастайды. Орташа өмір сүру ұзақтығыны ескере отырып, бір немесе ата-анасының екеуі де балаларсыз әлі де отыз жыл өмір сүретіндігін көруге болады. Соның нәтижесінде материалдық қамтамасыз ете алмайтын және басқаларға тәуелді болып қалуы мүмкін зейнеткерлердің саны көбеюде. Бұл жағдай түрлі дас санатындағы өзін материалдық қамтамасыз ете алмайтын адамдардың тәуелділік коэффициентін немесе пайыздық ара-қатысын есептегенде көрінеді (1-кесте). Егде адамдардың тәуелділік коэффициентінің едәуір артуы және 1980 және 2030 жылдарға дейінгі аралықта жастардың тәуелділік коэффициентінің аз төмендеуі жас құрылымының өзгергендігін айғақтайды. 2030 жылға дейін шындығынд жалпы тәуелділік коэффициентін ұлғайту байқалмайды және кейбір бақылаушыларды жастарды оқытуға арналған бастапқы қорлар қартайған кезде зейнетақыны өзгертуге себеп болады деген факт жұбатады. Алайда американдық сарапшылардың есептеуінше, әрбір егде адамға қоғамдық қордан шығынның құны 18 жасқа дейінгі әрбір жас адамды қамтамасыз ету шығысынан үш есе артық. әрине, бұл қарттар туралы қамқорлық салмағы келесі ғасырдың жартысында ұлғаюы мүмкіндігін білдіреді. Американ халқының нақты және болжамды тәуелсіздік коэффициенттері, 1980-2030 жж.
Тәуелділік түрі әрбір 100 адамға 18 бен 64 жас аралығындағы адамдардың саны
  1980 ж. 1990 ж. 2000 ж. 2010 ж. 2020 ж. 2030 ж.
Жалпы тәуелділік коэффициенті ( 18-ге дейін және 65 пен одан жоғары) 64,3 63,5 63,2 59,4 67,2 73,8
Егде адамдардың тәуелділік коэффициенті (65 жас және жоғары) 18,4 20,0 19,9 20,2 26,0 31,8
Жастардың тәуелділік коэффициенті (18 жасқа дейін) 45,8 43,5 43,2 39,2 41,2 42,0
Ақпарат көзі: U.S. Bureau of the Census.

Елімізде егде адамдардың тәуелділігі әлеуметтік-экономикалық проблемалармен шиеленісе түсуде. Басқа адамдардан толық тәуелдікте қалу қаупі және жалпы жағдай батыстағы құрдастарға қарағанда анағұрлым үлкен. Осыған байланысты республикадағы әлеуметтік қауіпсіздік мазмұны үлкен геронтологиялық маңызға ие.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында республика әлеуметтік мемлекет, адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары оның жоғары құндылықтары болып табылатындығы жазылған. Бұл негізінде мемлекет азаматтарға еңбекке, тұрғын үйге, оқуға, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және т.б. құқықтарын кедергісіз іске асыруды қамтамасыз ету тиістігін білдіреді. Сонымен бірге батыс елдердегі дәстүрлі әлеуметтік жауапкершілік бизнес пен қоғам болып табылады. Мемлекетіміздің азаматтардың әлеуметтік қауіпсіздігіне бағытын қуаттай отырып, республика Президенті Н.Назарбаев өзінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына жолдауында әлемдік рейтинг кестесінің жоғары бөлігіне кіретін елдер тобындағы орынға үміткер болудың маңыздығын атап өтті. Атап айтқанда, біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлыққа алатын, еліміздегі халықтың барлық тобының өмірінде озық әлеуметтік стандартты және жоғары сапаны қамтамасыз ететін әлеуметтік бағдарланған қоғам құратындығымыз айтылған.

Негізгі әлеуметтік қауіпсіздік стандарттары Еуропа әлеуметтік хартиясында жазылған. Әлеуметтік құқықтарды жүзеге асыру нәсілі, терісінің түсі, жыныс белгісі, діні, саяси көзқарасы, ұлты немесе әлеуметтік жағдайы бойынша кемсітілмей қамтамасыз етілуі тиіс. Мәселен, 13-бапқа сәйкес тараптар жеткілікті қаражаты жоқ және өз күшімен немесе басқа да көздерден мұндай қаражат таба алмайтын кез келген адамға қажетті көмек алуын, ал ауырған жағдайда оның жай-күйіне қажетті күтімді алуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Мемлекеттік әлеуметтік саясатын бағалау өлшемдерінің бірі орнықты әлеуметтік қаіпсіздік құру өлшемі болып табылады. Сонымен бірге бүгінгі таңда зейнет жасындағы адамдардың көпшілігі қатерлі қоғамда өмір сүруде. Халықтың қажетін қанағаттандырудың қарапайым талаптарымен әлеуметтік проблемаларды шығын деп есептейді. Егде адамда жалғыз табыс көзі кішкене зейнетақысы болғанда, еңбек орналастыруға мүмкіндік жоқ, сондай-ақ жеке тұрғын үй және білікті әлеуметтік көмек алу өте қиын. Ал коммуналдық қызмет көрсетулерді төлеу, дәрі-дәрмектер мен тамақ өнімдерін сатып алу бюджеттің көп бөлігінде орын алады, оны тәуелді болу қатері өсе түседі. Елдегі экономикалық реформалардың қарқыны өз орнықтылығымен және қарқындылығымен таң қалдырады, бірақ табысты экономиканың негізінде адам тұруы тиіс. Бастысы – экономикалық реформалар адам үшін белгілі бір маңызы бар әлеуметтік шаралармен, экономиканың өзгеруімен байланысты емес. Бұл ретте егде ретінде осы санаттағы халықтың өзгешелігін ескеру қажет. Көбінесе олардың көмекке қауқарсыздығына және әлеуметтік қауіпсіздіктің өзгеруіне байланысты тәуелділік те өсе түсуде. Егде адамдардың жай-күйіне теріс әсер ететін тәуелділіктің салдары туралы біз жоғарыда айттық.

Әлеуметтік қауіпсіздіктің кез келген қырын екі сәтке ажырату керек: мемлекет мемлекеттің әлеуеті – жастарға, еңбекке қабілетті халқына – даму мүмкіндігін ұсынуға міндетті, ал өзін-өзі қамтамасыз ете алмайтындар – балалар, зейнеткерлер мемлекеттік қамқорлығына сенуі тиіс. өз кезегінд, егер бірінші элементті іске асыруда кедергілер болатын болса, екінші элементті орындау барлық ұрпақтар арасында орны өзара байланыстың (өзара көмектің) болуына байланысты екі есе қиын болады.

Бүгінде біздің әлеуметтік саясат «гуманитарлық көмек» үлестіруге келіп саяды, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, білім беруге және денсаулық сақтауға, яғни адамға үлес қосу керек. Жалпыға белгілі, ең тиімлі және перспективті қаражат салу адам капиталына инвестиция салу болып табылады. Әлеуметтік саясат – енжар және шығынжы экономика емес, керісінше болашаққа жұмыс істейтін экономиканың белсенді бөлігі, және адам – еліміздің басты байлығы.

Кейбір топтағы егде адамдар басқаларға қарағанда қолайсыз жағдайда болатыны күмәнсіз. Осы санатқа жесір еркектер мен жесір әйелдер жатады. Жақындарын жоғалтқан, бірақ достарымен және көршілерімен юайланысып отыратын адамдар тек өз отбасының мүшелерімен тілдесуді ғана артық көрсетіндерден толық өмір күреді; олардың моральдық жай-күйі орнықты. Ола жалғыздықтан және алаңдаушылық сезімімег көп жапа шекпейді; олар көп шамада өздерін басқаларға керекпін және сыйлымын деп сезінеді. (Арлинг, 1976). Айналасындағылармен достық және басқа да байланыс жасына жеткен жалғыз басты еркектер мен әйелдердің өмірін жеңілдетеді, белгілі бір шамад жалғыздықтан, оқшауланудан бәрібір жапа шегеді.

Тақырыпты пысықтау сұрақтары:

1. Әлеуметтік саясат және әлеуметтік қауіпсіздік мәні неде ?

2. Әлеуметтік қауіпсіздік кепілін атаңыз

3. гуманитарлық көмекке түсініктеме беріңіз

Ұсынылатын дебиет

1. Аженов М. Социальная стратификация в Республике Казахстан. Алматы 1997ж.

2. АгафоновА.Н.,Менлибаев К.Н. идр.Основы теории социальной работы.Караганда2002.

3. Әлеуметтік қорғау. Алтын Орда. 16 мамыр, 2002 ж.

4. Бабакумов Е.Ж. Социальная политика государства. Алматы, 1996

5. Зейнышев И.Г Взаимосвязь социальной политики и социальной работы-
М, 1996

7- ші дәріс.

Тақырып.Әлеуметтік саясат және әлеуметтік қорғаудың прициптері

Негізгі мақсаты: Әлеуметтік саясат және әлеуметтік қорғаудың принциптеріне жалпылама тоқталу

Негізгі түсініктер: әлеуметтік қорғау, стандарттар, әлеуметтік кепілдіктер,практика .

Жоспары

1. «Әлеуметтік қорғаудың прициптері ұғымы және негізгі тұжырымдамасы.

2. Әлеуметтік принциптері мен тұжырымдамасы.

Елбасы өз Жолдауында әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттарын баяндады. Жолдауда айтылғандай, біздің басты мақсат біздің азаматтардыңәлеуметтік қауіпсіздігі мен игілігі. Бұл қоғамдағы тұрақтылықтың үздік кепілі. Біздің қоғамда уақыт талабына сай келетін тиімді әлеуметтік саясатты жаңғыртуға сұраныс көбеюде.

Біріншіден, мемлекетіміз әсіресе, жаһандық дағдарыс жағдайында азаматтарға ең төменгі әлеуметтік стандарттарға кепілдік беруі тиіс. Басты міндет – кедейшіліктің өсуіне жол бермеу. Кедейлік бірде бір қазақстандық үшін әлеуметтік келешек болмауы керек.

Наши рекомендации