Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаулары мен еңбектері (студенттің таңдауы бойынша).

Бүгінгі күні мен үшін «2030» Стратегиясының мерзімінен бұрын орындауға қол жеткен параметрлерінің тұтас бір қатарын іске асырудың қорытындыларын шығару үлкен абы­рой. Тұңғыш рет тарихта біздің мемлекет халықаралық дәрежеде танылған нақты шек­арасын белгіледі. 14 мың шақырым мемлекеттік шекара межеленді. Қазақстан Каспий теңізінің айдынындағы ахуалды сенімді бақылауда ұстайды.

Біз 140 этнос пен 17 конфессияның өкілдері тұратын елде ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық бірлікті сақтап, нығайттық. Біздің саясатымыз табысты болды. Бізде бұрын еш­қашан көппартиялылық болмаса, қазір еліміздегі күллі саяси спектрді көрсететін пар­тиялар жұмыс істейді. Бізде көппартиялы Парламент, парламенттік көпшілік қолдаған Үкі­мет бар.

«Қазақстан-2030» Стратегиясында басты назар экономикалық өсуге аударылды. Жан басына шаққанда ІЖӨ 1998 жылғы 1500 доллардан 2012 жылы 12 мың долларға жетіп, 7 еседен астам өсті. Соңғы 15 жылда халықтың саны 14 млн-нан 17 млн. адамға дейін өс­ті. Өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа дейін ұлғайды.

Біз қолжетімді және сапалы білім беруді дамыту бағытын дәйекті жүргізудеміз.

Қазақстанның мұнай-газ кешені күллі экономиканың локомотиві болып табылады және басқа салалардың дамуына ықпалын тигізеді. Елдің ІЖӨ-де мұнай-газ саласы үлесінің тұрақты өсу қарқыны байқалады, ол 1997 жылғы 3,7%-дан 2006 жылы 14,7%-ға және 2011 жылы 25,8%-ға өсті.

Біз мемлекеттік басқаруда өзіндік тұрғыда төңкеріс жасауға қол жеткіздік, оны халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруға қайта бағдарладық. Осылайша 2030 Стратегиясында белгіленген негізгі міндеттер орындалды, қалғандары орындалу үстінде.

Жылы “Сындарлы он жыл” еңбегі жарық көрді. Еңбекте қазіргі таңдағы әлемдік проблемалар көтерілді. Ең бастысы – есірткіге қарсы күрес мәселесіне тоқталды.

- Қазақстандағы есірткі қолданатындар – 40.505.

- Оның ішінде әйелдер – 4.420.

- Оның ішінде кәмелетке толмағаны – 1927.

Осы қауіпке қарсы жүргізілген шаралар:

- Есірткіге бақылау орнатудың халықаралық жүйесіне кіру.

- Нашақорлық және есірткі бизнесімен күресудің 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясын жүзеге асыру.

- Есірткіге қарсы күрестің кең көлемді ұлттық жүйесін құру.

Әлемдік деңгейдегі “Ғасыр дертіне” қарсы күрестің Қазақстанда жүзеге асырылуға тиісті шаралары:

- Нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесінің жолын кесу.

- Аумақтары арқылы есірткі тасымалданатын елдердің бірлесе қимылдауын күшейту мақсатында аймақтық, саяси құрылымдардың әрекеттестігін кеңейту.

- Каспий мәселесі қарастырылды.

Маңызы: Әлемдік проблемалар көтеріліп, оны шешу жолдары қарастырылды

Р-ның Н.Ә.Назарбаевтың Әл-Фараби атындағы ҚҰУ «Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс» деген дәрісінің мазмұны мен бағыттары (2009 ж.қазан).

Қазақтың Әл-Фараби атындағы ұлттық университеті 75 жыл ішінде талай асу­лар­дан, күрделі кезеңдер мен қилы жолдар­дан өтті. Осы жылдар ішінде мың-мың­даған қазақстандық жастар білім алды, ар­мандарын асқақтатып, қияға қанат қақты.Ел аузындағы кеше мен бүгінгі айтулы ғалымдарымыз өздерінің ұлттық тарих, экономика мен мәдениетке қатысты іргелі зерттеу еңбектерін осы университет қа­быр­ғасында жазып, ел игілігіне айналдырды.Математика, физика, басқа да жараты­лыс­тану салалары бойынша ауқымды ғы­лы­ми жұмыстар осы жерде іске асырылды.Мен өзімнің сөзімде кейбір ғалымдар­ды, осы істі бастаған азаматтарды атап өт­кім ке­ліп еді, бірақ, олар өте көп. Сон­дық­тан бар­лығын бүгінгі мерейтоймен құттықтаймын.Ел тағдырына қатысты күрделі кезең­дерде университет ұжымы аса маңызды тарихи оқиғаларды да бастан кешірді.1986 жылғы 16 желтоқсанда елдің еркіндігі үшін, ұлттың теңдігі үшін жан­дарын шүберекке түйіп, кеңестік жүйеге қарсы шыққандар да осы оқу орнының оқытушылары мен студенттері болатын.Бүгінгі таңда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - тәуелсіз Қазақстанның кадрлар дайындайтын негізгі орталығының бірі деуге әбден болады.Дәл қазірдің өзінде республикамыздың басқару жүйесінде отырған білікті ма­ман­дар мен талантты ғалымдардың, дарынды педагогтардың үлкен тобы осы киелі шаңырақтан шыңдалып шыққандар.Университет түлектері байтақ Отаны­мыз­дың барлық түкпірінде жеңісті де же­місті қызмет етіп жатыр. Осы жиында бас қосып отырған бә­рі­ңізді, университеттің оқытушылары мен сту­денттерін, сондай-ақ әр жылдарда осы оқу орнында қызмет істеген ұстаздар мен білім алған түлектердің баршасын бүгінгі ме­рейтоймен шын жүректен құттық­таймын!Еліміздің мүддесі үшін атқарып жат­қан еңбектеріңізге зор табыстар тілеймін.

Біз сіздермен алғаш рет кездесіп отыр­ған жоқпыз. Біздің барлық кездесулері­міз­де елімізді дамытудың проблемалары талқыланған болатын.Бүгінде біздің бәрімізді дағдарыстан кейінгі дүние қандай болатыны толған­ды­ра­ды. Берігірек болып, кез келген қиын­дық­тарға төтеп беру үшін, Қазақстанды жаңа биіктерге көтеру үшін біз не істеуі­міз керек? Бұл жөнінде бүгінгі дәрістің аясында әңгіме қозғағым келеді. Бүгінде еліміздің даму сатысы маңызы үлкен межелі тұста тұр. Алдымызда Қазақ­стан тәуелсіздігінің 20 жылдығы мере­кесі келе жатыр.Біз қазір бұл межеге іргемізді нығай­тып, күш-қуатымызды арттырып, жетіл­ген мем­лекет ретінде келіп тұрмыз. Әлем­ді қал­тыратқан қаражат дағдарысына бай­ланысты қиындықтардың бетін қайтара білдік. Қазақстан - бүкіл әлем сыйлай­тын және есептесетін беделі биік іргелі ел болды.

Міне, бүгінгі жауапкершілікті осындай дәрежедегі елдің игілігін одан әрі еселеп, озық елдердің қатарынан орын алу үшін сіздерге зор міндет жүктеледі. Алдымызда биікке жетелейтін үлкен мақсат тұр. Бұл, әрине, оңай шаруа емес. Бірақ, біз бұл міндетті жүзеге асыра аламыз.Себебі, біз не істеу керек екенін біле­міз. Елімізді өркендетудің барлық саласын ғылыми негізде қамтыған ұзақ мерзімді жоспарымыз бар.Алыстан ойламаған жақыннан уайым табады деген бар. Біз - болашағымызды болжап отырған елміз. Енді тек ұмтылыс керек, еңбек пен қабілет керек, ең басты­сы, Отанға деген шексіз сүйіспеншілігіміз керек.Жастарға айтатыным: бақытты өмірді басқа жақтан іздемеңдер. Ата-бабалары­мыздың айтып кеткен асыл сөздері есте болу керек. "Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол" деген өсиет қалдыр­ған. Өз Отаның бұл дүниедегі жәннатың мен шуағың. Сондықтан білімдерің мен қайрат-жігерлеріңді өз елдеріңнің мүдде­сіне жұмсаңдар. Туған елің дәулетті, туған жерің сәулетті болса, сендер де әулетті, әлеуетті боласыңдар. Сол үшін менің қа­тар­ластарым еңбек етіп келеді. Бұл міндет сендердің де мойындарыңа түседі. Сонда өз ұрпақтарыңды ойлайтын боласыңдар. Сондықтан осы бастан қам жасау керек. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақ­стан дағдарыстан кейінгі дүниеде: Бола­шаққа интеллектуалдық секіріс» дәрісін­де еліміздің білім беру үрдісіне барынша ауқымдылықпен қарауға шақырды. Елба­сының ойынша, өзгермелі, дағдарысқа бейім, ақпаратқа қаныққан «қазіргі заманғы әлемде әр адамды іс істеуге, білім ала білу­ге, өмір сүре алуға, бірлесіп өмір сүре білуге үйрету қажет». Президенттің жоға­рыда айтқан ақылы, заманауи қоғамда өз орынын табуға ұмтылған жастар үшін маңызды. Мемлекет басшысы Қазақстан үшін дағдарысқа төтеп бере алатын шаралар кешенін белгілегенде, олардың қата­рында ғылымды қажет ететін өндірістің, инновациялық технологиялардың, адами капиталдың дамуын атап көрсеткен

Наши рекомендации