Арлық білім кітапта.

Кітап – сенің шын досың, өмірлік серігің. “Мектепте оқу керек, ал мектептен шыққан соң, одан да көп оқу керек”,-дейді Д.Писарев.

Кітап арқылы сан адамнын жүрегін көресің. Алуан адамнын жан сырын білгеніңді алғаш сұрап білетін ғалым досың да – кітап. Кітап – көп ақылдың құйылған көзі.

(Ө. Тұрманжолов)

Хабарлы сөйлем

Айтылу мақсаты хабарлау, суреттеу, баяндауды білдіретін сөйлемнің түрін хабарлы сөйлем дейміз.

Мысалы: Күн еңкейді. Оңтүстіктен ақырын ғана майда жел білінді. Еңкейген алтын күннің лебі денеге жібек торғындай жұмсақ тиді. ( С.С.)

Хабарлы сөйлем интонациялық жағынан көтеріңкі басталып, бәсеңдеп бітеді. Сөйлем соңында жазуда нүкте (.)қойылады.

Сұраулы сөйлем

Жауап алу мақсатымен сұрай айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.

Мысалы: Ғани, сен қайда асығып барасың?

Сұраулы сөйлемдер мынадай жолдармен жасалады.

1. Сөйлемде сұрау есімдігінің қолданылуы арқылы. М: От неге жақпайсындар? От қайда, отын қайда? (Ғ. Мұстафин)

2. ма, ме, ба, бе, па, пе, ша, ше шылауларының қолданылуы арқылы. М: Жерім жаман ба? Мен жаман ба? Келесің бе?

3. –ғой, -қой, - ау, -еу шылауларының, ә, сірә сияқты оқщау сөздердің, болар, шығар, қайтеді, білемін деген көмекші сөздердің сұрау жоспары? ия, осы.

4. Сұрау интонациясы арқылы. М: - Япырай, ие бермей кетпесе?

Бұйрықты сөйлем

Біреуге бұйыру, тілек-өтініш ету мақсатында айтылған сөйлемді бұйрықты сөйлем дейміз.

Бұйрықты сөйлемде интонация біркелкі бола бермейді: бірде хабарлы сөйлем интонациясымен айтылса, бірде лепті сөйлем интонациясымен айтылады да, соған сәйкес сөйлем соңында нүкте (.) я леп белгісі (!) қойылады.

М: Күрек-шоттарын ала келсін. Бар! Шап. Жиып кел тегіс!-деді.

(М.Әуезов)

Лепті сөйлем

Айтушының көңіл күйін (қуану, ренжу, зеку, аяу, өкіну т.б.) білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Лепті сөйлем ерекше әуенмен, дауы ырғағымен айтылып, сөйлем соңында леп белгісі (!) қойылады.

М: Құнанбай қатты зекіп қалып:

- Жә, тоқтат! – деді.

- Мынау өзі аттанар емес! Бас салып, қарап тұр ғой! – деп қалды.

(М.Әуезов)

Құрмалас сөйлем

Екі я одан да көп жай сөйлемнен құралып, күрделі бір ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.

Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен өз ара мынадай жолдармен байланысады:

1. Интонация арқылы іргелес байланысады.

М: Байжанның оны көруі бірінші рет еді: орта бойлы, төртбақтау, толықша, сарғылт өңділеу, қырықты алқымдап қалған жігіт екен.

(С.М.)

2. Жалғаулықты шылаулар (кейде септеулік шылаулар) арқылы байланысады.

М: Құнанбай күзеуден ерте қайтып кеткен соң, өзге елдің бәрі де дағдыдан тыс күземді ерте алып көшіп еді.

(М. Әуезов)

3. Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемнің (көбіне алғашқысының) баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, келесі жай сөйлеммен ұласып, құрмаласа байланысады.

М: Құрымбайдың оқуға кетуі шын болса, ол өз ісін ойламаған жерден істеген екен.

(Б. Майлин)

Құрмалас сөйлемдер байланысу тәсілдеріне қарай үш түрге бөлінеді: салалас құрмалас, сабақтас құрмалас және аралас құрмалас.

Құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер өз ара тең дәрежеде байланысып, әрқайсысының баяндауыштары тиянақты тұлғада жұмсалса, ол салалас сөйлемболады.

М: Бұйрық нақ осылай болса керек, резервтегі күштің бәрі осы араға төгілді.

(Бақ.)

Құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің бірі екіншісіне бағына байланысып, бағынған сыңарының (көбіне алғашқысының) баяндауышы тиянақсыз тұлғада келеді. Ондай құрмаласты сабақтас құрмалас сөйлемдейміз.

М: Қаланың көлемі үлкен болғанмен, көп этажды үйлер сирек болатын.

(З. Қабдолов)

Кемінде үш жай сөйлемнен құралып, олар бір-бірімен салалысып (бағынбай, тең дәрежеде)та, сабақтасып (бірі екіншісіне бағынып) та байланысатын құрмаластың түрін аралас құрмалас сөйлемдейміз.

М: Қазір ол игіліктің үстіне барлық мақтауын үйер еді, аузына сөзі құрғыр түспей, тілі көмекейіне жабысып қалғандай күрмеліп қалыпты.

(Ғ. Мүсірепов)

Шылау

Жалғаулық шылаулар

Өзара тең тұрған сөздерді ( бірыңғай мүшелерді), сөйлемдері (салалас сөйлемдер) байланыстырып, солардың арасындағы грамматикалық қатынасты білдіріп тұрған шылаулар жалғаулықтардеп аталады.

Түрлері Жалғаулықтар
І. САЛАЛАСТЫРҒЫШ
1.Ыңғайластық мен (бен,пен, менен), да (де, та, те), және, әрі, әм
2.Талғаулықты әлде, біресе, я, бірде, болмаса, не, немесе, құй, мейлі
ІІ. САБАҚТАСТЫРҒЫШ
1.Қарсылықты яки, бірақ, алайда, әйтсе де, әйткенмен, әйтпесе, әйткенде, дегенмен, онда да, сонда да, сөйтсе де
2.Себепті себебі, өйткені, неге десең, не үшін десең
3.Салдарлық Сондықтан, сол себепті, сол үшін десең
4.Шарттық егер, егер де, алда-жалда
5.Айқындағыш яғни, демек
6.Ұстастырғыш ал ендеше, ендеше, олай болса, онда

Септеулік шылаулар

Атаушы сөздер арасындағы мезгілдік, мақсаттық, себептік қатынастарды білдіріп, байланыстырушылық қызметте жұмсалатын көмекші сөздер септеулік шылаулар деп аталады.

Септеуліктер белгілі бір септік жалғаудағы сөзбен тіркесіп, оның грамматикалық мағынасын нақтылап, толықтыра түседі.

Меңгерілетін септіктер Септеуліктер
1.Атау арқылы, туралы, жайында, жайлы, жөнінде,сияқты, секілді, бойы, бойда, бойынша, үшін, бойымен, сайын, ғүрлы, шамалы, шақты, қаралы
2.Барыс дейін,шейін, төмен,қарай, қарап, қарсы, салым, тарта,жуық, таяу
3.Шығыс бері, кейін, соң, бұрын,бетер, гөрі, әрі,бөлек,өзге
4.Көмектес қатар, бірге, қабат, қоса

Демеулік шылаулар

Өздері тіркесетін сөздерге қосымша реңк үстейтін, мағыналарын күшейте түсетін көмекші сөздер демеулік шылаулар деп аталады.

Түрлері Демеуліктер
1.Сұраулық ма ( ме,ба, бе,па, пе), ше тау ма? барасың ба? жоқ па? сен ше?
2.Күшейткіш -ақ, -ау, -ай, да (де, та, те), шы (ші) сен-ақ, солай-ау
3.Нақтылық қой (ғой), ды ( ді, ты, ті) қойған-ды, екен ғой
4.Шектік қана (ғана), -ақ, тек жақсы-ақ, сонда ғана, тек қана
5.Болымсыздық түгіл, тұрсын, тұрмақ ол түгіл, былай тұрсын
6.Көңіл-күй -мыс (-міс), екеш болыпты-мыс, айтты-мыс

Сұраулық шылаулар

Қазақ тіліндегі (ма? ме? ба? бе? па? пе?) сұраулық шылаулары орыс тіліндегі ли частицасына сәйкес келеді және ешқашан түсіріліп айтылмайды.

Соңғы дыбыс Буын Дауысты, үнді р, л, й, у Ұяң з, ж және үнді м, н, ң   Қатаң және ұяң б, в, г, д  
Жуан ма? ба? па?
Жіңішке ме? бе? пе?

Соңғы дыбыс Буын   Дауысты және үнді р, л, й, у Ұяң з, ж және үнді м, н, ң Қатаң және ұяң б, в, г, д
Жуан ұл ма? барды ма? қыз ба? бардың ба? завод па? алыс па?
Жіңішке терезе ме? келді ме? теңіз бе? келдің бе? ит пе? күшік пе?

Одағай

Сөйлеушінің шындыққа, болмысқа қатысын көңіл-күй, сезім арқылы білдіретін сөздер одағай деп аталады.

Одағайдың атап көрсету қызметі жоқ. Оған арнайы грамматикалық категория тән емес. Көмекші сөздердегі грамматикалық мағына үстеу қызметі де одағайда кездеспейді.

Түрлері Мысалдар
I. Мағынасына қарай 1. Көңіл-күй па, пәлі, қап, паһ-паһ, оһо, оһ, пай-пай, ту, әттең, әттеген-ай, тәйірі, түге, и-и, мәссаған, ойпыр-ай, беу, пішту
2. Ишарат Тәйт! Соп-соп! Кәне! Жә! Текке! Әрі! Әлди-әдди! Моһ-моһ! Көс-көс! Әукім-әукім! Шөре-шөре!
3. Тұрмыс-салт Ассалаумалейкум! Уағаликумуссәлам! Хош! Қайыр! Рахмет! Құп! Ләббай! Жәрәкімалла!
II. Тұлғасына қарай 1. Негізгі оһ, ой, әй, ей, е, ә
  2. Туынды бәрекелді, тәңір-ай, япырмай, ассалаумалейкум, мәссаған, әттеген-ай

Еліктеу сөздер

Түрлі дыбыстарға еліктеуді немесе құбылыстар мен қимыл-қозғалыстарды бейнелеуді білдіретін сөздер еліктеу сөздер деп аталады.

Еліктеу сөздер мағыналық жағынан еліктеуіш сөздер және бейнелеуіш сөздер болып екіге бөлінеді. Жанды, жансыз заттар шығарған түрлі дыбыстарды беру үшін қолданылатын сөздер дыбыстарды беру үшін қолданылатын сөздер дыбыстық еліктеуіш сөздердеп аталады: тарс-түрс, ырр, саңқ, қарқ, сарт-сүрт, салдыр-күлдір, қарш-қүрш.

Заттардың, құбылыстар мен қимыл-қозғалыстардың түрлі сын-мипаты, әрекеттері көру қабілеті арқылы қабылданып айтылатын сөздер бейнелеуіш сөздер деп аталады:жалт, қалт, селк,зып,бүлк, маң-маң, қалт-қүлт, желп-желп.

Түрлері Мысалдар
І. Мағынасына қарай 1.Еліктеуіш тарс,ар,қарқ,сарт,саңқ,салдыр-күлдір
2.Бейнелеуіш зып,бүлк,қалт,селк,желп
ІІ. Тұлғасына қарай 1.Негізі дүрс,ар,лып, морт,солқ
2.Туынды томп-аң,елп-ең,қорб-аң, бұр-алаң,соз-алаң
ІІІ. Құрамына қарай 1.Дара шалп,сарт,сырт,көлбең,сопаң,қайқаң
2.Күрде а) маң-маң,гүр-гүр,дір-дір ә) арс-ұрс,былқ-сылқ,жарқ-жұрқ

Дүние жүзіндегі қазақ халқының саны

Елдер Саны
1 . Қазақстан 2. Өзбекстан 3. Ресей 4. Түрікменстан 5. Қырғызстан 6. Украина 7. Тәжікстан 8. Беларусь 9. Грузия 10. Молдова 11. Әзірбайжан 12. Армения 13. Қытай 14. Моңғолия 15. Ауғанстан 16. Түркия 17. Иран 18. АҚШ 19. ФРГ 20. Канада 21. Франция 22. Пакистан 23. Англия 24. Литва 25. Эстония 26. Швеция 27. Австралия 28. Араб елдері 29. Латвия 30. Австрия 31. Аргентина 32. Үндістан 33. Израиль 7 985 000 1 500 000 800 000 90 000 40 000 15 000 12 000 5 000 1 000 3 000 3 000 1 000 1 500 000 157 000 30 000 15 000 10 000 1 000 5 000 7 000 2 000 3 000 2 000 1 000 1 000 1 000 1 500
БАРЛЫҒЫ 12 187 400

ГЛОССАРИЙ

№ п/п Новые понятия Содержание
Приветствие амандасу, сәлемдесу. Национальные традиции приветствия – уважительное отношение к старшим. Виды привет-ствий – түрі: жұмыста, көшеде. (Ассалаумағалайкум...Уағаләйкумассалам... Сәлеметсіз бе. Аман ба.Сәлем.)
Прощание қоштасу. Виды прощания: Қош болыңыз ! Жолыңыз болсын !Қайта көріскенше! Қайта кездескенше!
Приказ, повеление бұйрық рай. В повседневной речи: айт, оқы, тыңда (повелительное наклонение). Вежливая форма: шақырыңыз, дайын-даңыз.
Извинение кешірім сұрау. /Кешіре гөр (іңіз) ші, ғапу ет (іңіз) ші, өтінем./
Благодарность алғыс. (Рақмет, алғыс айтамын ризамын.)
Поздравления, пожелания құттықтау, тілек айту. / Мерекеңмен, тілеймін./
Приглашение, предложение шақыру, ұсыныс. (Қош келдіңіз, шақырғым келеді, кездеселік, барайық.)
Желание, намерение тілек,ой білдіру. (Білгім келіп еді, жақсы болар еді, ойым бар.)
Недовольство, возмущение наразылық, ашыну. (Маған ұнамай-ды,...разы емеспін.)
Знакомство танысу. (Танысуға рұқсат етіңіз, таны-сайық.)
Представление себя при знакомстве Менің аты – жөнім, туған жерім, ұлтым, жерім, ұлтым, мамандығым. Қазір...ме-кен жайым.
Встреча кездесу (Халіңіз қалай? Не хабар бар? Көңіл күйің қалай?)
Совет кеңес беру. (...кеңес етер едім...жақсы болар еді..., дұрыс қой деймін.)
Предостережение сақтандыру/ Кешігіп қалып жүрме (-ңіз)./
Согласие, одобрение Мақұлдану, құптау. (Мен келісемін. Қарсы емеспін, жарайды, жақсы. Сіздікі әбден дұрыс.)
Неопределенный ответ екі ұшты жауап.(Мүмкін, бәлкім, көрермін.)
Отказ, возражение, запрещение келіспеу, қарсылық білдіру, тыйым салу. (Қолымнан келмейді, келіспеймін, қарсымын, мүмкін емес.)
Сожаление, сочувствие өкініш, ниет білдіру. (Өкінішке орай, жаным ашиды.)
Қызметте служба, работа
Бизнес адамы человек бизнеса
Сіз қандай жұмыс істей-сіз? Где Вы работаете?
Байқаймын, сіз оны қазір көре алмайсыз. Ол бос емес. Боюсь, сейчас Вы его не увидите. Он занят.
Сізге қандай көмегім бар? Чем могу я вам помочь?
Жанұямның әлемі мир моей семьи
Үй – ішіңіз туралы айтып беріңізші. Расскажите о своей семье.  
Қара шаңырақ дом моих предков
Жеті ата моя родословная
Туыстық атаулар родство по-казахски
Үлкенге, кішіге тіл қату слова-обращения к старшим и младшим
Отбасы бақыты балада. . Счастье семьи в детях
Біздің отбасымыздың салт дәстүрі традиции моей семьи
Бос уақыт свободное время
Күнделікті тіршілік және мейрамдар будни и праздники
Қазақтың дастарханы Дастархан
Қонаққа шақыру приглашение в гости
Туған күн день рождения
Шілдехана праздник рождения ребенка
Тұсау кесу первые шаги ребенка
Құда түсу обряд сватовства
Беташар представление невесты
Ұлыстың ұлы күні Наурыз - праздник весеннего
равноденствия
Мінез және портрет характер и портрет
Ауызша суреттеу словесный портрет
Отбасы суреттер семейный альбом
Үлгілі отағасы хороший семьянин
Біздің кезіміздің батыры герой нашего времени
Адамнын сырткы сулулығы мен ішкі сұлулығы внешняя и внутренняя красота человека
Досыңа қарап сенің кім екеніңді айтам. Скажи, кто твой друг, и я скажу, кто ты.
Сіздің талғамыңыз қан-дай Ваш вкус
Біз қай жерде тұрамыз қайда барамыз? Где мы живем и куда ходим?
Менің қалам Мой город
Оқу орны учебное заведение
Мұражай Музей
Мейрамхана Ресторан
Халыққа қызмет ету салалары Сервис
Мейманхана Гостиница
Денсаулық – зор байлық! Здоровье – залог богатства!
Емханада В поликлинике
Ауруханада В больнице
Дәріхана Аптека
Дәрігердің қабылдауында на приеме у врача
Саяхат поездка, путешествие
Біз қалай демаламыз? Как мы отдыхаем?
Демалыс күнім мой выходной день
Іс сапар Командировка
Саяхатты әңгімелеу рассказ о поездке

Қазақша-орысша сӨздік

А  
Аббаттандыру Благоустройство
Абоненттік бөлім Абонентный отдел
Ағарту Просвещение
Ағартушылық Просветительство
Адам, тұлға Лицо; личность
Адамгершілік Человечность
Ажырамас, біртұтас Нерасторжимый
Аза Траур
Азамат Гражданин
Азаматтык Гражданский
Азшылық Меньшинство
Азық-түлік Провиант; продовольствие
Ай-күнтізбесі Лунный календарь
Айбынды, алып Монументальный
Айдар Рубрика
Айлық Месячник
Айлықақы Оклад
Аймақ Регион, зона
Аймақаралық Межзональный
Айналым Оборот
Айналым тізімдемесі Оборотные ведомости
Айып, айыптау Обвинение
Айыппұл Штраф
Айырбас, ауыстыру Обмен
Айырбас (валюта) Конвертация (валюты)
Айырбас құн Меновая стоимость
Акт; кесім Акт
Акционерлік қоғам Акционерное общество
Ақау Дефект
Ақ-қара фильм Черно-белый фильм
Ақиқат Истина
Ақсүйек Аристократия
Ақша белгілері Денежные знаки
Ақша реформасы Денежная реформа
Ақшасыз есеп айырысу Безналичный расчет
Ақы Плата
Ақыл-парасат Разум
Ақылы Платный
Алаң; аудан Площадь
Алаңдау Тревога
Алаңдаушылық Озабоченность
Алап; жиым, үйім Массив
Аластау Изгнание
Алауыздық Рознь
Алаяқ, жылпос Махинатор
Алаяқтық, қулық-сұмдық Афера
  Ә  
Әділдік Объективность
Әдіс Метод: способ
Әдіскер Методист
Әдіснама Методология
Әкім Аким
Әкімшілік Администрация; акимат
Әлем Мир
Әлеуметтік Социальный
Әліпби Алфавит
Әліппе Букварь
Әңгіме, сөз Разговор
Әңгімелесу Собеседование
  Б  
Бағыт, бағдар Направление
Байрақ Флаг
Бақылау Контроль; наблюдение
Баж Пошлина
Бажсыз, алымсыз Беспошлинный
Байнаныс, қатынас Связь
Байланыс бөлімшесі Отделение связи
Балама Альтернатива, эквивалент
Бап Статья
Барабарлык Адекватность
Бас әріп Заглавная буква
Бас кітап Главная книга
Басқарма Правление
Баскару Управление
Басқосу Саммит
Баспалдақ Лестница
Баспасөз Пресса, печать
Баспахана Типография
Басылым Издание
Бәсекеге қабілетті Конкурентоспособный
Бәсекелес Конкурент
Бәсекелестік Конкуренция
Бейбітшілік Мир
Бейберекеттік, ретсіздік Хаос
Бейнехана Видеотека
Бескүндік Пятидневка
Болашақты жоспарлау Перспективное планирование
Болжал Гипотеза
Болжам Прогноз
Болмыс Бытие
Бопса Шантаж
Бөлшек сауда бағасы Розничная цена
Бөлінбес, ажырағысыз Неотьемлемый
Біліктілік Квалификация
Бірауыздан Единогласно
Бірлесу Объединиться
Бірлестік Альянс; объединение
  В  
Валюта бағамы Валютный курс
Валюта коры Валютный фонд
Валюта тұрақтылығы Стабильность валюты
  Г  
Гриф, белгі Гриф
Гүлдесте Венок
  Ғ  
Ғалам Вселенная
Ғаламдық Глобальный
Ғалым Ученый
Ғимарат Здание
  Д  
Дағдарыс Кризис
Даму Развитие
Дана Экземплер
Даңғыл Проспект
Дарын Талант
Дарынды Талантливый
Дәйексөз Цитата
Дәлел, уәж Аргумент
Дәреже Степень
Дәріс Лекция
Дәріскер Лектор
Делдал Брокер; маклер; посредник
Дербес есепшот Лицевой счет
Дербес іс Персональное дело
Дерек Факт
Дұрыс шешім Корректное решение
Дүние Мировоздание
Дүниежүзілік Всемирный
Дүниетаным Мировоззрение
Дыбысхана Фонотека
Діл Менталитет
Дін Религия
Діни қағида Заповедь
Діни наным Вероисповедание
Діни ілім Вероучение
  Е  
Егемендік Суверенитет
Ел Страна
Елес Иллюзия
Елші Посол, посланник
Енжарлық Пассивность, апатия
Еншілес кәсіпорын Дочернее предприятие
Еңбек қорғау Охрана труда
Ереже Правило
Ерекшелік Специфика
  Ж  
Жабдық Оборудование; принадлежность
Жад Память
Жазира Оазис
Жал, жалдау Аренда
Жала Клевета
Жанжал Конфликт
Жарғы Устав
Жарқағаз Афиша
Жарлық Указ
Жарна Взнос
Жекешелендіру Приватизация
Желі Линия, сюжет
Жүйелеу Систематизация
Жылжымайтын мүлік Недвижимое имущество
Жіктегіш Классификатор
Жіктеу, топтастыру Классификация
  К  
Кезең Период; этап
Келіссөз Переговоры
Келісім Соглашение
Кеңесші Советник; консультант
Қеңсе Канцелярия, контора; офис
Кепілгер Гарант
Кесене Мавзолей
Кесте График, расписание; таблица
Кешен Комплекс
Көші-қон Миграция
Курс, бағам Курс
Кібісе жыл Високосный год
Кіріспе Введение
  Қ  
Қаламақы Гонорар
Қарар Резолюция
Қарқын Темп
Қарыз Заем
Қиял Фантазия
Қоғам Общество
Қуат Мощь; ток
Қуғын Погоня
  М  
Мағлұмат Сведение
Мақала Статья
Маусым Сезон
Мәлімет Сводка
Мәртебе Статус
Мердігер Подрядчик
Мердігерлік Подряд
Мұрагер Наследник
Мұрагат Архив
  Н  
Нақыл Афоризм
Нарық Рынок
Нарықтық қатынас Рыночные отношения
Несие Кредит, ссуда
Нұсқау Инструкция, указание
  О  
Оралман Репатриант
Отбасы Семья
Отбасылық қор Семейный фонд
  Ө  
Өкіл Представитель
Өкілдік Консульство; представительство
Өкімет Власть
Өлшем Мера
Өлшем бірлігі Единица измерения
Өркениет Цивилизация
  П  
Пікір Мнение, отзыв
Пікір жарыстыру Дебатировать
Пікірлес Единомышленник
Пікірсайыс Дискуссия
Р
Ресми Официально
Рухани қазына Духовная ценность
Рұқсатнама Виза
Рұқсаттама Пропуск
  С  
Салтанат Торжество
Салтанатты рәсім Церемония
Салтанатты шеру Кортеж
Салық Налог
  Т  
Тілашар Разговорник
Тілмәш Переводчик
Тілші Корреспондент
Тіркеу Регистрация
Тіркеуші Регистратор
  У  
Уәде Обещание
Уәж, дәлел Мотив
Учаске, телім Участок
  Ұ  
Ұлттық мұрағат Национальный архив
Ұлттық табыс Национальный доход
Ұран Лозунг
Ұрпақ Поколение
  Ү  
Үлес Доля, довольствие
Үндеу Обращение
Үстеме Надбавка, прибавка
Үстеме баға Наценка
  Х  
Хабар Известие
Хабарландыру Объявление
  Ш  
Шебер, ісмер Мастер
Шеп Рубеж
Шетел Зарубежье
Шешім Решение
Шығарма Сочинение
  Ы  
Ықпал Влияние
Ымыра Компромисс
  І  
Іскерлік хат Деловое письмо
Ішкі саясат Внутренняя политика

МАЗМҰНЫ

1. Кіріспе

2. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл

3. Адам – ардақты ат.

4. Мезгіл. Уақыт.

5. Туған жер – алтын бесік.

6. Тәуелсіз Қазақстан.

7. Қазақ халқының салт-дәстүрі.

8. Ұлы адамдар өмірі.

9. Мамандық әлемі.

10. Қазақстан Республикасының Ата Заңы.

11. Іскерлік әлемі.

12. Ресми қабылдауда.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі. – Алматы: Рауан, 1994-400б.

2. Бектұров Ш.К., Серғалиев М. Қазақ тілі. – Алматы: Білім, 1994-224б.

3. Жалмаханов Ш.Ш. Қазақ тілі: Заңгерлерге арналған. – Қарағанды, 2002-285б.

4. Исаев С.М. Қазақ тілі. – Алматы: Қайнар, 1993-173б.

5. Күзекова З., Қарақұсова Т. Қазақ тілі. – Алматы: Раритет, 1999-172б.

6. Құлмағамбетова Б., Елемесова Ж. Қазақ тілін үйренушілерге көмек. - Алматы: Қайнар, 1995-205б.

7. Мусинов А. Қазақ тілі. – Алматы: Қайнар, 1995 – 205б.

8. Мурзалина Б. Қазақ тілі: Для интенсивного обучения. – Алматы: Ана тілі, 1998-264б.

9. Түймебаев Ж.Қ. Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш. – Алматы: Ғылым, 2004-107б.

Баспаға қол қойылды ____________

Көлемі –

Тапсырыс N_____ Таралымы – 100 дана

Қарағанды экономикалық университетінің баспаханасында басылған.

Қарағанды қаласы, Академиялық көшесі, 9.

Тел: 44-17-29.

Наши рекомендации