Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңының мәні
Республикамызда жер қойнауын пайдалану Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қаңтардағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заң күші бар Жарлығына сәйкес жүргізілуде. Онда жер қорларын барлау мен өндіруге контракты, олардың түрлері, қолдану мерзімі мен шарттары, жер қойнауын және аймақтағы табиғи ортаны қорғау және олардың міндеттері, жалпы экологиялық талаптар, жер қойнауын қорғауға мемлекеттік мониторингі, жер қойнауына қорғауға мемлекеттік бақылау, халықтың және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жер қойнауының мемлекеттік қоры, оның мемлекеттік мониторингі, жер қойнауына жүргізілетін мемлекеттік сараптама және сол сияқты ережелер орын алған. Сонымен қатар, осы Жарлыққа және Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес барлық жер қойнауы, оның ішінде пайдалы қазба байлықтар мемлекет меншігі жатады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
. мемлекеттік жер қойнауы қорларын басқару мен жер қойнауын пайдаланудың қағидаларын белгілейді;
. мемлекеттің мұқтаждығын қанғаттандыру үшін минералдық шикізаттардың стратегиялық және тапшы түрлерін орналастыратын учаскелерді айқындайды, ұлттық пайдалануға шек қояды, қоршаған ортаны сақтау, халықтың қауіпсіздігін, келешек ұрпаққа қалатын қорларды сақтау үшін оларды жабуды;
. қазып шығаратын өнеркәсіп саласындағы жер қойнауын пайдаланушыларға төлем және салық төлеуді;
. лицензия және шарт жасаудың тәртіптерін анықтайды.
. Жер қойнауын пайдалану құығына лицензия беру, сонымен қатар лицензия мен шарттарды бұзбауды бақылайды, заңда көрсетілген басқа да шараларды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер туралы» Жарлығына байланысты, жерді қорғау, жерді ұтымды пайдалануға, ауыл шарукшылығы мен орман шаруашылығы айналымының жердің негізсіз алынуын болдырмауға сондай-ақ топырақ құнарлығын қалпына клтіру мен арттыруға бағытталған құқықтық, қйымдық, экономикалық, технологиялық және басқа да жүйесін қамтиды.
|
Республикамызда жер ресурстарын үзбей пайдаланудың нәтижесінде пайда болған топырақ эрозиясына тойтарсы беру үшін төмендегі шараларды жүзеге асырған жөн:
- топырақ эорзиясына қарсы табиғат қорғау ағаштарын отырғызу, гидротехникалық құрылыстар салу, ауыл шаруашылық дақылдарын кезектестіріп отырғызуға көңіл бөлу;
- топырақты қорғайтын көп жылдық шөптер егу;
- жер жыртқанда, атмосфералық жүйелерден келетін сулардың ағып кетпеуіне мүмкіндік жасау;
- сайлар мен құмды жерлердің топырағын нығайту мақсатында бұларға тамыры тереңге кететін, жер эрозиясына бой бермейтін ағаштарды және дақылдарды отырғызу;
- құмды, тасты жерлерде, тау бөктерлерігде мал жаюды реттеп отыру;
Жерлерді ауыл шаруашылығы химиясы қалдықтарынан сақтау металлургия,мұнай, химия өнеркәсіптерінің зинды әсерінен құтқару-басты міндеттің бірі.
Мемлекеттік жер кадастры - Қазақстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы туралы, жер учаскелерінің орналасқан жері, көлемі мен шекарасы, олардың сапалық сипаты, жер пайдаланудың есебі мен жер учаскелерінің бағалануы туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады.
Жер пайдалану құқығы мынандай операцияларды жүргізу үшін беріледі:
. жер қойнауын Мемлекеттік геологиялық зерделеу;
. барлау;
. өндіру;
. өндірумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салу және пайдалану.
Жер қойнауын пайдаланушылардың құқығы тұрақты немесе уақытша қарауына алынған немесе алынбаған, ақылы немесе ақысыз болуы мүмкін.
Тұрақты және ақысыз жер қойнауын пайдаланушылар қарауындағы жер учаскелерінде жалпыға ортақ пайдалы қазба байлықтарды шығаруды жүзеге асырады. Қалған операция түрлерінің барлығы жер қойнауын уақытша және ақылы пайдалану негізінде жүргізіледі.заңмен
Жер қойнауын пайдаланудың өзіндік құқығы иеленушілерге: пайдалануға құқығы бар азаматтар мен заңды тұлғалар, оның ішінде шетелдіктер, сол сияқты шет ел мемлекеттері, халықаралық мекемелер жатады.
Жер- өндіріс құралы ретінде еңбек процесінің материалдық алғышарты, оның аса маңызды заттық факторларының бірі. Ол халық шарашылығының бір қатар салаларының, еңалдымен ауыл және орман шаруашылығының табиғаттың өзі берген басты өндіріс құралы. Өндіріс құралы ретінде жердің негізгі қасиеті-оның құнарлығы.
Жер шаруашылық айналымына таратылғаннан кейін, оның құнарлығы тыңайтқыштар енгізу, техникалық құралдарды, жерді өңдеудің технологиясын жетілдіру арқылы, яғни техникалық прогресс негізінде қолдан жаңартылып, жақсартылады. Жердің құнарлығын арттырудың неғұрлым қолайлы жағдайы оның табиғи және қолдан жасалған өндірістік мүмкіндіктерін пайдалануды дұрыс ұйымдастыру арқылы жасалады. Экономикалық құнарлықтың өсуі- жерді пайдаланудың тиімділігін арттырудың аса маңызды шарт.
Жердің құнарлығы дегеніміз- адамға керекті өсімдік өнімдеріне, ал шаруашылығына керекті жағдай туғызу. Жердің құнарлығы ондағы қоректік заттардың мөлшеріне, топырақтың құрылымына тағы басқа биологиялық, климаттық факторларға байланысты. Бұлар алғашында жаратылыста болатын табиғи процестердің барысында қалыптасады.
Жердің экономикалық құнарлығының көрсеткіші- ауыл шаруашылығы дақылдары шығымдылығының және мал шаруашылығы өнімділігінің өсуі, бұл жерлердің сапасының тұтыну құны жақсаруының тікелей айғағы.
Жердің өндіріс құралы ретіндегі аса маңызды бір ерекшелігі шаруашылық айналымындағы жердің тұтыну құны кемімейтіндігі былай тұрсын, қайта жақсара беретіндігінде.
Жердің негізгі өндірістік қасиеті(құнарлығына байланысты), оның ерекшелігі ол бір уақытта еңбек заты да, еңбек құралы да болса алады. Өндіріс процесі топырақты өңдеуге бағытталса, жер еңбек заты ретінде қызмет етеді. Сондықтан шаруашылық айналымына тартылып, өндірістегі жерді тек табиғат сыйлығы ғана деп қарауға болмайды. Бұл жағдайда жердің өндіргіш қасиеті-адамның еңбек етуінің нәтижесі, ал оның тиімділігін жұмсалған шығындарды есепке аоа отырып, бағаланады. Бірақ ауыл шаруашылығы өндіріс процесінің алғашқы сатысында ғана жер еңбек заты ретінде болады.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің шарты және оның барлық технологиясының негізгі ретінде жер еңбек құралы болып табылады. Жердің құнарлығы, оның ауыл шаруашылығы дақылдарын қажетті қоректік заттармен қамтамасыз ету қабілеттілігі оны ерекше өндіріс құралы етеді. Бұл ретте жердің өзгешелігі сол- адам топырақта болып жататын биологиялық, химиялық, тағы басқа процестерді пайдаланады, бұл процестер үшін қолайлы жағдай туғызады, оларды бақылап, белгілі мақсатқа қарай бағыттайды. Бұл мағынада жерді өндіріс құралы ретінде пайдаланудан әлде қайда қиын. Шын мәнінде техникалық прогрестің дамуымен байланысты.
Топырақтың табиғи құрамын сақтап тұру үшін сапа нормативтерінің сақталуы қажет. Сонда ғана қоршаған ортаға антропогендік әсер-ықпал деңгейін төмендетуге болады.
Қазақстан Республикасы егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болғалы қоғамдық қатынастар,оның ішінде жер қатынастары Қазақстан Республикасының негізгі заңының нормаларына сай дами бастады.
Соңғы жылдардағы жер реформасы жөніндегі бірінші жаңалық – бұл Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясына сәйкес жер мемлекеттік меншікпен қатар, жеке меншікте болуы құқығының енгізілуі. Екіншіден- бұл жеке меншік құқығындағы немесе басқа да жер пайдаланушы құқығы бар азаматтар мен заңды тұлғалардың жер учаскелерін мақсатты пайдалануға шек қою.
Бірінші кезекте (1990-1993жж) жер реформасын жүзеге асыру мақсатында жер кодексі, жер заңы, жер реформасын жүргізу шаралары, тағы басқа жерге байланыстыжарлықтар, қаулықтар, ережелер жарық көрді. Бұл шаралардың басты міндеттері- жерді тиімді пайдалану мен қорғау, топырақ құнарлығын қалпына келтіру, табиғи ортаны сақтау мен жаңарту, шаруашылық жүргізудіңт барлық нысандарын кең тарату үшін жағдай туғызу, азаматтар мен заңды тұлғалардың жерге құқығын қорғау, жылжымайтын мүлік нарығын жасау мен дамыту, жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту мақсатында ьжер қатынастарын реттеу болып табылады.
Екінші кезең – бұл 1994-1995 жылдар. Осы жылдардан бастап Республикамызда мемлекеттің белгіленген тәртібімен сатуға болатын жер учаскелері сатылып беріліп және сатып ала бастады, яғни жер сатылады, кепілге беріледі, мұраға қалдырылады. Сөйтіп, жер нарқы әдістерінің құқықтық негіздері пайда болады. Жер жөнінен қабылданған толып жатқан заңдардың ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің 1995жылғы қаңтардың 27-індегі заң күші бар «Жер туралы Жарлығы» көш бастаушы болып саналады. Жер туралы жарлықта жер нарқы туралы Қазақстан Республикасы жер заңдарының міндеттері қатарында аталады. Онда алдында 1994 жылғы 5сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер қатынастарын одан әрі жетілдіру тупалы Жарлығы» бұл саладағы алғашқы құқықтық негізі деуге болады. Жер туралы Жарлықтың және Президентінің жерге қатысы бар басқа да Жарлықтарында жер нарық қатынастарының принциптері, барысын жандандыруды белгілейтін норсмаларды қарастырады.
Жер рыногын жүзеге асырушылардың қызметі бір жағынан жер рыногы қатынастарын реттеу, екінші, оған қатынасушыларды есепке алу, тиісті мәліметтермен қамсыздандыру, бақылау, жасау, тәртіпті және басқа шараларды жүзеге асыру болып табылады.
Республикамызда жер ресурстары әр түрлі себептер мен ауыл шпруашылығы өндірісінде пайдаланылмай келе жатқанын айтуға болады. 1998 жылдың бірінші қаңтарында республика бойынша 18.7 млн.гектар егіске жарамсыз жерлер болған. Мұнда жел эрозиясымен тқатартопырақтағы су эрозиясы да кең көлемде орын алып отыр, оның жалпы мөлшері 4.3 млн6 гектарға жеткен. Еоекше қауіп-қатер Арал өңіріндегі 59.6 млн7 гектар жердің жағдайы мен пайдалануы. Бұл өңірде климаттық және гидрологиялық жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты жел эрозиясы қарқынды түрде өріс алуда. Мұндай қолайсыз жағдайлар, әсіресе Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарында кездесіп отыр.