Ортостатикалық сынама индекстерін бағалау

1-кесте

Тамыр соғуының бір минутта жиілеуі Ең жоғары артериялық қысымның өзгеруі
артуы
+10 +10 +10 +10 +10 +10
0-4
5-8
9-12
13-16
17-20
21-24
25-28
29-32
33-36
37-40
41-44

Қолайлы индекс 100-85, рұқсат етілетін 84-75 және ең нашар 74-60 болып саналады. Динамикалық бақылау үдерісінде индекстің өсуі сауықтыру ұйымдарындағы қозғалыс режимінің жаттықтыру әсері туралы куәландырады.
5. Тыныс алу жүйесінің функционалдық жағдайы Генч сынамасы көмегімен бағаланады (демнің сыртқа шығу кезіндегі тыныс алу кідірісі).
Генч сынамасы былайша өткізіледі: сыналатын адам мұрнына қыстырғыш салып, ауыз арқылы еркін дем шығарады және жағымсыз сезімдер пайда болғанға дейін аузын жауып отырады. Тыныс алу кідірісінің уақыты секундомермен тіркеледі. Әртүрлі жастағы және жыныстағы балаларға арналған осы көрсеткіштің орташа мәндері 2-кестеде келтірілген (± орташаның қатесі).

Балаларда дем шығару кезінде тыныс алу кідірісі көрсеткішінің шамасы (секундына)

2-кесте

Жастары жылмен Ер балалар Қыздар
10 ± 2,8 8,3 ± 4.0
17 ± 12,4 13,0 ±7,2
16,8 ±11,0 12,1 ± 6.3
15,5 ± 7,5 11,0 ± 4,0
18,2 ± 8,5 13,0 ± 8,6
20,0 ± 12,0 16,0 ±13,6
18,5 ± 11,0 16,0 ±6,2
19,6 ± 6,7 19,0 ± 9,2

Балаларды сауықтыру ұйымдарында балалардың болуының сауықтыру тиімділігі терең тінді биохимиялық үдерістерді жетілдіруде – гипоксия тұрақтылығының жоғарылауында көрінеді. Баланың демалу уақытында тыныс алу кідірісінің 10%-ға және одан жоғары өсуі жағымды қозғалыс ретінде сипатталады; тыныс алу кідірісі уақытының 10% төмендеуі керісінше сипатталады және оттегі тапшылығына төзімділіктің төмендеуі туралы куәландырады.
6. Балалардың еңбекке дене қабілетін бұлшық ет күшінің және бұлшық ет шыдамдылығының көрсеткіштері бойынша бағалау ұсынылады.
Балалардың бұлшық ет күші динамометр көмегімен анықталады. Қол буынының бұлшық етінің күші бір жаққа созылған күшті оң қолмен (солақайларда – сол қолмен) қол буыны динамометрі арқылы өлшенеді. Қол буыны бұлшық етінің жас-жынысына қарай орташа стандарты 3-кестеде берілген.

Балалардың қолының бұлшық ет күші (килограмм)

3-кесте

Жастары жылмен Оң қол (солақайларға сол қол)
Ер балалар Қыздар
14,8 ± 3,2 12,2 ± 2,9
16,7 ±3,2 14,3 ± 2,7
18,7 ± 3,8 15,3 ±2,5
21,1 ±3,6 16,6 ± 3,8
25,9 ± 5,5 19,6 ± 4,7
26,2 ±7,0 21,6 ±4,4
28,6 ±9,0 23,5 ± 4,6

1) бұлшық ет күшінің 10%-ға және одан жоғары өсуі балаларды сауықтыру ұйымындағы дене тәрбиесінің дұрыс жолға қойылуы, сауықтыру іс-шаралары жүйелерінде күш және жылдамдыққа-күшке бағытталған жаттығулардың қолданылуы туралы куәландырады. Динамикалық бақылау үдерісінде бұлшық ет күшінің 10%-ға төмендеуі көрсеткіштің кері динамикасы туралы куәландырады;
2) сондай-ақ бұлшық ет төзімділігі динамометрдің көмегімен анықталады. 5-7 секунд демалуға үзіліс жасап, бала динамометрді бар күшімен 5 рет қысады да сосын динамометрдің бірінші және бесінші көрсеткіші салыстырылады. Баланың жағдайына байланысты бұлшық ет күшінің көрсеткіші оның бастапқы мөлшеріне қарағанда 10-15%-ға төмендейді. Осы ерекшелік неғұрлым аз болса, соғұрлым күштің төзімділігі жоғары болады. «Стайер» типіне жататын төзімді балаларда динамометрде өлшеудің басындағы және соңындағы көрсеткіштері сәйкес келеді. Осы өлшеулердің арасындағы айырмашылықтардың лагерь ауысымының басынан бастап соңына дейін төмендеуі төзімділіктің дамуы немесе артуы туралы айғақтайды.
7. Баланың функционалдық мүмкіндіктерінің өсуін білдіретін маңызды көрсеткіштер дене дайындығының оң динамикасы: жылдамдыққа (30 метрге және 60 метрге) жүгіргенде, төзімділікке жүгіргенде (300 метрге және 500 метрге), сондай-ақ басқа да нормативтерді тапсыру кезінде нәтижелердің жақсаруы болып табылады.

Балаларды сауықтыру тиімділігінің көрсеткіштері динамикасы

Плюс «+» жақсaру (бұдан әрі – «+»), минус «-» нашарлау (бұдан әрі – «-»), «0» - өзгеріссіз (бұдан әрі – «0»).
Жиыны: тиімділігі айқын, сауықтыру тиімділігі әлсіз, сауықтыру тиімділігі жоқ балалардың үлес салмағы.

4-кесте

Баланың аты-жөні Дене дамуы Бұлшық ет күші Төзімділігі Өкпенің өмірлік сыйымдылығы Тыныс алуды кідіртуі Орто-статикалық сынама Дене дайындығы Жиыны + - 0
+ + + + + - + 6+ 1-
+ + + + + - - 5 + 2 -

«Санаториялық және сауықтыру
объектілеріне қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық қағидаларына
6-қосымша

Наши рекомендации