Татулығымызға тәубе дейтін ұлтпыз

Ынтымақ, бірлік келісім – ең басты байлық ел үшін» тақырыбында алқалы жиын өтті

25.10.2015 23:41

Азақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын атап өту аясында Арыс қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен В.Комаров жалпы орта мектебі мен №17 колледжде «Ынтымақ, бірлік келісім – ең басты байлық ел үшін» тақырыбында алқалы жиын өтті, - деп хабарлады Арыс қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Смотрите также

В Южно-Казахстанской области найдено тело пропавшего человека

Жиынға Арыс қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ш.Нұртазаева және әдіскер Ә.Мұхит, қаламыздың бас имамы А.Абдулкамал, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Ысқабай, желер алқасының төрайымы Ө.Елубаева, Арыс қалалық татар-башқұрт мәдени орталығының жетекшісі Р.Байков сөз сөйлеп, студенттер мен оқушыларды ауызбіршілікке, ынтымақ-бірлікке шақырды.

"Бірлік пен ынтымақ - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатының арқасында қол жеткізген баға жетпес игілігіміз болып табылады. Біздер ұлттар татулығының ғажап зертханасына айналған Қазақстан сияқты берекелі елде күн кешіп жатқандығымызды мақтан тұтамыз. Кезінде бұл қасиетті мекен тағдырдың жазуымен жер аударылып, қудаланып келген талай ұлыстың баласына пана болған, басына күн туған бабаларымызға қорған болған осы топырақ - біз үшін аса қымбат. Сондықтан да, бұл мемлекеттің тең құқылы азаматы, патриоты ретінде біз оның ары қарай да өсіп-өркендеуіне үлес қосуға мүдделіміз. Себебі, оның дамуы біздің ертеңгі ұрпағымыздың кемел келешегі үшін қажет» деді Арыс қалалық татар-башқұрт мәдени орталығының жетекшісі Р.Байков.

Жиында Қазақстан халқы Ассамблеясы бейбітшілік пен келісімнің символы, ал Ата Заң тұтастық пен татулықтың кепілі екендігі, барша қазақстандықтардың өзара түсіністік пен достық жағдайында бейбіт өмір сүріп келе жатқаны тілге тиек етілді.

·

·

·

·

·

·

·

·

ЫНТЫМАҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ – ЕЛ ҮШІН ЕҢ БАСТЫ БАЙЛЫҚ

10 сәуірде «Коммуникативтік дағдылар» курсында «Жалпы медицина» факультетінің 101 топ студенттерімен 1 мамыр Казақстан халықтарының Ассамблеясының құрылуының 20 жылдығына арналған «Ынтымақ, бірлік, келісім – ел үшін ең басты байлық» атты тақырыпта мерекелік шара өткізілді.

Қазақстан Республикасында 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар тұрады. Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Студентіміз Б. Әбдікәрім мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды. 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені ретінде – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл домбырамен ән шырқады. Кейін студенттер орыстың ұлттық биін биледі.

Қазақ жұрты көршілес елдермен үнемі тату-тәтті өмір сүріп келеді. Сондай елдердің бірі – өзбек елінің де ұлттық биі орындалды.

Жер анамыз жасайды тарлық кімге,

Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде.

Қайталанып, жаңарып айтылады,

Бейбітшілік деген сөз барлық тілде – дей келе, сыған халқының өнері тамашаланды. Мерекелік шара назарынан алыс шет ел өкілдері де тыс қалмады.

Қазақстан Тәуелсіздігін бірінші болып мойындаған Түрік елі еді. Түрік елінің де ұлттық биі көрермендер назарына ұсынылды.

Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі – еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!

Ендеше, бейбітшілік жасасын!

Ынтымақтастық жасасын!

Қазақстан жасасын!

Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын!

Кешті Сыдыгалиева Замира Маметаевна қорытындылады: «Мұндай шараларды өткізудің үлкен тәрбиелік, саяси, рухани, көркемдік маңызы бар. Әрі біз бір-бірімізді басқа жақтарымыздан да танимыз, қыр-сырымызды білеміз. Жан-жақты, рухани бай студенттер жақсы маман болады деп сенемін.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

РЕСМИ САЙТЫ

ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫ

ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ

ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

<Мамыр 2016>

Жек

Дүй

Сей

Сәр

Бей

Жұм

Сен

Қазақша сценарий: 1 мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні (Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін)

«КЕЛІСІМ» күні
Ұлттық Бірлік күніне орай
«ЫНТЫМАҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ – ЕҢ БАСТЫ БАЙЛЫҚ ЕЛ ҮШІН» атты өзге ұлт өкілдерімен кездесу кешінің


Алмаева Жадыра
Кебекбаева Жанар
Қызылорда облысы Қазалы қаласындағы №8 кәсіптік лицей оқытушылары

Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі
болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру
Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге
тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету
Көрнекілігі: Плакатқа жазылған тақырып, қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, ұлттық киімдер
БАРЫСЫ:
І жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар!
ІІ жүргізуші: Құрметті қонақтар мен оқушылар! Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» тақырыбындағы салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер:
І жүргізуші: Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген,
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
Зобаланда көп шеккен қасіретті,
Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.
Риза көңілменен елге деген,
Арнайды барша халқы ақ тілекті.
ІІ жүргуші: Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.
І жүргізуші: Көші-қонның зерделенген тарихтың, Тарихшылар баяндайды ақиқаттың жай күйін, - деп сөзді лицейіміздің тарих пәнінің оқытушысы Мұстафаев Ербол ағайымызға берейік. Тарихшы «ХХ ғасырдың бас кезі мен Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңдегі Ресейдің көші-қон саясаты», «КСРО-ның 1937-1991 жылдар аралығындағы көші-қон» туралы материалды баяндайды.
ІІ жүргізуші: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
І жүргізуші: Тілі бөлек болған менен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
ІІ жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сығат түспесе екен.
І жүргізуші: Кең байтақ елімізді елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарып отырса, біздің білім ордамыздың ұйытқысын келтіріп отырған бәріміздің басшымыз Исмайлов Темірбек ағай. Ендеше, ағай көпшілікке деген жүрекжарды ақ тілегіңізді білдіру үшін өзіңізді ортаға шақырамыз.
ІІ жүргізуші: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жүрегемде таныстым мың тіліммен.
Жылағанда жүрегем күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.
І жүргізуші: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
ІІ жүргізуші: Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 20 жыл толғалы отыр. Бұл – қажырлы еңбектің, төзімділік пен жеңістің 20 жылы. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді.
І жүргізуші: Алғашқы кезекті өзіміздің ұлттық биімізді шашу ретінде жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдеріне берейік.

Ұлттық би

ІІ жүргізуші: Мерекелі құттықтау сөз кезегі ардагер – ұстаз Қабыл Арғын ағайымызға беріледі.
І жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүгінгі кешімізде біз 5 ұлт өкілдерінің басын қосып отырмыз. Әрине, қазіргі таңда елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады.
ІІ жүргізуші: 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблиясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
І жүргізуші: Ортақ менен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
ІІ жүргізуші: Ортақ бізге бір отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
І жүргізуші: Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей отырып, орыс биін тамашалауға шақырамыз.
Орыс биі, орындайтын №88 топтың оқушылары

ІІ жүргізуші: Мы дружной семьюй живём в Казакстане,
Татары, уйгуры и русские с нами.
Так пусть же крепнет во веки веков
Дружба народов всех возрастов

Сөз кезегін орыс ұлт өкіліне берейік.

І жүргізуші: Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған!
ІІ жүргізуші: Бүгін біздің кешімізге өзбек ұлтының өкілі келіп отыр. Олай болса, сөз кезегін кешіміздің қонағы Абуд Баймурадовқа беріледі.

Өзбек биін тамашалаңыздар!

І жүргізуші: Ағайын – туған – бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық!
ІІ жүргізуші: Республикам менің,
Республикам менің,
Айбатым!
Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!
Қуат бар сенде лапылдап от боп жанатын,
Шуақ бар сенде достасып бірге табатын!
І жүргізуші: сахнамыздың төріне татар биін орындау үшін №88 топтың оқушыларын шақырамыз.
ІІ жүргізуші: Өз лебізін білдіру үшін арамыздан татар ұлтының өкілі, қала тұрғыны, ардақты ана Нұрания Валиеваға сөз кезегін береміз.
І жүргізуші: Тілегі бір,
Жүрегі бір,
Достармен біз біргеміз.
Туыс барда құрыштан да,
Берік біздің іргеміз!
ІІ жүргізуші: Жер – анамыз жасайды тарлық кімге,
Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде,- дей отырып, кәріс биін тамашалауға шақырамыз.
І жүргізуші: Келесі кезекті бүгінгі кеште қонақ болып отырған кәріс ұлтының өкілі Ли Людмила Герасимовна апайымызға берейік.
ІІ жүргізуші: Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз!
І жүргізуші: Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қарған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мененде жусанның жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспенгн елміз!
ІІ жүргізуші: Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты еті түгелі сүіегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарап анталап тұрған жаудың алысқанының ауызына ұрып, жұлысқанның жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған қазақпыз»
І жүргізуші: Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!
ІІ жүргізуші: Хор «Атамекен»
І жүргізуші: Кешімізді қорытындылау үшін сөз лицей директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Мусаев Арман Қонысбайұлына беріледі.
ІІ жүргізуші: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.
І жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!
ІІ жүргізуші: Ендеше, бейбітшілік жасасын!
І жүргізуші: Ынтымақтастық жасасын!
ІІ жүргізуші: Қазақстан жасасын!
І жүргізуші: Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын!
ІІ жүргізуші: Осымен, бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз.
І-ІІ жүргізуші: Сау - саламатта болыңыздар!

Ынтымақ, бірлік, келісім – ең асыл байлық ел үшін

Әлеумет 26.04.2016 0 55 рет оқылды

Татулығымызға тәубе дейтін ұлтпыз

Бүгінгі күнде «көп ұлтты Қа­зақстан – біздің ортақ Ота­ны­мыз» деген сөз жалаңдықтан арылып, жасампаз күшке ие болды. Әлемнің көптеген елдеріндегі ішкі жағдайды көріп те, естіп те жүрміз. Бірақ та тап біздің Қазақстандағыдай ұлттар арасындағы бірлік пен достық институтының толыққанды және тиімді жұмыс істеп тұрғанын кездестірмедік.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың асыл ойынан туындаған Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясы сынды жобаның жекелей алғандағы бір мемлекеттің тағдырында қан­ша­лықты маңызды рөл атқарып отырғанын әлем халқы енді бағамдай бастады. Шынында да, біздегі бұл іс – үлгі аларлық дүние.

Өз басым достықтың дәні сіңген осындай игі істерге Қазақстанда тұрып жатқан әзербайжан этно­сының да өз үлестерін қосып жат­қанын мақтанышпен айта аламын.

«Намус» әзербайжан ұлттық-мә­дени бірлестігі 2001 жылдың 6 тамызында құрылған болатын. «Намус» бір­лестік атауын қазақ­шаға аудар­ғанда «На­мыс» мағы­насын білді­реді. Бүгінгі күн­де біз­дің бірлестік Қазақ­­стан халқы Ас­сам­блея­сы­ның об­лыс­тық филиалымен тығыз қарым-қатынас­та жұмыс істеп келеді.

Біздің бірлестік әзербайжанның ғана емес, басқа да ұлыстар мен ұлт­тардың тарихын, мәдениетін, тілін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын білуде маңызды рөл атқарып келеді. Облыста «Намус» қоғамдық бірлестігінің, Теміртау, Саран және Шахтинск қалаларында бірлестіктің филиалдары қызмет атқарады.

Бірлестікте мемлекеттік және әзербайжан тілін оқытатын сынып ұйымдастырылған. Тілдерді үйренуге деген қызығушылық ұлт­тық мәдениет пен салт-дәстүрлерді дамытуға дәнекер болатыны сөзсіз. Бірлестіктің қоғамдық өміріне жастар да бел­сен­ді атсалысуда. Кез кел­ген іс-шарада олар қазақ, әзербайжан, орыс тіл­дерін жақсы мең­­­гер­­ген­дерін байқа­тып жүр.

Бірлестік танымал адамдармен кездесу өткізіп, әзербайжанның классикалық әдебиеті және өнерімен таныстырып, шы­ғармашылық ұжымдармен жұмыс­тарды үнемі жүргізіп отырады. Эт­­номәдени бірлестік мүшелері этносаясаттың заманауи тәсілімен этносаралық қарым-қатынастағы медиация саласын меңгеруде, Қазақстан этностары ана тілінің дамуы жөніндегі өзекті мәселелер туралы семинар-тренингтеріне қатысып, біліктілігін арттырып келеді.

Жалпы, «Намус» этномә­де­ни бірлестігі Қазақстан Респуб­ли­касының Тәуелсіздік күні, Қа­­зақстан этностары тілі күні жә­не басқа да мерекелерде ұйым­дас­тырылатын мәдени іс-шаралар мен фестивальдарға белсене қатысып отырады.

Қазіргі таңда «Намус» әзер­байжан ұлттық-мәдени бірлестігі Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы мен Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне қызу дайындық үстінде. Бұл шаралардың біз үшін маңызы зор. Мемлекеттің, қоғамның ажы­рамас бөлшегі ретінде әзербай­жан ұлтының ұл-қыздары да Ота­нымыздың әрбір атқан таңының арайлы болғанын қалайды және де ынтымағы жарасқан елдің ұйысуына өзіндік үлес қосуды қасиетті борышы санайды.

Гюлага Векил-оғлы РЗАЕВ,

Намус» әзербайжан ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі

АРАҒАНДЫ

Таңдауымыз – бірлік пен тұтастық

Кез келген елдің тілегі де, арманы да халқының бейбітшілігін сақтау екені мәлім. Татулықта ғұмыр кешіп, соғыс отын тұтатпай, бейбітшілік үшін күресу қазіргі уақыттың ең өзекті мәселесі болып табылады.

Бүгінгі күнде кейбір елдерде болып жатқан соғыс туралы хабарлар Қазақстанның жастарына ертегі сияқты естіледі деп ойлаймын. Талай елдердегі қарулы қақтығыстар мен террорлық әрекеттерді көргенде расында да қатты шошимыз. Сондықтан, Мұқа­ғали Мақатаевтың «Болма­сын соғыс, болмасын!» деген өлеңін қайталай бергім келеді. Себебі, менің атам соғыс ардагері. Оның зұлмат отын жаудырған соғыс туралы әңгімелері жадымызға жатталып қалған. Ол тың игеру жылдарында отбасымен бірге Молдавиядан киелі Қостанай жеріне келіп қоныс тепкен. Бүгінде оның балалары мен немерелері осынау құтты мекенде өсіп-өніп, өркен жайып отыр.

Мен Тәуелсіздіктің құр­дасымын! Балалық бақытты шағым Қостанайдың Ұзынкөл ауданындағы Пресногорьков деген елді мекенде өтті. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылында бір шаңырақтың астында ғұмыр кешкен ұлттар мен ұлыстардың арасында бірде-бір түсініспеушілікті көр­медім. Демек, «Біздің Тәуел­сіздігіміздің тарихы – барлық этнос­тар достығының жыл­­намасы. Біздің елі­міз­ді өркендетуге Қазақ­­станда өмір сүріп жатқан барлық этностық топтардың өкіл­дері атсалысып келеді», деген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев­тың ұлағатты сөзінде үлкен мән бар. Бүгінгі күнде біздің буын – елдің болашағы. Мемлекет бас­шысының жастарға бөліп отырған зор ықыласы мен сенімін айқын сезінудеміз. Сол себепті, біз барлық этностардың ұлттық бет-бейнесіне құр­метпен қарауға бағытталған Елбасы саясатын барлық ынта-ықы­ласымызбен қолдаймыз.

Ахмет Байтұрсынов атын­дағы Қостанай мемлекеттік универ­ситетінің шаңырағында елуден астам ұлт өкілі татулық пен тыныштықта тәлім-тәрбие алып жүр. Қазақ, орыс, украин, әзер­байжан болсын осы оқу ордасын өздерінің ортақ үйі деп санайды. Қазір мен сияқты жастарды бір тудың астына біріктіретін күш не деп сұраса, әрине, мемлекеттік тіл дер едім. Елім – қазақ, тілім де қазақ болуы керек деп білемін және осы елдің азаматы болғанымды мақтан етемін. Отанымыз бізді өсіріп-жеткізді және алдымызға нақты міндеттер қойды. Олардың бірі – мемлекеттік тілде сөйлеу. Менің ойымша өз жерін, мемлекеттік тілін, Отанын сүйетін және оның болашағына жүрегі сыздап ауыратын жастар қазіргі таңда аз емес.

Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы дарынды жастарға қолдау көрсету мен көп мәдениетті тұлға болуды насихаттау мақсатында республикалық және облыстық байқаулардың жеңімпаздары мен тіл жанашырларынан тұратын «Тіл-дарын» жастар клубын құрды. Мен осы клубтың төрайымы болып тағайындалдым. Аталған клуб жұмысының негізгі міндеті – мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау, мемлекеттік тілге сұранысты арттыру және беделін көтеру болып табылады.

Елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Сондықтан, өз басым болашақта тағдырымды қазақ жігітімен байланыстырамын. Екеуміз бір-бірімізді шын ұнатып, алдағы уақытта шаттыққа толар шаңырақ көтеруге бел буып отырмыз. «Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін», деп жырлаған еді Қадыр Мырза Әлі. Ақын айтқандай, ұлы қазақ даласында барлық ұлттың өкілі бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны дәл бүгін бүкіл ғаламға мәлім.

Осы орайда біздер, жастар барлық қазақстандықтарды түрлі этнос арасындағы өзара түсіністік пен сыйластыққа негізделген біртұтас қоғам қалыптастыруға шақырамыз. Ендеше, бір тіл, бір ділмен бір тудың астына бірігейік!

Натали ШПАГИНА,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,

Магистр

ОСТАНАЙ

«ЫНТЫМАҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ – ЕҢ БАСТЫ БАЙЛЫҚ ЕЛ ҮШІН»

КҮНІ 29.04.2016, 96 РЕТ ОҚЫЛДЫ

Азақстанда бір шаңырақ астында ынтымағы жарасқан түрлі ұлттар мен ұлыстар өмір сүріп жатыр. Сондай жандардың бірі – татар ұлтының өкілі Клара Алимова.

Ол 1948 жылы ІІ Шежін ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген. Туған ауылындағы мектепті бітіріп, Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы пединституттың химия факультетін тәмамдаған. Жоғары оқу орнын бітірісімен өз ауылында жұмыс жасаймын деп шешім қабылдап, 14 жылдай химия пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарған. Содан кейін аудан орталығындағы Каменка (қазіргі С.Жақсығұлов атындағы мектеп) мектебіне ауысып, отыз жыл бойы үзбей еңбек еткен. Болашақ жолдасымен 1971 жылы Шежінге үш ай практикаға бара жатқанда танысып, бір көргеннен ғашық болып, отау құрыпты. Олар Эльдар мен Светлана есімді ұл-қызды тәрбиелеп өсірген. Жолдасы Хасан аға Ақтөбе қаласындағы педагогикалық техникумда білім алған. Мамандығы бойынша түрлі мекемелерде қызмет атқарған. — Менің әкем ауылда мал дәрігері болған. Ұлы Отан соғысы кезінде әкемді Магнитогорск қаласына асау жылқыларды соғысқа дайындау үшін жіберген. Сол жақта аттарды үйрету кезінде қатты жарақаттанып, ол елге қайта оралды. Ал, анам партия жұмыстарын атқарып, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқан. Арғы аталарымыздың Қазақстанға келуінің екі болжамы бар. Біріншісі, ашаршылық жылдары үдере көшкен жұрт Қазақстанға қоныс аударған десе, екіншісі, тарихи Отанымызда татарларды еріксіз шоқындыру кезінде ата-бабаларымыз дінін, салт-дәстүрін сақтау үшін бауырмал қазақ жеріне еріксіз келген дегенге саяды. Әке-шешем біздерге жақсы тәрбие берді. Бәріміз жоғары оқу орнын бітірдік. Қазіргі уақытта үш немерем, үш жиенім бар. Мен өте бақытты жанмын. Ардагер ұстазбын. Зейнеткерлікке шыққаныма он жылдай болса да, арнайы шақыртумен Ы.Алтынсарин мектебінде және Тасқала колледжінде дәріс беріп, жұмыс жасаймын. Жұмысты күн-көріс қамы үшін емес, өзім үшін істеймін. Бұл менің мектепке деген махаббатым. Шәкірттерім үлкен маман иесі болып, еліміздің түкпір-түкпірінде, тіпті шет мемлекеттерде қызмет атқарып жүргенін мақтанышпен айта аламын, — дейді Клара Хафизқызы. Қазіргі таңда Клара апай БҚО, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Тасқала аудандық бастамашыл тобының мүшесі. Сексенінші жылдардың аяғында аудандық мәдениет үйінде шағын татар орталығы құрылыпты. Сол орталықта сұхбаттасымыз ұйымдастырушы болған. Ауданымызда татар отбасылары көп болғанымен, орталыққа келушілер саны аз болған. Кейіпкеріміз сол жағдайды түзеу үшін көптеген отбасыларды шақыртумен айналысыпты. Бұл жерде татарша, қазақша ән салып, би билеп, бас қосып тұрған. Артынан осы орталық 93 жылдары жабылып қалыпты. Бүгінгі күні орталықтың жабылғанына қарамастан, мерекелік жиындарда дәстүрлерін дәріптеп, жиналып тұрады екен. — «Мәңгілік Ел» бағдарламасы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай былтыр облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың алдында баяндама жасап, сөз сөйледім. Бұл жиында Елбасымыздың жүргізіп отырған саясатын толық қолдайтынымды жеткізіп, ризашылығымды білдірген болатынмын. Бүгінгі уақытта көптеген елдерде азамат соғысы жүріп жатыр. Ал, біздің мемлекетте құдайға шүкір 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Бұл да болса көшбасшымыздың арқасы деп білемін. Қазақстанымыз жайнай берсін, еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын, — деп өз сөзін аяқтады. Ылайым солай болғай!

Манас Әжіғалиев

Наши рекомендации