Негізгі сұрақтар. 1Жарықтандыру түрлері мен жүйелері.

1Жарықтандыру түрлері мен жүйелері.

2 Өндірістік жарықтандыруға қойылатын негізгі талаптар.

3 Электрлік жарық көзі.

Дəрістің конспектісі: Адам қоршаған ортадағы информацияның 90% көру мүшесі арқылы қабылдайды. Сондықтан көз арқылы алынған ақпарат көбіне ортаның жарықтығына байланысты болады. Өндіріс бөлмелерінің жарықтандыру табиғи жəне жасанды түрде жүргізіледі. Табиғи жарықтың жақсы əсерлі спектрі болғандықтан, адамның көзі оған үйренген. Табиғи жарық бөлмеге терезе арқылы бөлменің қабырғасына, əйнектелген жарықтану шамдары арқылы обойға немесе екі жолмен бірге де түседі. Жасанды жарық табиғи жарықтың жетіспеушілігінен жыл бойы мен тəуліктік өзгеруіне байланысты. Бұл уақытта ол энергия шығынын келтіріп, табиғи жарыққа қарағанда төмен, спектрлік сипатта болады.

Жасанды жарық түрлері: жалпы, жергілікті жəне комбинирленген болып келеді. Комбинирленген/аралас/ жарықтандыру жүйесі өндірісте кеңінен орын алған үнемді жəне қолайлы болып табылады. Табиғи жарықтандыру жұмыстық, кезектік, апаттық, қорғау жəне эвакуациялы болып бөлінеді. Жарықтандыру сандық жəне сапалық көрсеткіштерімен сипатталады. Сандық көрсеткіштеріне, жарық ағыны, жарықкүші, жарықтылық, ашық жарқындары жатады.Жарық ағыны – бұл адам жарық деп қабылдайтын (люмен өлшенеді- лм)сəуле ағыны бөлігі. .Көрмеу көрсеткіші – соқырлық тудыратын, көрмеу əрекетін бағалау критерий.Өндірістегі жарықтандырудың негізгі шарты- көруге, жақсы жағдайлар құру. Табиғи жарық, терезелік жарықтар тесігі арқылы сезілетінқабырғалық, аэрациялық жəне зенитті фонар арқылы сезілетін төбелік жарық, қаптамалардағы тесіктер, аралас- қабырғалық төбелікпен бірге болып бөлінеді. Табиғи жарықтар, қалыптасқан жарықтылық, жыл уақытына, күнге, метеорологиялық факторларға байланысты, төтенше кең шектерде, өзгереді.Сондықтан табиғи жарықтарға, жарықтану шамасын сапалық деп айту мүмкін емес. Ғимараттағы табиғи жарық нормасымен ұсынылады. Əрбір өндірістік ғимарат үшін, ТЖК(табиғи жарық көзі) қисық мəні, сипатталған қимада жəне тік жазықтық қималарыменбірге (терезелік тесік өсі бойынша (жəне еден деңгейінен (шартты жұмыс беті) 0,8м қашықтықта, горизонтальды қашықтықта тұрғызады.Қабырғалық жарықтандыруда ТЖК минимальды мəні нормаланады, ғимараттағы жоғарғы жəне аралас – орташа жарықтандырумен. Мысалы, автокөлік, машина механизм жəне басқа да қондырғылар сақталатын ғимараттар үшін, ТЖК –ні келесідей қабылдайды: жоғарғы, аралас жəне қабырғалық жарықтандыруда орташа -0,5%; техникалық қызмет ету мен автокөліктерді жəне басқа машиналарды жөндеуге арналған ғимараттар үшін,жоғарғы жəне аралас жарықтандыру – орташа 3 %, ал қабырғалықта – 1 %. Жоғарғы жəне аралас жарықтандыруда жұмыстың дəлдігіне байланысты минималды ТЖК 10-нан 2 %-ке дейінгі аралықта нормаланады, ал қабырғалық жарықтандыруда 3,5-ден 0,5-ке дейін нормаланады. Жарықты өлшеу үшін люксметр (Ю-16) қолданылады. Ол ауыстырмалы қондырғы. Люксметр жарыққа əсерлі фотоэлементтен, жарықсөндіргіш фотоэлементтен тұрады. Жарыққа əсерлі фотоэлементке жарық түскенде жарықэнергиясы электрлікке трансформатталады. Электрлік ток шкаласы бар электрөлшегіш приборға барады. Көздің шаршау дəрежесі сырттай сыртқы кернеудіңəсеріне байланысты.Мұндай процестерге: аккомодация, конвергенция жəне адаптация жатады.Аккомодация – көздің қарашығының өзгеруі арқылы заттарды əр түрліқашықтықта жақсы көру үшін үйрену. Бұлшықтарының қатты шаршауынаналыскөргіштікке жəне жақын көргештікке əкеліп соқтырады.Конвергенция – көздің затты жақыннан көргенде, оның көргіш сəулелерісол затта фокустың қиылысқан қасиеті. Адаптация – көздің сезу əсерінің өзгеруі оны зақымдау əсеріне байланысты. Көздің адаптациясы жарық деңгейінің өзгеруінде тез ауысады. Табиғи жарықтану көзге пайдалы əсерінен басқада, адамның денесінежақсы психологиялық əсер тигізеді. Сондықтан барлық ғимараттар санитарлықнормалар мен ережелер бойынша табиғи жарықтануды қолдануы керек.Өндірісте табиғи жарық болғанда технологиялық процестер (фотозертханалар) болады.Табиғи жарық тек қана көру мүшесіне ғана емес, сонымен қатар жалпы адам ағзасына жəне психологиялық тұрғыдан əсер етеді. Осыған байланысты бөлмедегі табиғи жарық санитарлы нормалар мен ережелерге сай болуы керек. Егер табиғи жарық норма бойынша жеткіліксіз болса, оған жасанды жарықты қосамыз. Мұндай жарықтандыру аралас деп аталады. Аралас жарықтандыру өндірістік ғимаратта негізінен нақты, өте нақты жəне тазажұмысты орындау үшін жобаланады. Жасанды жарық шам жəне газды разрядты шам арқылы жүреді. Жұмыс орнының жарықтылығы көрудің оптимальды жұмыс жағдайына берілген обьект мөлшерінде жүруі керек. Жарықтың жоғарлауы өндірістік еңбектіңөсуіне қарай болады. Сонымен қатар бір шекте болу керек, өйткені жоғарыжарықтылық керекті эффектіні бере алмайды. Қазіргі таңда өндірісте төмен жəне жоғарғы қысымды газды-разрядты шамдар кеңінен қолданылып келеді. Газды-разрядты шамдардың негізгі ерекшелігі оның үнемділігінде. Бұл шамдардың жарықтық берілісі шамамен 30-80лм/Вт, шамның жарық бөлуін 3-4 есе көтереді.

Негізгі əдебиет: [1, 4, 7]

Қосымша əдебиет: [6,8,16].

Бақылау сұрақтары:

1. Өндірістік жарықтың түрлері мен жүйелері

2. Аккомадация

3. Конвергенция

4. Адаптация

5. Жарықтылықты нормалау

Дəріс тақырыбы 8: Электр магниттік өрістің және радиоактивті сәулелердің адам ағзасына əсері

Мақсаты: Электрмагниттік өрістерден қорғану.Қоршаған ортаның сәулеленуі сыртқы сәуле әсерінен немесе іші арқылы және аралас жағдайда әсер ету мүмкін.Радиоактивті заттармен жұмыс жасағанда негігі талаптарға мән берілуі тиіс.

Негізгі терминдерионданатын сәуле,ионданбайтын сәуле,инфрақызыл сәуле,ультракүлгін сәуле.дозиметрлер,ядролық реакторлар,космостық сәуле.

Наши рекомендации