Азақстан «халық банкі» аҚ ақша аударымдары

Қазақстан Халық банкі сіздерге MoneyGram және "Жедел аударымдар" жүйелерін пайдалану арқылы, шот ашпай-ақ, барынша оңай рәсіммен ақша аудару қызметін ұсынады.

Қазақстан аумағынан тыс жерге қысқа мерзімде ақша аудару немесе шет елден ақша аудару қажеттілігі туған жағдайда сіз халықаралық ақша аудару жүйесін пайдалануыңызға болады.

MoneyGram:

- ақша аудару операциясын жедел және сенімді түрде жүзеге асыратын бұл жетекші халықаралық компанияның дүние жүзінің 138 елінде орналасқан 35 000 бөлімшесі бар;

- ақша аударылғаннан кейін 15 минуттан кейін қолыңызға тиетініне кепілдік беріледі.

Халық банкінің көмегімен MoneyGram қызметінің мүмкіндігін пайдаланыңыз:

- ақша аудару қызметінің құны өте төмен және жіберілетін ақша сомасына байланысты;

- комиссиялық сыйақы тек бір рет және ақша аударғанда төленеді;

- ақша алушыдан комиссиялық ұсталмайды;

- ақша жөнелтілгеннен кейін оны 15 минутта алуға болады;

- жіберуге болатын ақшаның ең көп сомасы - 10 000 АҚШ долларына дейін;

- егер аударылған ақша қандай да бір себептермен алушыға жетпесе немесе ақша жөнелтуші кенеттен өз жоспарын өзгертсе, Money Gram ақшаның сақталуына және қайтарылуына кепілдік береді;

- аударылған ақшаны алу үшін жеке басыңызды куәландыратын құжатты көрсету керек және ақша жіберуші сізге хабарлауға тиіс сегіз таңбалы аударым кодын білуіңіз қажет;

- ақша аударғанда алушыға арнап 10 сөзден аспайтын тегін хабарлама қоса жіберуіңізге болады.

Экспресс аударымдар.

Бұл қызмет Қазақстан аумағында жеке тұлғалар арасында ақша жөнелтуді және қабылдауды оңайлатылған рәсіммен, шот ашпай-ақ жүргізуді қарастырады.

Экспресс аударымдар жүйесі бойынша теңгемен ақша жөнелту немесе ақша алу Қазақстанның барлық қалаларында дерлік орналасқан 102 филиал мен есеп айырысу-касса орталығында мүмкін болады.

Экспресс аударымдар жүйесінің негізгі басымдықтары:

- ақшаны жөнелту немесе алу рәсімі өте қарапайым (ақша жөнелтушінің жеке куәлігі мен СТН-і болу қажет, ал ақша алушының қолында жеке куәлігі болса жеткілікті);

- ақша қаражатының толық сақталуына кепілдік беріледі ;

- жөнелтілген ақшаны кейін қайтарып алуға мүмкіндік беріледі;

- операция өте жоғары жылдамдықпен жүргізіледі (5-10 минутта);

- Қазақстан Республикасы аумағы бойынша барынша төмен тарифтер қарастырылған:

а) 500 000 тг дейін – аударылатын соманың 3 %-ы ; min — 100 тг., max — 5000 тг.

б) 500 000 тг. - 1 000 000 тг. дейін – 10 000 тг.

в) 1 000 000 тг. және одан жоғары – 20 000 тг.

- қосымша қызмет - ақша алушыға арналған 10 сөзден аспайтын тегін хабарлама;

- ақша қаражатын шектелмейтін сомада әрі оның пайда болу негізін растайтын құжатсыз аудару мүмкіндігі;

- ақшаны өз атыңызға да аударуыңызға болады, яғни ақша жөнелтуші және ақша алушы бір адам болуы мүмкін (мәселен, Қазақстан аумағы бойынша теңгемен қолма-қол түрде мол ақша тасымалдау қажеттігі туындаса);

- аударымдар күн сайын (сенбі мен жексенбіден басқа күндері), Алматы уақытымен сағат 9-00-ден 18-00- ге дейін аталған қызмет түрімен айналысатын филиалдарда қабылданады және беріледі;

- аударым сомасы шектелмейді.

Жедел аударымдар.

- бұл қызмет түрі Банк филиалдары арқылы «Жедел есеп айырысулар» жүйесі бойынша ақша аударуды қарастырады.Жедел төлемдер мен жеке тұлғалардың жедел ақша аударымы жүйесінде Қазақстан аумағы бойынша жұмыс істейтін Халық Банкінің 590 филиалы мен есеп айырысу-касса орталығы айналысады. Жөнелтілген ақшаны сіз жедел аударым ресімделгеннен кейін 1-2 банктік күннің ішінде алуыңызға болады.

Жедел есеп айырысудың артықшылықтары:

- Қазақстан аумағы бойынша кеңінен таралған;

- ақшаны жеке тұлғаның атына да, заңды тұлғаның атына да аудару мүмкіндігі;

- аударым операциясы үшін ең төмен комиссиялық ұсталады;

- аударылатын ақша сомасына шектеу қойылмайды.

«Жедел есеп айырысулар» жүйесі бойынша іске асырылатын төлемдер мен аударымдар түрі:

- жинақ шотын пайдалана отырып немесе шот ашпай-ақ, қолма-қол ақшамен жеке тұлғалар арасында ақша аудару;

- жинақ шотын пайдалана отырып немесе шот ашпай-ақ, қолма-қол ақшамен жеке тұлғалардың заңды тұлғалар пайдасына ақша аударуы;

- ақша алушының карточкалық шотын немесе интернет-шотын толықтыру үшін жеке тұлғалардың жинақ шотты пайдалану арқылы немесе шот ашпастан, қолма-қол ақшамен аударым жасауы.

«Жедел есеп айырысулар» жүйесі бойынша ақша аудару ұлттық валюта - теңгемен жүргізіледі.

Жеке тұлғалар өз шоттарын толықтыру үшін ақша аударуды шетел валютасымен де жүргізе алады.

Комиссиялық сыйақы ставкасы Банктегі тарифтерге сәйкес белгіленеді.

MoneyGram жүйесі бойынша қосымша ақпаратты және ақша аударатын пункттер туралы мәліметті Халық банкінің облыстық филиалдарынан алуға болады.

Наши рекомендации