Электр энергиясын жеткізу жӘне тарату жҮйелерініҢ жалпы сипаттамасы

Тұйықталмаған тораптардың артықшылықтары сұлбаның қарапайым түрі, төмен құны, өткізгіш метал және жабдықтың минималды шығындары. Апатты режимдерде асқын жүктеменің жоқтығы есепті жүргізгенде сымдардың қимасын жұмыстың қалыпты режимі бойынша таңдауға мүмкіндік береді.

Бір ортадан қоректенетін екі радиалды резервтелмеген тораптар (4.3 суретін қар.) басты бағыттарды ұзартатын жаңа айландарды қосу есебінен дамығанда (пунктирмен көрсетілген) сақина түріндегі тұйықталған торапқа (тұзақ сұлбасы), немесе екі қорек көзі бар торапқа түрленуі мүмкін (4.4, а суретін қар.), бұл тұтынушылардың қорегін резервтеуге мүмкіндік береді.

электр энергиясын жеткізу жӘне тарату жҮйелерініҢ жалпы сипаттамасы - student2.ru электр энергиясын жеткізу жӘне тарату жҮйелерініҢ жалпы сипаттамасы - student2.ru

  4.2 суреті – Торап сұлбасының радиалды-басты бағыттық резервтелген түрі   4.3 суреті- Қорек орталығы біреу тораптың тұйықталған сақиналы түрі

электр энергиясын жеткізу жӘне тарату жҮйелерініҢ жалпы сипаттамасы - student2.ru электр энергиясын жеткізу жӘне тарату жҮйелерініҢ жалпы сипаттамасы - student2.ru

а)б)

а)– бірлік; б)– қосарлы

4.4 суреті - Екі жақтан қоректенетін тораптың түрі

Достоинством Радиалды – басты бағыттық және сақиналы сұлбалардың құндылығы ағын таралуының ЖК торабы ағындарынан тәуелсіздігі, іргелес тораптардағы қысқа тұйықтау токтары әсерінің жоқтығы, қосалқы станцияларды қарапайым сұлбалармен қосу мүмкіндігі.

Екі ҚО сүйенетін тұйықталған және бірлік тораптары қолданыс табуда (екі жақтан қоректенетін торап), бұл екі көз арасында едәуір аймақты қамтуға мүмкіндік береді (4.4, б суретін қар.). Екі ҚО бар бірлік торап әртүрлі көздерге қосылған басты бағыт айландарының даму нәтижесінде пайда болуы мүмкін (пунктирмен көрсетілген) ( 4.4, а суретін қар.). Мұндай сұлба 110 кВ тораптарында ауылдық жерлерді электрлендіруге және 220 кВ таратушы тораптарда, аймақтарды аз шығындармен максималды қамти отырып, қолданылады.

Мұндай сұлбаның мүмкіндіктері бас айландардың өткізу қабілетімен шектеледі, яғни олардың біреуі ағытылғанда тораптың барлық қосалқы станцияларының электрмен жабдықталуын қамтамасыз ету керек; трансформаторлар қуатынан тәуелді қосалқы станциялар саны шектеледі. Қосарлы сұлбаның (4.4, б суретін қар.) өткізу қабілеті жоғары, ол қалаларды электрмен жабдықтау жүйелерінің 110 кВ тораптарында, және ұзартылған тұтынушыларды – электрлендірілген темір жолдар мен құбыр өткізгіштерін электрмен жабдықтайтын 110–220 кВ тораптарында қолданылады.

электр энергиясын жеткізу жӘне тарату жҮйелерініҢ жалпы сипаттамасы - student2.ru

4.5 – Тораптың күрделі – тұйықталған түрі

Көзге қысқа жолмен жалғаумен салыстырғанда желінің қосынды ұзындығын төмендету мақсатымен жақын пункттерде жаңа қосалқы станцияларды қосу электрмен жабдықтаудың жоғары сенімділігі бар күрделі – тұйықталған (көп контурлы) сұлбаларды жасауға алып келеді (4.5 суретін қар.). Есеп, режимдерді талдау, тұйықталған тораптарды қорғау, оларды басқару – тұйықталмаған тораптарға қарағанда күрделі мәселелер. Күрделі – тұйықталған тораптар радиалды – басты бағыттықтардан қымбат; оларды пайдалану электрмен жабдықтау үзілістерінің үлкен құнында ғана тиімді, мысалы, үлкен қалаларды электрмен жабдықтау жүйелерінде.

электр энергиясын жеткізу жӘне тарату жҮйелерініҢ жалпы сипаттамасы - student2.ru

4.6 суреті – Екі номиналды кернеудің күрделі – тұйықталған түрі

НН 0,38–35 кВ ТК таратушы тораптарын көбінесе бір немесе екі ортадан қорек алатындай, тұйықтамай радиалды және басты бағыттық етіп жасайды (4.1, 4.2, 4.3 суреттерін қар.), (4.4, 4.5 суреттерін қар.). Кейбір жағдайларда бұл тораптар тұйықталады ( 4.3, 4.4, а суреттерін қар.), бірақ эксплуатацияда тұйықталмаған режимде қолданылады (мысалы, қалалық тораптарда).

ТК таратушы тораптарының басты ерекшелігі – олардың көптігі. Трансформаторлық пункттерінің, торап айландарының саны торап кәсіпорнының аймағында бірнеше жүзге жетеді. Сондықтан осы тораптарда кернеу режимін өзгерту, жақсарту үшін қарапайым арзан құрылғыларды пайдаланады: автоматты реттеуі жоқ трансформаторлар және көбінесе реттелмейтін конденсаторлық батареялар. ТК таратушы тораптары және әсіресе 0,38–10 кВ тораптары қатты тармақталған, үлкен қосынды ұзақтықпен сипатталады.

Наши рекомендации