ОрыныҢ зиянды жӘндіктері

Түсініктеме

Қор зиянкестері (кеміргіштер, одан басқа буынаяқтылар, қатты қанаттылар, қабыршақ қанаттылар, кенелер) ауыл шаруашылық өнімдеріне көп зиян келтіреді. Олар тек астық пен қайта өңдеу өнімдерін құрту арқылы зор шығындарға әкеліп қана қоймай, сонымен қатар технологиялық және тұқымдық сапаны төмендетеді, өнімді жарамсыз етеді, аурулар таратады.

Қамба бізтұмсығы - Sitophilus granaries L. және күріш бізтұмсығы - Sytophilus oryzae L. (Бізтұмсықтар тұқымдасы - Curculionidae,қоңыздар отряды – Coleoptera).

орыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru

Қоңыздары ұсақ 2-3 мм, қара-қоңыр немесе қара түсті болып келеді. Қамба бізтұмсығының сыртқы қабығы жылтыр, артқы қанаттары дамымай қалған. Күріш бізтұмсығы – тегіс немесе шамалы жылтыр, қанаттары дамыған және қанаттарының үстінде екі қызғылт дақтары бар. Дәнде құрттар, қуыршақтар мен қоңыздар қыстайды. Қоңыздар дәннен тыс астық үйіндісінде, қабырға мен еден жарықтарында, тесіктерінде қыстап шығады. Қамба бізтұмсығы орташа тәулік температурасы 120 төмен болғанда, күріш бізтұмсығы жылы температурада

қоректене бастайды. –150 температурада қоңыздар бір тәуліктен кейін өліп қалады. Жұмыртқаларын дәннің және басқа қатты өнімдердің ішіне тереңге салады. Тесіктерді қатайған ұрғашылар бөлетін сұйықтықпен жауып тастайды. Дамудың барлық кезеңі дәнде өтеді. Жағдайға байланысты 1-2 ден 5 ұрпаққа дейін дамуы мүмкін. Қамба бізтұмсығының дамуы үшін қолайлы

орыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru

дәннің ылғалдылығы 15-16%. 11% ылғалдылықта олар өліп қалады. Қамба бізтұмсығына қарағанда күріш бізтұмсығы дәнде 10 % төмен ылғалдылықта да өмір сүре алады. Бізтұмсықтар сақтаудағы бидайдың, қарабидайдың, арпаның, күріштің, жүгерінің, сұлының дәндерін зақымдайды. Күріш бізтұмсығы көп қоректі.

Үлкен ұн қоңызы - Tenebrio molitor L. ( Қара қоңыз тұқымдасы Tenebrionidae, қоңыздар отряды Coleoptera).

орыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru орыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru

Қоңыз ірі, ұзындығы 12-16 мм, қоңырдан қара түске дейін жылтыр қабатты. Қоңыздар тәуліктің қараңғы кезінде ұшады. Үлкен ұн қоңызы ұн үшін зор қауіп төндіреді. Ұрғашы қоңыз өнімдерге немесе ыдысқа 550 жұмыртқаға дейін салады. Баланқұрттарының ұзындығы 25-30 мм, қара сары түсті, сымқұрттарға ұқсас. Баланқұрттар қыстайды. Дамуға қолайлы температура 20-25° С. Суыққа төзімді. Қоңыз баланқұрттары ұнмен, жармамен, кебекпен, кепкен нанмен, ұрылған дәндермен, кепкен көкөністермен, темекі өнімдерімен және т.б. қоректеніп, зиян келтіреді. Жоғары ылғалдылықта дән ұрығын қатты зақымдайды. Баланқұрттары бірінші кезекте әсіресе жоғары ылғалдылықта дән ұрығын зақымдайды. Диірмендерде, кептірілген қамыр кеспе өнімдерін шығаратын және тәтті тағам шығаратын кәсіпорындарда таралған. Жыл бойы бір-екі ұрпақта дамиды.

Кішкене ұн қоңызы - Tribolium confusum Duv. ( Қара қоңыз тұқымдасы -Tenebrionidae, қоңыз отряды –Coleoptera).

орыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru

Қоңыз денесінің ұзындығы 3,0-4,0 мм, түсі қоңырқай күрең. Кеудесі төртбұрышты, үстінен қарағанда алдыңғы бұрыштары дөңгеленіп келген төртбұрыш тәрізді, үсті толған ұсақ нүктелер. Қоңыздар ұшпайды, бірақ шапшаң қозғалады. Баланқұрты сары, құрсағында бір жұп ілмек шөншіктері болады. Дамуы үшін қолайлы температура 20-25°. Зиянкес жылы сүйгіш, 14°-тен төмен температурада ұрғашысы жұмыртқа салмайды. Диірмендерде, қоймаларда және астық пен оны қайта өңдеу өнімдері сақталған басқа орындарда дамиды. Қоңыздар мен баланқұрттар зиян келтіреді. Ұнды, жарманы, кебекті, құрама азықты және басқа өнімдерді зақымдайды. Бүтін дәнді жоғары ылғалдылықта зақымдайды. Бір жылда 2-4 ұрпақ береді.

Нанның үңгі қоңызы - Stegobium paniceum L. (Үңгі қоңыздар тұқымдасы Anobiidae, қоңыздар отряды Coleoptera). Қоңыздың ұзындығы 1,7-3,7 мм, тегіс, қызыл қоңыр немесе ақшыл-қоңыр түсті. Баланқұрты иілген, ақ, ұзындығы 5,5 мм дейін. Баланқұрты зиян келтіреді. Ұнды, жарманы, нанды және басқа ұн өнімдерін зақымдайды. Дамуға қолайлы температура 18-24˚. Жылына төрт ұрпаққа дейін береді. Астық тескіш қоңызбен зақымданғанда қатты тағам субстраттары сыртқы белгілері нашар байқалғанмен, іші түгел желініп қояды. Шашылмалы өнімдерде баланқұрт ұяларын кішкене шар түрінде жапсырады.

Диірмен қан көбелегі – Ephestia(Anagasta) kuchniella Zell. ( Қан көбелектер тұқымдасы - Pyralidae, қабыршақ қанаттылар отряды – Lepidoptera). Ұн комбинаттарының, жарма зауыттарының тұрақты тұрғыны. Қанатын жазғанда 17-27 м

орыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru

Алдыңғы қанаттары сұр қорғасын түстес және әлсіз көрінетін көлденең жолақтары мен қара нүктелері бар. Артқы қанаттары - ақшылдау, шеттері қара. Жұлдызқұрттардың ұзындығы 20-25 мм. Қоректенуі жағынан – ақшыл-жасыл, жасылдау немесе қызғылт түсті болып келеді. Артқы жағында ұзына бойына әрқайсысы қысқа түгі бар алты қоңыр нүктелері бар. Жұлдызқұрттар пілләларда қыстайды. Дамуға қолайлы температура 26˚. Жұлдызқұрттар астықты және басқа өнімдерді, сондай-ақ кептірілген көкөністер мен жемістерді зақымдайды. Тағамды өрмекпен орап алады және кесектер түзеді. Жұмыртқаларын бір-бірден немесе бірнешеуін

тесіктер мен жарықшаларға, дәнге, ұнға, ыдысқа және т.б. салады. 2-7 ұрпақта дами алады.

Дән күйесі - Sitotroga cerealella. ( Ойыққанатты күйе көбелектер тұқымдасы - Gelechiidae, қабыршақ қанаттылар отряды - Lepidoptera).

орыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru орыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru орыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru

Қанатын жазғанда 11-19 мм. Алдыңғы қанаттары тар жылтыр қабыршақтары бар, сұрғылт сары немесе қоңыр түсті. Артқы қанаттары үшкірленген, сұр түсті кең шашақты. Күйе жұлдызқұрты бидай, қарабидай, арпа, жүгері және басқа дақылдар дәнінің ішінде дамиды. Көбінесе арпа мен жаздық бидайды зақымдайды. Жұлдызқұрт пен қуыршақтың дамуы дәннің ішінде өтеді, бізтұмсықтар мен үңгіқоңыздарға ұқсас. Жұлдызқұрт

дәннің ішіндегі құраммен қоректенеді, сонда қуыршақтанып, көбелекке айналады. Қуыршақтанудан бұрын құрт дәннің қабығына жұқа үлдір қалдырады да, сол арқылы көбелек сыртқа шығады. Дамуға қолайлы температуралар ауқымы 27-28˚С. Дәннің ылғалдылығы 12% төмен болған жағдайда даму тоқтап қалады. Жұмыртқаларын топпен 30 данадан қоймалардағы астыққа және тіршілік кезеңінде егістіктегі масақтарға салады. Үйінділерде жұлдызқұрттар тереңдігі 20 см астықтың жоғарғы қабатын зақымдайды. 3-тен 8 дейін ұрпақ береді.

Қамба күйесі - Nemapogon granellus L. ( Кәдімгі күйе көбелектер тұқымдасы - Tineidae, қабыршақ қанаттылар отряды – Lepidoptera).Алдыңғы қанаттарын жайғанда – 9-15 мм. Қанаттары сұрғылт, түрлі формадағы қара-қоңыр дақтары бар. Жұлдызқұрттың ұзындығы - 7-9мм, кіршең-ақ түсті басы қоңыр. Жұмыртқаларын астықтың бетіне 1-2 данадан салады. Жұмыртқадан шыққан жұлдызқұрттар дәннің ішіндегі ұнмен қоректенеді. Ересек жастағы жұлдызқұрттар дән қалдықтарын, шіріктерді өрмекпен орап тастайды. Нәтижесінде үйіндінің жоғарғы бетінде тамақтану мақсатына жарамсыз кесектер түзіледі. Қамба күйесі егіс астында, астық үйінділеріне ұялайды. Жұлдызқұрттар пілләларда еден, қабырға және т.б. тесіктерде қыстайды. 1-3 ұрпақ береді. Қоймаларда, элеваторларда өмір сүреді.

Қамба кенесі: ұн - Acarus siro, ұзынша - Tyrophagus noxius, түкті - Gliciphagus destructoz және басқалары ( Өрмекші тәрізділер класы – Arachnida, акариформалылар отряды – Acaryformes).

орыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru

Денесі сегменттерге бөлінбеген, ауыз органдары кеміргіш, денгесінің ұзындығы 0,4-0,7мм. Жылдың жылы мезгілінде қамба кенелері қарқынды түрде дамиды. 10 ұрпаққа дейін береді. Дамуға қолайлы температура 20-25˚С, ылғалдылық 16-17%. Кенелердің негізгі бөлігі минус 15 0С температурада өліп қалады. Өміршеңдігін суықтан қорғалған жерлерде жалғастырады. Баланқұрттар мен ересек дарақтар астық тұқымдастарының барлық түрлерін, әсіресе бидай мен қарабидайды зақымдайды. Сондай-ақ ұнға, кебекке, көкөністерге және т.б. қауіп төндіреді.

Дән ұрығын, эндоспермасын бұзады, өнгіштігін, нан пісіру сапасын төмендетеді, зақымданған астықтан алынған ұн пайдалануға жарамсыз болып қалады.

1-тапсырма. Қатты қанаттылар отрядына жататын қор зиянкестерінің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін зерделеу.

2-тапсырма. Қабыршақ қанаттылар отрядына жататын қор зиянкестерінің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін зерделеу.

3-тапсырма. Қорларды зақымдайтын кенелердің даму ерекшеліктері.

4-тапсырма. 18-кестені толтыру.

18 – кесте. Қор зиянкестерінің сипаттамасы.

Наши рекомендации