Еңбекке қабілетті халықтың абслюттік көрсеткіштері

1. Еңбекке қабілетті халықтың табиғи толығу саны=16 жасқа жеткен халықтың саны.

2. Еңбекке қабілетті халықтың жұмысқа табиғи жарамай қалғандар саны = зейнетақы жасына жетіп зейнетке шыққан және жұмыс істемейтін адамның саны+еңбекке қабілетті жаста өлгендердің саны+мүгедектікке шыққан және экономикада жұмыс істемейтін еңбекке қабілетті халықтың еңбекке жарамды жастағы саны.

3. Еңбекке қабілетті халықтың көші қонмен толыққан саны=осы өңірге қоныс аударған еңбекке қабілетті х.с.

4. Еңбекке қабілетті халықтың көші қонмен кеткен саны=осы өңірден қоныс аударған еңбекке қабілетті х.с.

5. Еңбекке қабілетті халықтың жалпы толыққан саны= Еңбекке қабілетті халықтың табиғи толыққан саны+ Еңбекке қабілетті халықтың көші қонмен толыққан саны.

6. Еңбекке қабілетті халықтың жалпы кеткен саны = Еңбекке қабілетті халықтың табиғи кеткен саны+ Еңбекке қабілетті халықтың көші қонмен кеткен саны.

7. Еңбекке қабілетті халықтың жалпы өсімі = Еңбекке қабілетті халықтың жалпы толыққан саны+ Еңбекке қабілетті халықтың жалпы кеткен саны.

Халықтың өмір сүру деңгейі – лайықты өмір сүруге арналған материалдық ресурстарға: салауатты өмір сүруге, аумақтық және әлеуметтік ұтқырлықты қамтамасыз етуге, ақпаратпен алмасуды және қоғам өміріне қатысуға қол жеткізу.

Халықтың өмір сүру деңгейі күрделі экономикалық категория ретінде жеке және интегралдық көрсеткіштер жүйесімен сипатталады. Интегралдық көрсеткіштер адам әлеуетінің дамуының негізгі мүмкіндіктерін есепке алады – бұл:

- ұзақ және салауатты өмір сүру;

- білім алу;

- экономикалық өндіріске қатысу.

Халықтың өмір сүру деңгейінің интергалдық көрсеткіштеріне адамның даму индексі, халықтың жоқшылық индексі мен халықтың кедейшілік көрсеткіші жатады.

Адамның даму индексі осы мүмкіндіктердің деңгейі мен динамикасын көрсететін өмір сүру ұзақтығының индексі, білім алу деңгейінің индексі, халықтың жан басына шаққандағы нақты ЖІӨ индексі деп аталатын үш индекстің арифметикалық орташа шамасы ретінде есептеледі.

Халықтың кедейшілігі (ХКИ)– халықтың өмір сүруінің барабар деңгейі мен азаматтық, мәдени, экономикалық, саяси және әлеуметтік құқықтарды пайдалану үшін қажетті ресурстарға, мүмкіндіктерге, таңдауға, қауіпсіздік пен күшке тұрақты немес созылмалы түрде шектелуі.

Р1 – халықтың 60 жасқа дейін өмір сүрмейтін үлесі %

Р2 – оқумен қамтылған 16 жастағы жастардың үлесі %

Р3- халықтың тұтыну деңгейі ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерінен төмен (кедейшілік деңгейі)

Р4- жалпы жұмыссыздық деңгейі.

Халықтың жоқшылық (кедейшілік) индексі:

1) дамушы елдердің (ХКИ-1) негізгі адами даму салаларында халықтың мұқтаждық көрсеткіштері пайдаланылып мына формула бойынша есептеледі:

ХКИ-1= Еңбекке қабілетті халықтың абслюттік көрсеткіштері - student2.ru (P31 +P32+P33)

Мұнда Р1 – 40 жасқа дейінгі жаста қайтыс болатын, яғни ұзақ және жаұсы өмір сүру мүмкіндігінен айырылған адамдардың үлесі.

Р2 – ересек халықтың арасындағы сауатсыздардың, яғни білім алу мүмкіндігінен айырылған адамдардың үлесі.

Р3 – медициналық қызметтерге, қауіпсіз ауыз суға қол жеткізе алмайтын халықтың үлесінің және тамаққа жарымаудан салмағы аз, яғни жақсы өмір сүру үшін қажетті ресуртарға қол жеткізе алмайтын 5 жасқа дейінгі жастағы балалардың үлесінің арифметикалық орташа шамасы.

2) индустриалдық елдердің (ХКИ-2) осыған ұқсас формула бойынша есептеледі:

ХКИ-2= Еңбекке қабілетті халықтың абслюттік көрсеткіштері - student2.ru (P31 +P32+P3334)

Мұнда, Р1 – халықтың 60 жасқа дейін өмір сүрмейтін үлесі %

Р2 – функционалдық сауатсыз халықтың үлесі %

Р3 – халықтың табысы елде орташа жан басына шағылған табыс деңгейінің 50%-нан төмен үлесі, %.

Р4- 1 жыл және одан астам уақыт жұмысы жоқ экономикалық белсенді халықтың үлесі.

Халықтың мүмкіндіктер бойынша кедейшілік көрсеткіштері (ХКК) мына үш көрсеткіштің арифметикалық орташа шамасы:

А) білікті медициналық қызметкерлердің көмегінсіз туған балалардың үлесі;

Ә) 15 және одан үлкен жастағы сауатсыз әйелдердің үлесі;

Б) салмағы аз 5 жасқа дейінгі жастағы балалардың үлесі;

Абсолюттік көрсеткіштер – бастапқы статистикалық материалдарды жинақтау нәтижесінде тікелей алынатын көрсеткіштер. Осы көрсеткіштердің негізінде оларды толықтыратын қатысты және орташа шамалар есептеледі.

Абсолюттік өсу (Δу) – қатар деңгейлерінің айырмасы. Қатар көрсеткіштері өлшенетін бірлікте көрсетіледі. Жекелеген уақыт кезеңінің, ұқатардың басынан бастап бүкіл уаұыт кезеңінің абсолюттік өсуі есептеледі.

Ағымдағы бақылаулар-жүйелі түрде, тұрақты, үздіксіз және құбылыстың пайда болуына орай жүзеге асырылатын бақылаулар. Деректер әдетте қайсы бір құбылыстың белгіленген уақыт кезеңіндегі жай күйін сипаттайды.

Аналитикалық топтар-сол немесе басқа жиынтықтың шектерінде вариацияланатын белгілердің өзара байланысты өзгеруін зерттеу.

Аралық вариациялық қатарлар-варианттардың мағыналары аралық түрінде берілген қатарлар. (мысалы,халықтың жастар бойынша саны)

Арифметикалық орташа шама- вариант сомаларын олардың санына бөлуден алынған бөлінді.

Арифметикалық орташа (сызықтық) ауытқу-варианттардың орташа шамадан орта абсолюттік ауытқуын сипаттайтын көрсеткіш.

Ассиметрия коэффициенті-орта шама мен моданың арасындағы айырманың квадраттық орташа ауытқуға қатынасы.

Атрибутивтік белгілер-сапаның мағынасын қабылдайтын белгілер (жыныс,білім,мамандық )

Бақылау бірлігі-қажетті ст-қ мәлімет алынуы тиіс бастапқы бірлік. Яғни, зерттелетін нәрсе немесе алынатын мәлімет көзі.

Бас жиынтық(N)-бақыланатын бірліктердің бүкіл жиынтығы.

Бөлу заңдылығы-вариацияланатын белгілердің ұлғаюына байланысты бөлу қатарындағы жиіліктердің өзгері заңдылығы. Бірқатар бөлу өатарында жиіліктер вариациялнатын белгілермен қатар өседі, содан кейін азаяды. Оыс заңдылыққа сәйкес келетін теориялық бөлудің қисық сызықтары ретінде қалыпты бөлудің қисық сызығы болып табылады.

Біржолғы бақылаулар-оқтын-оқтын, кезеңді түрде емес жүргізілетін бақылаулар. Осы бақылаулардың деректері әдетте белгіленген уақыт кезеңіндегі құбылыстарды сипаттайды.

Біржолғы есеп-кәсіп-ң бастапқы есебінің материалдары негізінде арнайы ұйымдастырылған ст-қ бақылау.

вариант- жиынтықтың жекелеген бірліктерінің вариацияланатын белгісінің мағынасы.

Вариация коэффициенті (v) – квадраттық орташа ауытқу мен арифметикалық орташа шаманың пайыздық қатынасын салыстыру көрсеткіші.

Гармоникалық орташа шама-белгінің жалпы көлемі варианттардың кері мағыналарының сомасы ретінде құрылғанда қолданылады. Гармоникалық орташа шама салмақ ретінде белгі иесінің – жиынтық бірліктері емес осы бірліктердің белгі мағынасына көбейтіндісі (w=xf) қолданылатын жағдайларда пайдаланылады.

Гистограмма – аралық вариациялық қатарды х осінде құрылған тік бұрыштар түрінде графикалық түрде көрсету. Осы тік бұрыштардың ені тиісті жиіліктің аралығына, ал биіктігі тиісті жиілікпен үйлеседі.

дециль-медианаға ұқсас, қатарды жиілік сомасы бойынша 10 тең бөлікке бөлетін көрсеткіш.

Диаграмма– салыстыруды орындауды жеңілдету, деректердің заңдылықтары мен үрдістерін табу мақсатында деректерді графикалық түрде көрсету.

Динамика көрсеткіші-құбылыстың кейде өзгеру дәрежесін сипаттайтын қатысты көрсеткіш.

Динамика қатары – құбылыстың дамуын сипаттайтын көрсеткіштерді хронологиялық тәртіппен рет ретімен орналасқан көрсеткіштер қатары.

Динамиканың мезеттік қатарлары-динамиканың қоғамдық құбылыстардың даму деңгейлері белгіленген уақыт сәтінде сипатталатын қатарлары.

Дискреттік вариациялық қатарлар-варианттардың мағыналары бүтін сандардың мағыналары бар қатарлар. (мысалы, отбасылардың адам саны бойынша жалпы саны).

Дисперсия (σ2)-орташа шамадан орташа ауытқу квадраты.

Жай топтастыру-деректерді бір белгі бойынша топтастыру.

Жиілік шамасы-қатысты мөлшер түрінде көрсетілген жиілік (бірліктің, пайыздың үлесі).

Жоспардың орындалу көрсеткіші-жоспарланған деңгеймен салыстырғанда нақты қол жеткізілген деңгейге арақатынасын ашатын қатысты көрсеткіш.

Жоспарлық тапрсырма көрсеткіші-жопарланатын көрсеткіш шамасының нақты қол жеткізілген деңгейге арақатынасын ашатын қатысты көрсеткіш.

Жүйелі іріктеу-зерттелетін белгімен тығыз байланысты қайсы бір белгі бойынша сараланған жиынтықтан механикалық іріктеу. Үлгілік бақылаудың ьір түрі болып табылады.

картограмма-картада түсі немесе нүктелері әр түрлі қоюлықта көрсетілген деректер. Картограмма тиісінше негізгі түстік және нүктілікке бөлінеді.

Картодиаграмма –картада әр түрлі диаграммаларды немесе дене белгілерді орналастыру. Мұның өзінде дианрамманың көлемі әдетте сол немес басқа әкімшілік-аумақтық бірлікке қатысты деректердің ауқымын білдіреді.

Квадраттық орташа ауытқу (σ) – дисперсияның квадрат түбірі.

Корреляциялық қатынас(эмпирикалық) (ŋ) – детерминация коэффициентінің квадрат түбірі. Топтастыру мен нәтижелілік белгілерінің арасындағы байланыстың тығыздығын көрсетеді.

Корреляциялық топтастырулар-жиынтықтың бірліктерін құрамдастырымда алынған екі өзара байланысты белгілер бойынша бөлу.

корреляциялық-регрессиялық талдау-ст-қ модельді нәтижелілік белшісінен бір немесе бірнеше белгі-фактордан және байланыс тығыздығының дәрежесін бағалаудан тәуелділігін шамалап білдіретін регрессия теңдеуі түрінде құру және талдау.

Күрделі топтастыру-деректерді екі және одан астам белгі бойынша топтастыру.

Қайталанбайтын іріктеме-жекелеген бірліктің бас жиынтықтан кездейсоқ іріктелгеннен кейін қайтарылуы қарастырылмайтын іріктеу әдісі.

Маусымдық ауытқулар-динамика қатарындағы жыл ішіндегі өндірістің немес осы тауарды түтынудың айрықша жағдайларына байланысты көп те емес, аз де емес айытқулар.

Полигон-х осінде вариант, ал у осінде жиілік көрсетілетін дискреттік вариациялық қатарды графикалық көрсету.

Жалпы ішкі өнім резидент-бірліктердің қызметінің оыс елдің экономикалық аумағындағы есептегі кезең ішіндегі нарықтық бағадағы түпкілікті нәтижесін білдіреді.

Жұмыс уақыты-қызметкер жұмысты немесе басқа да еңбек міндеттерін орындаған немесе орындауға тиіс уақыттың ұзақтығы.

Жұмыс уақытының барынша көп ықтимал қоры(қолда бар уақыт)-белгіленген уақыт ішінде еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс істелуі мүмкін барынша көп жұмыс уақыт саны.

Жұмыс уақытының қоры-жұмысшылардың өнім өндіруге жұмсаған уақытының шығыны, адам күнде және адам сағатта есептеледі.

Жұмыс уақытының қорын (күнтізбелік, табельдік, ең ықтимал жоғары) пайдалану коэффициенттері-жұмыс істелген уақыт қорын тиісті теориялық ықтимал жұмыс уақытының қорына бөлуден алынған бқлінді ретінде анықталады.

Жұмыс істелген уақыт қоры-өнім өндіруге нақты жұмсалған жұмыс уақытын көрсетеді.

Жұмыс істелмеген уақыт-орынды себептермен пайдаланылмаған уақыт және орынсыз себептермен жұмысқа келмеу-жұмыс уақытының ысырабы.

Жұмыспен қамтылған халық-экономикада жасына қарамастан нақты жұмыс істейтін халық.

Жұмыссыз халық-жұмысы жоқ, алайда жұмысты белсенді түрде экономикалық белсенді жастағы халық.

Наши рекомендации