Тақырып. Өндірісті жедел (оперативті) басқару
1. Өндірісті жедел басқарудың мазмұны мен міндеттері
2. Цех арасындағы және цех ішіндегі жоспарлау
3. Өндірісте диспетчерлеуді ұйымдастыру
1. Өндірісті жедел басқарудың мазмұны мен міндеттері
Өндірісті жедел басқарудыңнегізгі мазмұны уақыт пен кеңістікте өнім шығару жоспарын нақтылаудан, үздіксіз бақылаудан және оның орындалуын реттеуден тұрады.
Жедел жоспар жүйесінде бірнеше фаза бар: жоспарлау, есеп, бақылау, талдау және реттеу, соңғы төрт фазаны жиі диспетчерлеу функциясына біріктіреді (3.13.1 - сурет).
|
|
Өндірісті жедел
басқарудың сапалық
көрсеткіштері
|
|
|
процестің процестің
сапасы барысы
|
|
ақпарат ақпарат
Диспетчерлеу
Жоспарлы Түзету
міндеттер енгізу
Өндірісті жедел
басқаруды ұйымдастыру
3.13.1-сурет. Өндірісті жедел басқарудың функционалдық құрылымының сызбасы
Жедел басқарудың басты функциясының бірі жоспарлау болып табылады. Жедел жоспарлау ағымдық жоспарда бекітілген, міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді және нақтылайды. Сонымен бірге, берілген кезеңде орындалуға тиіс, өнім номенклатурасы мен көлемін нақтылайды. Әрбір цехтар мен оның бөлімшелеріне өндірістік бағдарламалардың айлық және он күндік күнтізбесі бекітіледі.
Жедел басқарудың міндеті – нормативті өлшемдермен нақты өндіріс барысы туралы мәдіметтерді және технология параметрлерін салыстыру.
Жедел басқару кәсіпорынның әрбір өндірістік бөлімшесінде өнім, бөлшек және дайындама (загатовка) қозғалысын, операцияларын және жұмыстарын орындау барысын уақытылы, нақты және толық көрсетуін қаматамасыз ететін, жедел есеп нәтижесінде алынған, ақпараттар негізінде жүзеге асады.
Жедел талдау үздіксіз өзгеріп отыратын өндіріс барысын уақытылы бағалауға арналған. Талдау объектілеріне жұмысшылардың және жабдықтың жұмысы, запас материалдарының жағдайы, аяқталмаған өндіріс және т.б. жатады.
Талдау нәтижесінде жоспарланған өндіріс барысының ауытқу себептері анықталып, осы себептерді жою бойынша ұйымдастыру-техникалық шаралар ұсынылады.
Жедел басқаруды аяқтайтын кезең – талдау және бақылау нәтижелерінің негізінде өндірістік процесс барысын реттеу. Мұндай реттеудің қажеттілігі, кездейсоқ жағдайлардың нәтижесінде нақты өндіріс процесінің жоспардан ауытқуын немесе бастапқы жоспарға өзгертулер енгізу мүмкіндігіне негізделеді.
Жедел басқарудың әрбір фазасын толығырақ қарастырып көрейік.
Жедел жоспарлау - жедел басқару жүйесіндегі бірінші фаза және кәсіпорында барлық жоспарлау жүйесінің қорытынды буыны болып табылады. Жедел жоспарлаудың негізгі мақсаты – өнім өндіру бойынша жоспарлы міндеттерді уақытылы және сапалы орындау үшін қажетті, кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің біріккен, айқын және қатыстылы жұмысын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мақсат өндіріс барысының ырғақтылығын қамту мен сәйкестендіру, жабдықты жоспарлы жүктеу, аяқталмаған өндіріс көлемін мен өндірістік циклдерді қысқарту жолымен орындалады.
Жоспарлау процесінде кәсіпорынның ағымдық жоспар көрсеткіштері кеңістік кесіндісінде (өндіріс, цех, учаскелер бойынша) және уақытта (кәсіпорын және бөлімшелерге жоспарлы міндеттер он күнге, тәулікке, ауысымға, сағатқа беріледі) нақтыланады.
Осылайша, әрбір өндірістік бөлімше өзінің күнтізбелік жоспарын алады. Барлық жоспарлар өзара келісілген, егер қандай да бір жағдайға байланысты бөлімшелердің біреуі жоспардан ауытқыса, онда өндірістік жүйе тұрақсыздық жағдайына өтеді. Ауытқуларды үнемі бақылау және олардың салдарын жою диспетчерлеудің функциясы болып табылады.
Жедел жоспарлау жүйесінің негізігі элементтері төменде көрсетілген:
· күнтізбе-жоспарлы нормативтер – өндірістік циклдың ұзақтылығы, партия көлемі мен озу мөлшері, өндірісте өнімді шығару мерзімі, дайындамалар көлемі және т.б.;
· материал сыйымдылық мөлшері – өнім бірлігіне жұмсалған материалдар, жартылау фабрикаттар және шикізат шығыны;
· өндірістік қуатты қолдану мөлшері – жабдықтың өнімділігі және ауысмдық коэффициенті;
· Өндірістің материалдармен қамтамасыз етілу мөлшері – технологиялық, фирма ішіндегі және цех арасындағы дайындамалар мөлшері, жартылай фабрикаттар мен шикізат запастарының мөлшері.
Жедел жоспарлаудың әрекет ету сферасы бойынша цех арасындағы және цех ішіндегі деп бөледі.
2. Цех арасындағы және цех ішіндегі жоспарлау
Цех арасындағы жедел жоспарлаудың міндеттері:
· тапсырмаларды есептеу үшін бастапқы мәліметтерді анықтау;
· тұтас кәсіпорын және цех үшін өндірістік күнтізбе жоспарларын және айлық міндеттерін құру;
· бір ай ішіндегі міндеттерді құру.
Жедел өндірістік бағдарламаларды құру кезінде келесідей мәліметтер қолданылады:
· жылдық және кварталдық бағдарлама;
· өнімді өткізуге жасалған келсім-шарт және тапсырыстар портфелі;
· өткізу болжамы;
· күнтізбе-жоспарлы нормативтер: партия көлемі және оларды шығару кезеңділігі, өндірістік циклдық ұзақтылығы, дайындамалар көлемі;
· еңбек сыйымдылығының мөлшері;
· өндірістік аудандардың және жабдықтардың өнімділігі мен жүктілігін есептеу нәтижесі;
· өтіп кеткен уақыт аралығындағы цехтердің техника-экономикалық жұмысын талдау нәтижесі.
Жедел-өндірістік жоспарлау жүйесінде өндірістік аудандардың және жабдықтардың оңтайлы жүктілігін есептеу маңызды рөл атқарады. Бұл мәселе жиі қарастырылып отырады, яғни жедел міндеттердің цех қуатына сәйкес келуі тексеріледі.
Цех ішіндегі жоспарлау процесіне участкілер, ауысымдар және жұмыс бригадаларының жедел айлық жоспарлары; кысқа уақыт кесіндісінде (он күн, апта және т.с.с.) участкілер, ауысымдар және жұмыс бригадаларының күнтізбе жоспарлары мен міндеттері; участкілер, ауысымдар және жұмыс бригадалары үшін тәуліктік ауысым міндеттері құрылады.
Массалық және ірі сериялық өндіріс кезінде цех ішіндегі жоспарлаудың негізгі міндеттері:
· өнім шығару бойынша айлық жоспарлы – міндеттің өндірістік қуатқа, бір айға бөлінетін шикізат ресурстарына, жабдықтаушылардан жартылай фабрикаттарды алу мүмкіндігіне сәйкес болуын тексеру;
· бөлімдерге, ауысымдарға міндеттерді дайындау;
· өнім шығару бойынша күнтізбе жоспарын дайындау;
· цехтар, бөлімдер, аралас бригадалардың міндеттерін орындауын ескеру және бақылауын ұйымдастыру.
3. Өндірісте диспетчерлеуді ұйымдастыру
Диспетчерлеу - бұл дайындалған күнтізбе кестесіне сәйкес жоспардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында өндіріс барысын жедел реттеу және үздіксіз бақылау жүйесі. Диспетчерлеу өндірісті жедел басқарудың соңғы кезеңі, оның мақсаты – өндірістік-шараушылық қызметте қамтылған кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің жұмысын жедел басқару. Осыған сәйкес диспетчерлеуге келесідей жұмыс түрлері кіреді:
· орындау үшін дайындалған және қабылданған өндірістің күнтізбесі кестесінің орындалу барысы туралы ақпарат жинау және үздіксіз есеп беру;
· қабылдаған жоспарлы міндеттердің ауытқуын анықтау және олардың себептерін талдау;
· жоспардан ауытқуды жою және әрі қарай алдын алу бойынша жедел шараларды қабылдау;
· күнтізбе кестесіне сәйкес өндірістің нақты ырғақтығын қамтамасыз ету үшін өзара байланысқан өндіріс буындарының ағымдық жұмысын реттеу;
· өндірісті жедел дайындауды басқару.
Өндірісті жедел басқарудың жүйесі кәсіпорынның барлық негізгі қызметтері үшін ақпарат көзі және бас қабылдағыш рөлін атқарады. 3.13.2 –суретте өндірісті жедел басқару жүйесі тұтынатын және көздері болып табылатын ақпараттар ағымы көрсетілген.
Шығару Тапшы Жоспардың Өндірістік Технологиялық
жоспары, материал- орындалуы бағдарлама және конструк-
материал- дар мен туралы торлық
дардың жинақ- есеп құжаттама
шығындар тауыш-
есебі тарға
цех Шығындарды жедел
лимиті есептеу мәліметтері
келісіл-
|
специ
|
сы Аспапты
жөндеу
|
|
жоспары Жедел тапсырыс
Шығару жоспары есеп беру
|
өнім есебі
3.13.2- сурет. Өндірісті жедел басқару қызметінің кәсіпорынның басқа да қызметтерімен байланысы
Өндірісті жедел басқару мәліметтері негізінде, кәсіпорынның барлық өндірістік-шаруашылық қызметін жедел басқару жүргізіледі.
Диспетчерлік бақылау мен реттеу үшін жекелеген бөлімшелердің жұмысында пайда болатын істен шығулар мен бұзылулар туралы уақытылы және нақты жедел ақпарат негіз болады. Оның сапасы, уақыты және көлеміне байланысты оңтайлы шешімдер қабалданады. Кәсіпорындағы жедел есеп қолданылатын жедел жоспарлардың нысандарына сай құрылады, яғни бірінші кезекте өндірістің сипаты мен типіне байланысты анықталады. Қиындатылған өндірістік процесс жағдайында жедел шешімдердің оңтайлылығына, сәйкесінше оларды құруға қажетті ақпаратқа да талаптар жоғарылайды.
Бақылау және реттеу диспетчерлік жүйесі алдын-ала белгіленген сипатқа ие болады, ол шикізат сапасы мен жеткізудегі өзгерістер, жабдықтың істен шығуы, брактың пайда болу жағдайында жоспардан ауытқу мүмкіндігін болжауы тиіс.