Тақырып 11: Отбасы және гендер әлеуметтануы

1.Неке және отбасы: анықтамасы, қызметтері.

2.Некелік отбасылық қатынастардың тарихи типтері және түрлері.

3.Неке мен отбасының тенденциялары және даму перспективалары.

4.«Жыныс» және «гендер» ұғымдары. 5.Гендердің әлеуметтанулық теориясы.

6.Қазақстанда отбасылық саясаттың дамуы, оның демографиялық және гендерлік саясатпен байланысы.

Заңдық мағынасында отбасы дегеніміз бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзгеде нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүлікке қатысты емес жеке бастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы.

Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы неке қатынасын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының «Неке және Отбасы туралы заң» болып табылады.

Неке отбасын құрудың негізгі болып табылады. Ерлі зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты некедеп түсінуіміз қажет.

Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел біргі тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналасып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады. Егер кәмелетке толған балалары ата анасымен біргі тұрып, қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе бұл да отбасы.

Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан туындайтын қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар адамгершілік, игілік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылық өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет ғұрыптарға сүйенеді. Мысалы, үлкендерді қадірлеу.

Құқықтық нормаларға араласу отбасылық қатынастар бұзылғанда қажет.

Отбасылық құқық тек шартты түрде ғана отбасылық деп атауға болатын өзге де қатынастарды реттейді. Туыстық жататын қатынастарды туыстық қатынастар деп атау керек. Туыстық дегенде бір негізінен немесе ортақ бір атадан тарайтын қандас адамдардың байланысы түсініледі. Туыстықтың екі тармағы болады: тікелей және жанама туыстық.

Тікелей туыстық адамдардың бір негізінен тарайтындығына негізделеді. Туыстық жоғары және төменгі тармаққа ажыратылады. Туыстықтың жоғары тармағы ұрпақтан арғы атаға қарай тарайды (әкеге, анаға, атаға, атаның атасына және т.б.), төменгі тармақ арғы атадан ұрпақтарына қарай тарайды (балаларға, немерелерге, шөбереге және т.б.).

Отбасы қоғамның маңызды әлеуметтік институты, оның құрамындағы адамды репродуктивті қызмет атқаратын қоғамның мүшесі ретінде қарастырады.

Отбасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтің құбылыс, себебі формасы өндірістік қатынастарға тікелей тәуелді. Мәселен, некелік қатынастардың алғашқы тарихи формасы полигамия, ал өндіріс құрал жабдықтарына жеке меншіктің пайда болуына байланысты ол моногамиялық отбасымен ауысады. Отбасы некеге қарағанда күрделі жүйе, себебі ол жұбайларға ғана емес, олардың балаларын, басқа туыстарын да біріктіреді.

Полигамия

Моногамия

Л. Морганның айтуынша, отбасылық қатынас промискуитет (жалпы аралас), бір қандастар отбасы, снидиасмикалық отбасы және моногамиялық отбасы кезеңдерінен өткен.

Бір қандастар отбасы топтық некеге негізделеді, мұнда жыныстық қатынастар тек бір ұрпаққа жататындар арасында ғана рұқсат етіледі. Мұндай отбасы эндогамиялық (жақын туыстар арасындағы жыныстық қосылу дегенді білдіреді) топ болады, өйткені оған бір руға немесе тайпаға жататындар кіреді. Қазіргі кезде мұндай отбасылар жоқ. Бірақ кейбір халықтарда ағайынды екі адамның балаларының үйлену фактілері кездеседі.

Бұдан кейін эндогамиялық принцип экзогамиялық принциппен, яғни руаралық некелесу формасымен ауысады.

Бір еркек пен бір әйелден тұратын моногамиялық отбасыға өтудің тарихи типі синдиасмикалық отбасы болды. Ол жабайылықтан варварлыққа өту кезеңінде пайда болды, ал полигамиялық (көп әйел алу формасында) тек еркектердің ғана еркіне тиді. Отбасының бұл формасында баланың шын биологиялық әкесі белгілі болатын болды да, мұның өзі рулық қоғамның ыдырап, жеке меншіктің, қосымша өнімнің шығуына, сөйтіп моногамиялық отбасының тууына жағдай жасады.

Моногамиялық отбасы патриархалды қатынастарға негізделгендіктен отбасы басшысы еркек болды, отбасының ажырасуы да еркектің ғана еркімен болатын болды. Қазіргі кездегі отбасының негізгі типтері өзгеше. Қазір біртипті отбасы жоқ. Қазіргі кездегі отбасының типтері: тотемдік қауым (ру) (қазір Австралияда кездеседі), патриархалды туыстар тобы (ұрпақтардың шығу тегіне қарай бұл отбасы матриархалды немесе патриархалды отбасы болды. Матриархалды отбасы отбасының ең көне түрі. Мұнда бір әйелдің көп күйеуі болуі жиі кездеседі. Мұндай отбасы тибеттіктерде және Оңтүстік Үндістанда тұратын тода деген халықта кездеседі), патриархалды отбасы (Патриархалды отбасының басшысы еркек. Ол мүліктің басшысы болып саналады) және жеке отбасы (бүгін таңда дүниеде ең кең тараған отбасының түрі.

Әлеуметтанушылардың пікіріңше, отбасы және оны сақтау халықтың физиологиялық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру жүзеге асырылады.

Әлеуметтану ғылымы оны былай анықтайды: отбасы дегеніміз тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ, оның жалпы белгілері: бөтен адаммен жыныстық байланыс орнату, туысқандық қатынастар жүйесі, адамның жеке дара адамгершілік сапаларын қалыптастырып дамыту, белгілі бір экономикалық қызметті іске асыру.

Неке қоғаммен санкцияланған.

Отбасылық міндеттері мен лидерлік қасиеттеріне байланысты отбасы үш негізгі типке бөлінеді:

Дәстүрлі (патриархалды) отбасы:

Ø Дәстүрлі отбасыларда бір баспанада кем дегенде үш ұрпақ тұруы тиіс.

Ø Әйелдің күйеуіне экономикалық тәуелділігі;

Ø Әйел мен еркектерінің міндеттерінің білінуі;

Ø Еркектің отбасының басында тұрыу.

Дәстүрлі емес (эксплуататорлық) отбасы:

Ø Әйел мен еркектің қоғамдық еңбекке бірдей қатысуы;

Ø Үй шаруашылығын әйел атқарады;

Наши рекомендации