Батыс түрік қағанаты

Батыс түрік қағанаты ежелгі үйсін жерін жайлады. Ол Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жердің бәрін алып жатты. Қағанаттың негізгі этникалық-саяси ұйытқысы - «он тайпа» (он-ақ будунның) мекендеген жері де осы ара болған. Сонымен қатар ол Шығыс түрік қағанатының Шығыс Түркістан және Орта Азияның Самарканд, Бұқара тағы басқа қалаларын басып алды. Осы қалаларда қағанның орынбасарлары отырды.Қағанның жазғы ордасы Мыңбұлақ (Түркістан қаласы жанында) еді. 610-618 жж. Жегуй қаған мен оның інісі Түнжабғы қаған (618-630жж.) билешн кезде қағанаттың күш ңуаты таси түседі. Тохарстан мен Ауғанстанға жасалған жаңа Ікорықтар мемлекет шекарасын Үндістанның солтүстік-батысына дейін жылжытып кеңейтеді.Түрік қағанаты мал және егіншілік шаруашылығымен шүтылданды, мал іпаруашылығына байланысты көшіп қонып жүрген. Егістік жерлерде түріктер отырықшылық шаруашылықпен аЩаалысты. Қала мен дала қағанат щүрамындағы Сйріккен өІІуметтік-саяси ағзаның бір-біріне аса қажет, бірін-бірі тоЯықтырып отыратын бөлшектері еді. Елдің халқы түріктері де, соғдылары да бәрі бірдей сауда-саттықпен, қолөнер кәсібімен, егіншілік және мал өсірумен айналысқан. Міне, осымен байланысты түріктердің қалалары өркендей бастады. Қалаларда сауда-саттық кеңінен жүргійяді.Түрік қағанаты әлеуметтік тұрғыдан алғанда, бір жағынан, ақсүйек тайпалар, екінші жағынан, оларға бағынышты, тәуелді тайпалар болып екіге бөлінеді. Бағынышты тайпалар алым-салық төлеп түрған. Қағанаттың басында жоғары билеуші, әскер басшысы, барлық жердің иесі қаған тұрды. Елдегі барлық билік оның туыстары арқылы жүргізілді. Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар-жабғы, шад және елтебер-қаған әулетіне ғана тән атақтұғын. Сот қызметін бұйрық берушілер, тархандар жүргізді. Қағанаттың негізгі халқы малшы қауым мүшелері, оларды «қара буын» («қара халық», «тобыр») дед атаған.Түріктердің ежелгі жазуы болған, оны Жетісу жеріндегі тас ескерткіштерден көреміз. Шығыс пен батыста, оңтүстікте ұшы-қиыры жоқ жері бар біртұтас орасан зор мемлекет құрған түрік батырлары. «басы барды идірдік, тізесі барды бүктірдік» деген сөздерді тасқа қашап жаздырып қалдырған. Күлтегін ескерткішіде осы тас жазуы арқылы бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр.Батыс Түрік қағанаты ішіндегі өзара тартыс, билеушілердің жиі-жиі ауысуы оның ыдыраушылығын күшейтті. Он алты жылға (640-657) созылған тайпалар арасындағы соғыс пен ішкі қырқыстар Жетісуға Қытайдың Тан империясы әскерінің баса-көктеп кіруіне әкеліп соқты. Алайда, түріктердің Тан басқыншылығына және олардың сыбайластарына қарсы жүргізілген тынымсыз күресі түргештердің күшейіп көтерілуіне, сөйтіп 704 жылы Жетісуда олардың саяси жетекші күш болып шығуына себешпі болды.

Түргеш қағанаты билеушілерінің негізін қалаушы Үшелік-қаған. Оның билік . жүргізген жылдары - 699-706 жыл. Ол Жетісудан Батыс түрік билеушісі Бөрішадты қуып, Ташкенттен Турфанға және Бесбалыққа дейін өзінің өкіметін орнатты. Оның басты саяси орталығы Шу өзені бойындағы Суяб қаласы болды. Екінші орталығы Іле өзені бойындағы Күнгүт қаласы. Үшелік елді 20 ұлысқа (бөлікке) бөліп, олардың әр қайсысында 7 мыңнан әскер ұстады.

№10 Әбу Әлі Ибн Сина (980-1037жж)

Әбу Әлі Ибн Сина (европаша Авицена), толық есімі Әбу Әлі ал-Хусеиін ал-Хасан ибн Али Ибн Сина (980-1037гг.) Бұхарда туылып, сонда өседі. Ол орта ғасырға дейінгі өмір сүрген оқымысты ғалым дәрігерлердің медициналық еңбектерін оқып, үйреніп соның нәтижесінде «Медицина ғылымының каноны» (1020 жылы)-кітабын жазады.Медицина ғылымының каноны - кітабы жалпы бес томнан жинақталған.Онда 811-дәрілердің түрлері көрсетілген болса, солардың 526-сы өсімдік дәрілері деп жазылған. Сонымен қатар жануарлардың 125 түрінен дәрі жазылса, 78 түрлі минералдық заттардан дәрілерді жазады. Канонда жазылған 393 өсімдік дәрілерінің 183-і бұрынғы кеңестер одағы құрамында болған мемлекеттердің жерлерінде кездескен, олардың 85-түрі қолдан өсіріледі екен. Қазіргі уақытта 393 дәрілік өсімдіктердің 96 түрі қолданылады екен.Медицина ғылымы канонының бес томында:

- Бірінші томында: медицинаға түсініктеме береді, адам тәнінің құрылысына және оның қалыптан тыс ауытқуларына, аурулар мен дене мүшелерінің құрылымдарының ауытқуы себептеріне, денсаулықты сақтауістеріне тоқталады.

- Екінші томында: жәй және күрделі дәрілерді және олардің емдік әсерлері туралы жазған.

-Үшінші кітабінда: дене мүшелерін жеке-жеке алып қарастырып, олардағы болатын ауырулар туралы айтады және оны анықтау тәсілдері мен емдеу әрекеттері айтылады.

- Төртінші кітабінда: хирургияны және оның емдеу әдістерімен

қоса ыстық көтерулі ауырула-рын жазады.

- Бесінші кітабінда күрделі дәрілерді, уды және уды қайтаратын дәрілерді жазған. Ибн Сина әсіресе гигиенаға және дене шынықтыру мәселелеріне көңіл бөліп отырған. Тамақтанудың және киінудің, жеке бастың таза болуы денсаулықты сақталуына үлкен себебін тигізеді деген. 1037 жылы 57 жасында Иран жерінің Хамадан қаласында өмірден қайтады, ал оның қабірі кәзіргі уақытта дейін осы қалада сақтаулы:Орта ғасыр заманындағы қазақ өлкесінде дүниеге келген тарих- ғылымның бірі –

№11Жүсіп Б мен Қожа Ахмет Иассауи (1093-1218 жж).

Орта ғасырлық тарихи тұлғалардың бірі қатарына Қожа Ахмет Иассауи кіреді. Қожа Ахмет жайлы осы уақытқа дейінгі көп тарихшылардың жазуы бойынша 1093-1218 жылдар аралығында өмір сүріпті. Туылған жері Испиджаб (Сайрам) қаласы. Ол «Диуани Хикмет « (Ақыл кітабы) кітабын жазған. Сонымен Қожа Ахметтің 125 жас жасағанын анықтайды. Осыдан орта ғасыр уақытында да, ұзақ өмір сүрген адамдар болғандығын білуімізге болады.Қожа Ахмет Иассауи Түркістан қаласының ұлы ақыны қазақ жерінде екінші Меккенің негізін салушы, осы өңірге ислам дінінің таралуына ат салысқан уағызшы.Ақыл кітабы-адамдарды адамгершілікке үндеп дүниенің қызығын қуып кетудің пайдасы аздығын түсіндіреді, дүние қуғанша білім қуғындар дейді. Қожа Ахмет Иассауидің хикметінен халық медицинасына байланысты: адам бойында үш жүз алпыс тамыр, төрт жүз қырық төрт сүйек бар делінген. Ол елу бір жасымда шөлді кезіп дәрілік шөптер іздедім-деп жазған. Дәрімен аурыды емдейсің, ал ғашықтықты дәрімен емдей алмайсың-деген (22-хикмет). Жүсіп Баласағұни ХІғ.«Құтты білік» дастанын дайындауға 30жылын арнап, 1 жарым жылда жазып шыққан. Дастанда өмір сүрген ортаның шындығы, әлеуметтік топтың қоғамдық түсінігі мен саяси тұжырымы берілген. Бақытты болудың негізі- білім деп тұжырымдайды. Бұл кітаптың қазіргі кезде үш қол жазбалық нұсқасы сақталған: Стамбулда, Қайрда және Ферғанада. «Құтты білік»- халықтың, құты, ырысы болған ілім.Ол ғасырлар бойы көзі ашық,көкірнгі ойу ұрпаққа адамдық, азаматтық қасиеттерін, әдет-ғұрыптарды және адалдықты жастарға тәрбие етіп дәріптейін 85 шығармадан құрал-ған.

XI ғасырда Жүсіп Баласағұнның жазбасында дәрігерлер мен балгерлерді былай суреттеп жырға қосқан:

Қолда тұрсын алуан түрлі дәрігерлер,

керегінде болмау үшін әбігер.

Тұрсын шырын, тұнба, ішірткі, майлары,

сұйық, қатты, дәрәгерлердің сай бәрі.

Лы жібек жолы

Ұлы Жібек жолының бағыттары және тауар тасымалы.Ұлы Жібек жолы туралы алғашқы мәліметтерді будда діндары Сюань-Сзяннің қолжазбаларынанбілеміз. Б.з.б.ІІІ-ІІ ғасырлар-жібек жолымен алғашқы сауда байланысы жасалған. Бұл жол Шығыс пен Батысты байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін керуен жолының жүйесі (ұзындығы 7 мың шақырымнан астам). Бұл жол Орта Азия мен Қазақстан териториялары арқылы өтіп, бірнеше сауда жолдары қалыптасып,дамыды: Лазурит жолы- Бадахшан тауы-Иран- Месопотамия-Мысыр-Сирия-қытай. Нефрит жолы- Жаркент-Шығыс Түркістан-Қытай. Дала жолы (б.з.б. 1 мыңжылдықтың ортасы). Қара теңіз жағалауы-Дон-Оңтүстік Орал-Ертіс, Алтай-Зайсан.Саудадағы басты тауар- жібек. Жібек алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналған. Жалақы мен қарызды жібекпен төлеген. Ұлы Жібек жолымен алғашқыда Қытайдың жібегі Батыс елднріне жеткізілген. Кейін бұл жол арқылы Үндістан, Иран, Византия, араб халфаты, Еуропа, Ресей тауарлары тасылды.Мәдениет пен діннің таралуы.Ұлы Жібек жолы арқылы ән мен би өнері, әдебиет туындылары тараған. Қытайда көп тараған Шығыс Түркістан мен Қазақстанның әуендері болды. Осы жолмен дін таралды. Буддизм-Үндістаннан орта азия мен Қазақстанға келіп, Оңтүстік –Қазақстан және Жетісуда кең тарады. Буддизмді таратуда соғдылар үлкен рөл атқарды. Христиан діні-Сирия, Иран, аравиядан келіп, Қазақстанда бұл діннің несториандық бағыты тарады. Манихейлік-дінді соғдылықтар таратты.Бұл дін туралы «Екі негіздің кітабында жазылған». Зароастризм діннің белгісі –от мұнарасы Отырардан еденге қаланған құрбандық шалынатын ошақтар табылды. Ислам діні-ҮІІІ-ІХ ғасырларда Оңтүстік Қазақстанда кең тарады. Ислам діні алғаш рет қарлұқтар арасында таралған. Қарахандықтар 960 жылы исламды мемлекеттік дін ретінде жарияланды.

Орта ғасырлық ғалымдардың еңбектері.ҮІІ ғасырда жазба әдебиет шыққан. ІХ-ХІІ ғасырларда ислам дінінің таралуына байланыстыәдеби және ғылыми шығармалар араб тілінде жазылған.

Моғолстан мемлекеті

ХІҮ ғ. ортасы ХҮІ ғ-дың басында Қазақстанның оңтүстік-шығысында өмір сүрген мемлекет. Астанасы- Алмалық. Шағатай мемлекеті ХІҮғ. Ортасында ыдырады. ХІҮ ғ. Ортасында Шағатай мемлекеті құлауы нәтижесінде Моғолстан мемлекеті құрылды. Дулат тайпасының феодалдық ақсүйектер қауымының басшысы, Моғолстан мемлекетінің негізін салушы- Әмір Болатшы. Дулат тайпасының феодалдық ақсүйектер қауымының басшысы әмір Болатшы жаңа мемлекет Моғолстанның ханы етіп Тоғылық Темір сайланды.Моғолстан туралы- Мұхаммед Хайдар «Дулати Тарихи Рашиди» еңбегінде жазылған. Территориясы- қазіргі Оңт. Қазақстан мен Қырғыстан. Моғолстан атауы «монғол» сөзінен шыққан. Өйткені түрік және парсы деректерінде монғолдарды осылай атаған. Халқы: дулат, қаңлы, керей, арғын, үйсін, т.б. тайпалар. Дулаттар ең қуатты тайпа. Бұл тайпалардың көпшілігі кейін қазақ халқының құрамына енді, ал Тянь-Шань етегі мен Шығыс Түркістанды мекендеген тайпаларқырғыз және ұйғыр халықтарын құрады.Моғолстанның халқы түркі тілдес тайпалар. Тоғылық Темірден кейін 1347-1367 жылдары Іляс Қожа кезінде мемлекет күшейді. Қыдыр Қожа кезінде Темір басқыншылығына қарсы ұзақ күресті, бірақ Темірге тәуелді болып қалды. Мұхаммед хан (1408-1418) Темір ықпалынан құтылып, Шу-Талас бойын қайтарып алды. Уайс хан (1418-1429) астананы Ілебалық қаласына көшіріп, ойраттарға батыл қарсылық көрсетті. Есен-Бұға (Уайстың баласы) хан ХҮ ғасырдың 30 жылдарының ортасында өкімет билігін иеленді.Моғолстан Қазақ хандығының құрылуына және қазақтың жеке халық болып қалыптасу барысында негіз болды.

XIV ғасырдың ортасында ыдыраған Шыңғысхан империясының жерінде тағы бір хандық-Моғолстан мемлекеті орнады. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бүл шемлекеттің негізін қалаған змйетғол әмірлерінің бірінің баласы Тоғылық-Темір хан (1348-1362 жж.) еді. Ол Шығыс Түркістаннан бастап Жетісу өңірінен ОңтүстіК Сібірге ^іейшгі көлемі зор, таулы-тасты, өзенді-көлді, ашық далалы, орман-тоғайлы жерлерді мешйдеген түркі тектес тайпалардың басын қосты. «Моғолстан» тарихи терішні «монғол» атауынан шыққан. «Моңдоі» есімі Орта Азия мен Қазақстанда түрік жөне парсы тілдеріндегі тарихи туындылардың бірінде «моғол» деп айтылып жазылатын болған.

XIV-XV ғасырларда Моғолстан қүрамына Түркістан, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір аймақтары кірдіМоғолстан ордасының орныққан орталығы-Алмалық қаласы.Бұрынғы Шағатай үлысының жерлеріне толық биліж жүргізуді көксеген Тоғылық-Темір Мәуеренахр өлкесін Шыңғыс әулеті Денішмендінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды рірады. Сөйтііі;©л 1358 жылы астыртын кісі жіберіп Қазаған әмі|рц өлтірді. Біржыл өткеннен кейін үлкен соғыстардың бірінде Қазағанның мұрагері, оның ұлы Абдолла да қаза тапты. Осыдан кейін Мәуәренахр бірнеше тәуелсіз облыстарға бөлініп кетті. Бұл жағдайды пайдаланып қалуды көздеген Тоғылық-Темір оларды бағындыруға кірісті. Бұл кезде Орта Азияның болашақ әміршісі Ақсақ Темір өзінің шағын шоғырымен Кеш қаласының әмірще қызмет етіп жүрген болатын. Тоғылық Кеші алып, оның әмірі Хожа-Барлас жөнді қардалық көрсете алмай қашқанда Темір оған ілЬспеді. Ол Тоғылық әмірге қышетке кіріп, Шахрисяб түменінің қолбашаысы болып тағайындалды. Мұның өзі оған барлас таідаасына көсем қүқығын берді. Бұл түста ол 2%жаста еді.

1361 жылы Мәуеренахрға екінші рет шабуылға аттаніШ, оны бағщщыріщй: Тоғылық әмір оған билеуші етіп баласы Ілияс-қожаны қалдырды. Бүл жолы ол Темірді Кеш қалаедрмң бастығы етіп тағайындады. 1362 жылы Тоғылық-Темір қаза тауып, Моғолстанда билік Ілияс-қожаға көшкенде, Мәуеренахрға билеуші болып Қазағанның немересі^Хүсайын тағайындалды. Осы түста қарындасына үйленіп Хүсайынмен туыс болған Темір онымен бірге Моғолстанға қарсы шығып, Мәуеренахрды өздерінің қол астына біріктіруге кірісті. Мүндағы тынымсыз шайқастардың бірінде оның екі саусағы кееіліп бір аяғы жажшылды. Аяғы өмір 6ofa сырқырап ауырып, ақсақ бадып қалған соң ол содан бастап Темирлан (дүрыш Темирленг, «ленг» парсыша-ақсақ) Ақсақ Темір атанды.

XIV ғасырдың аяғына қарай Азия мен Еуропа қүрлығының едәуір бөлігін жаулап алғаІі Әмір Темір қүрған орасан зор мемлекет, юл өлгенііен кейін бытырап тарап кетті. Оның басты себебі Әмір Темір үрпақтарының билікке таласып қырқысуы еді.

Наймандар мен Керейлер

Найманның батыстағы көршісі Ертіс өзені бойында тұрған қаңлылар, ал| солтүстігінде - қырғыздар, шығысында - Тола алқабжн, Орхонның орта ағысы және оң жақ бетін алып жатқан меркіттер мен керейттер болды. Алайда, бұл қоныстарі түрақты болмады, өзара талас-тартыс, соғыс пен шапқыншылықтар барысындаі тайпалар бір жерге тұра алмай, жаңа жерлерге қоныс аударып отырды. «¥лыс» деген сөз ол кезде «халық» дегені үғымды білдірді, әрбір ұлыс белгілі бір жерлерді алып жатты, оны белгілі бір рудыңі * өкілі, хан басқарды.1206 жылы Шыңғысхан Алтайдағы Күшлікхан бастаған наймандарға қаттыі соққы берді. Бүдац кейін наймандардың бір бөліғі Алтайдан Жетісу жеріне ойысты да, екінші бір бөлігі Шығыс Қазақстанда қалып қойды. Осы кезде Жетісу жерінде қарақытайдың әскерлеріне Хорезм шахы Мүхаммед шабуыл жасап соққы берді, ал| қалғандарын 1213 жылы Күшлікхан басқарған наймандар жаулап алды. Хорезм шахыі наймандардың шабуылынан қорқып, оларға Сырдария өзеніне дейінгі жерлерді J Сайрам, Ташкент және Ферғащаның солтүстік бөлігін бөліп берді. 1218 жылыі монғолдар Жетісудағы наймандарды талқандап жеңді. Қашып шыққан Күшлікті олар үстап алып Бадахшаңда өлтірді. Бүкіл Шығыс Түркістан мен Жетісу жерлеріі монғолдардың қол астына көшті.Керейттер туралы жазба деректердегі ең ерте мәліметтер X ғасырдың бас кезіне жатады. Керейттер конфедерациясының этникалық қүршы бір текті болмаған. Ол түрік тілді және моңғол тілді жүрттан қүралады. Керейттердің батысында -наймандар, солтүстігінде - меркіттер, шығысында ~ татарлар, оңтустігінде -I таңғүттар түрған. Керейт тайпалары көсемдерінің екі ордасы болған. Солтүстік ордасы Орхон өзені бойындағы Қатннбалық қаласында, оңтүстік юрдасы Хуанке өзені бүрылысының теріскейінде түрған Қара Хото қаласында орналасқан. 1007 жылы керейттер наймандармен бірге х^истиан дінінің несториандық тармағын қабылдаған. Керейттер белгілі дәрежеде үйғыр мәдениетінің ықпалында болған. Керейттер найман, қаңлы, үнғщр, меркіт, моңғол, қарақытай, таңғүттармен тығыз саяси және этникалық-мәдени байланыс жасап түрған. XII ғ. екінші жартысында керейттердің билеушісі Тоғрылханның бай жиһазды сарайында дала тайпаларының болашақ билеушілері-Темучин (Шыңғысхан) мен Жамуха тәрбие алып, саяси және елшілік өмірден хабардар болады.XII ғасырдың аяқ кезінде ТемуЩгаің әскерлері татарларды талқандағаннан кейін 1203 жылы керейттерді бағьгадырды.Жалайырлар туралы алғашқы тарихи деректерг X ғасырдан бастап кездеседі. Жалайыр жайында тарихшылардың негізгі сүйенетін еңбектердің бірі - Қадырғали Жалайыридың "Жылнамалар жинағы" -деген кітабы (1602ж$. Оның шыққан тегі жалайыр болғандықтан, кітабын Оғыз ханнан - бастап Шыңғыс дәуіріне дейін жеткізген. Бірақ осыған қарамастан жалайырлардьЩ шығу тегі осы кезге дейін жете ашылмаған, яғни олар монғолдар ма әлде түріктер ме, бүл мәселе әлі толық зерттелмеген. Бірқатар ғалымдар Парсы тарйхшысы Рашид-ад-диннің "Жамих-ат-тауарих" еңбегіне сүйеніп, жалайырларды түріктенген үйғырлардан шықты дегеви болжам жасайды..XIII ғ. басында Шыңғысхан монғол тайпаларын бір орталыққа біріктірген кезде, жалайырлар оған бағыиып, Шыңғысханның басты әскери күштерінің біріне айналады. Жалайыр жасақтары 1218-1221жж. Шыңғысханның Ор:а Азияға, Қазақстанға және Иранға жасаған жорықтарына қатысады. Осыдан кейін жалайыр рулары Жетісз^ға ауысып, ол жерді өздерінің қүтты қоныстарына айналдырған.Қыпшақтар туралы алғашқы хабар қытайдың жазба деректерінде кездеседі. Қыпшақтар ең әуелі Алтай , Саян тауларының барлрайларьш мекендеген) VII-X ғасырларда Қазақстан аумағында қыпшақ этникалық қауымдастығының ұзаққа созылған қалыптасу процесі жүрді. Бір ескертіп айтатын жәйт кимектер мен кышнақтар бір халық деп осы кезге дейін айтылып келген пікір қате, өйткені тарихи жазба деректер бойынша бұлар екі халық, йрақ түркі тілді туыс тайпалар болған.Қазақстан жерінде қьшшақ этникалық қауымдасуын үш кезеңге бөліп қарауға болады. Бірінші кезең, қьгашақтардың қимақ тайпалық одағында болуы: VII ғасырдың екінші жартысы - VIII ғасырдың соңына дейін. Екінші кезең: VIII ғасырдың аяғы- XI ғасырдың басы. Бүл кезде қыпшақтар Алтай және Ертістен Орал таулары мен Еділге дейін қоныс тепті. Қыпшақ тайпалық Одағына Мүғалжар жеріндегі құмандар мен қимақ тайпалары кірді. Қыпшақтар Снрдария, Қаратау бойындағы қалаларды өздеріне бағындырды. Маңғыстау мен оған таяу жатқан аудандарды щаратып алғаннан кейін қыпшақтар Хорезмнің теріскей шебіне жетті. Олар ертёдегі башқүрт, печенег, қарлүқ, әсіресе оғыз тайпаларының конфедерацияларымен этникалық-мәдени өзара байланыстар жасап отырды. XI ғасырдың орта кезінен бастап қыпшақтар қазіргі Волгадан (Еділ) батысқа қарай жылжыды^-сөйтіп шығыс Еуропа елдерімен, орыс княздіктерімен, Византиямен, Венгриямен шектесті. Үлан-байтақ қыпшақтар мекендеген жерлер «Дешті қыпшақ», яғни қьшшақ даласы деп аталды. Ал қыпшақтардың өзі Батыс Еуропа деректерінде күмандащ орыс жылнамаларында половцылар деп көрсетілді.Қыпшақ тайпаларының көшіп-қону аймағы кейде мыңнан астам шақырым жерді қамтыған. Негізгі жайылымдардың орны мен көшу жолдары және осы бағыттағы жинақталған сан ғасырлық тәжірабе үрпақтан-үрпаққа шшіп отырды. Көшу жолдары мен жайылымдарды бөлу қоғамның қалыпты тіршілігін қамтамасыз еткен жайылымдық-көщпелі жүйенің негізгі шарты болды. Мал үрлау қатаң жазаланды. Жеке меншіктегі малға*-«рулық-тайпалық белгілер салынды. Малынан айрылған, немесе көшу мүмкіндігін жоғалтқан қыпшақ кедей шаруалары отырықшы озғындар- жатақтар қатарына көшті. Бірақ олар жеткілікті мөлшерде мал жинап алысымен/ қайтадан көшпелі шаруашылыққа ауысып отырды Қыпшақ хандары Орта Азия мемлекеттерімен, өсір©сё Хорезм шахтары және салжүқтармен табанды күрес жүргізді1065 жылы салЖүқтардың билеушісі Алып Арсылан қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға ша%ыл жасайды. Қыпшақтарды жеңіп бағындырғаннан кейін, ол Жент пен Сауранға жорыққа шығады. Соғыста жеңіліс тапқан қыпшақ тайпаларының бір бөлігі Хорасан салжұқтарына тәуелділікке щсті. Алайда осыған қарамастан XI ғасырдың соңғы ширегінде қшішақтар Маңғыстау мен Каспий теңізінін шығыс жағалауында бұрынғыша өз билігін жүргізіп тұрды. 1096 жылы «Құдіретті» хан бастаған қыпшақ бірлестігінің әскерлері Хорезмге қарсы жорық жасады, бірақ ол сәтсіздікпен аяқталды.

0, (XI ғ. аяғы - XII ғ. бас кезінде Жент, Янгикент, төмецгі Сырдарияның тағы басқа қалалары қыпшақ көсемдерінің қолына қараған. Дегенмен XII ғ. алғашқы жартысында осынау қалалар қыпшақ хандары мен соларды қайтсе де басып алғысы келген Орта Азияның билеуші мүсылмандық әулеттері арасындағы қиян-кеікі ұрыс алаңына айналды. Хорезм шахы Атсыз (1127-1156 жж.) Жентті жаулап алады, сонан соң солтүстікке қарай бет алып, өз қарауына Маңғыстауды да қосады. 1133 жылы Жент қаласынан Дешті Қыпшақ даласына тереңдеп жорық жасаған Атсыз қыпшақтарды ойсырата жеңеді. 1185 жылы Текеш (1172-1200 жж) өз ойын іске асыру үшін Сығанақты басқарып отырған Қадыр-Бүке ханға жорыққа аттанды. Бірақ шайқас кезінде Хорезм шахының түріктердің үран тайпасынан қүрылған сарбаздары Қадыр-Бүке ханмен келісіп, соның жағына шығып кетеді. Осыдан кейін талқандалған әскерінің қалдығымен Текеш Хорезмге қайтып оралды. 1198 жылы Текештің үлы Мүхаммед Алып-Дерекпен одақтасып Қадыр-Бүке ханға қарсы қайта жорық жасайды. Соғыс барысында Қадыр-Бүке же^ліп, Хорезмге жеткізілді. Хан билігі енді Алып-Дерекке көшті. Алайда ол Хорезм шахтарына қарсы тәуелсіз саясат жүргізді- Қыпшақ ханының одан әрі күшейій кетуінен қорыққан Текеш Қадыр-Бүке ханды босатьш, оған Хорезмнің көп әскерін беріп, АльШтДерекке қарсы аттандырды. Шайқастың барысында Алып-Дерек әскерлері жеңіліске үшырады, бірақ қыпшак билігін қолына алған Қадыр-Бүке ханның өзі де Хорезм шахқа тәуелді болып шыкты. Хорезм шахтары қаңлы, қыпшақ, кимек, үран іайпалары топтарының жетекшілерін әртүряі қызметке тартты. Бүдан басқа туысқандық үшін қалыптасқан дәстүрге сай, Хорезм билеушілері әйелдерін қаңлы мен қыпшақтардың хан әулеттерінен алып отырған. Мыеалы: XIII ғасырдың бас кезінде хорезмшахы Ала-ад-дин Мщхаммед қаңлылардың §асшысы Әмин Мәліктің қызына үйленген. Міне осыған байланысты Әмин Мәлік Хорезмшахтар сарайында маңызды рөль атқарған.Бүл монғолдардың Қазақстан жерінде алғаш болуы еді, сөйтіп монғол шащыншылығының дәуірі басталады. Ол қыпшақтардың хорезмшахтарымен үзаққа созылған күресін тоқтатты.

Қыпшақтардың басты шаруашылығы мал өсіру болды. Олар жылқы, қой, сиьір, өгіз, түйе өсірді. Қыпшақтар малының құрамында қыс кезінде тебіндеп жаюға неғұрльш бейімделген жылқы мен қоіі басым болған. Өйткені жылқы басты көлік құралы және қыпшақтар сиыр мен қой етінен жылқы етін артық көрді. Бие сүтінен тамаша, шипалы сусын қымыз, ал қойдың жүні мен терісінен жылы киім дайындалды. Қыпшақтар аңшылықпен де айналысқан. Олар аң аулағанда садақ пен жебеден басқа лашын, бүркіт сияқты қүстарды, жүйрік тазыларды пайдаланған. Бағалы аң терілерін қыпшақшр басқа елдерге шығарып, сауда қатынасын жүргізген.

Қыпшақ қоғамында малсыз кедейлер егіншілікпен, соның ішінде өзен бойларында суармалы егіншілікпен айналысқан. Оны Үлытау және Торғай аймақтарындағы суландыру жүйелерінің, көптеген бөгеттердің, қүдықтар мен тоғандардың қалдық орындары көрсетеді. Қыпшақтарда үй кәсібі, қолөнер жақсы^ дамыған.

Бу Райхан әл-Бируни

.Әбу Райхан Мұхаммед ибн Ахмед әл-Бируни біздің дәуіріміздің 973-ші жылы мұсылмандық жыл саналуы бойынша 362-ші жылдың қазан айында ежелгі хорезмнің астанасы болған Қият қаласының іргесіндегі ауылдардың біріне туылған. Қазір бұл Қият шахарының орнында Бируни қаласы бар, бұл аудан қазіргі уақытта Қарақалпақ еліне қарасты аудан орталығы. «Сайдана» кітабы 1116-параграфтан тұрады. Оның 880-ні дәрілік өсімдіктерге түсініктеме бәрген. Жалпы бұл кітапта 750- дей өсімдік түріне, 107- минералдық заттарға, 101-жануарлар сонымен қатар 30-күрделі дәрілер жинақталған. Егер дәрігер басқа елге барғанда ондағы дәрі шөптің нақты атауын шатастырып алса, онда науқасты тез жазудың орнына асқындырып алатынын айтады. «Сайданада» көп тілді белгендігі өте көп көмегін тигізеді.

«Сайдана»-фармакалогиялық жиынтығы XI-ғасырға дейінгі дәрігерлердің атауларында қазақ медицинасына деректі атаулар

/көне, қазақша, орысша/

Көне атауы Қазақша атауы Орысша атауы
Нушадир Иджас Ийал сир Калач сир, Муж сир Бурхан, Таийр Мүсәтір Өрік Елік Сарымсақ Қызыл раушан гүлі   Нашатырь Слива Олень Чеснок Красная роза

Осыған орай, мысалы: жағымсыз тағамды жесең, асқазаныңа жақпағандықтан денеге кері әсерін тигізіп, теріні бөрттіріп жібереді. Балық жегенде жақпағандықтан құсудың, ал кейде өлімнің де болған-дығын айтады әл Бируни. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады, сонымен оның зерттеулерін өте мол және күрделі болғандығын білеміз.

Әбу Райхан тек фармаколог ғана емес, терапевт, астраном, математик, географ, филосов, филолог, тарихшы және этнограф, сонымен қатар ақын да болған. Жиі сапарға шығып, кезбе дәрігерлік жұмыс істей жүріп, ол Орта ғасырлық ғылымдағы медицинаның негізін қалай білген ғалым.

Моңғол дәуірі

ХІІІ ғасырдың басында татар - монғол тайпаларының басын біріктірген Монғол феодалдық мемлекеті құрылды. Бұл мемлекеттің негізін салушы Борджеген тайпасынан шыққан Темучин болды. Ол бір дерек бойынша 1162 жылы, екінші дерек бойынша 1155 жылы бай ноян Есугей – бағадұрдың отбасында дүниеге келген. Шешесі -Меркет қызы, руы қоңырат. 1206 жылдың көктемде Орхон өзенінің сағасында Темучинді жақтаушылардың–моңғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы болып, онда ол Шыңғыс-хан деген атпен моңғолдардыңәміршісіболып салтанатты түрде жарияланды. Шыңғыс хан деген сөз моңғолша «көктен жаралған» деген ұғымды білдіреді. Сөйтіп, Орталық Азияда құдіретті күшті Шыңғыс-хан империясы құрылды Бүкіл территориясы мен халқы оңқанат (барунғар), сол қанат (зұңғар – жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери-әкімшілік округке бөлінді. Әрбір округ «түменге» (түмендер) бөлінді. Олардың әрқайсысы оң мың адамнан тұрды, «мыңдар» – он «жүзден», ал «жүздер», - «ондықтан» құралды. «Қасиетті аңызға» сәйкес, бүкіл Моңғолия Шыңғыс-ханның туыстарымен оны қолдаушылардың биілігіне таратылып берілген 95 «мыңға жіктелді». Бұдан басқа Шыңғыс-ханға 10 мың өзіне шын берілген таңдаулы жауынгерлерден тұратын (гвардиясы) қызмет етті. Оның көмегімен Шыңғыс-хан нояндар мен басқа феодалдарды өзіне тәуелді етіп ұстады. Бар билікті өз қолына алған Шыңғыс-ханның алдына қойған басты мақсаты – ішкісаяси - әлеуметтік қайшылықтарды болдырмау. Ол үшін көрші жатқан халықтардың жерін басып алу, соғыс жолына түсу, үстем тап өкілдерінің мудделерінен шығу үшін, жаулап алған халықтардың байлығын тонау, оларды феодалдық кіріптарлыққа салу. Шыңғыс - хан шапқыншылығы. Моңғолдардыңалғашқыжаулап алудың құрбаны болған Сібір жерлері. 1207 – 1208 жылдардың қысында Шыңғыс- ханның үлкен баласы Жошы Енисей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігінең басқа да «орман»халықтарын бағындырды. 1207 – 1209 жылдары Шыңғыс-хан бастаған моңғолдар танғұттық Си – Ся мемлекетін жойып, шапқыншылықпен басып алса, одан кейін ұйғырларды өздеріне тәуелді етті, ұйғырлардың басқарушысы идиқұт Баршық өзін Шыңғыс-ханның вассалы деп таныды. 1215 жылы олар сол кезде Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды (Пекинді) басып алды. 1227 жылдың қарсыңында Қытай империясы Хуанхэ өзенінің солтүстік жағындағы бүкіл иелігінен іс жүзінде айырылды. Моңғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы . Ұлыстардың құрылуы. Шынғыс-хан қолының негізгі жорықтарының бірі Қазақстан мен Орта Азия жеріне жасаған жорығы болды, бұл жорық оларға Шығыс Европа мен алдыңғы Азияға жол ашты. Шыңғыс-хан Қазақстан мен Орта Азияға жасаған жорығына зор мән беріп, оған ұзақ әрі мұқият әзірленді. 1218 жылы Өз басының жеке жауы найманның ханы Күшлікті талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді. Жетісуді Шыңғыс-хан аса көп қарсылықсыз – ақ басып алды. Моңғолдарға қарсы тұруға жарамай қашып кеткен Күшлік-ханның жігерсіздігіне, оның діни құдалауларына, салықпен зар илеткен зорлық – зомбылығына ыза болған найманның феодалдары Шыңғыс-ханға мойынұсынатынын білдіріп, өз әскерлерімен оның қызметіне кірді, ал Күшілікті моңғолдар Бадахшанда Шығыс түркістандағы Сарыкөлде қуып жетіп, басы алынды. Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін моңғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Қазақстанға басып кіруге «Отырар опаты» деп аталатын жағдай себеп болды. 1218 жылы Шыңғыс-хан Орта Азияға Омар -Қожа Отрари, Жамал Марағи және басқа саудагерлер басқарған сауда көруенін жіберді, 450 адамы бар 500 түйелік сауда керуені 1218 жылы жаз айында Отырар қаласына келіп жетеді. Отырар әміршісі Ғайыр-хан Иналшық саудагерлерді жансыз тыңшылар деп күдіктеніп, оларды қырып тастауға бұйырып, керуенді тонап алды. Шыңғыс-хан Ғайыр-ханды қолыма бер деп талап етті, бірақ Хорезмшах II Мухаммед бұл талапты орындамағаны былай тұрсын, сонымен бірге Шыңғыс-хан жіберген жазықсыз елшілерді өлтіруге әмір етеді. Осының өзі Шыңғыс-ханның Хорезмге қарсы соғыс ашуына себеп болды, алайда бұл соғыстың себептері оның бүкіл жаулап алу соғыстарының негізіне алған себептер болатын. 1219 жылы қыркүйекте 150 мыңға жуық Шыңғыс-ханның қалың қолы Ертістен Сырдарияға қарай қаптайды. Шағатай мен Үгідей бастаған түмендер Отырарды қоршауға алады. Жошы бастаған әскерлер Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды алуға аттанады. Үшінші бөлік Сырдарияныңжоғарғы ағысындағы қалалар мен қыстақ – кенттерді алуға, ал Шыңғыс-хан өзі кіші баласы Төлей мен Бұхараға қарай бет ады. Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласады. Тек Хорезмшах II Мұхаммед көмекке жіберген Қараджа – Хаджибтің Суфи хан қақпасын ашып шығып, өз отрядымен моңғолдарға берілгенде ғана моңғолдар осы қақпа арқылы қалаға лап қойды. Қараджа – Хаджиб өлтірілді. Алайда, моңғолдарға қаланы алу үшін тағы бір ай уақыт керек болды. Қамалды қорғаушылар тегіс қырылғаннан кейін барып, қала 1220 жылы ақпанда алынды. Қайыр-хан қолға түсіп, Шыңғыс-ханның алдында әкелген жерде қатал жазаланып өлтірілді. Сөйтіп, Отырар қамалын жермен – жексен етіп, Шағатай мен Үгідей бастаған моңғол отрядтары Шыңғыс-ханға келіп қосылды. Бұл кезде Шыңғыс-хан Бұқара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын. Сырдария бойындағы басқа қалалардың тұрғындары да ерлікпен қорғанды. Соның бірі Сығанақ қаласы еді. Жеті күнге созылған шабуылға қала тұрғындары табан тіріесіп қарсыласты. Бырақ көп ұзамай Сығанақ жеңілді. Моңғолдар қаланы талап, халқын аяусыз қырды. Сол сияқты қарсылық көрсеткен Үзкент, Баршынкент қалалары алынып, қарсылық көрсеткен Ашнас қаласының турғыңдары да қырғыңға үшырайды. 1219-1220 жылдар арасында бүкіл Сырдарияның бойындағы қалалар мен қыстақ кенттер моңғолдардың қол астына түседі. Сыр бойындағы қалалардың қарсылығын жеңгеннен кейін Шыңғыс-ханның әскерлері Орта Азияның ішіне баса көктем еніп, 1219 жылдан 1221 жылға дейін моңғолдар бүкіл Орта Азияға ойран салып өтті. Хорезмшах II Мухаммед Иранға қашып, кейін Атырау теңізі аралдарының бірінде өлді. 1220-1221 жылдардағы қысқа жорықтардың нәтижесінде моңғолдар Хорезм жерін тегіс жаулап, Орта Азиядағы соғыс қимылдарын аяқтады. 1221 жылдың көктемінен бастап соғыс Хорасан, Ауғанистан және Солтүстік Индия мемлекеттерінің жеріне ауысты. Моңғол қолбасшылары Жебе мен Субедей нояндар басқарған 30 мыңдық әскер Солтүстік Иранды басып өтіп, 1220 жылы Кавказға кірді. Олар алаңдарды, половцыларды және Қалқа өзінінде орналасқан орыстарды (1223 жылы) тас-талқан етіп жеңді. Моңғолдар орыс жерінің оңтүстік аймағын ойрандап, қазақ даласы арқылы 1224 жылы Шыңғыс-ханның Ертістегі ордасына қайта оралды. 1225 жылы Шыңғыс-хан Моңғолияға қайтып келді. Сонымен, 1219 – 1224 жылдардағы моңғолдар шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс-хан империясының құрамына кірді. Моңғолдар жаулап алуының зардаптары. Шыңғыс-хан әскерлерінің басқыншылығы жаулап алған елдер үшін өзінің зардабы жағынан ең ауыр апат болды, ол көптеген халықтардың экономикалық және мәдени прогресін, олардың саяси әлеуметтік, этникалық дамуын ұзақ уақыт тоқыратты. Орасан зор регионның экономикасы құлдырап кетті. Моңғолдардың жаулап алуы салдарынан өндіргіш күштер талқандалып, адамдар жаппай қырылды, өркендеп тұрған қалалар жер бетінен ғайып болып, материалдық және мәдени қазыналар жойылып кетті, ондаған мың тамаша шеберлер мен қолөнершілер құлдыққа айналды. Жаулап алған елдерде індеттер таралып, жаппай жоқшылық басталды. Араб тарихшысы Ибн әл – Асыр моңғолдардың жаулап алуы туралы «бұл күн мен түн болып көрмеген, жаратылғанның бәрін жайлаған Орасан кесапат болды... жылнамаларда бұл секілді апаттың болғаны айтылмаған,» - деп жазды. Қалалардың қирауы. Жергілікті халықтың қарсыласуын басу үшін Шыңғыс - хан жаппай қырып жою және күштеу, тұтас бір қалалардан түк қалдырмау тәсілдерін қолданды. Шыңғыс-ханның Орта Азияға баратын жолында жатқан Оңтүстік Қазақстанның Сырдария бойындағы қалалары мен қоңыстары бұл тәсілдің алғашқы құрбандары болды. Моңғол әскерлері отпен өртеп, қылышпен қырып өзіне жол ашып отырды. Араб және парсы деректемелері түрлі елдердің халқын моңғолдар түгелдей дерлік қырып тастаған 30-ға тарта қалаларының атын келтіреді. Мәселен, моңғолдарға дейінгі уақытта 200-ге тарта елді мекен қалалар болса, XIII-XIV ғғ., 20-ға жуық қана қала қалған. Тіпті жуас қала атанған Баласағұнның өзі түп орнымен жоқ болып кеткен. Оны Мұхаммед хандардың мына сөзінен де көруге болады: «Баласағұнның өзі тұрмақ, оның орны қайда екені белгісіз». Оның ішінде оңтүстік Қазақстаннан Отырар, Сауран, Сығанақ, Жент, Ашнас сияқты ірі қалалар қиратылып құрып кетті.

Алтын Орда

Алтын Орда (1236 – 1242 жж.). Жеті жылдық жорықтан орналған кейін Батый орталығы төменгі Еділде орналасқан 1242 жылы (1243 ж.) тарихи әдебиетте Алтын Орда деген атқа ие болған зор мемлекет құрды. Алтын Орданың астанасы Сарай – Бату (қазіргі Астрахань маңында) болды, кейінірек астанасы Сарай – Беркеге көшірілді. «Алтын Орда» ұғымы біртекті емес бір жағдайда Алтын Орда деп Батый мен оның Мирасқоры Беркенің жеке иелігіндегі жерлерді, яғни Еділ бойы мен Солтүстік Кавказды айтқан, ал енді бір орайда түгелдей Жошы ұлысы айтылады. Батый (1227 – 1255-56 жж.) зор беделге ие болды және моңғол империясын өзінің қолдауымен таққа отырған ұлы хан Мөңкемен (1251-1259 жж.) бірге биледі. Алайда Батый да, оның мирасқорлары да Алтын Орданың тағында біртұтас мемлекетті басқарушылар болмады. Жошы ұлысы үлестерге оның көптеген ұлдарына ыдырады. Батый хан Шығыс Европаға жасаған жеті жылдық (1236-1242 жж.) жорығынан кейін Арал теңізінің Шығыс Солтүстігі жағындағы жерлерді ағасы Орда – Еженге берді. Бұл Ақ Орда деп аталды. Арал теңізінің солтүстігіндегі жерлерді інісі Шайбанға берді, ол Көк Орда деп аталды. Шайбанға қарасты төрт ру ел: қосшы, найман, бұйрат, қарлық тайпалары еді («Әл-Омари «Алтын Орда тарихына қатысты материалдар жинағы», 1т., 235 бет.) Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, т.б. тайпалар мекендеді. Дешті – Қыпшақ төңірегі мен Еділ бойында қоңыс аударған моңғолдар аз болған жоқ. Олар жергілікті түркі тілдес халықтармен сіңісіп кетті. Алтын Орда өзін билеген хандары: Батый 1242 – 1256 (1259) жж., Берке 1257-1266 жж., Мөңке-Темір 1266-1280 жж., Туда Мөңке 1280-1287 жж., Төле Бұқа 1287-1291 жж., Тоқты 1291-1312 жж., Өзбек 1312-1342 жж., Жәнібек 1342-1357 жж. тұсында қуатты кемеліне келіп, билігі мейлінше күшейе түсті. Егер Жошы мен Батый моңғолдарға ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастаған Алтын Орда хандары өздерін тәуелсіз деп есептеді. Берке хан тұсында Алтын Ордаға ене бастаған ислам діні кейін Өзбек хан тұсында үстем дінге айналды. 1342-1357 жылдары Алтын Орданы билеген Жәнібек хан өлгеннен соң, Шыңғыс тұқымынан тараған билеуші топтар арасында хан тағына таласқан феодалдық қырқыс өріс алып, бір кезде күшейіп дәуірлеген Алтын Орда мемлекетін мүлдем әлсіретті. Оның үстіне Алтын Орда үстемдігі астында езілген қалың бұқара мен тәуелді халықтардың азаттық күресі етек алады. XV ғасырдың басында Тоқтамыс хан мен Едіге бидің өзара таласы Алтын Орданы одан әрі қажытты. XV ғ бірінші жартысында онан бұлғарлар, казан (1445 жылы) мен Қырым (1449 жылы) бөлініп шықты. XV ғ ортасына қарай Астрахань, Сібір хандықтары, Ноғай Ордасы құрылды. 1480 жылы орыс князьдіктері моңғолдардан толық тәуелсіздік алды. Алтын Орда мемлекеті бір

те–бірте ыдырап, ақырында құлады.

Азақ термині

Қазақ халқының қалыптасу процесікөне заманнан б.з.б. ІІ-І мыңжылдықтан басталады. Қазақ халқының қалыптасу кезеңдері:

· Көне заман-б.з.д.ҮІІІ-б.з.Үғғ.

· Әуелгі орта ғасыр-Х-ХІІІ ғғ.

· Кейінгі орта ғасыр-Х-ХІІІғғ.

· Кейінгі орта ғасырлар-ХҮ-ХҮІ ғ.ғ.

Қазақстан жерінде этникалық процестің шешуші кезеңі- б.з.б І мыңжылдығының ортасы, түріктердің жаппай көшіп келуіне байланысты. Ежелгі сақ, сармат, үйсін, қаңлылардың ұрпағымен араласқан түріктер этно-демографиялық жағдайды өзгертті.Этникалық қалыптасу процесінің келесі кезеңі-Х-ХІІ ғасырларда өмір сүрген Қарахан және Қыпшақ хандықтарымен байланысты. ХІІІ-ХІҮ ғ. Ақ орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай ордасының құрылуы мен нығаюы қазақ тайпаларының бірігуіне әкелді. ХҮ ғасырда Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының қалыптасуы процесінің аяқталуын тездетті. ХҮІ ғасырдың басында Қазақ хандығы біріктірген тайпалар қазақ этносының негізін құрады: үйсін, қаңлы, қыпшақ, арғын, дулат, керей, найман,алшын, қоңыраттар т.б.

Қазақ халқының бастауы больга табылатын, сақ тайпаларының тікелей жалғасы болып үйсін, қаңлы тайпалары санаиады. Оны қытай деректері "Өзі сары, көзі көк, ат жақты сэ (сақ) тайпалары үйсіндердің арасында жүр" - деп көрсетеді.

Қазақ халқының шыққан тегі туралы жөптеген аспектілері ішінен өзектісі ретінде лингвистикалық және антропологиялық мәселелерін бөлшектеп алған жөн.

Орта Азия мен Қазақстан өңірінде осы екі процестің екеуі де қатар дамып отырған. Қазақстанның ертедегі тарихын екі аумақты кезеңге: үндіеуропалық және түріктік кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде лингвистикалық тіл жағынан Қазақстан түрғындары үндіеуропалық топтың ежелгі иран төбына кіреді^яғни бүл кез б.з.д. Ш-І мың жылдықтарды қамтиды.

Екінші кезеңде Қазақстан территориясына шығыс жақтан көптеген көшпелі тайпалардың соның ішінде ғүндардың Батысқа қарай қоныс аударуына байланыйШэ сақ және сармат тайпаларының жалғасы - үйсін мен қаңлылар ғүн тайпаларымен араласьш, ассимиляцияға түскен.

Б.з.б. I ғасырда Солтүстік ғүндардың қүрамына кірген көптеген түркі тілдес • тайпалардың бір бөлігі Орталық Азиядан Тянь-Шань арқылы өтіп, қаңлы тайпалық бірлестігімен көрші-қолаң отырды. Ғүндардйй Қазақстанға өтуінің екінші толқыны б.з. П ғасырдың бірінші жартысййда орын алды. Бүл кезде Солтүстік ғүндардың толып жатқан тайпалары Шығыс Қазақстан мен Жетісуға қоныс аударып VI ғасырға дейін өмір сүрген Юэбань мемлекетін құрды.

Ғұндардың біріктіруші рөлінің арқасында сырттан келген тайпалармен байырғы тұрғындардың этникалық жақындасуы іске асты. Сөйтіп, үйсіндер мен қаңлылардың монголоидтық нәсілге өтуі басталды

«Қазақ» терминінің шығу тарихыныңбірнеше болжамы бар. Олар:

· Тарихшы Бартольд: «өз мемлекетінен, тайпа, руынан бөлініп жеке өмір сүруші адам» ды қазақ деп атады дейді.

· М.Ақынжанов: «қас-сақ, нағыз сақ деген атаудан шыққан» дейді.

· ХІІ-ХҮ ғасырларда түркі тілінде жазылған деректерде: «еркіндік аңсаушы, батыл» мағынасын білдіреді.

· Түркологтардың пікірінше, «қазақ» терминінің бастапқы таралған жері-Шығыс Дешті Қыпшақ..

Жазбаша әдебиетте «қазақ» термині 1245 жылы мамлюктік Египет мемлекетінің қыпшақтары кезінде шыққан араб-қыпшақ сөздігінде бірінші рет қолданылған деген тұжырым келтіріледы

Абылай хан

Наши рекомендации