Лекция сұрақтары. 1. Маркетингтегі тауар түсінігі және оларды жіктеу

1. Маркетингтегі тауар түсінігі және оларды жіктеу

2.Тауардың өміршендік кезеңі концепциясы

3. Тауар белгісі және мәні.

4. Тауардың орамы.

1)Пайдалану мерзімі бойынша тауарлар қысқа мерзімде және ұзақ мерзімде қолданылатын тауарлар деп бөлінеді.Қысқа мерзімде қолданылатын тауарларды бір немесе бірнеше рет пайдалануға болады. Оған материалдық бұйымдар (сабын, нан, сыра, т.б.) жатады. Ал ұзақ мерзімдік тауарлар бірнеше жылдар бойына қолданылады. Мысалы, тоңазытқыш, автомобиль, кір жуғыш машиналар және т.б.

Түпкі тұтынылуына қарай тауарлартұтыну тауарлары және өндіріске арналған тауарлардеп бөлінеді. Тұтыну тауарларына негізгі тұтынушы қолдануы үшін сатып алатын тауарлар жатады. Олар – күнделікті сұранымдағы, алдын ала таңдалынатын, ерекше сұраныстағы және пассивті (бәсең) сұраныстағы тауарлар деп бөлінеді. Күнделікті сұраныстағы тауарлар – бұл тұтынушылар еш қиындықсыз, ойланбай-ақ, жиі сатып алатын кең тұтынудағы тауарлар мен қызметтер. Оларға нан, сабын, тіс пастасы сияқты тауарлар жатады. Әдетте бұл тауарлар арзан, әрi оларды күнделiктi сатып алуға болады. Алдын ала таңдалынатын тауарлар күнделікті сұранымдағы тауарларға қарағанда жиі сатып алынбайды, тұтынушы тауарды таңдау және сатып алу процесінде олардың безендірілуіне баса назар аударып, қасиеттерінің өзара үйлесімділігін салыстыра қарайды. Мұндай тауарларға жиһаздар, киімдер, электроника түрлері және т.б. жатады. Ерекше сұраныстағы тауарлар аса сирек сипатқа ие және тұтынушылар бұл тауарларды сатып алу үшін айтарлықтай күш жұмсайды. Оларға кейбір автомобиль маркалары, электрондық, электрлі-тұрмыстық техникалар жатады. Ал пассивті (бәсең) сұранымдағы тауарлар – тұтынушы білмейтін, білсе де, әдетте оны сатып алу туралы әрқашан ойлана бермейтін кең тұтынудағы тауарлар (жаңа енгізулер, сақтандыру түрлері, күзет жүйесі және т.б.).

Өндірістік мақсатқа арналған тауарлар – кейін қайта өңдеуге немесе өндіріске пайдалану үшін алынатын тауарлар, яғни, шикізат, материалдар, жабдықтар, қосалқы бөлшектер және тағы басқа заттар.

Тауарлық ассортиментдегеніміз функционалды және тұтынушылық сипаттамасы, сондай-ақ бөлу арналары бойынша ұқсас тауарлардың тобы.

Тауар ассортиментінің кеңдігін және тереңдігін бөліп көрсетуге болады.

Тауар номенклатурасы – нақты сатушылардың сатып алушыларға ұсынатын тауарлар мен тауар бiрлiктерiнiң барлық ассортименттiк топтарының жиынтығы.

2) Тауар саясаты дегеніміз – тауар ассортиментiн қалыптастыру бойынша олардың жаңа түрлерiн жасау, сапа және бәсекеге қабiлеттiлiгiн жоғарылату, өмiрлiк циклiн талдау, тауарлық белгiлердi пайдалану, буып-түю, орау, таңбалау және сервистiк қызмет көрсету бойынша шешiм қабылдауды қажет ететiн фирманың көп факторлы қызмет көрсету аумағы .

Тауар стратегиясы – тауар өндiрiсiнiң ресурстық мүмкiндiктерi мен нарықтық конъюнктура жағдайына сай болашақта даму бағытын анықтайтын құралы.

Фирма өндiретiн тауарлар түрiнiң ұйымдастыру саласына: оның сапасы, қызметі, сыртқы түрi, таңбалануы, буып-түю, орауы және сервисi жатады.

Егер өнiм сапасы оны жасайтын материал құрамы, мөлшері, дәмi сияқты физикалық және химиялық құрамдарының қасиеттерiне байланысты болса, оның сыртқы түрiне әр түрлi геометриялық фигуралар жиынтығынан (комбинациясынан) тұратын түрі, түсi, дизайны әсер етедi.

Сапа– бұл тұтынушы сұранысы мен қажеттілігіне жауап беретін тауардың қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы.

Тауар сапасын көтеру бұрын өндірген өнімдердің ескіруіне әкеліп соғады. Кейбір жағдайда өндiрушiлер тауарды жасанды түрде ескіртедi. Мысалы, шұлық бұйымдары мен электр лампаларын өндірушілер тауарлары тез айналымда болуы үшiн олардың сапасын әдейi төмендетуi мүмкiн.

Тауар сапасы, көбінесе «өнім өзегiне», яғни, оның физикалық және химиялық қасиеттеріне, дайындалған материалдар құрамына, салмағына, дәміне, иісіне, икемділігіне, құрастырылуына, қуаттылығына, өнімділігіне байланысты болады. Өнімнің қызметі көбінесе оның белгілеуімен байланыстырып түсіндіріледі.

Өнiмнiң сыртқы түрі тұтынушының тауарды сатып алуына әсер ететін маңызды фактор болып саналады. Ол өнім түрінің, түсінің, дизайнының, мөлшері мен буып-түюінің сәттi болуына байланысты.

Түс – өнімді түрлендіру үшін қолданылатын қарапайым құрал. Әлемде 7,5 млн-ға жуық түс және 2800-ге жуық олардың атауы белгілі .

Дизайн – нарықта тауарды саралауға қолданатын негізгі мықты құралдардың бірі. Сәтті дизайн бұйым формасы мен тауар функциясының сәйкестігін бейнелейді. қабылдау керек.

3)Уақыт ағымына қарай тұтынушылардың талғамы мен сұранысы өзгереді. Өнім ұзақ уақыт бойы нарықта қалуы үшін фирма тауарының ассортиментін жаңалап, тұтынушы талаптарына сай олардың сапасын жақсартып отыруы қажет.

«Жаңа тауар» түсінігінiң ондаған ұғымдары бар. Жаңа тауарға жаңа принципті қажеттіліктерді қанағаттандыратын фирманың қайта шығарған бұйымдары жатады.

Жаңа өнім – бұл өнімнің модификациясы, жаңалық енгiзу және жаңартпасы.

· Жаңғыртып, жетілдіру (модификация)– бұл тауарлар сипаттамасының сапалық немесе физикалық өзгерісі.

Жаңа енгізулер – ол фирмада бұрын өндірілмеген және сатылмаған өнім.

Инновациялық тауар – бұл нарықта бұрын болмаған, алғашқы түпнұсқадағы тауарлар.

Лекция сұрақтары. 1. Маркетингтегі тауар түсінігі және оларды жіктеу - student2.ru Лекция сұрақтары. 1. Маркетингтегі тауар түсінігі және оларды жіктеу - student2.ru Лекция сұрақтары. 1. Маркетингтегі тауар түсінігі және оларды жіктеу - student2.ru Лекция сұрақтары. 1. Маркетингтегі тауар түсінігі және оларды жіктеу - student2.ru Лекция сұрақтары. 1. Маркетингтегі тауар түсінігі және оларды жіктеу - student2.ru Лекция сұрақтары. 1. Маркетингтегі тауар түсінігі және оларды жіктеу - student2.ru Лекция сұрақтары. 1. Маркетингтегі тауар түсінігі және оларды жіктеу - student2.ru

Жаңа тауарды жоспарлау кезеңдері

Наши рекомендации