Информациялық қарым-қатынас
Енді объектінің ортамен информациялық қарым-қатынасы дамуын, объектінің өзінің дамуына байланысты қарастыралық.
Өлі құрылымдар (формалар).Сонымен, барлық объектілер түрлі күрделіліктегі құрылымдарға біріккен элементар объектілерден тұрады. Сондықтан объектілер арасындағы қарым-қатынастардың барлығы элементар объектілер арасындағы элементар қарым-қатынастар түрінде болып келеді де, микродүние физикасы заңдарына сәйкес орын алады. Бұл элементар қарым-қатынастар толығымен симметриялы. Шын мәнінде, осы элементар қарым-қатынастар, элементар объектілер негізінде орнықтылықтары әр түрлі құрылымдардың құрылуына алып келеді. Бұл құрылымдарды, орнықтылықтың белгілі бір деңгейінен бастап, жаңа объект ретінде қарастыруға болады.
Бұл жаңа объектілер қарым-қатынастары олардың құрамындағы өте көп мөлшердегі элементар объектілердің қарым-қатынастарынан тұрады. Осы жиынтық қарым-қатынастың қасиеті оның құрамындағы элементар объектілер мен объектілер біріккен құрылымның қасиеттерінің жиынтығы бойынша анықталады.
Элементар объектілер қарым-қатынасының, құрылым ретіндегі объектінің орнықтылығын қамтамасыз ету үшін қызмет жасайтын бөлігі объектіні “өзі үшін зат” ретінде анықтайды. Элементар объектілер қарым-қатынасының, объектінің басқа объектілермен қарым-қатынасынан көрінетін екінші бөлігі, объектіні “өзі үшін зат” ретінде анықтайды. Яғни, объектілер қарым-қатынасы заңдары олардың элементар бөлшектерінің қарым-қатынас заңдарының салдары болып табылады. Сондықтан, объектілер мен олардың түрлері неғұрлым көп және олардың объект құрылымындағы байланыстары неғұрлым күрделі болған сайын, соғұрлым қарым-қатынастардың дербес заңдылықтарынан жалпы заңдылық алу күрделене түседі. Бұл кезде, объектілер қарым-қатынастары заңдылықтарының орнықтылығының жоғарылауын қамтамасыз ететін және орнықтылықтың белгілі бір деңгейінен бастап бұл заңдылықтарды жекелеген элементар қарым-қатынастар заңдылықтары ескерілмейтін дербес заңдылық деп қарастыруға болатын, үлкен сандардың статистикалық заңы басты роль атқарады. Осылайша элементар объектілер қарым-қатынастарынан атомдар, молекулалар заңдарынан бастап, макродүниелік және әлеуметтік заңдарға дейінгі заңдар қорытылып шығарылады. Жоғары деңгейдегі объектілер қарым-қатынастары заңдылықтары, оларды құрастыратын төменгі деңгейдегі объектілер қарым-қатынастары заңдарының статистикалық интеграциясы негізінде құрылады. Сондықтан, қарым-қатынас жасаушы топтар мөлшері онша көп болмайтындықтан, әлеуметтік қарым-қатынас заңдылықтарының орнықтылығы үлкен сандар заңы орнықты жұмыс жасауы үшін жеткіліксіз.
Қайтадан бейсимметриялық, анығырақ айтқанда, информациялық қарым-қатынастарға оралайық. Мұндай қарым-қатынастар, комбинациялары нәтижесінде информация деп аталатын және дербес бірлік ретіндегі субстанция пайда болатын симметриялық қарым-қатынастар кешені түрінде ғана мүмкін екендігін еске сала кетелік. Біз бұл субстанцияның қасиеттерін, информациялық қарым-қатынастардың қарапайым түрінен күрделі түріне өте отырып қарастырамыз.
Информациялық қарым-қатынастың элементар түрін өлі табиғаттан-ақ көруге болады. Мысалы катализдік қарым-қатынас. Ол катализатор деп аталатын объект реагенттер деп аталатын басқа объект топтары арасында өтетін химиялық реакцияның жылдамдығын өзгертетін және мұнан соң катализатор өз қасиеттері бойынша өзгеріссіз қалатын қарым-қатынас. Бұл процесті катализатор және реагенттер арасындағы, реагенттер катализатордан белгілі бір, өзара қарым-қатынастарының өзгеруі ретінде іске асыратын, информация алатын информациялық қарым-қатынас деп қарастыруға болады.
Информациялық қарым-қатынастың бұл түрі симметриялық қарым-қатынастардың онша күрделі болмауымен және қарапайым қарым-қатынастардан оңай қорытылып шығатындығымен қызғылықты. Мысал ретінде катализатор мен жекелеген реагенттер арасындағы, өтуі барысында олар арасындағы заттар мен энергия қайта үлестіру түріндегі қарым-қатынас іске асатын симметриялық қарым-қатынастардың қарапайым тізбегін келтіруге болады. Екінші жағынан, бұл қарым-қатынаста информациялық қарым-қатынасқа тән негізгі факторлар қарапайым түрде көрініс табады.
Бірінші. Информациялыққарым-қатынас негізін симметриялық қарым-қатынастар кешені құрайды. Осылайша информация объектілер арасындағы зат пен энергия алмасу арқылы беріледі.
Зат пен энергияның информация берілетін түрі информациялық код немесе, жай ғана, код деп аталады.
Екінші. Информациялық қарым-қатынас тек объектілер қасиеттерінің белгілі бір өзара сәйкестігі болған жағдайда ғана орын алады. Мәселен, катализдік қарым-қатынасқа ол үшін қажетті қасиеттер жиынтығына ие объектілер ғана қатыса алады. Информация алынатын кодтар негізінде, оны қабылдаушы объектінің қасиеттеріне сай іске асыру мүмкіндігі бойынша қабылданады. Кодтардың нақты жиынтығын ала отырып қандай информа-цияны қабылдайтыны қабылдаушы объектінің қасиеттеріне байланысты.
Объектінің алынған кодтарды белгілі бір информация ретінде қабылдауына мүмкіндік беретін қасиеті информациялық кодтарды интерпретациялау аппараты немесе, қысқаша, интерпретация аппараты деп аталады.
Информация қабылдаушы объектіде осы информацияға байланысты объектінің ішкі немесе сыртқы ахуалындағы белгілі бір өзгерістер түрінде іске асырылады. Әрине, бұл өзгеріс информация алынбаса да болуы мүмкін. Алайда мұның ықтималдылығы өте төмен болар еді. Информация оны қабылдаушы объектінің өзіне тән ахуалдардың біріне өтуіне қолқабыс жасайды, яғни оның қасиеттеріне сай болады. Қарастырылған қарапайым мысалда информацияның оны қабылдаушы объектіге сәйкестігі, екеуі де объектінің бірдей қасиеттеріне негізделгендіктен, интерпретация аппаратының барлығымен анықталады. Енді сәйкестік туралы тұжырымды дамыта отырып, оны күшейтелік.
Объект қабылдайтын информация ол үшін мақсатқа сай болады.
Сонымен біз, информациялық қарым-қатынас мысалы арқылы оның іске асырылуы үшін қажетті үш факторды көрсеттік. Бұл – информацияны тасымалдаушы кодтардың болуы, қабылдаушыда кодтарды интерпретация-лау аппаратының болуы және қабылдаушы объект үшін информацияның мақсатқа сай болуы. Олай болса, информациялық қарым-қатынасты, объектіліктен субъектілікке өтумен байланысты қарым-қатынастардың бір түрі деуге болады. Бұл - объектіден тәуелсіз және объект “басқалар үшін зат” түрінде қатысатын, алайда, ал нәтиже “өзі үшін зат” түрінде қабылданатын құбылыстармен қарым-қатынас. Енді осы факторлар мен информациялық қарым-қатынас қасиеттерінің, оған қатысатын объектілер мен олардыө қарым-қатынас түрлерінің күрделенуі тұрғысынан дамуына шолу жасалық.
Қарапайым тіршілік түрлері.Тіршілік түрлерін өлі құрылымдардан ажырататын бірінші шарт, олардың ішкі құрылымы және сыртқы ортамен қарым-қатынасы өзіне ұқсас түрлерді жаңғырту мүмкіндігі. Бұл мүмкіндікті іске асыру үшін тіршілік иелері сыртқы ортадан заттар мен энергия ала отырып, оны өз ішінде түрлендіреді, өз элементтері көшірмелерін жасай отырып, оларды өзара бастапқы түрде қарым-қатынас жасағандай қарым-қатынас жасайтындай етіп, құрылымға біріктіреді. Бұл іс-әрекеттер тіршілік иесінің, оның сыртқы ортамен қарым-қатынасы қасиеттерін сақтай отырып, ішкі ахуалының тұрақты түрде өзгеріп отыратынын білдіреді. Тұрақты ішкі өзгерістердің болуы, тіршілік иесінің әрбір мезетте оның алдыңғы сәтіндегі өзінен басқаша болатындығының, бірте-бірте бұл өзгерістің соншалықты күшейуіне байланысты, оны бүлінуге алып келетіндігінің себебі болып табылады. Сондықтан тіршілік иелері, ішкі өзгерістері сыртқы ортамен тікелей симметриялық қарым-қатынастарына байланысты болатын өлі құрылымдармен салыстырғанда, ұзақ өмір сүрмейді.
Мысалы, қарапайым тіршілік иесі – вирус. Оның сыртқы ортамен қарым-қатынасы тамақтанудан (затты пайдалану (потребление)), энергия пайдаланудан және қалдықтар бөліп шығарудан (заттар мен энергия түрінде), көбею (өз көшірмесін жасау) мен өлуден (жекелеген химиялық молекулаларға жіктелуден (распад) тұрады.
Вирус бір-бірінің ыдырауын болдырмайтын нуклейндік қышқыл молекулалары мен белок қабықшасынан тұрады. Олардың ішкі қарым-қатынасы да негізінен осыған арналған. Нуклейндік қышқыл, сыртқы ортаның сәйкес шарты орын алған жағдайда, дәл осындай вирусты көбейтуде басты роль атқарады.
Мәселен, кейбір вирустар тірі клеткаларда көбейеді. Алайда, бұл олардың басқа ортада өмір сүре алмайтынын білдірмейді. Тіптен, тірі клеткамен салыстырғанда қарапайым түр болып табылатындықтан, тіршілік түрі ретінде өмірдің бір клеткалы түрінен бұрын пайда болуы тиіс еді.
Вирустардың көбею механизмі төмендегідей: вирус белгілі бір ортаға түскеннен соң орта элементтері арасындағы химиялық қарым-қатынас кешенін, пісіп жетілген және белгілі бір шарттар пайда болғанда олардан өзі сияқты вирустар құрастырылатын вирустық бөлшектер, яғни вириондар, пайда болатындай етіп өзгертеді. Вирус пен ортаның бұл қарым-қатынасы катализдік қарым-қатынасқа ұқсас, алайда, оның күрделілігі әлде қайда жоғары. Бұл қарым-қатынастың реагенттері тек қарапайым химиялық молекулалар емес, олар – күрделілігі жоғары молекулалық құрылымдар. Информация тасымалдаушы кодтар қарапайым физикалық объектілер мен элементар энергиялық әсер емес, олардың күрделі құрамы мен құрылымының кешені. Кодтарды интерпретациялау аппаратының жұмысы, көп жағдайда бірінің екіншісінен тәуелділігін қатаң қорытып шығару мүмкін емес химиялық заңдылықтардың күрделі кешенінің әсеріне негізделеді. Бұл қарам-қатынастарда химиялық заңдылықтармен салыстырғанда күрделілігі бойынша әлдеқайда жоғары болып келетін биологиялық заңдылықтар пайда бола бастайды.
Информацияның мақсатқа сәйкестігі бұрынғыша. Яғни жаңа вирустың пайда болуына алып келетін реакциялар жиынтығы вирустың өзі қатыспаса да пайда болуы мүмкін. Алайда бұл оқиға үшін қажетті жағдайлар кешенінінің пайда болу ықтималдылығы катализдік қарам-қатынастар реагенттерімен салыстырғанда әлдеқайда аз, яғни әлдеқайда сирек пайда болады. Алайда, бұл оқиға орын алады. Жоғары молекулалық құрылымдар ортасы белгілі бір уақыттарда өз вирустарын шығарып отырады.
Вирус пен орта қарам-қатынастың катализдік қарам-қатынаспен салыстырғанда сапалық тұрғыдан ерекшеленетін тағы бір принципиальді өзгешелігі бар. Егер катализдік қарам-қатынаста реакция нәтижесі катализаторға ешқандай әсер етпейтін болса, вирустың ортаға әсері, оның түр ретінде бар болуын қамтамасыз ететіндіктен, вирустың өзі үшін маңызды. Мұнда, ең қарапайым түрде, информация алмасудың информация берудің бағыттылығы, кеңірек айтқанда мақсаттылығы, деп аталатын төртінші факторы көрінеді.
Информациялыққарам-қатынастың мақсаттылығы – информация беруші объектінің немесе оның түрінің бар болуы үшін маңызды фактор.
Информацияның бір объектіден екіншісіне, оның іске асырылуы біріншісі үшін мақсатқа сай, ал екіншісіне – мақсатқа сай емес ахуалында берілуі дезинформация деп аталады.
Жалпы алғанда, информация мен дезинформация бір, алайда түрлі этикалық категориядағы субстанция болып табылады. Олардың өзара барлаушы мен шпион сияқты байланысқан.Түрлі мақсаттарға қатысты көзқарас тұрғысынан, олар бір-біріне ауысып отырады.
Жекелеген қарапайым нформациялық қарым-қатынастардың иерархиялық құрылымы қадағалаушы информацияның оның сыртқы ортадан қабылданған түрінен, іске асырылуы жүзеге асатын, яғни организмнің сыртқы ортаның ағымдық шарттары жағдайында мақсатқа сай жауап реакциясын тікелей ұйымдастыратын орталықтарда басқарушы информациялардың тікелей генерациялануына алып келетін, түріне сапалы түрлендірілуін қамтамасыз етеді.
Информацияның өңдеудің төменгі иерархиялық деңгейінен жоғарғы-сына жылжуы барысында сапалық түрленуі оның жалпылануынан көрінеді.
Информацияның жалпылануы – қарапайым дербес оқиғалардың орын алғандығы туралы информацияның, осы дербес оқиғалар оның жекелеген элементтері ретінде кірігетін жоғары деңгейдегі белгілі бір оқиғаның орын алғандығы туралы информацияға түрленуі.
Жалпылау қажеттігі, ең алдымен, информация алмасудың кез-келген кезеңінде, информацияны осы кезеңде қабылдайтын объектінің интерпрета-циялау аппараты жұмыс жасайтын информациялық кодтардың мөлшері мен көп бейнелілікінде принципиалды түрде шектемелер болуымен байланысты. Информацияны жалпылау нақты дербес оқиғалар туралы информацияны олардың бірге пайда болуы туралы информациямен ауыстырудан тұрады. Бұл информация, барлық дербес оқиғалар туралы информацияны тасысымалдауға қажетті информациялық кодтардың қосынды мөлше-рінен аз мөлшердегі кодтар арқылы тасымалданады. Бұл кезде, әрине, ахуал бейнесінің нақтылануы нашарлайды, алайда, жалпы алғанда, оны берілген ахуалмен пара-пар командалық информацияны тасымалдау арқылы үйлесімді іске асырудың мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Жалпылау, олардың әрқайсысының ерекшеліктерін ескеру мүмкін болмай-тын жағдайларда информацияларды жекелеген сипаттамалары бойынша ажыратылатын, алайда бір класқа жататын информациялық қарым-қатынастарда іске асырудың қандайда бір мақсатқа сайлылығы мүмкіндігін береді. Жалпылама информацияны іске асыру, объектінің дербес оқиғалардың әрқайсысының жеке жағдайында емес, олардың толық кешені жағдайында мақсатқа сай болатын іс-әрекеттерді генерациялауын білдіреді.
Командалық информация, оның шекті түрде іске асырылуын қамтамасыз ету үшін, жалпылай алып қарағанда организмнің сыртқы ахуалға пара-пар хам-харекетін құрайтын элементар іс-әрекеттер атқаратын нақты органдарға алып келетін тармақтар бойынша нақтыланатын сәйкес орталықтар және доғалар арқылы кері жол жүреді. Түрлі нақты ахуалдар жиынтығы бір ғана жалпылама информациядан көрінеді және сәйкесінше огранизмнің бір ғана іс-әрекетінде іске асырылады. Егер, бұл іс-әрекеттер бірдей және организм үшін пайдалы нәтижеге алып келсе, онда информацияны жалпылаудың заңды болғаны.
Көп клеткалы организм қабылдайтын информацияларды жалпылау, олардың түрлі нүктелерден, осы информациялардың әрбір нақты өлшеміне сай өзінің ахуалы параметрлерін өзгертетін және параметрлер мәндерінің белгілі-бір комбинацияларында, комбинациялардың бар екендігі оқиғасы туралы хабарлай отырып, информацияларды жоғарыда тұрған жүйкелік орталыққа жіберуді білдіретін жүйкелік доғаларға түсуі арқылы іске асырылады.
Жалпылаудың ең қарапайым механизмі шартсыз түрде болуы мүмкін. Яғни, информациялық кодтардың түрлі нүктелерден жүйкелік доғаға, орталыққа немесе миға түсетін бірдей комбинациялары, онда оның өмір сүруі барысында өзгермейтін мүмкіндіктеріне сай анықталған түрде интерпретацияланады. Сәйкесінше олардың негізінде бір жалпылама информация пайда болады.
Көп клеткалы организмдердің эволюциясы барысында оларда информацияны шартты интерпретациялау аппараты пайда болып дами бастады. Бұл аппарат ішінде миллиондаған және миллиардтаған нейрондар өзара қарым-қатысас жасайтын бас миының жеткілікті дамыған деңгейінде ғана іске асырыла алды. Интерпретациялаудың бұл аппаратының іс-әрекеті, нейрондардың информацияны алып іске асырған соң бірден информациялық қарым-қатынасқа қатысқаннан бұрынғы ахуалға эквивалентті ахуалға бірден қайтып оралмайтындығынан, біраз уақыт бойы өзінде жаңа ахуалдың ізін сақтайтындығынан көрінеді. Онан басқа, бастапқы ахуал туралы информацияны қабылдайтын және өз элементтерінің осы информацияға байланысты ахуалын сақтайтын, басқа нейрондар болуы керек. Бұл нейрондар негізгі информациялық қарым-қатынастар тізбегінде тікелей қатыспағанымен, белгілі бір нейрондардың, олармен бірге жиі кездесетін басқа ахуалдары комбинациялары бар болғандағы ахуалдарын имитация жасай отырып, оларға араласуға қабілетті. Нәтижеде информациялық қарым-қатынас кешені дәл осы сәтте түспеген информация қатысып жатқандай түрде жүреді. Нәтижеде, организм ол үшін болуы тиіс, алайда, организм үшін оның ортамен информациялық қарыс-қатынасында әлі де болса тікелей пайда болмаған, ахуалға сай іс-әрекет орындайды. Мұндай іс-әрекеттерді Павлов шартты рефлекс деп атаған. Нақты организмнің өмірі барысында өтетін Информациялық кодтарды шартты интерпретациялау қабілетінің нақты организмнің өмірі барысында өтетін тізбекті дамуы, оның тума интерпретациялау аппаратының өмір сүрудің нақты жағдайларына байланысты күйге келтірілетінін білдіреді.
Информациялық кодтарды шартты интерпретациялау мүмкін болу үшін бір мезгілде бірнеше маңызды факторлар орын алуы тиіс. Оның біріншісі –жад.
Жад – объектінің информациялық кодтарды интерпретациялау аппаратындағы, оның информациялық қарым-қатынастарының жекелеген актілері нәтижесінде пайда болатын және осы актілер аяқталған соң біршама уақыт бойы сақталатын, өзгерістер.
Егер ортамен информациялық қарым-қатынасының, осы ортамен қарым-қатынасын ұйымдастырудың мақсатқа сайлылығының жоғарылауын қамтамасыз ету бағытындағы өзгерістерінде пайдаланылмаса жадтың объект үшін ешқандай пайдасы болмас еді. Жадысы бар интерпретация аппараты, оны оқиға туралы әлі де болса алмаған, алайда алуы тиіс информацияны, осы сәтте түскен информация порцияларының өткен уақытта түскен информация порцияларымен қарым-қатынасын ескере отырып, имитация жасау арқылы іске асырады. Интерпретация аппаратының мұндай іс-әрекеті болжау (прогнозирование) деп аталады.
Болжау – жаңа информацияны, осы сәтте түскен информацияны бұрын түскен информация жиынтығымен салыстыру негізінде алуды имитациялау.
Өткенде не болғандығының жадта сақталынуы, келешекте не болаты-нын болжау үшін пайдаланылады. Мұндай мүмкіндікті қамтамасы ету үшін, объект ортамен, дәл осы сәтте іске асырылатын информация алып қана қоймай, сонымен бірге, ол үшін осы сәтте пайдасыз информацияны да алатын информациялық қарым-қатынасқа түсуі керек. Объектінің ішкі ұйымдастырылғандығы неғұрлым жоғары және оның ортамен қарым-қатынасы неғұрлым күрделі болса, осы сәтте пайдасыз информацияны өз жадында сақтай отырып сол құрлым көп алуы тиіс. Мұның қажеттілігі, мұнан кейін қандай нақты қарым-қатынастардың болатыны және онда қандай информациялардың іске асырылатыны анықталмағандығынан шығады.
Жадтың, жалпылау және болжау мүмкіндіктері жиынтығының болуы, абстрактілі ойлау деп аталатын құбылыстың дамуының алғышарты болды. Ол информацияның болмаған және еш уақытта болмайтын құбылыстарға байлданысты информацияны имитация жасау мен өңдеуден көрінеді.
Әрбір объектінің жады барлық кезде шектелген, ал түскен информацияның басым бөлігі сол күйінде қажет болмай қалады. Бұл кезде олардың, оларды тасымалдайтын информациялық кодтар тұрғысынан алып қарағандағы, мөлшері оларды толық жадта сақтау мүмкіндігінен асып кетеді. Жадтың артық жүктелінуін және, сәйкесінше, оның қалыпты жұмыс жасау мүмкіндігінің жойылуын болдырмау үшін, міндетті түрде оны тазалайтын және оның тазаланған элементтерді жаңа информацияны сақтауға мүмкіндік беретін механизм, яғни ұмыту, болуы керек.
Ұмыту, біріншіден, жад элементтерінің информация белгіленетін белсенді ахуалдары сақталуының орнықсыздығы негізінде іске асуы мүмкін. Олар енжар ахуалда өзін-өзі біртіндеп қалпына келтіреді және қалыпқа келу жылдамдығы, оларды белсенді қалыпқа алып келетін информация неғұрлым сирек түссе, сол құрлым жоғары болады. Күрделі жағдай-ларда белсенді ахуалдың қайта орынына келуі осы ахуалдың пайдалылығын растаушы информацияның алыну процесінің орынына, оның пайдаланылу процесімен байласты болуы мүмкін.
Жадтың тағы бір ұмыту мүмкіндігі - информация іздерін толық өшіру орынына, жадтың жекелеген алайда өзара байланысқан элементтер тобы параметрлерін жалпылама түрге ауыстырып, жалпыланған информацияны басқа элементтер параметрлері ахуалында сақтау. Бұл, нақтылықтың жойы-луына алып келгенімен, жадтың аз қорын қажет етеді.