Банкроттық ықтималдылық дәрежесі
Шотының мәні | Банкроттықтың ықтималдылығы |
1,81 және одан төмен | өте жоғары |
1,81-ден 2,70 дейін | жоғары |
2,71-ден 2,90 дейін | мүмкіндік бар |
3,0 және жоғары | өте төмен |
Статикалық амал қауәптә аймақтың шекарасын анықтауға мүмкіндңк береді. Z<1,81- банкроттықтың жоғарғы ықтималдылық аймағы, Z>3,0 банкроттықтың төмен ықтималдылығының аймағы және осыған сәйкес команияның топтастыруын жүргізу керек.
Кәсіпорынның қызметіне әсер ететің тәуекелдәк факторы нарықтық экономикада үдей түседі. Тәуекелділік қандай да бір жағымсыз жаңдайдың болуының мүмкіндігін көрсетеді.Тәуекелділік ұғымы кісіпорынның бір бөлігін жоғалту ықтималдылығын (қауіпті), қызметті жүзеге асыру нәтижесінде табыстардың толық алынбауын немесе қосымша шығындардың пайда болуын білдіреді. Тәуекелдің көп бөлігі толығымен кәсіпкерлерге жүктелген. Жағдайларды болжап, кәсіпекрлік тәуекелді бағалауды үйрену керек.
Кәсіпкерлік тәуекел ¾ бұл бизнестің түріне байланысты компанияның қызметінің тәуекелі. Олардың негізгі түрлеріне өндірістік, коммерциялық және қаржылық тәекелді жатқызуға болады.
Өндірістік тәуекел ¾ бұл өнім өндірумен, қызмет көрсетумен, басқа да түрлі өндіріс қызметін жүзеге асырумен байланысты тәекел.
Коммерциялық тәуекел ¾ бұл кәсіпкер өндірген немесе сатып алған тауар мен қызметтерді өткізу процесінде пайда болады.
Қаржылық тәуекел кәсіпорынның банктермен және басқа да қаржылық институттарымен қатынас өрісінде пайда болады.
Тәуеклділікті төмендетудің ең жақсы әдісі инвестициялық шешімдерді сауатты тағдау болып табылады.
Инвестиция жайында шешім қабылдау басқарманың стратегиялық қиын міндеті болып табылады. Инвестициялау кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартудағы тиімді шараның бірі.
Жүйелік амал тұрғысынан инвестициялық тәуеклдерді екі топқа бөлуге болады: жүйелі және жүйесіз.
Жүйелі тәуекел инвестицияның барлық түрлеріне қатысты және макроэкономиканың мүмкін болатын өзгерістеріне байланысты жалпы нарық жағдайымен анықталады.
Жүйесіз тәуекелге бәсекелестік инвестициямен байланысты тәуекелдің барлық түрлері жатқызылады. Олардың пайда болу себептері фирмалар үшін дербес жабдықтушылардың өз міндеттемелерін орындауы, сатып алушылардың қыр-сыры, бәсекенің әсері, үлкен келісім шарттардың қабылдануы немесе жоғалуы және тағы басқалары жатады.
Инвестициялық жобаның тиімділігін талдау.
Инвестициялардың тиімділігін аныұтау жөніндегі мәселе іс жүзінде келгенде әрбір компания мен әрбір инвестордың алдында тұрған үлкен мәселе. Капитал салу немесе өз кәсіпорынына басқа капитал енгізу жөнінде шешім қабылдамас бұрын, инвестицияны жоспарлау және талдау әдісін білу шартты.
Инвестициялық жобаның тиімділік көрсеткіштерін екі топқа бөлуге болады.
Біріншісі - өндірістік қызметтің тиімділігінің және жобаны жүзеге асырып отырған кәсіпорынның ағымдық және болашақтағы қаржылық жағдайының көрсеткіштері;
Екіншісі - инвестиция тиімділігінің көрсеткіштері немесе Кэш-Флау дисконтталған белгілері.
Өндірістік қызмет тиімділігінің көрсеткіштеріне жоғарыда сипатталған барлық активтер мен олардың құрамдас бөліктерінің табыстылығының салыстырмалы көрсеткіштері, іскерлік белсенділік көрсеткіштері, төлем қабілеттілігі және өтімділік көрсеткіштері жатады.
Нарықтық қатынастары дамыған елдерде инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауда шығынсыздық әдісін қолданады, өйткені бұл әдіс қаржылық ақпараттың аса маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерге сату көлемін өзгерткеннен, оның кәсіпорыны қанша пайда табатындығын есептегеннен гөрі, сату көлемі қандай болған жағдайда оның кәсіпорыны зиян шекпейтіндігін есептеген мағыздырақ. Басқаша айтқанда, зиянсыздық нүктесін табу қажет.
Зиянсыздық нүктесі - кәсіпкердің өз шығындарын жабатын белгілі бір уақыт аралығындағы сауда көлемінің деңгейі.
Инвестициялық жоба тиімділігін анықтағанда күтіліп отырған шығындар мен нәтижелерді бағалау, есепті кезеі шеңберінде жүргізіледі. Әр түрлі инвестициялық жобаларды салыстыру және олардың ішіндегі ең жақсысын таңдауды әр түрлі көрсеткіштер көмегімен жүргізу қажет. Әр түрлі инвестициялық жобаларды салыстыру үшін, бұл көсеткіштерді пайдалануда оларды салыстырмалы түрде енгізу қажет.
Тақырып:«Ұйымның қаржылық тұрақсыздығын талдау».
Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зертеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.
Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына талдау жасау үшін келесі аналитикалық кесте құрылады.
№ | Көрсеткіштер | Жыл басында | Жыл соңында | Жыл бойындағы өзгеріс (+:-) | Құрылымының өзгеруі (4гр.-2гр.) | |||
Сомасы, мың тг. | Үлес салмағы, % | Сомасы, мың тг. | Үлес салмағы, % | Мың тг. (3гр.-1гр.) | % (5гр.:1гр.*100) | |||
1. | Активтер құны, барлығы, соның ішінде: 1.1.Ұзақ мерзімді активтер: a.Неізгі құралдар; b.Қаржылық салымдар; 1.2.Ағымдағы активтер: a.Өндірістік қорлар; b.Дайын өнім. | 57,66 57,27 0,39 42,34 4,61 23,51 | 47,67 46,47 1,2 52.33 3,24 34,65 | +9406 +1231 +855 +376 +8175 -143 +6886 | +28,9 +6,56 +4,59 +293,75 +59,32 -9,53 +90,0 | X -9,99 -10,8 +0,81 +9,99 -1,37 +11,14 | ||
2. | Кәсіпорынның өндірістік потенциалының құны | 61,88 | 49,71 | +712 | 3,53 | -12,17 |
Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті жылы 9406 мың теңгеге немесе 28,9%-ке артқандығын көруге болады. Бұл кәсіпорынның әрі қарайғы дамуын көрсететіндіктен, оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Активтерді талдай отырып, олардың қалай таратылғаның және есепті жылы неге көңіл бөлінгенің, сонымен қатар кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын анықтау қажет. Ол үшін негізгі құралдардың, өндірістік қорлардың, аяқталмаған өндірістің, аяқталмаған күрделі қаржыларының жалпы сомасын аламыз.
Баланс бойынша өндірістік потенциал құны жыл басында – 20143 мың теңгені, жыл соңында – 20855 мың теңгені құрайды, яғни 712 мың теңгеге немесе 3,53% өскен. Баланс активтерінің жалпы құнындағы өндірістік потенциал үлесі есепті жылы 13,37 пунктке кемігенмен жыл соңында 49,71%-ды құрады, бұл өндірістік мақсаттағы мүлік коэффицентінің қалыпты мәніне сай келеді.
Кесте мәліметтері бойынша қаражаттарды ұзақ және ағымдағы активтер арасында тарату жыл аяғына соңғылардың пайдасына шешілді. Егер ағымдағы активтердің үлесі жыл басында 15,32 пунктке аз болса (42,34-57,66), жыл аяғында ол ұзақ мерзімді активтер үлесінен 4,66 пунктке асып (52,33-47,67) және 12,33%- ды құрады. Ағымдағы активтердің өсуі ұзақ мерзімді активтердің өсуінен 9 есеге артық (59,32:6,56) болып отыр.
Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оның құрылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.
Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады.
Меншікті капиталдың көлемін анықтап, сонымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл коэффицентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффиценті:
К тс = М к /А к
К тс =тәуелсіздік коэффиценті;
М к=меншікті капитал;
А к=авансталған капитал (баланс валютасының жиыны).
Бұл коэффиценттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екендігін көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын көрсетеді.
Қаржылық есеп берудің активтерінің қалыптасу көздерінің құрылымын зерттеу үшін келесідей талдау кестесі құрылады.
№ | Көрсеткіштер | Жыл басы | Жыл соңы | Жыл бойындағы өзгеріс | Құрылымының өзгеруі, пункт (4 гр.-2 гр.) | |||
Сомасы, мың тг. | Үлес салмағы, % | Сомасы, мың тг. | Үлес салмағы, % | Мың тг. (3 гр.-1 гр.) | (5 гр.: 1гр.*100) | |||
Авансталған капитал Меншікті капитал Қарыздық капитал, оның ішінде: Ұзақ мерзімді | - | 85,7 14,3 - | - | 76,9 23,1 - | +9406 +4368 +5038 - | +28,9 +15,6 +108,5 - | X -8,8 +8,8 - | |
Тәуелсіздік коэффиценті (жол жол) | X | 0,857 | X | 0,769 | X | X | -0,088 | |
Қаржыландыру коэффиценті (жол жол) | X | 6,011 | X | 3,334 | X | X | -2,677 | |
Қатыстырылған капиталдың меншіктік капиталға қатынасы коэффиценті (жол жол) | X | 0,166 | X | 0,231 | X | X | +0,065 | |
Инвестициялау коэффиценті | X | 1,497 | X | 1,655 | X | x | +0,158 |
Кестеден кәсіпорынның есеп беру жылындағы активтерінің қалыптасу көзі 9406 мың теңгеге немесе 28,9%-ға өскен. Бұл өсу жылдың соңында 9681 мың теңге болған, яғни 5038 мың теңгеге, немесе жылдың басындағы мөлшермен салыстырғанда 2 есе өскен, қатыстырылған капиталдың өсуінен болған бұл кезеңде тәуелсіздік коэффиценті 0,854-ден 0,769-ға дейін немесе 0,088 пунтке төмендеген. Алайда бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының (тұрақтылығынның) төмендегенін дәлелдемейді.
Бұны тәуелсіздік коэффицентіне кері көрсеткіш тәуелділік коэффиценті мен дәлелдеуге болады. Ол мына формуламен анықталады:
К т =Қ к /А к
К т – тәуекелділік коэффиценті;
Қ к – қатыстырылған капитал;
А к – авансталған капитал.
Бұл коэффицент авансталған капиталдың жалпы сомасындағы қарыздың үлесін сипаттайды.
Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы қаржыландыру көздерінен тәуелділігі жоғарылайды. Біздің кәсіпорынымызда оның деңгейі жылдың басында 0,143 (1-0,857), ал жыл соңында 0,231 (1-0,769) болды. Бұл көрсеткіш біршама өскенімен, талданып отырған кәсіпорын өзінің қаржылық тәуелсіздігін жоғалтты деуге болмайды. Жылдың басына және аяғына тәуелсіздік коэффиценті оның қалыпты мәнінен айтарлықтай жоғары.
Келесі, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын қаржыландыру коэффиценті болып табылады.
К қ = М к / Қ к
К қ – қаржыландыру коэффиценті;
М к – меншікті капитал;
Қ к – қатыстырылған капитал.
Бұл коэффицент жоғары болған сайын, соғұрлым банктер мен инвесторларқаржыландыруға соғұрлым сенімді кіріседі.
Бұл коэффицент кәсіпорын қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен қаржыландырылатынын көрсетеді.
Қаржыландыру коэффицентінің кері көрсеткіші қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффиценті:
К қ/м = Қ к /М к
К қ/м ¾ қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффиценті;
Қ к ¾ қатыстырылған капитал;
М к ¾меншікті капитал.
Бұл коэффициент кәсіпорын активтеріне салынған меншікті қаражаттың әрбір теңгесіне қанша қарыз қаражатын тартқанын көрсетеді. Біздің кәсіпорынымызда бұл көрсеткіш келесі берілгендермен сипатталады:
Жыл басында – 0,166 (4643:27908);
Жыл аяғында – 0,231 (9681:32276).
Кәсіпорынның тәуелсіздік (дербестік) дәрежесін сипаттайтын ең бір маңызды көрсеткіштердің бірі қаржылық тұрақтылық коэффиценті немесе оны басқаша инвестицияларды жабу коэффиценті болып табылады. Ол меншікті және ұзақ мерзімді қарыз капиталының жалпы капиталдағы үлесін сипаттайдлы және мына формуламен анықталады:
К қт = М к +Ұ қ /А к
К қт ¾қаржылық тұрақтылық коэффиценті;
М к¾ұзақ мерзімді міндеттеме;
Ұ қ¾авансталған капитал;
А к¾меншікті капитал.
Бұл коэффицентің қалыпты мәні 0,9-ға тең болуы керек, ал оның 0,75-тен төмендеуі қауіпті.
Шаруашылық субъектісініңөтімділігі - ол оның өзінің борыштарын тез өтеу қабілеттілігі , егер кәсіпорын өзінің ағымдағы активтерін өткізіп, яғни оларды ақшаға айналдыра алса, өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындауға шамасы бар болса, онда ол өтімді кәсіпорын болып саналады.
Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, - өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төменгілерге (актив), яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарылату тәртібі бойынша болады. Кейде керісінше тәртіп болуы да мүмкін.
Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді.
А1 Ең өтімді активтер. Кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары және құнды қағаздары жатады. Ақшамен бірден есеп айрысуға болады, ал құнды қағаздар қолма-қол ақшаға айналады.
A2 Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады. Дебиторлық борыш сомалары есеп айырысу шотына белгілі бір уақытта келіп түсіп, бұлар да өз міндеттемелерін төлеуге жұмсалуы мүмкін.
А3 Баяу өткізілетін активтер.Баланс активіңің II бөлімінің "Тауарлы-материалдық құндылықтар" бабы және баланс активтінің I бөліміндегі "Ұзақ мерзімді инвестициялар" (жарғылық қорға басқа кәсіпорындардың салған салымдар мөлшеріне азайтылған) бабы. Бұл топтың активтерін ақшаға айналдыру қиынырақ.
А4. Қиын өткізілетін активтер- баланс активінің I бөлімінің алдындағы топтарға еңгізілген баптарынан басқа барлық баптары. 1 бөлім жиынынан "Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар" бабы бойынша соманың бір бөлігі ғана алынып тасталынғандықтан, қиын өткізілетін активтер құрамында басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдары ғана есепке алынады.
Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады.
П1 Неғурлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер- бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелеp, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады.
П2 Қысқа мерзімді міндеттемелер - қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.
П3 ¥зақ мерзімді міндеттемелер - ұзақ мерзімді неииелер мен заемдар.
П4 Тұрақты міндеттемелер - пассивтің I бөлімінің "Меншікті капитал" баптары. Актив пен пассивтің балансың сақтау үшін бұл топтың жиыны баланс активінің "Алдағы кезең шығындары" бабы бойынша азайтылады.
Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастарда саналады:
А1>П1
А2>П2
А3 >П3
A4 < П4
Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міңдеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.
Жоғарыда келтірілген жүйедегі алғашқы үш теңсіздігінің орындалуы төртінші теңсіздікті орындау қажеттілігін туғызады, сондықтан актив пен пассив бойынша алғашқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды орын алады. Төртінші теңсіздік "баланстау" сипатын алады, сонымен қатар терең экономикалық мәні бар: оның орындалуын қаржылық түрақтылықтың ең төменгі шарттарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының барын дәлелдейді.
Баланстың топтастырылған баптарын кесте түрінде көрсету орынды болады
«Рахат" АҚ-нің мәліметтері негізінде баланс активінің өтімділік дәрежесі және оның пассивінің төлеу мерзімінің шұғылдығы бойынша баптарының тобы
Актив | Сомасы, мың тг. | Пассив | Сомасы, мың тг. | Төлеу артықтығы (+), жетіспеушілігі (-) | |||
Жыл басын- да | Жыл аяғын- да | Жыл басында | Жыл аяғында | Жыл басында | Жыл аяғында | ||
1.Ең өтімді активтер | 1)Неғұрлым тезірек: төленуге міндет- темелер | -22230 | -22813 | ||||
2. Тез өт- кізілетін активтер | 2) қысқа мерзімді міндеттемелер | +12698 | +7618 | ||||
3.Баяу өткізілетің активтер | 3) ұзақ мер зімді міндеттемелер | +6365 | +10740 | ||||
4.Қиын өткізілетін активтер | 4) тұрақ- ты міндет-темелер | +3140 | +4455 | ||||
Жиыны | Жиыны: | - | - |
Төлем қаражаттарының бірінші тобы (А,) төлем міндеттемелерін айтарлықтай жауып тұрған жоқ, ал екінші бөлігі керісінше.
Актив пен пассив баптарының I тобының жиында-салыстыру жақында келіп түскен кірістер төлемдердің (3 айға дейінгі) қатынасын көрсетеді. Актив пен пассив баптарының II тобын салыстыру уақытта күтілетін төлем тәртібінің (3 айдан дейін) жағдайының жақсаруы немесе нашарлауы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда баланс активі мен пассиві баптарының I және II топтарын салыстыру ағымдағы өтімділікті анықтауға мүмкіндік береді. Ол қарастырылып отырған мезгілге жақын уақыттағы кәсіпорынның төлем қабілеттілігін (төлем қабілетсіздігін) көрсетеді. Талданып отырған кәсіпорынның жыл басында да, аяғында да баланс баптарының осы екі тобының мәліметтері бойынша төлеу қабілеттілігі болмаған. Ең өтімді және тез өткізілетін активтердің сомасы жыл басында 18570 мың тг. (122+18448) құрады, ал тез қайтарылуға тиіс және қысқа мерзімді міндеттемелердің, яғни жалпы ағымдағы активтер - 28075 мың тг. (22325+5750), бұл 9505 мың теңгеге қаражатынан көп. Жыл соңында төлем жетіспеушілігі 15195 мың теңгені (-22813+7618) құрады.
Баяу өткізілетін (жүретін) активтерді ұзақ мерзімді міндеттемелермен салыстыру перспективалы өтімділікті бейнелейді және болашақ кірістер мен төлемдерді салыстыру негізінде төлем қабілеттілігін жобалауды көрсетеді, яғни кәсіпорынның бұдан да алыс алдағы уақытқа қаржылық жағдайының жақсаруы немесе нашарлауын алдын ала біліп отыруға мүмкіндік береді. Талданып отырған кәсіпорында жыл басында да, соңында да төлем қаражаттарының айтарлықтай артықшылығы болған. Егер жыл басында оның мөлшері 6365 мың теңге болған болса, жыл аяғында 10740 мың тенгені құрады, немесе есепті жылы 1,7 есе өскен.
Жыл басы мен аяғында баланс активінің баптарыныңжиыны пассив баптарының жиынынан сәйкес 3140 мың тг. және 4455 мың теңгеге көп болған, бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының нашарлағанын көрсетеді, себебі оның өзінің үздіксіз қызметін жүзеге асыру меншікті айналым капиталы болмаған.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп оның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығы.
Кәсіпорын жоғары немесе төмен дәрежеде өтімді болуы мүмкін, себебі ағымдағы активтердің құрамына әртекті төлем қаражаттары кіреді, бұлардың ішінде қысқа мерзімді міндеттемелерді жабуға арналған оңай өткізілетін де, қиын өткізілетін де қаражаттар болады. Қарастырылған жүйедегі маңыздылары болып үш көрсеткіш саналады: абсолюттік өтімділік коэффициенті, жабудың аралық коэффициенті және жабудың жалпы коэффициенті.
Абсолютті өтімділік коэффициенті ақша қаражаттары мен тез өткізілетін бағалы қағаздардың мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы ретінде есептеледі.
Ол баланс жасалған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағы қарыздардың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді.
Осы көрсеткіштің дұрыс шектеуі келесі түрде болады:
Ка.ө 0,2-0,5
Бұл – ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі жедел өтелуі керек екендігін көрсететін төлем қабілеттілігінің қатаң белгісі.
Аралық өтеу коэффициентін есептеу үшін (немесе оның басқа аталуы: қауіпті өтім коэффициенті, өтімділіктің дәл коэффициенті) ақша қаражатының құрамына алдыңғы көрсеткіштің алымына дебиторлық борыш және басқа да активтер қосылады. Ол кәсіпорынның дебиторлармен өз уақытында есеп жүргізу жағдайында болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты есебінен емес, сонымен қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер бойынша түсімдер есебінен өтелетінін сипаттайды.
Аралық өтеу коэффициентінің қалыпты төменгі шегін бағалау былайша өрнектеледі:
Кар.ө 1
Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы өтеу коэффициенті) барлық ағымдағы активтердің жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің көлеміне қатынасын көрсетеді. Ол ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді жіне дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, сонымен бірге материалды айналым құралдарының басқа элементтері қажет болған кезде сату жағдайында бағаланатын кәсіпорынның төлемдік мүмкіндіктерін көрсетеді.
Жалпы өтеу коэффициенті өтімді құралдар жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің сомасын өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және сонымен баланс құрылымының тұрақтылық дәрежесін ғана емес, кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді қарыздары бойынша тез есептесе алу қабілеттілігін дәлелдейді.
Берілген көрсеткіш үшін мына шектеу қалыпты мән болып табылады:
Кағ.ө 2
Берілген шектеу кәсіпорынның өтімді құралдарға тиімді қажеттілік деңгейі ағымдағы міндеттемелерден 2 есе асуы қажет екендігін көрсетеді.
Тақырып:«Экономикалдық талдау түрлері».
Экономикалық талдаудың түрлері
Экономикалық теорияның келесі бөлімдерін бөліп салыстыруға болады:
- Жаһандық экономика: жаһандық нарық пен ұлттық шаруашылық жүйесін зерттейді;
- Макроэкономика: ұлттық нарық пен ұлттық шаруашылық секторлары мен
бөлімдерін зеттейді;
- Мезоэкономика (регионалдық экономика) аймақтық нарық пен шаруашылық
жүйенің секторлары мен бөлімдерін зерттейді;
- Микроэкономика бөлек нарық пен шаруашылық субъектінің нарығын
зерттейді;
- Миниэкономика (кәсіпорын экономикасы) шаруашылық субьектінің және олардың бөлімшелерін зерттейді.
Осы сыныптамаға сәйкес шаруашылық субъектінің экономикалық талдау қызметін микро және миниэкономика салаларына жатқызуға болады.
Сапасына байланысты кәсіпорын экономикасын талдауы анықталады, құралы ретінде ақшаны қолданады. Осы сапалық белгісіне байланысты кәсіпорын жұмысына талдау жүргізіледі.
Шаруашылық қызметтің талдауының сыныптамасы, оның мазмұның және мәнін дұрыс ұғыну үшін маңызды болып келеді. Сондықтан, ұйымның қызметін талдау әр түрлі белгілері бойынша сыныпталады:
Сыныптаманың белгілері | Талдау түрлері |
Салалық белгілері бойынша | Салалық талдау Салааралық талдау |
Уақыттылығы бойынша | Алдын- ала жүргілетін талдау Кейін жүргілетін талдау |
Кеңістік белгісі бойынша | Ішкі шаруашылық талдау Шаруааралық талдау |
Басқару объектісі бойынша | Технико - әкономикалық талдау Қаржылық - әкономикалық талдау Аудиторлық талдау Экономикалық - әлеуметтік талдау Стат - экономикалық талдау Экономикалық - экологиялық талдау Маркетингтік талдау |
Обьектілерді оқу әдістемесі бойынша | Салыстырмалы талдау Экспресс талдау (диогностикалық) Факторлық талдау Маржиналдық талдау және т.б. |
Субектілері бойынша | Ішкі талдау Сыртқы талдау |
Оқу обьектілерінің жинақтау нысаны бойынша | Жалпыламалы талдау Таңдамалы талдау |
Талдау бағдарламасының мазмүны бойынша | Кешендң талдау Тематикалық талдау |
Салалық талдау- экономиканың әртүрлі салаларының қүрылымын талдаудан түрады (өндірістік, ауылшаруашылық, кұрылыс, көліктік және т.б.)-
Салааралық- ұлттық экономиканың барлық салаларында, яғни сала арасындағы байланыстарды талдау.
Алдын - ала жүргізілетін талдау(перспективтік, болжамдық) - шаруашылық операцияларын іске асырмас бұрын жүргізіледі. Бұл талдау жоспарлы тапсырмаларды және басқарушылык шешімдерді ғылыми негіздеуіге, сонымен қатар болашақты болжау үшін, жоспардың орындалуы кезінде жағымсыз нәтижелерді ескерту үшін қажет.
Кейін жүргізілетін талдау- шаруашылық операциялар орындалғаннан кейін жүргізіледі. Бұл талдау кәсіпорынның өсу тенденцияларын, жоспардың орындалуын қадағалауда және оған баға беруде қолданылады. Өз кезегінде кейінгі талдау екіге бөлінеді:
Оперативтік (ағымдық) талдау- шаруашылық операцияларды немесе бір жағдайдың қысқа мерзімде өзгеруінен кейін жүргізіледі (смена, тәулік). Оның мақсаты - тез арада шаруашылық процесстердің жетіспеушіліктерін анықтап, оған әсер ету.
Қорытынды талдау- есептік кезең бойынша жүргізіледі (ай, жыл, тоқсан). Оның мақсаты - есепті кезеңдерде кәсіпорын жағдайын кешенді және жан - жақты зеттеу.
Ішкі шаруашылық- тек талданып отырған кәсіпорын және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне талдау.
Шаруааралық- екі немесе бірнеше кәсіпорынның шаруашылық нәтижелерін салыстырып, талдау. Артықшылығы: кәсіпорын қызметіне обективті баға беру, кемшіліктерді анықтау, сонымен қатар, заманауи алыс -беріс тәжірибелермен алмасуына баға беру.
Басқару обьектілер бойынша талдау шаруашылық қызметтің жекелеген жүйелерінен құралады, яғни энономикалық, технологиялык, техникалық, экологиялық, ұйымдық, еңбектік және т.б. Көбіне бұл талдауды ұйымның басшыларының қалауы бойынша жүргізіледі. Осыған байланысты:
Технико - экономикалық талдау- кәсіпорынның техникалық бөлімшелерінің жұмысшылары атқарады(бас инжинер, бас технолог және т.б.). Оның мазмұны, экономика лық және техникалық процесстер арасындағы байланысты және олардың экономикалық нәтижеге әсерін анықтау.
Қаржы - экономикалық талдау(ұйымның қаржы бөлімдері, қаржыльқ және несиелік органдар) - кәсіпорынның қаржылық нәтижелеріне негізделген, яғни қаржылық жоспардың орындалуы, меншікті және тартылған капиталдың дұрыс қолдануы т.б.
Аудиторлық (бухгалтерлік) талдау- бұл кәсіпорынның қаржылык мамандардың зерттеуі. Аудитор және аудиторлық фирма жүргізетін, яғни шаруашылық субьектінің қаржылық тұрақтылығын, қаржылық жағдайын болжау мен бағалау.
Экономикалық - әлеуметтік талдау(стат орган, экономикалық басқару бөлімдері) әлеуметтік және экономикалық процесстердің өзара қатынастары мен экономикалық нәтижелерге әсерін талдау.
Экономикалық - статистикалық талдауы(стат орган) кәсіпорынның , саланың, ауданның экономикалық әсерің қоғамдық құбылыстарды зерттеу үшін қолданылады.
Экономикалық - экологиялық талдау(қоршаған ортаны қорғау органы) экономикалық және экологиялық процесстердің бір - біріне әсерін зерттеу.
Маркетингтік талдау(кәсіпорынның маркетинггік бөлімі) кәсіпорынның сыртқы кызметін зерттеу. М: бәсекеге қабілеттігі, ұсыныс пен сұраныс т.б.
Салыстырмалы талдау- кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижелерін, яғни ағымдағы және өткен жылдардың ақпараттарын салыстырумен шектелетін талдау түрі.
Экспресс талдау (диогностикалық)- кәсіпорынның экономикалық процесстердің дұрыс жүргізілуіне, іске асуына ықпал жасаған кедергілердің мінездемесін сипаттау үшін қолданылатын әдіс.
Маржиналдық талдау- бизнестегі басқару шешімдерінің ырғақтылығын орнықтырумен бағалау тәсілі.
Ішкі талдау- қаржылық, коммерциялық және өндірістік қызметін оперативті, қысқа және ұзақ мерзімде басқаруға арналған кәсіпорында жасалатын талдау.
Сыртқы талдау- кәсіпорын шаруашылық есептілігін басқару органдардың негізінде жүргізеді.
Жалпылама талдау- кәсіпорынның барлық талданып отырған обьектілері зерттеліп болған соң, қорытынды жасалатын талдау түрі.
Тандамалы талдау- кәсіпорынның обьектілерінің тек белгілі бір бөліктер зерттеліп, қорытынды нәтижелерімен сипатталады.
Кешенді талдау- кәсіпорынның қызметін жан - жақты зерттеу.
Тематикалық талдау- кәсіпорын қызметіндегі тек жекелеген белгілі бір кезеңдегі үлкен қызығушылық танытып отырған обьектілерін зеттеу.
Тақырып:«Экономикалық талдаудың мазмұны, пәні, міндеттері».
Анализтерминің грек тілінен аударғанда «бөлшектеу» немесе «мүшелеу» дегенді білдіреді. Талдау – жалпы обьектілердің процестері мен жағдайларды бірнеше элементтерге бөлшектеп, олардың өзара байланысын айқындау болып табылады. Талдаудың рөлі қаржылық қажеттілігін басқару процесінде негізгі орын алады. Талдауға әсер етеді:
1. Нарықтық қатынасқа өту;
2. Республикада өндірістің дамуы;
3. Шаруашылықтардың жаңа формаларының пайда болуы.
Экономикалық талдаудың пәні – ұйымда объективті және субъективті факторлар әсерімен жинақталатын қызметінің нәтижесі. Талдаудың басқару жүйесінде орындайтын қызметі, оның мазмұны болып табылады.
Талдау ғылым ретінде келесі қызметтерді орындайды:
1) Шаруашылықтың өркендеуін зерттеу;
2) Бизнес жоспарлар мен басқарушылық шешімдерді ғылыми негіздейді;
3) Олардың орындалуына бақылау жүргізеді;
4) Қол жеткен нәтижелерді бағалау;
5) Өңдірістің тиімділігін жоғарылату нәтижелерін, резервтерін іздеу;
6) Олардың қолданылуындағы шараларын әзірлейді, басқарады.
Талдаудың қағидалары:
1) Талдау мемлекеттік көзқарасқа негізделуі керек, яғни экономикалық жағдайды бағалай отырып, мемлекеттік, экономикалық, экологиялық, халықаралық саясатқа жәнезаңдарға сәйкес есеп алынуы керек;
2) Талдау ғылыми түрде жүру керек, яғни жаңа зерттеу әдістері, прогрестік жетістіктер қолдануы керек;
3) Талдау кешенді түрде өтілуі керек, яғни ұйымның қызметіндегі барлықшаруашылық талаптарды қарастыру керек;
4) Талдау нақты, объективті, тура болуы керек;
5) Талдау оперативті болуы керек, яғни тез және дұрыс жүргізілуі, басқарушылық шешім;
6) Талдау жоспар бойынша жүргізілуі керек, яғни үздіксіз;
7) Талдау тиімді болуы керек, яғни жұмсалған шығындар нәтиже беруі керек.
Әр ұйымда экономикалық талдауды жүргізу, қоғамдағы процестері мен құбылыстардың байланыстылығымен ерекшеленеді.
Экономикалық талдау тек ұйымның қызметінің тиімділігін қарастырмай, сонымен қатар оның басқарудың тиімділігін, басқаша айқанда, менеджмент жүйесінің сапасын зерттеп бағалайды. Кейбір ұйымдарда ұйымдастыру техникалық басқарудан қаржылық басқарудың үлес салмағы жоғары болған жағдайда, ұйымды талдау қаржы жағдайымен нәтижелерінде жүйелі түрде жүргізіледі.
Экономикалық талдау аудит пен тығыз байланыста болатындықтан, аудиттің де мағынасын ашып кетсек.
Аудит – бұл экономикалық іс-әрекеттермен оқиғалар туралы объективті деректердің бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемге сәйкестігін алудың және мүдделі пайдаланушының нәтижелерін ұсынатын процессі. Аудит бұл біздің еліміздегі Акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты.
Аудитті және талдауды уақытылы жүзеге асыру шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қызметің қаржылық-кредиттік, материалдық-техникалық қамтамассыз етудің, өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін және жоспардың баланстылығын арттыруға ықпалын тигізеді.
Аудит нарықтық экономикалық жағдайында барлық шаруашылық процесіне қатысушылардың қызметінде маңызды рөл ойнайды. Ол анық ақпаратпен қамтамассыз етеді, серіктестіктер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді; оңтайлы басқарушылық шешімдеріндегі іріктеу мен кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлейді, қоғамның әлеуметтік –экономикалық жағдайын жақсартуға ықпалын тигізеді. Аудиттің мақсаты- шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржылық есеп берулерінің нақты екендігін анықтау.